- •Силлабус
- •1. Курстың қысқаша сипаттамасы.
- •2. Пән пререквизиттері:
- •2. Курстың мазмұны
- •2.1. Дәрістік курс және семинар сабақтары
- •2.2. Осөж тапсырмаларының түрлері
- •2.3. Оқытуға арналған әдебиеттер: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Сулейман Демирель атындағы университеттің кітапханалық қорындағы әдебиеттер:
- •Білім бағалау критерийлері
- •Жұмыс орындау және тапсыру графигінің формасы
- •«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша жазбаша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •Пән бойынша негізгі ұғымдардың глоссарий-тізімі
- •Ситуациялық есептер
- •Пәні бойынша 1-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар
- •Пәні бойынша 2-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар
- •«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы” пәні бойынша емтихан тапсыруға арналған сұрақтар
2. Пән пререквизиттері:
№ |
Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар) |
1 |
Азаматтық құқық – Азаматтық құқықтың субъектілері; Сенімхат; Мәмілелер; Талап қою мерзімі; Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы; Тапсырма шарты |
2 |
Еңбек құқығы – Еңбек дауларын шешу |
3 |
Отбасылық құқық – Алименттік қатынастар; Ата-ана құқығынан айыру; Бала асырап алу; Қамқоршылық және қорғаншылық |
4 |
Салық құқығы – Мемлекеттік баж |
5 |
Қылмыстық іс жүргізу құқығы – Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап |
3. Пән постреквизиттері: атқарушылық іс жүргізу, нотариат, халықаралық коммерциялық төрелік, азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттар, азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері
2. Курстың мазмұны
2.1. Дәрістік курс және семинар сабақтары
Тақырып № |
Сабақ тақырыбының аталуы |
Мазмұны |
Лекциялар |
|
Семестр аптасы |
Семи нарлар |
|
||||
1 |
Азаматтық іс жүргізу құқығы саласының пәні, әдісі және жүйесі |
1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық. 2. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. 3. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері. 4. Азаматтық сот ісін жүргізудің (процестің) түсінігі. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері. Азаматтық процестің сатылары. 5. Азаматтық іс жүргізу нысанының мәні, негізгі белгілері және маңызы. |
1 |
1 |
1 |
2 |
Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері |
1. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түсінігі, маңызы, жүйесі, өзара байланысы. 2. Принциптердің жіктелу мәселесі. 3. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық-функционалды принциптері. 4. Азаматтық іс жүргізу құқығының функционалды принциптері. |
1 |
1 |
2 |
3
|
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері |
1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі, ерекшеліктері, пайда болуының алғы шарттары, мазмұны, объектісі, субъектілері және оларды жіктеу. 2. Сот азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастың міндетті субъектісі ретінде. 3. Іске қатысушы тұлғалар (түсінігі, белгілері және құрамы). Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері. 4. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастың басқа субьектілері. |
1 |
1 |
3 |
Азаматтық процестегі тараптар және үшінші тұлғалар |
1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі. Азаматтық процестегі талап қоюшы мен жауапкердің түсінігі. 2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 3. Іс жүргізуге тең қатысудың түсінігі, мақсаты, негіздері, түрлері. Тең қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 4. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың шарттары, тәртібі және салдарлары. 5. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. 6. Азаматтық процестегі үшінші тұлғалардың түсінігі. Олардың түрлері. 7. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар. 8. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар. |
||||
Прокурордың азаматтық процеске қатысуы |
1. Азаматтық процеске прокурордың қатысуының негіздері және нысандары. Прокурордың іс жүргізушілік жағдайы. 2. Прокурорға қарсылық білдірудің негіздері. 3. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы. Оның құқықтары мен міндеттері. 4. Прокурордың апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарға қатысуы. Оның құқықтары мен міндеттері. |
3 |
|||
Сотта өкілдік ету |
1. Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі. 2. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар. 3. Өкілдіктің негіздері және түрлері (тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері. 4. Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі және ресімделуі). |
3 |
|||
4 |
Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы және соттылығы |
1. Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі және түрлері. 2. Істердің аралық соттарға ведомствалық бағыныстылығы. 3. Сотқа ведомствалық бағыныстылықтың басымдығы. 4. Істердің ведомствалық бағыныстылығы туралы ережелерді сақтамау салдарлары. 5. Соттылықтың түсінігі. Оның ведомствалық бағыныстылықтан айырмашылығы. 6. Соттылықтың түрлері. Топтық соттылық. Аумақтық соттылық, оның түрлері. 7. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру негіздері және тәртібі. 8. Істің соттылығы туралы ережелерді сақтамау салдарлары. |
1 |
1 |
4 |
5 |
Дәлелдемелер және дәлелдеу |
1. Сот дәлелдеуінің түсінігі, мақсаты, субъектілері. 2. Сот дәлелдемелерінің түсінігі. 3. Дәлелдеу нысанасының түсінігі. 4. Дәлелдеуден босату негіздері. Дәлелдемелік фактілер. 5. Тараптардың дәлелдеу міндеті. Дәлелдемелік презумпциялар. Дәлелдемені ұсыну. Дәлелдемелерді жинау тәсілдері. Дәлелдемелерді зерттеу. 6. Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. 7. Дәлелдемелерді бағалау. 8. Дәлелдемелердің жіктелуі. Жазбаша дәлелдемелер. Заттай дәлелдемелер. Куәнің айғағы. Сарапшының қорытындысы. 9. Маман консультациялары (түсіндірмелері). |
1 |
1 |
5 |
6 |
Талап |
1. Талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі, мәні, маңызы. 2. Талаптың түсінігі, түрлері, элементтері. Талаптардың ұқсастығы. 3. Талапқа құқық және талап қою құқығы. Талаптарды қосу және бөлу. 4. Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Жауапкердің талапты мойындауы. Бітімгершілік келісімі. 5. Талап қоюды қамтамасыз етудің тәртібі және талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі. 6. Жауапкердің мүддесін қорғау. Талапқа қарсылық білдіру (материалдық-құқықтық және іс жүргізушілік-құқықтық). Қарсы талап қою және оны ұсыну тәртібі. |
1 |
1 |
6 |
7 |
Сотта азаматтық істі қозғау және істі сотта қарауға әзірлеу |
1. Талап тапсыру. Талап арыз және оның реквизиттері. 2. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Талап арыздағы кемшіліктерді түзету тәртібі. 3. Талап арызды қабылдаудан бас тарту (негіздері мен іс жүргізушілік салдарлары). Талап арызды қайтару (негіздері мен іс жүргізушілік салдарлары). 4. Талап арызды қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдарлары. 5. Істі сотта қарауға әзірлеу: түсінігі, мақсаты, міндеттері және мерзімдері. 6. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен жасайтын іс жүргізушілік әрекеттері. 7. Істі сотта қарауға тағайындау. 8. Сот хабарлаулары және шақырулары. Шақыру қағазының немесе өзге хабарлаудың, шақырудың мазмұны. Шақыру қағазын беру тәртібі. Шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыртуды қабылдаудан бас тартудың салдарлары. 9. Жауапкерге іздеу салу. |
1 |
1 |
7 |
8 |
Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау |
1. Сотта істі қарау (түсінігі және маңызы). Төрағалық етушінің сот отырысында атқаратын ролі. Сот отырысындағы тәртіп. 2. Сотта қараудың бөліктері. 3. Істі қарауды кейінге қалдыру (түсінігі және негіздері). 4. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру (түсінігі және негіздері). 5. Сот шешімін шығармай істі аяқтау: іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру. 6. Сот отырысының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы. |
1 |
1 |
8 |
9 |
Бірінші сатыдағы соттың актілері |
1. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі, түрлері (шешім, ұйғарым, сот бұйрығы). 2. Сот шешімінің мәні, маңызы, түрлері, құрылымы, мазмұны. Сот шешіміне қойылатын талаптар. 3. Сот шешіміндегі кемшіліктерді оны шығарған соттың жоюы. 4. Сот шешімінің заңды күші. 5. Шешімді дереу орындау (түрлері және негіздері). 6. Шешімнің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімнің орындалу тәсілін және тәртібін өзгерту. Тағайындалған ақшалай сомаларды индекстеу. 7. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы. Ұйғарымның түрлері (мазмұны, нысаны, ұйғару тәртібі бойынша). Жеке ұйғарымдар. Олардың мазмұны және маңызы. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымдарының заңды күші. |
1 |
1 |
9 |
10
|
Сырттай іс жүргізу және бұйрық арқылы іс жүргізу |
1. Сырттай іс жүргізудің түсінігі, негіздері және тәртібі. 2. Сырттай шешім (түсінігі, мазмұны және сырттай шешімнің заңды күшіне енуі). 3. Сырттай шешімге шағымдану. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау тәртібі. Соттың өкілеттігі. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту. Сырттай шешімнің күшін жою және істің мәні бойынша жалпы тәртіппен қайта қаралуы. 4. Бұйрық арқылы іс жүргізудің және сот бұйрығының түсінігі. Сот бұйрығының сот шешімінен және ұйғарымынан айырмашылығы. 5. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар. 6. Сот бұйрығын шығару туралы арыз. 7. Сот бұйрығын шығару тәртібі және мерзімі. Сот бұйрығының мазмұны. Сот бұйрығының күшін жою. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру. |
1 |
1 |
10 |
11 |
Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу |
1. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мәні, маңызы. 2. Апелляциялық шағым беру (апелляциялық наразылық келтіру) құқығы. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қарайтын соттар. 3. Апелляциялық шағымды (наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. 4. Апелляциялық қараудың нысанасы және шектері. Апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істерді қараудың іс жүргізушілік тәртібі. 5. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не өзгертудің негіздемелері. 6. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері және олардың заңды күшіне енуі. Апелляциялық сатыдағы сот нұсқауларының міндеттілігі. 7. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым беру (наразылық келтіру). |
1 |
1 |
11 |
12 |
Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу. |
1. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мәні, маңызы. 2. Кассациялық шағым беру (апелляциялық наразылық келтіру) құқығы. Кассациялық шағымды (наразылықты) қарайтын соттар. 3. Кассациялық шағымды (наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. 4. Кассациялық қараудың нысанасы және шектері. Кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істерді қараудың іс жүргізушілік тәртібі. 5. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері. Кассациялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не өзгертудің негіздемелері. 6. Кассациялық сатыдағы соттың актілері және олардың заңды күшіне енуі. |
1 |
1 |
12 |
13 |
Соттық қадағалау тәртібімен іс жүргізу. |
1. Соттық қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының мәні және маңызы. 2. Шағым берудің (наразылық келтірудің) объектісі. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер беруге, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер беру, наразылық келтіру мерзімдері. Қадағалау тәртібімен қарайтын соттар 3. Қадағалау тәртібімен наразылық келтірудің негіздері және тәртібі. 4. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер беру тәртібі, оларды сотта алдын-ала қарау. Заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіздер. 5. Қадағалау сатысындағы сотта істі қараудың шектері. Істі қадағалау тәртібімен қараудың іс жүргізушілік тәртібі және мерзімдері. 6. Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері. Қадағалау тәртібімен сот актілерінің күшін жоюға негіздемелер. 7. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы (мазмұны және заңды күшіне енуі). Істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот нұсқауларының міндеттілігі. |
1 |
1 |
13 |
14 |
Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу |
1. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау азаматтық процестің сатысы ретінде және оның негіздері. Жаңадан анықталған мән-жайлардың жаңа мән-жайлардан және жаңа дәлелдемелерден айырмашылығы. 2. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арыз беруге құқығы бар тұлғалар тобы. 3. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарайтын соттар. 4. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арыздарды қараудың іс жүргізушілік тәртібі. |
1 |
1 |
14 |
15 |
Сот актілерін және басқа органдардың актілерін орындау |
1. Атқарушылық іс жүргізудің түсінігі, маңызы. Атқарушылық іс жүргізудің органдары. 2. Атқарушылық іс жүргізудегі соттың ролі. 3. Атқарушылық іс жүргізуге прокуратура органдарының қадағалауды жүзеге асыруы. 4. Тараптар және атқарушылық іс жүргізуге қатысушы басқа тұлғалар, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Атқарушылық іс жүргізудің өзге қатысушылары. 5. Мәжбүрлеп орындатуға жататын актілер. 6. Атқару құжаттарының түрлері. Атқару парағын беру тәртібі. Атқару парағының дубликаты. Атқару құжаттарын орындауға ұсынуға арналған мерзім. Атқару құжатын орындауға ұсынуға арналған өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру. 7. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі. Сот шешімін кері орындау. |
1 |
1 |
15 |
|
Барлығы |
|
15 |
15 |
|
