Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_Gpp_Kaz_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

Пән бойынша негізгі ұғымдардың глоссарий-тізімі

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру кезінде процеске қатысушылар мен барлық инстанциядағы соттың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұратын құқық саласы.

  2. Азаматтық іс жүргізу (азаматтық сот өндірісі) – азаматтық істі қарау және ол бойынша шығарылған шешімді орындаумен байланысты соттың, іске қатысушы тұлғалардың, мәжбүрлеп орындату органдарының және өзге де атқару өндірісіндегі тұлғалардың қызметі.

  3. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының объектісі болып азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде және сот әділдігін жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар табылады.

  4. Азаматтық іс жүргізудің пәні – қаралатын нақты азаматтық іс.

  5. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні – азаматтық іс жүргізу, яғни соттың қызметі, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу қатынастары.

  6. Азаматтық сот өндірісінің түрлері - өзінің материалдық-құқықтық табиғатымен ұқсас болып келетін азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясымен қарау және шешудің заңмен белгіленген тәртібі.

  7. Талап өндірісі – азаматтық, отбасы, еңбек және өзге де материалдық құқықтық қатынастардан туындайтын субъективтік құқық туралы дауларды қарау және шешуге байланысты азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген соттың қызметі.

  8. Ерекше талап өндірісі – заңмен белгіленген жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясымен қарау және шешу тәртібі.

  9. Азаматтық іс жүргізу сатылары – сәйкес сот өндірісінің мақсатымен біріктірілген процессуалдық іс-әрекеттердің жиынтығы.

  10. Азаматтық іс жүргізудің сатылары:

1) соттың бірінші инстанциясында істі қарау (азаматтық істі қозғау, істі сот отырысына әзірлеу, істі мәні бойынша қарау, іс бойынша шешім шығару)

2) апелляциялық инстанциядағы сот өндірісі

3) сот қадағалау тәртібі бойынша өндіріс

4) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау өндірісі

5) атқару өндірісі.

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері – азаматтық істер бойынша сот әділдігі туралы идеялар, оның іргелі ережелері.

  2. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары – азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін, азаматтық іс бойынша сот өндірісіне қатысатын субъектілердің қоғамдық қатынастары.

  3. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының алғышарттары – азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары, заңды фактілер, құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықсубъектілігі.

  4. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі – азаматтық сот өндірісінде процессуалдық құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі.

  5. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – субъектінің өз іс-әрекеттерімен азаматтық процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндігі.

  6. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары – бұл сот әділдігін жүзеге асыру кезіндегі сот пен өзге де қатысушылардың жалпыға бірдей жүріс-тұрыс ережесі.

  7. Заңды факт – азаматтық процессуалдық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуына негіз болатын, азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен қарастырылған өмірлік мән-жайлар.

  8. Азаматтық сот өндірісінің субъектілері – құқықтық мәртебесіне қарай заңмен азаматтық процессуалдық құқықтар мен міндеттер берілген жеке және заңды тұлғалар.

  9. Тараптар – азаматтық процестің негізгі қатысушылары, яғни талапкер және жауапкер.

  10. Талапкер - өз мүддесіне немесе өзінің мүддесіне талап қойылған азамат немесе заңды тұлға.

  11. Жауапкер – талап арыз қойылған азамат немесе заңды тұлға.

  12. Іс жүргізуге бірігіп қатысушылық – іс нәтижесіне мүдделі бірнеше талапкердің немесе бірнеше жауапкердің іске қатысуы.

  13. Процессуалдық құқық мирасқорлығы - даулы немесе шешіммен белгіленген құқықтық қатынастарда тараптардың біреуін оның мирасқорымен ауыстыру нәтижесінде процессуалдық құқытар мен міндеттердің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы.

  14. Соттағы өкілдік – азаматтық істі қарау және шешумен байланысты сот пен өкілдің, сондай-ақ өкіл мен өкілдік берушінің арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жеке институты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]