Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айзада.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.26 Кб
Скачать

40. К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.

Марксизм – 1,5 ғасыр бойы адамзаттың тағдырларына әсер еткен философиялық, экономикалық және әлеуметтік саяси доктрина. Негізін қалаушылар–КарлМаркс,ФридрихЭнгельс. Маркс және Энгельс негізгі материалисттік диалектикадан құралған диалектикалық материализмді жасады. Энгельтің ойынша диалектикалық материализмнің пәні табиғаттың ең жалпы диалектикалық заңдарын, тарихты және тануды, соның ішінде және ең алдымен – ойлауды зерттеу болып табылады. Материалисттік диалектика, диалектикалық – материалисттік дүниеге көзқарастың түйінін құрайды, зерттеу әдісін құрастырады. Диалектика – теория және әдіс. Дамудың жалпы теориясы, материалисттік диалектика басқа да кез келген ғылымдар сияқты, категориялар мен заңдардан, принциптер жүйесінен тұрады. Объективтілік пен жалпылық принципі. Бұлш принцип философияның негізгі иәселелсін материалисттік тұрғыдан шешуіне, әлемнің материалдық бірлігіне және сананы, материя болмысының бейнеленуі ретінде түсінуіне байланысты. Жан-жақтылық принципі. Метофизиканың ең негізгі жетіспеушілігі – заттар мен үдірісті қарастыруға бір жақтылық. Диалектика әрбір затты., құбылысты көптеген байланыстардың және қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырады. Қажеттілік және мүмкіншілік тұрғысынан құбылысты бір сәтте қарастыратын сияқты, жан-жақтылық принципіне жеңіл желпі қарауға болмайды. Адамның білімдері әрқашан салыстырмалы, тұрақты дамитындығын естен шығармау керек. Жан-жақтылық принцип салыстырмалы білімімізді абсолютқа, догмаға айналу әрекетінен сақтандырады. Даму принципі. Бұл шын мәнінде, материалисттік диалектиканың негізгі принципі, өйткені оны даму туралы ғылым деп айтуға болады. Даму принципі диалектиканың басқа қалған принциптерін біріктіреді және синтезін жасайды. Даму – бұл қозғалыс және өзгеріс, бірақ терминді анықтауда бұл сипаттамалар жеткіліксіз, оның себебі қозғалыстар және өзгерістер тек сандық жағынан көрініп сапалы өзгерістермен байланысты болмауы да мүмкін. Яғни, даму – бұл бағытталған қайталанбайтын жүйенің қайшылықтар арқылы туындаған сапалы өзгерістер. Соныдықтан философияда екі қарама-қайшы диалектика және метафизика әдістеінің бар болғандығынан және бар болатындығынан дамуды екі қарама-қарсы тұрғыда сипаттай беруге болады. Бірақ, айта келетін жай, даму дегеннің өзі жалпылама даму емес. Ол әрқашан да материалдық немесе идеялық нақтылы жүйелермен байланысты. Әлемнің әртүрлілігі, дамудың әртүрлілігінде бейнеленеді, олар түзу сызықты және ирек тектес, жылдамдатылған және баяулатылған және т.б. түрлерде болады. Үдірістің біркелкі «таза» күйді өту тек қана абстрактілі жағдайда болады. Маркс және Энгельс философия трихында ең алғаш рет диалектикалық-материалисттік таным теориясын жасап шығарды. Энгельстің пікірі бойынша, егер сананы, ойлауды, таза натуралисттік, болмыс пен табиғатқа қарсы алдын-ала берілген жәй қарапайым тұрғыда қарастырсақ онда таңқаларлықтай түсініксіз тепе-теңдікті, таным мен болмыстың заңдылықтарының сәйкестігін көрген болар едік, дейді. Ал енді ойлау және сана дегеніміз не, олар қайдан алынады деп сауал қойсақ онда біз, ол – адам миының жемісі және адамның өзі – белгілі бір дамыған ортаның нәтижесі екендігін көреміз. Әрине осыған байланысты табиғат өнімдері, табиғаттың басқа байланыстарына қарама-қарсы болмайтындығы өзінен-өзі.түсінікті.Субъективті диалектика, өзіне тән түрлер арқылы объективті әлемнің диалектикасын бейнелейді. Бейнелеу механикалы емес, айна бейнесі тәрізді емес, ол танымның субъектісімен және танылушы объектінің өзара белсенді әрекеттестігі. ОРлар, шындықты танудың, диалектикалық қайшылықты үрдіс екендігіне сенеді. Таным процесі диалектикалы, ақиқат – қатып қалған ақырғы қорытынды емес, ол толыссыз белгілі бір салыстырмалы ақиқаттан басқа салыстырмалы ақиқатқа, бірақ абсолютті ақиқаттың едәуір бөлшегін қамтитын ақиқатқа өтетін үдеріс. Таным теориясының түбегейлі сұрағы ақиқаттың межесін негіздеу болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін марксизмнің негізін салушылар, қоғамдық тарихи практиканың концепциясын жасады. Олардың түсінуінше практика – қоғамдық адамның материалдық, сезімді азаттық, мақсаттылық қызметі. Оның мазмұны табиғи және әлеуметтік объектілерді өзгерту және игеру болып табылады. Практиканың негізгі \

41. Өмір философиясы. Шопенгауэр мен Ницше философиясындағы адам туралы мәселе. Өмір философиясында – иррационализм басқаларға қарағанда күштірек байқалады. Оның өкілдері: А. Шопенгауэр, Ф.Ницше, В. Дильтей, Г. Зиммель және А. Бергсон. Өмір философиясының қалыптасуына Артур  Шопенгауэрдің философиясы әсер етті. Иррационализмнің негізін қалаған А. Шопенгауэр болды. Волюнтаризм ( Шопенгауэрдің философиясының универсальдық принципі) қоршаған ортадағы басты қозғаушы күш және бәрін айқындаушы ерік болып табылады. Ерік-абсолюттік бастама, идеалды күш. Әлемді еркі билейді. Бірақ ерік бар жерде қайғы-қасірет болады. Еріктен айырылу үшін 2 жол ұсынады.Ол эстетикалық және этикалық. Қалайтыныңды жасама, себебі, еріктен кейін сана жүреді. Ерікті басып, саналы шешім қабылдау деп айтқан. Оның негізгі шығармасында («Мир как воля и представление») дүниені өмірге деген құштарлық идеясы арқылы түсіндіреді. Ойдың құндылығы күмәнді, ал адамның еркі ерекше жағдай, ол санада емес, іс - әрекетте емес. Ой арқылы адам дүниені ерік ретінде таниды. Әр адамның, басқаларды мақсатқа жеткізудің құралы ретінде, немесе кедергі ретінде қарастырады. Әр адам басқалармен күресіп, өмір кешпек. Әлеуметтік құрылым (мемлекет) өзімшілдікті жоюға дәрменсіз. Өмірде мән жоқ, адам ешқашан да қанағат таппайды. А. Шопенгауэр философиясының онтологиялық мәселелерімен айналыспайды, өйткені ақиқатта, әділеттікте жоқ, тек өлім алдындағы қорқыныш бар. Адамның бақыты көмескі, отырып, адамның мінез – құлқын қалыптастыратын қуатты құрал. Адам өзінің тағдырының иесі емес, шексіз өмір мұхитындағы қалқып жүрген қағаздан жасалған кеме. А. Шопенгауэрдің иррационолистік идеясымен танысқаннан кейін Ф.Ницше оның концептуалды идеясын ары қарай жалғастырады. Ф. Ницшенің пікірінше қоғамның қозғаушы күші «өмірге деген ерік» емес «билікке деген саналы Ерік». Осыған байланысты Ницше барлық адамзаттың құндылығын сынға алады. Дүниенің құндылығы жоқ, ал өмір қатыгез ойын. Осы ойында орташа, шамалы қабілеті бар адам жеңіп шығады, өйткені қабілетті рухтары күшті адамдарға қарсы тұрғандар қалың ұйымдасқан тобыр. Билікті күшті адамдар жүргізуі керек.1884 жылы Ницше «Заратустра  осылай деген» философиялық поэмасында ол күштілердің міндетін негіздеуге талпынған. Адам өз еркімен құл болғысы келмейді, би болғысы келеді. Қоғамдағы адамдардың көпшілігі билікке құмар. Ф.Ницше христиандық дінді жоққа шығарады, өйткені әлсіздерді қорғайды, ал күштілерді қорлайды. Кім әлсіз, күшті болса, басқара алмаса , солар діннен жұбаныш іздейді. Осындай адамдардың тобырлық инстинктісі дамығандығы соншалық олар біреуге табынғысы,бағынғысы келіп тұрады. Тарихта мақсат жоқ, ілгерілеу жоқ, тек қайта оралу, күштілермен әлсіздердің арасындағы бітпейтін күрес бар.Заратустра адамдарға «Құдай өлді!» - «Қараңдар, мен сендерді «Керемет адам туралы үйретем!. Керемет адам - өмірдің мәні» - деген екен.Ницшенің ілімі дәстүрлі философиядан алшақ, біркелкі емес, қайшылығыда мол.Ницшені әркім өзінше түсініп жүрді, айыптады да, бірақ, Ницшеандық философияның 20 ғасыр философиясына әсерін ешкім жоққа шығара алмайды.