- •Силлабус
- •1. Курстың қысқаша сипаттамасы.
- •2. Пән пререквизиттері:
- •2. Курстың мазмұны
- •2.1. Дәрістік курс және семинар сабақтары
- •2.2. Осөж тапсырмаларының түрлері
- •2.3. Оқытуға арналған әдебиеттер: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Сулейман Демирель атындағы университеттің кітапханалық қорындағы әдебиеттер:
- •Білім бағалау критерийлері
- •Жұмыс орындау және тапсыру графигінің формасы
- •«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша жазбаша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •Пән бойынша негізгі ұғымдардың глоссарий-тізімі
- •Ситуациялық есептер
- •Пәні бойынша 1-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар
- •Пәні бойынша 2-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар
- •«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы” пәні бойынша емтихан тапсыруға арналған сұрақтар
Пәні бойынша 2-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар
1. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі және мәні. Талап қою арқылы іс жүргізу ережелерінің маңызы.
2. Талап (түсінігі, түрлері, элементтері). Талаптардың ұқсастығы.
3. Талапқа құқық және талап қою құқығы.
4. Талаптарды қосу және бөлу, олардың тәжірибелік мәні.
5. Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Талапты тану. Бітімгершілік келісім.
6. Талапты қамтамасыз етудің және талапты қамтамасыз етудің күшін жоюдың тәртібі.
7. Жауапкердің мүддесін қорғау (талапқа қарсылық білдіру, қарсы талап).
8. Талап қою тәртібі. Талап арыз және оның реквизиттері. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Талап арыздағы кемшіліктерді түзетудің тәртібі.
9. Талап арызды қайтару. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
10. Талап арызды қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары.
11. Істі сотта қарауға әзірлеу және оның маңызы. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен жасайтын іс жүргізу әрекеттері. Істі қарауға тағайындау. Сот хабарлаулары мен шақырулары.
12. Істі сотта қарау және оның маңызы. Сот отырысында төрағалық етушінің ролі.
13. Сот отырысының бөліктері.
14. Іс бойынша істі қарауды кейінге қалдыру. Іс жүргізуді тоқтата тұру.
15. Істі сот шешімін шығармай аяқтау: іс бойынша іс жүргізуді қысқарту; арызды қараусыз қалдыру.
16. Сот отырысының хаттамасы, оның мазмұны және маңызы. Хаттамаға ескертпелер.
17. Сот актілерінің түсінігі және түрлері.
18. Сот шешімінің мәні және маңызы. Сот шешіміне қойылатын талаптар.
19. Сот шешімінің кемшіліктерін оны шығарған соттың түзетуі: қосымша шешім; шешімді түсіндіру; қате жазулар мен арифметикалық қателерді түзету.
20. Шешімнің түрлері және құрылымы.
21. Шешімді дереу орындау (түрлері және негіздері). Шешімді орындау мерзімін ұзарту және кейінге қалдыру. Шешімді орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту.
22. Сот шешімінің заңды күші. Сот шешімінің заңды күшінің объективтік және субъективтік шектері.
23. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары. Ұйғарымдардың түрлері (мазмұны, нысаны және ұйғару тәртібі бойынша).
24. Сырттай іс жүргізу (түсінігі, негіздері және тәртібі)
25. Сырттай шешімнің мазмұны. Сырттай шешімге шағымдану.
26. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау тәртібі. Соттың өкілеттігі.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту. Сырттай шешімнің заңды күшіне енуі. Сырттай шешімнің күшін жою және істі қайта қарау.
27. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі және мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қараудың жалпы ережелері.
28. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
29. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
30. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
31. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
32. Органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы прокурордың жүгінуі.
33. Ерекше іс жүргізудің түсінігі және мәні. Ерекше іс жүргізудің талап қою арқылы және ерекше талап қою арқылы іс жүргізуден айырмашылығы. Ерекше іс жүргізу арқылы істерді қараудың ерекшеліктері.
34. Соттың заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарауы.
35. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істерді қарау.
36. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектелген немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді қарау.
37. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу.
38. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау.
39. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы істерді қарау.
40. Бала асырап алу туралы арыздар бойынша істерді қарау.
41. Азаматтық хал-актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы істерді қарау.
42. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар бойынша істерді қарау.
43. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істерді қарау (шақыртылып іс жүргізу).
44. Бұйрық арқылы іс жүргізудің және сот бұйрығының түсінігі. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар. Сот бұйрығын шығару туралы арыз (нысаны мен мазмұны, тапсыру тәртібі, арызды қабылдаудан бас тартудың және қайтарудың негіздері, арыздағы кемшіліктерді жою). Сот бұйрығын шығару тәртібі және мерзімі. Сот бұйрығының мазмұны. Оның сот шешімінен айырмашылығы. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру. Сот бұйрығының күшін жою.
45. Заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдарға апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру сатысының мәні және маңызы. Апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру құқығы (субъектілері, объектісі, мерзімдері).
46. Апелляциялық шағымның (наразылықтың) мазмұны. Апелляциялық шағымды (наразылықты) ұсыну тәртібі. Шағымға қосылу құқығы. Шағымға (наразылыққа) қарсылық. Шағымды (наразылықты) қозғалыссыз қалдыру. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қайтару.
47. Апелляциялық қараудың нысанасы. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың шектері. Апелляциялық іс жүргізу тәртібімен істі қараудың мерзімі. Апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істерді қараудың іс жүргізушілік тәртібі.
48. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не өзгертудің негіздемелері. Апелляциялық сатыдағы сот актілері. Олардың мәні мен мазмұны. Апелляциялық сатыдағы сот нұсқауларының міндеттілігі.
49. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына апелляциялық тәртіппен шағымдану (наразылық келтіру).
50. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу.
51. Сот актілерін соттық қадағалау тәртібімен қайта қарау сатысының мәні мен маңызы. Қадағалау тәртібімен қайта қараудың және наразылық келтірудің негіздері. Заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау тәртібімен шағым жасауға, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар. Қадағалау тәртібімен қадағалау шағымдарын, наразылықтарын қарайтын соттар.
52. Қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінім. Наразылықтың мазмұны және оны келтіру тәртібі. Қадағалау наразылығын қайтару. Қадағалау тәртібімен берілетін өтінімді сотта алдын-ала қарау және оның іс жүргізушілік салдарлары.
53. Қадағалау сатысындағы сотта істі қараудың шектері. Істі қадағалау тәртібімен қараудың іс жүргізушілік тәртібі және мерзімдері. Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот нұсқауларының міндеттілігі.
54. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау азаматтық процестің сатысы ретінде.
55. Соттың жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыздарды қарауы.
56. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу.
57. Атқарушылық іс жүргізу азаматтық процестің сатысы ретінде. Мәжбүрлеп атқарудың маңызы. Атқарушылық іс жүргізудің органдары.
58. Атқарушылық іс жүргізудің тараптары, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.
59. Мәжбүрлеп орындауға жататын актілер (атқару негіздері). Атқару құжаттарының түрлері. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімдері. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту. Атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару).
60. Сот шешімін кері орындау.
