Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_Gpp_Kaz_2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

Пәні бойынша 1-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар

1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.

2. Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі.

3. Азаматтық іс жүргізу құқығының конституциялық, азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік құқықпен, қылмыстық істер жүргізу құқығымен және құқықтың басқа салаларымен арақатынасы.

4. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары. Азаматтық іс жүргізу нормалары, олардың құрылымы, уақытта және кеңістікте қолданылуы.

5. Азаматтық сот ісін жүргізудің (процестің) түсінігі және оның міндеттері. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері. Азаматтық процестің сатылары.

6. Азаматтық іс жүргізушілік нысанның мәні, маңызы және негізгі белгілері.

7. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні және жүйесі.

8. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түсінігі және маңызы. Принциптерді жіктеу.

9. Заңдылық принципі және оның азаматтық процесте іске асуы.

10. Сотта қараудың ауызшалығы және тікелейлігі принциптері.

11. Сот төрелігін тек соттардың жүзеге асыруы, судьялардың ауыстырылмайтындығы және тағайындалатындығы (сайланбалығы), судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы.

12. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, сотта қараудың жариялығы, сот ісін жүргізу тілі.

13. Диспозитивтік, жарыспалық және тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы принциптері.

14. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі, ерекшеліктері, алғышарттары. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың мазмұны және объектісі.

15. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастың субъектілері және оларды жіктеу.

16. Іске қатысушы тұлғалар (түсінігі, құрамы, құқықтары мен міндеттері).

17. Азаматтық іс жүргізудің тараптары (түсінігі, белгілері, іс жүргізу құқықтары мен міндеттері).

18. Тиісті емес жауапкердің түсінігі және оны ауыстырудың тәртібі.

19. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері, түрлері). Тең қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

20. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы (түсінігі, негіздері және азаматтық құқықтағы құқық мирасқорлығынан айырмашылығы). Құқық мирасқорының процеске кіру (тартылу) тәртібі және оның құқықтық жағдайы.

21. Азаматтық процестегі үшінші тұлғалардың түсінігі. Олардың түрлері.

22. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.

23. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

24. Прокурордың азаматтық процеске қатысуының негіздері және нысандары. Оның іс жүргізушілік жағдайы.

25. Басқа тұлғалардың құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері және мақсаттары.

26. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

27. Сотта өкілдік етудің түсінігі. Сотта өкілдік етудің негіздері және түрлері (заңды, шартты, жарғылық және қоғамдық немесе тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі және рәсімделуі). Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

28. Сот шығындары (түсінігі, түрлері, сот шығынын төлеуден босату, сот шығындарын бөлу)

29. Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолданудың негіздері. Мәжбүрлеу шаралары. Жауаптылықтың түрлері. Мәжбүрлеу шараларын қолданудың тәртібі.

30. Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және маңызы. Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері.

31. Азаматтық істерді әзірлеу және қарау мерзімдері.

32. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың салдарлары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру. Өткізіп алған іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру тәртібі.

33. Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығының түсінігі және түрлері. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы.

34. Азаматтық істердің сотқа ведомствалық бағыныстылығы.

35. Азаматтық істердің соттылығының түсінігі және түрлері. Істі бір соттың іс жүргізуінен алып басқасына берудің негіздері және тәртібі.

36. Істердің ведомствалық бағыныстылығы және соттылығы туралы ережелерді сақтамаудың салдарлары.

37. Сотта дәлелдеудің түсінігі және мақсаты. Сот дәлелдемесінің түсінігі. Дәлелдеу нысанасының түсінігі. Нақты азаматтық істер бойынша дәлелдеу нысанасын анықтау. Дәлелдеуге жатпайтын фактілер. Дәлелдемелік фактілер.

38. Тараптардың дәлелдеу міндеті. Дәлелдемелерді тапсыру. Іс үшін маңызы бар мән-жайларды растауға байланысты дәлелдемелерді талап ету бойынша соттың ролі. Дәлелдемелік презумпциялар (түсінігі және маңызы).

39. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету. Сот тапсырмалары. Сот тапсырмасын берудің және орындаудың іс жүргізушілік тәртібі.

40. Дәлелдемелердің қатыстылығы және жол берілетіндігі. Дәлелдеме ретінде жол берілмейтін нақты деректер. Дәлелдемелерді бағалау.

41. Дәлделдемелерді жіктеу: алғашқы және туынды, тура және жанама, ауызша және жазбаша, жеке және заттай.

42. Тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері және оларды бағалау. Куәлардың айғақтары( куәдан жауап алу тәртібі, куәнің құқықтары мен міндеттері, куәнің айғақтарын бағалау ерекшеліктері).

43. Жазбаша дәлелдемелер. Олардың түрлері (мазмұны және нысаны бойынша). Жазбаша дәлелдемелерді жинаудың тәртібі.Жазбаша дәлелдемелерді олардың сақталып тұрған жерінде қарау және зерттеу. Заттай дәлелдемелер. Олардың жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы. Заттай дәлелдемелерді тапсырудың және сақтаудың тәртібі. Тұрған жерінде қарау. Қарау хаттамасы. Заттай дәлелдемелерге билік ету.

44. Сараптама тағайындау. Сарапшының құқықтары мен міндеттері. Сараптама тағайындаудың тәртібі. Сарапшының қортындысы, оның мазмұны. Қосымша және қайталама сараптама. Жеке, комиссиялық және кешенді сараптама. Маман консультациясының (түсіндірмесінің) маңызы. Оның құқықтары мен міндеттері. Дәлелдеу барысындағы ғылыми-техникалық құралдар.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы”

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]