
- •38. Марксизмнің пайда болуының қоғамдық-тарихи және жаратылыстанулық алғышарты.
- •40. К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.
- •42 Қазіргі заманғы батысеуропалық философиядағы негізгі бағыттар. (қысқаша сипаттама).
- •46. Қазақтардың ертетүрік және ортағасырлық мәдениеттегі философиялық идеялары. (м.Қашғари, Әл-Фараби, ж.Баласағұн, Қорқыт-Ата, Асан-Қайғы және т.Б.).
- •48. 19 Ғ. Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ойлар.
- •51. Абай Құнанбаевтың ағартушылық және демократиялық көзқарастарының қалыптасуы.
- •52. Абай шығармаларындағы философиялық және әлеуметтік-этикалық ойлар.
- •54Адамның әлемдегі орыны және адам әлемі: экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология.
- •57. Философиядағы субстанцияның мәні. Монизм, дуализм, плюрализм
- •59. Қозғалыс ұғымы. Қозғалыс және даму. Қозғалыстың негізгі формалары.
- •61.Диалектика барлық байланыс пен өзгеріс, даму туралы ілім ретінде. Диал-ң альтернативтері: софистика, эклектика, метафизика.
- •62.Болмыстың диалектика категорияларында көрінуі. Жалқылық пен жалпылық, құбылыс пен мән.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы, гуманизм және адамның тұлғалық проблемасы.
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды.Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.
Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Натурфилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған ілім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.
Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.
Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі белгілері:
-антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
-шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу).
-кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар
аудару;
-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну;
-тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;
-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.
Жаңа ғылымдардың пайда болуы. Гелиоцентризм және ғаламның шексіздігі туралы ілім. Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей
Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола.
Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos»–жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған.
Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйекс өз кіндігінен айналатын жер күн төңірегндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды.
Галилео Галлилей (1564-1642). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелірінің траектория бойнаша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей. Табиғат бастамасы ретіндемеханикалық заңдылықтаға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды.
Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәілі. Табиғат өз заңдылығымен өмір сүреді. Әлем мен құдай бір. Әлем - универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно - монада деп атады. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.
XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты.
Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516).
Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.
Н.Кузанскийдің пантеизмі. «Қарама-қарсылықтың бірлігі» қағидасы
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» - деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Николай Кузанский (1401-1464 ж.ж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық – идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.
Әлем – сезімтал абсолютті аяқтаушы, өзгермелі Құдай. Әлем – құдаймен аяқталады дей отырып, Н.Кузанский астрономиялық зерттеулер жүргізе келе күн – орталық (гелиоцентрлік), космостағы болып жатқан процестердің бәрі-діни ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н. Кузанский ойлауынша әлем ғаламдардан (галактикалардан) құралған, барлық аспан денелері – қозғалыс күшіне ие. Н.Кузанский бұл ойлары гелиоцентрлік жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Жаңа заман философиясы. Философиядағы таным әдістері. Эмпиризм және рационализм
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Негізгі ерекшеліктері:
— ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі
— білімнің қарқынды дамуы
— ғылымдардың пайда болуы
— діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы.
Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт қалыптасады.
Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
Рационализм (лат. зерде) —Рационализм (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. Онтологиялық 2. Гносеологиялық 3. этикалық рационализм . Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды. Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»). Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері: 1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды; 2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды.
Спиноза мен Лейбництің рационализмі. Лейбництің монада туралы ілімі
28. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы, гуманизм және адамның тұлғалық проблемасы.Қайта өрлеу кезеңі ф.ң гуманистік сарында болуында католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адам.ң еркіндік, бостандық тур.идеялары ықпал жасады. Жалпы алғ.да қайта өрлеу ф.сы нег.үш бағытта дамыды. 1) (Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи) адам.ң еркін, бостандығын өздерінің ф.қ ілімдерінің нег.өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәд.те гуманизм дег.бағытты дүниеге әкелсе,2) (Макиавелли, Томас Мор, Томазо Компанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрса, 3) (Коперник, Бруно, Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемдік п.б. ж.е оның құрылысы тур.іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құб.н өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.Қайта өрлеу дәу.ң ф.қ нег.ерекшеліктері.1)Антропоцентризм ж.е гуманизм адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқ.адам мәселесін алғ.қатарға қою.2)Шіркеу идеологиясына қарсы пікірдің қалыптасуы (діңді теріске шығару емес өздерің құдай мен адам арасындағы байл.ретінде санаған шіркеу қызмет.не қарсы шығу) 3)Кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымынабаса назар аудару.4) Әлемнің шексіздігі тур.анатомиялық жаңалық.ң ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес екендігі оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жаңалықтарды) түсіну.5)Тұлғаның алғ.қатарға қойылуы6)Әлеум.теңдік идеясының кеңтарлып белең алуы
29. Жаңа ғылымдардың пайда болуы.Гелиоцентризм және ғаламның шексіздігі туралы ілім. Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей.Әлемдегі проц.ді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н.Коперниктің (1473-1543) нег.еңб.і «Аспан денелерінің айналуы туралы» әлемнің күн орталық жаратылысы қағидасының нег.де Джордано Бруноның (1548-1600) ф.қ көзқарастары қалыптасты. Нег.еңбектері: «Себептілік, бастама ж.е біртұтастқ тур.», «Әлемнің ж.е заттардың шексіздігі тур.», т.б.Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақыттада шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем универсум (әмбебаптық бастама), жалғыз ғана мәңділік. Сонд.ол мәңгі ж.е өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым ж.е өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно монада д.а. Монаданың материалық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құб.с барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз ж.е сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал дег.тұж.м жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.Коперник пен Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырған итальян асрономы, физигі, математигі, философы Г.Галилей (1564-1642) «Ғылымның жаңа екі саласына байл.ты матем.қ дәлелдемелер мен пайыудаулар», «Табиғат тур.кітап», т.б.еңбектер жазған. Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы (1) қатты ж.е серпілмелі зат.ң сыртқы күштерге қарсылығы; (2)денелердің құлау заңдылықтары оның ф.лық көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті. Оның пікірінше, ф.я алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат кітабын оқуы керек.Табиғаттың кітабы үшбұрыш, квадрат, дөңгелек, шар т.б.тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық, ойланып толғанудың қажеті жоқ, керісінше, таза тәжірибеге сүйенген матем.қ тәсіл керек.Ғылыми зерттеу жұм.да ешқандай беделді мойындамау керек, тек күмәндану ғана оны ілгері дамытады. Теория концепцияларды бақылау эксперимент нег.де, индуктивтік тәсілді қолданып тұжырымдауға болады. Тек мех.қ әдіс қана әлемдегі құб.ды ж.е олардың мәнін түсініп білуге мүмкіндік беретіндіктен, бос схоластикалық ойлауға әкелетін дедуктивтік (жалпыдан жалқыға) тәсілдің өміршендігі жоқ. Ол Коперник пен Бруно сияқты Жер өз осімен Күнді айналып жүреді ж.е ол күн жүйесіндегі көптеген планеталардың бірі ғана, ал күн жүйесі сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп ж.е олардың кпшілігінде жердегідей тіршілік болуы ғажап емес деген пікір айтты. Жалпы алғанда, қайта рлеу ф.сы антика ф.ғы гуманистік дәстурді, ортағасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап тілегінің қажетіне жаратып, жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына ықпал етті.
30. Н.Кузанскийдің пантеизмі. «Қарама-қарсылықтың бірлігі» қағидасы.Схоластикалық ф.дан гуманистік идеяға толы ф.лық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты жөні Н.Кребс (1401-1464) болды. Нег.еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы тур.», «Құдайдың көріпкелдігі тур» т.б.Кузанский пікірі б.ша, әлем қарама қарсы зат.н тұрады және олар мат.ғы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір біріне өте алатыны сияқты, бір біріне ауысып отырады. Ауысқан арама қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары б.ша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға матем.қ тәсіл мен тәжірибе көмектеседі.Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлел.ге , не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып таб.ды. Бірақ өзінің ақыл ойынын, іс әрекеттерінің арқасын да болып таб.ды. Бірақ өзінің ақыл ойының, іс әрекетінің арқасын дақұдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, келіп, «адам дег.оның ақыл ойы» деп тұжырымдайды. Ақыл ойды табиғаттын заңдылықтарын білу қажет үздіксіз толықтырып отыру қажет.
31. Жаңа заман философиясы. Философиядағы таным әдістері. Эмпиризм және рационализм.Жаңа дәуір деп аталатын қоғамдық қатынастар Европада 17-19ғасырларда қалыптасты. Бұның алдында Ренессанс философиясы ойлаудың жаңа жолдарын іздестіре бастаған еді. Ренессанс филосфиясы схоластика гегемондығына бет қайтару реакциясы болып еді. Қайта өрлеу дәуірі философтары негіздеген философиялық ілімдер “жаңа дәуірге” келіп ұласты. Қайта өрлеу мен жаңа дәуір философиясының арасында қатаң шекара қойып болмайды. Френсис Бэкон мен Рене Декарттың философиясы қалыптасып жатқанда, Европаның кей елдерінде Ренессанс толық аяқталып бітпеген.15-18ғ. өндірістік өркениет дамыды. Англия, Голландияда экономикалық даму процессі ұлғайды. Бұған Франция да ілесті. Нидерландия товарлары Испания арқылы тиімді рынокқа өткізіле бастады. Мануфактуралар дамыды. Өндірістің даму жаңа қатынастар тудырды. Осының салдарынан Испания мен Нидерландия арасында қайшылық туды. Бұның соңы 1609 жылы алғашқы буржуазиялық революцияға әкелді. Бұл құбылыс жаңа таптар қалыптасқанының айғағы болды. Демек қоғамда өзгерістер болып жатты. Ғылымға, техникаға сұраныс өсті. Экономикалық өмірдің талабы табиғатты танып білу, шынайы танымдық бағдарларды дамыту болып табылды.Жаңа дәуір философтарының алдында танымның мәні мен сипатын түсіндіру мәселесі қойылды. Яғни жаңа дәуір философиясы гносеологиялық бағытта болды (гносео- таным) Бұрын таным Бибилия цитаталарына негізделген еді. Схоластика бұрмалап өзгерткен Аристотель іліміне сүйенген бұрынғы философия ығыстырылды. Оның орнына тәжірибеге сүйенген философия келді. Эмпиризмге негізделген ғылми таным - жаңа дәуір философиясының негізі болды. Эмпиризм дегеніміз барлық білім тәжірибиеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. Дегенмен, ағылшындық Френсис Бэкон соңғы Ренессанс философиясының аяқтаушы, жаңа дәуір философиясының бастаушысы болды.Жаңа дәуір философиясы сезімдік танымға көп зейін қоя бастады. Таным 2 жолмен болады: бірі- сезім мүшелері арқылы : 2-шісі ойлау, ақыл-ой арқылы. Сезімдік танымға деген бетбұрыс бізге Ренессанс кезеңінен таныс. Бұл құбылыс қыруар фактілік нәтижелер берді. Жаңа дәуір бұл кезеңдегі жаратылыстанудың калыптасуы жеке, изоляциядағы фактілерді зерттеу тенденциясымен ғана байланысты болмады, тұтастықты, белгілі бір жүйелерді зерттеумен де байланысты болды. Сонымен бірге философтар мен ғалымдардың алдында танымның мәні мен сипатын түсіндіру сұрағы қойылады. Жаңа философия гносеологиялық бағдары маңызды
32. Спиноза мен Лейбництің рационализмі. Лейбництің монада туралы ілімі. Cпиноза Бенедикт(1632-1677ж.) нидерланд философы. Негізгі еңбектердің “Діни саяси толғау”, “Декарт фило.ның қағидалары” , “Этика” т.б.Спинозаның ілімі бойынша,барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол-субстанция. Құдай,табиғат,әлем,түпнегіз біртектес, бірреттегі түсініктер,синонимдер. Түпнегіздің атрибуттары модустары дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады.Біріншісі,түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Екіншісі,әлемдегі жеке денелер-модустар. Спинозаның ілімі боцынша,тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге идеялар да-модустар.Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі сезімдік таным.Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл күйге байл.ты болады;екіншісі райионалдық таным, басқаша айтқанда ақыл ой арқылы таным.Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз;үшіншісі интуиция,не заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну.Бұл сатыда зат.дың мәнін түсініп білу арқылы,олардың түпнегізін білуге мүмкіндік аламыз.Құдайдың мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдардың ісі,ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: Адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, ж.е олардың табиғаттың дүлнй күштерінің алдындағы қорқынышы.Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру ж.е қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIIIғ. Француз ағартушыларының еңбектерінде әрі қарай өріс алса, оның дедуктивтік тәсілі мен таным процесіндегі кейбір соны идеялары Шеллингтің, Канттың, Гегельдің философияларында дамытылды. Г.Ф.Лейбниц (1646-1716) немістің атақты ғалымы, көрнекті философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді.Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты. Г.Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты. Ол өзі әрі физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап шығуға бөгет болмады.Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы
33. 18 ғ. Француз материализмі: табиғат, қоғам, адам. (Д. Дидро, Ф. Вольтер, Ж.Ж. Руссо).17-18Ғ.да алғашында Англияда, одан сон Францияда кейін Германияда феодалдық қоғам идиологиясына қарсы, адмның ақыл ой бостандығы үшін күресте ағартушылдық д.а. Кең ауқымды ф.қ ағым п.б. Оған Д.Ж.Локк пен басқада материалистердің ф.сы үлкен әсер етті. Ағылшын ағартушысы Д,Ж.Толанд (1670-1722), франц.ағартушылары Гассенди(1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694=1778) Кондильяк (1715-1780), Руссо(1712-1778), неміс ағартушылары Х. Вольф (1679-1754), Лессинг(1729-1781), Гете (1748-1832), т.б.діни сенімге шек қойып ақыл ой мен ғылыми дүниегекөзқарасқа кең жол ашу, моральді діннің «Қамқорлығынан» азат ету. Ақыл ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті. Франц.ағартуш.ң ф.сы біртектес емес онда, материалистік ж.е атейістік бағыттармен қатар, идиалистік ағымдарда болды, олардың теориялық нег.і де әр текті. Франц.ағарт.ң кейбіреулерінің өздері атақты ғалым болды. Франц.ағарт.ы сондай ақ озат фил.қ ой пікірдің өзіндік ұлттық дәстүріне де сүйенді. Франц.ң сол кезендегі идеялық өміріне Вольтер Кондильяк ерекше зор әсерін тигізді. Олар шіркеу мен дінге арсы батыл күресіп адамның рухани бостандығын талап етті. Франц.ағар.ңаса беделді қайраткерлерінің бірі Ж.Ж.Руссо оның ф.қ толғаныстарының нег.тақырыбы сол кездегі қоғамдағы адамның тағдры еді. Руссо адамдар арасындағы әлеум.к теңсіздікті жою үшін бостандық пен правотеңдігі қажет деп дәлелдеді.XVIII Ғ.орта шенінен бастапәсіресе Франция буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуді материалистер Дидро (1713=1784), Ламетри(1709-1751), Гольбах (1723-1789) ж.е Гельвеции ()аса маңызды рөль атқарды. Олар сол кездегі франц.ғы саяси әлеуметтік құр.пен аяусыз күресті XVIIIғ.да франц.материализмі материалистік ф.ң дамуындағы жаңа бір тарихи саты, жоғ.формасы болып таб.ды. Франц.материалиятері материализмнің механистік формасын дамытты, бірақ олардың кейбіреулерінің көзқарасынан мәселен Дидроның организм.ң дамуы жайындағы пікірлерінен, диалектиканың элементері де байқалды. Бұл ілім б.ша табиғат, материя бүкіл дүниенің себебі. Ол өздігінше өмір сүріп әрекет етеді. Мәселен егер Декарт материаны қозғалысқа келтіретін құдай деп түсінген болса, Гольбах табиғат өзінен өзі қозғалысқа келеді, материяның қозғалысы мәңгі өйткені ол материяның өмір сүруінің д.есептеді. Франц.матер.і тәжірибие, түйсік танымның
34.Классикалык неміс ф.ясы Классикалык неміс ф,ялық ой пікірдін дамуындағы ең жогары саты болып саналады. Идеалистік тұрғыдан болса да диалектикалық әдісті, диалектикалық логиканы, даму процесінің заңдылықтары жайындағы ілімді жасау классикалық неміс ф.ң қолы жеткен ең тамаша жетістігі болып таб.ды. Оның бұл жетістіктеріне негіз болған тарихи жағдайлар қандай еді? ХVІІІ Ғ.р аяғы мен ХІХғ. Басындағы Германия экномикалық ж.е саяси артта қалушылықты жоя отырып буржуазиялық революцияға жақындап келе жатты. Бұған дейін германиясаяси ж.е экономикалық жағынан бытыраңқы, жартылай феодалдық ел болды. Ұлттық буржуазия экономикалық жағынан әлсіз саяси дербестігі жоқ болғандықтан, өкіметр билігі үшін ашық күреске шыға алмады, ол революциядан қорықты, сонд.феодалдар мен ымыра табуға тырысты. Неміс буржуазиясының мұндай жағдайы оның идеологиялық көзқарасына да әсер етті.Сол себепті олардың ф.қ жүйелері практикалық әлеуметтік мәселерді шешумен шұғылданған жоқ, керісінше, әдетте абстрактілі ф.қ мәселерді қарастырумен шектелді.
35.36.37 Кант, Гегель, Л.Фейербах.18ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кант болды. Канттың өмірін сынға дейінгі кезең, сыннан кейінгі кезең деп екіге бөліп қарастырады. 1770 жылдардан кейін оның ”Практикалық ақылға сын”, “Таза ақылға сын” (1781ж.), “Пайымдау қабілетін сынау” атты еңбектері жарық көрді. И. Канттың өмірінің екінші кезеңінде гносеология жасалады. Субъекті және оның қызметі мәселесі Канттың таным теориясына қосқан үлесі болып табылады. Кант тәжірибені апостериорлық және априорлық деп екіге бөледі. Априори – тәжірибеден бұрын оған тәуелсіз алынған білім дегенді білдіреді. Априори әуелден-ақ санаға тән білім деп саналады. Апостериори тәжірибеден алынған білім деп саналады. Тәжірибені екіұшты пайымдау құбылыс пен мәнді қарама-қарсы қояды. Құбылыс сыртқы көрініс, мән іште, тереңде, көрінбейді. Мән мен құбылыты қарама-қарсы қою одан әрі жалғасып, мұның өзі міндетті түрде агностицизмге апарып соғады. Агностицизм - бұл танымды ішінара теріске шығаратын ілім. Кант агностицизм бағытын (өкілі) ұстанды.Кант дүниені “өзіндік зат” және”біздің зат” деп екіге бөледі. ”Өзііндік зат” - өздігінен, бііздің санамыздан тыс өмір сүретін мән. “Өзіндік заттың” мәнін танып білуге болмайды. ”Өзіндік заттардан” басқа құбылыстар дүниесі бар. Оны Кант табиғат дейді. Құбылыстар дүниесі адам санасынан тәуелсіз өздігінше өмір сүре алмайды. Құбылыстар дүнисінде заңдылық жоқ, - дейді Кант. Адам ғана таным барысында ретсіз дүниеде заңдылық жасап береді. Оған трансценденталды ақыл - парасат көмекке келеді. Трансценденталды деген сөз о дүниелік дегенді білдіреді, бұл - сана мен таным шегінен тыс нәрсені білдіретін термин. Осы тұста Канттың субъектіні активті феномен ретінде қарастырғанын байқаймыз. Кант “білім қалай түзіледі?” деген сұраққа жауап іздеді. Ол априоризм арқылы білімнің жекеліктен жалпылыққа өтуін шешпек болды. Біілімді негіздеу Канттың басты мақсаты еді. Кант білімнің калай түзілетінін ашып бере алмады.Себебі ол пайымдау және парасат арасын алшақтатып жіберді. Сондай-ақ априорлық формалардың өзі қайдан щығатынын да түсіндірмеді. Кант “өзіндік затты”, мәнді тануда творчестволық елестетуге орын береді. Мән жоғарғы ақыл арқылы танылады. Жоғарғы ақыл трансцендентті, ол эксперимент пен бақылаудан тәуелсіз жоғарғы білім мен сенімге негізделген. Өмірінің ақырына қарай Кант логика және педагогикамен айналысады.12 жалпы ұғымдар - категориялар түзді. Кант антиномиялар туралы пікір айтты. Антиномия - санадағы қарама-қарсылықтар. Өзінің таным қызметінде адам қайшылықтарға кезікпей қоймайды. Олардан шығудың бірден бір жолы - парыз этикасы болып табылады. Өйткені адам өзінің эмпирикалық тіршілігінде табиғат заңдарынан төмен тұр, өйткені ол сыртқы дүниенің ықпалына бағынышты. Алайда мораль заңдарын, императивті басшылыққа ала отырып адам ғибратқа ие болады. Кант “категориялық императив” ұғымының авторы: ”Адам мүддеге жетудің құралы емес, ол - мақсат болуы қажет”. Кант айтты “Адамның жолы болмауы моралдық сананың жетіспеушілігінен”.
2. Гегель - объективтік идеалист. Оның еңбектері: ”Логика ғылымы”, ”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды. Гегель: “Қандай білім болса да –дамудың нәтижесі”, - деп жариялады. Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды. Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы.Гегель философиясының басты мәселесі әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Гегель абсолюттік идеяны табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның дамуын табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырды. Гегельдің “Логика ғылымы” еңбегі үш бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім - “болмыс”; 2-бөлімі –
Л.Фейербах неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. Негізгі еңбектері:"Өлім және мәңгілік туралы ойлар"-мұнда ол гегельді философияның тұрғысынан мәңгілікті жоққа шығарады. Ол христиан дінінің белгілі уағызына қарсы бағытталған болатын;"Христиан дінінің мәні" -ол материализм жеңісінің нағыз айғағы болды. Фейербах Гегельдің иделизміне антропологиялық материализмді қарсы қойды. Бұл материализм бойынша ойлау “абсолюттік идеяның” мәні емес, адам миының сыртқы дүниені бейнелендіру қасиеті, яғни адамның табиғи қасиеті. Фейербах адамды табиғат дамуының ең жоғарғы жемісі, адам арқылы ғана табиғат өзін танып біле алады, қабылдайды деп санады. Фейербахты адамды табиғатпен бірлікте қарай отырып, сонымен қатар адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығын да көрсетуге тырысты. Жеке адамдарға тән айырғысыз қасиеті бірі мен бірінің қатынас жсасуы, біріне бірінің талпынуы деп санады. Фейербахтың философиясында қоғам құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндірудің кейбір бастамалары бар еді. Мәселен, дінді сынау оның философиясының аса маңызды мазмұнын құрды. XVII – XVIII ғ.ғ. атеизммен салыстырғанда оның атеизмнің ерекшелігі сол, ол діннің шығу және өмір сүру себебін тек адамдардың надандығынан деп түсінген жоқ; сондай-ақ діни бейнелерде адамдардың өмірі: күйініш-сүйініші, бақытылыққа ұмтылысы, табиғаттан және бір-бірінен тәуелділігі қалай көрініс табатынын көрсетуге тырысты. Алайда ол діннің әлеуметтік-экономикалық түп-тамырын, адамдарға табиғат құбылыстармен қатар, стихиялы қоғамдық құбылыстар үстемдік жасайтынын түсінбеді. Фейербахтың философиясында атеизм және адамдардың бір-біріне деген гуманистік сенімінің негізі діни сенімде деген қарама-қарсы түсініктер ұштасып жатыр. Сондықтан да ол құдайы бар христиан дінін жойып, оның орнына “құдайсыз дін”жасауға тырысты.Яғни, дін болу керер,бірақ ол жоқ нәрсеге емес,адамға табынушылық болуы тиіс.Фейербахтың материализмі классикалық неміс философиясының аяқталуы бола отырып, философиялық материализмнің одан әрі дамуының (ең жалпы формада болса да) алдағы бағытын көрсетіп берді.
38. Марксизмнің пайда болуының қоғамдық-тарихи және жаратылыстанулық алғышарты.
39. Марксизмдегі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Философиядағы жатсыну мәселесі. Марксизм материалистік ілім,яғни негізін салушылар К.Маркс, Энгельс,Ленин.Марксизм фил.ң пайда болуы тікелей әлеум. алғышарт. байланысты,яғни өнеркәсіпті жұм.шы тобының дамуы ж.е оның революц.қызметінің өсуі. Марсизмнің п.б.ң ғылыми себептері:1)Клеткалардың ашылу заңы 2)Энергиялардың сақталу заңы3)Дарвизм энергиясы.17-18г буржуазиялық рев.р көптеген жерлерде феодалдық қоғамдық құрылыстарды қиратты. Бұл капиталимге үлкен әсерін тигізді.Басты мақсаты жұмысшы тобының азаттық күресін ғылыми тұрғыда бекіту.Маркс пен Энгельстің өткеннен қалған ф.ң көзге алып қайта өндеуі өздері жүзеге асырған ф.ы револю.прогреспен біртұтас процесс болды. Нег.мазм. дүниеге ғылыми ф.ң көз қарас қалыптастыру ж.е одан әрі даму болып табылады. Маркс пен Энгельс Гегелдің диалектикасын сынай отырып рев.лық демократтар рет.де, кейін Гегельшілерге қосылды кейбір ф.р Маркс пен Энгельстің диале.қ әдісімен Фейербахтың метафизика.қ матер.теориясының жай ғана қосындысы ретінде түсіндіріледі.Марсизмінің ф.да саған револя.ң төңкерілісінің нег.болып ғылыми материалық теорияны ғылыми диалектикалық әдіспен біріктіру т.б. Маркске дейін материализм пайымдауының сипаттамасы болады. Яғни оның өкілдері дүниені практикалықта тәеул адамдардың дүниені өзгертуге бағытты мақсаттарын іс әрекетіне байланыссыз деп таныту. Ал диалек.ң материалдық өкілдері керісінше адамдардың дүниені танып білуінің нег.практикада деп білуі. Оның ішінде материалдың игіліктерді өңдіруге бағытталған іс әрекет.Маркс пен Энгельсқа дейінгі ф.ның өзінің ф.қ системасын өзгермейтін түпкілікті дайындалған обсолюттік ақиқат деді. Мыс.Гегель өзінің ф.қ жүйесін обсолюттік шыңдық деді, ал Маркс пен Энгельс бұған қарсы шықты яғни ғаламдық қоғамдық практиканың даму барысында өзгеріп бай түсетін ғылым деді. Ғылым обсолютті ақиқат емес. Маркстің ойынша ж.ң басқа ғылымдардан ерекшелігі ешқашан аяқталып біткен ақиқат жоқ. Себебі өмірдің өзінде дамуы аяқталған, өзгермейтін, дамымайтын еш нәрсе жоқ. Згермейтін түпкілікті ақиқатқа талпыну өмірден қол үзген докматизмге әкеледі. Энгельс: «Біздің іліміміз догма.емес іс әрекетке дег.жетекші, яғни бұл сөздер марксизм ф.ң жасампаздық екенін айқындайды, яғни Маркстің ф.қ принциптері мен қағидалары қоғамдық дамудың практикасымен әрдайым болағып дамып отырады. Ал ол жасампаздық сипатын нәт.ң жазылуынан круге болады» 19ғ.жаратылыстану ғылыми жаңалықтар Материализмнің ғылыммен бірлікте екенін, ал идеализмнің дінмен туыстас екенін өткен тараулардан білеміз. Ғылымда ірі жаңалықтар ашылған сайын материализм өз формасын өзгертеді, яғни дамиды. XIXғ.ң ортасына қарай жаратылыстану ғылымында ірі ірі жаңалықтар ашылды.Олардың ішінде әсіресе үш жаналық диалектикалық материализмінің тууына ғылыми нег.болды. XIXғ.ң 40ж.ң басында неміс дәрігері Р.Майер энергиясының сақталу ж.е айналу заның ашты. Бұл заң б.ша қозғалыстың формасының белг.бір мөлшері басқа бір қозғалыс формасының дәл сондай мөлшеріне айналады. Бұл заңды теориялық ж.е тәжірибелік жағынан Г.Гельмгольц пен М.Фарадей дәлелдеді,ал Дж.Джоуль мен Э.Ленц жылудың механикалық эквивалентін анықтады, яғни механикалық энергияның қанша мөлшері жылу энергиясының бірлігін беретінің есептеп шығарады. Бұдан материяның қозғалысы оның уақыт пен кеңістікте жай орын ауыстыруы,яғни механикалық қозғалысы ғана емес, материя қозғалысының формалары заңды түрде бір біріне өтіп отырады деген қорытынды шығады. Ал бұл материяның сапалық өзгерісі болып табылады.Егер марксизмге дейинги материализмнің өкілдері табиғатқа қозғалыс сыртай енгізілмейді ол материяның өмір сүру тәсілі деп пайымдаған болса, енді бұл ф.қ қағиданы жаратылыстану ғылымдарының дәлелденуіне ж.е материя мен қозғалыстың бірлігін диалектикалық тұрғыдан түсіндіруіне мүмк.к туды.