
- •Силлабус
- •1. Курстың қысқаша сипаттамасы.
- •2. Пән пререквизиттері:
- •2. Курстың мазмұны
- •2.1. Дәрістік курс және семинар сабақтары
- •2.2. Осөж тапсырмаларының түрлері
- •2.3. Оқытуға арналған әдебиеттер: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Сулейман Демирель атындағы университеттің кітапханалық қорындағы әдебиеттер:
- •Білім бағалау критерийлері
- •Жұмыс орындау және тапсыру графигінің формасы
- •«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша жазбаша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •Пән бойынша негізгі ұғымдардың глоссарий-тізімі
- •Ситуациялық есептер
- •Пәні бойынша 1-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар
- •Пәні бойынша 2-ші аралық бақылау тапсыруға арналған сұрақтар
- •«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы” пәні бойынша емтихан тапсыруға арналған сұрақтар
2.2. Осөж тапсырмаларының түрлері
Апталар |
Аудиториялық сабақтар |
ОСӨЖ тапсырмаларының түрлері |
|||
Тақырып аталуы |
Дәріс |
Прак/ Лабор* |
Оқуға арналған тараулар |
||
сағат |
сағат |
||||
1 |
Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері |
1 |
1 |
1. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түсінігі, маңызы, жүйесі, өзара байланысы.. Принциптердің жіктелу мәселесі. 2. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық-функционалды принциптері. 3. Азаматтық іс жүргізу құқығының функционалды принциптері. |
Тапсырмалар: ҚР Конституциясын, ҚР-ның «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңын, ҚР АІЖК-н оқу, сәйкес баптарды конспектілеу. Ситуациялық есептер шығару. |
2 |
Азаматтық процестегі тараптар және үшінші тұлғалар |
1 |
1 |
1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі. Азаматтық процестегі талап қоюшы мен жауапкердің түсінігі. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 2. Іс жүргізуге тең қатысудың түсінігі, мақсаты, негіздері, түрлері. Тең қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың шарттары, тәртібі және салдарлары. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. 4. Азаматтық процестегі үшінші тұлғалардың түсінігі. Олардың түрлері. 5. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар. 6. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар. |
Тапсырмалар: Қосымша әдебиеттерді оқу. Ситуациялық есептер шығару. |
3 |
Азаматтық процеске басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуы |
- |
- |
1. Басқа тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері және мақсаты. 2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуі. Олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. |
Тапсырма: Мына теориялық сұрақтарды оқу және конспектілеу: 1) Басқа тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері және мақсаты. 2) Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуі. Олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 3) Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.
|
4 |
Сотта өкілдік ету |
1 |
1 |
1. Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі. 2. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар. 3. Өкілдіктің негіздері және түрлері (тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері. 4. Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі және ресімделуі). |
Тапсырмалар: 1. Келесі тақырыптарда конспект жазу: 1) Адвокаттық азаматтық процеске қатысуы. 2) Соттағы өкілдік. 3) Тапсырма бойынша өкілдік. 2. Сотта іс жүргізуге сенімхат құрастыру. |
5 |
Іс жүргізу мерзімдері. Мәжбүрлеу шаралары.
|
- |
- |
1. Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі, маңызы және түрлері. 2. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. 3. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру. 4. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың салдарлары. 5. Өткізіп алған іс жүргізу мерзімін ұзарту және қалпына келтіру тәртібі. 6. Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларының түсінігі және қолданылу негіздері. Мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолдану тәртібі.
|
Тапсырмалар: 1. Аталған сұрақтар бойынша жазбаша конспект жасау. 1. ҚР АІЖК бойынша барлық процессуалдық мерзімдерді конспектілеп жазу; 2. ҚР ҚК және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі бойынша азаматтық сот ісін жүргізу барысында қолданылатын қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қолданылатын жазалар жөнінде конспект жасау. |
6 |
Сот шығындары. |
- |
- |
1. Азаматтық процестегі сот шығындарының түсінігі және құрамы. 2. Мемлекеттік баж. 3. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар. 4. Сот шығындарын бөлу. |
Тапсырмалар: 1. ҚР АІЖК-н және ҚР Салық кодексін қолданып, оқулықтарды пайдаланып, жазбаша конспект жасау. 2. ҚР Салық кодексінің 90-тарауын пайдаланып келесі мысалдар бойынша мемлекеттік баж мөлшерін есептеу: 1) Жалақыны өндіру туралы талап арыз; 2) Заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы арыз; 3) Мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз; 4) Некені бұзу туралы талап арыз; 5) Туысқандық фактісін анықтау арыз; 6) 100 000 теңгені өндіру туралы сот шешіміне берілген қадағалау шағымы. |
7 |
Дәлелдемелер және дәлелдеу |
1 |
1 |
1. Сот дәлелдеуінің түсінігі, мақсаты, субъектілері. 2. Сот дәлелдемелерінің түсінігі. 3. Дәлелдеу нысанасының түсінігі. 4. Дәлелдеуден босату негіздері. Дәлелдемелік фактілер. 5. Тараптардың дәлелдеу міндеті. Дәлелдемелік презумпциялар. 6. Дәлелдемені ұсыну. Дәлелдемелерді жинау тәсілдері. Дәлелдемелерді зерттеу. 7. Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. 8. Дәлелдемелерді бағалау. 9. Дәлелдемелердің жіктелуі. Жазбаша дәлелдемелер. Заттай дәлелдемелер. Куәнің айғағы. Сарапшының қорытындысы. 10. Маман консультациялары (түсіндірмелері). |
Тапсырма: Төмендегі кез-келген сұрақ бойынша реферат дайындау: 1) Сот дәлелдеуінің түсінігі, мақсаты, субъектілері. 2) Сот дәлелдемелерінің түсінігі. 3) Дәлелдеу нысанасының түсінігі. Дәлелдеуден босату негіздері. Дәлелдемелік фактілер. 4) Тараптардың дәлелдеу міндеті. Дәлелдемелік презумпциялар. Дәлелдемені ұсыну. 5) Дәлелдемелерді жинау тәсілдері. 6) Дәлелдемелерді зерттеу. 7) Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. 8) Дәлелдемелерді бағалау. 9) Дәлелдемелердің жіктелуі. 10) Жазбаша дәлелдемелер. 11) Заттай дәлелдемелер. 12) Куәнің айғағы. 13) Сарапшының қорытындысы. 14) Маман консультациялары (түсіндірмелері). |
8 |
Талап |
1 |
1 |
1. Талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі, мәні, маңызы. 2. Талаптың түсінігі, түрлері, элементтері. Талаптардың ұқсастығы. 3. Талапқа құқық жән 4. Талаптарды қосу және бөлу. 5. Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Жауапкердің талапты мойындауы. Бітімгершілік келісімі. 6. Талап қоюды қамтамасыз етудің тәртібі және талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі. 7. Жауапкердің мүддесін қорғау. Талапқа қарсылық білдіру (материалдық-құқықтық және іс жүргізушілік-құқықтық). Қарсы талап қою және оны ұсыну тәртібі. |
Тапсырма: Төмендегі кез-келген сұрақ бойынша реферат дайындау: 1) Талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі, мәні, маңызы. 2) Талаптың түсінігі, түрлері, элементтері. 3) Талаптардың ұқсастығы. 4) Талапқа құқық және талап қою құқығы. 5) Талаптарды қосу және бөлу. 6) Талапты өзгерту. Талап қоюшының талаптан бас тартуы. Жауапкердің талапты мойындауы. Бітімгершілік келісімі. 7) Талап қоюды қамтамасыз етудің тәртібі және талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі. 8) Жауапкердің мүддесін қорғау. Талапқа қарсылық білдіру (материалдық-құқықтық және іс жүргізушілік-құқықтық). Қарсы талап қою және оны ұсыну тәртібі. |
9 |
Сотта азаматтық істі қозғау. Істі сотта қарауға әзірлеу. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау |
2 |
2 |
1. Талап тапсыру. Талап арыз және оның реквизиттері. 2. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Талап арыздағы кемшіліктерді түзету тәртібі. 3. Талап арызды қабылдаудан бас тарту (негіздері мен іс жүргізушілік салдарлары). 4. Талап арызды қайтару (негіздері мен іс жүргізушілік салдарлары). 5. Талап арызды қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдарлары. 6. Істі сотта қарауға әзірлеу: түсінігі, мақсаты, міндеттері және мерзімдері. 7. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен жасайтын іс жүргізушілік әрекеттері. Істі сотта қарауға тағайындау. 9. Сот хабарлаулары және шақырулары. Шақыру қағазының немесе өзге хабарлаудың, шақырудың мазмұны. Шақыру қағазын беру тәртібі. Шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыртуды қабылдаудан бас тартудың салдарлары. 10. Жауапкерге іздеу салу. 11. Сотта істі қарау (түсінігі және маңызы). Төрағалық етушінің сот отырысында атқаратын ролі. Сот отырысындағы тәртіп. 12. Сотта қараудың бөліктері. 13. Істі қарауды кейінге қалдыру (түсінігі және негіздері). 14. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру (түсінігі және негіздері). 15. Сот шешімін шығармай істі аяқтау: іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру. 16. Сот отырысының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы. |
Тапсырмалар: 1) талап арыз (қосымшаларымен) құрастыру, есеп шығару. 2) «Сотта істі қарау» деп аталатын іскерлік ойынға дайындалу, есеп шығару |
10 |
Бірінші сатыдағы соттың актілері |
1 |
1 |
1. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі, түрлері (шешім, ұйғарым, сот бұйрығы). 2. Сот шешімінің мәні, маңызы, түрлері, құрылымы, мазмұны. Сот шешіміне қойылатын талаптар. 3. Сот шешіміндегі кемшіліктерді оны шығарған соттың жоюы. 4. Сот шешімінің заңды күші. 5. Шешімді дереу орындау (түрлері және негіздері). 6. Шешімнің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімнің орындалу тәсілін және тәртібін өзгерту. Тағайындалған ақшалай сомаларды индекстеу. 7. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы. Ұйғарымның түрлері (мазмұны, нысаны, ұйғару тәртібі бойынша). Жеке ұйғарымдар. Олардың мазмұны және маңызы. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымдарының заңды күші. |
Тапсырмалар: 1) Келесі сот актілерінің бірін құрастыру:сот шешімі, сот ұйғарымы, сот бұйрығы. 2) есеп шығару |
11 |
Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы. |
- |
- |
4. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі, мәні. 5. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу. 6. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу. 7. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. 8. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. 9. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. 10. Органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы прокурордың жүгінуі. |
Тапсырмалар: 1) ҚР АІЖК-нің 25-29 тарауларында аталған істердің бірі жөнінде жазбаша конспект дайындау, есеп шығару.
|
12 |
Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы. |
- |
- |
1. Ерекше іс жүргізудің түсінігі, мәні. Ерекше іс жүргізу арқылы істерді қараудың тәртібі. 2. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау. 3. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау. 4. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектелген немесе әрекетке қабілетсіз деп тану. 5. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы істер бойынша іс жүргізу. 6. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу. 7. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау. 8. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау 9. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану. 10. Бала асырап алу туралы арыздар бойынша іс жүргізу. 11. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу. 12. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы өтініштер бойынша іс жүргізу. 13. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініш бойынша іс жүргізу. 14. Азаматтық хал-актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау. 15. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар. 16. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру (шақыртылып іс жүргізу). |
Тапсырма: 1) ҚР АІЖК-нің 31 - 39-1 тарауларында аталған істердің бірі жөнінде жазбаша конспект дайындау, есеп шығару. |
13 |
Аралық сот шешiмiне шағымдану және аралық сот шешімін орындау
|
- |
- |
1. Аралық соттардың шешiмдерiне шағым жасау туралы арыз беру. 2. Аралық соттардың шешiмдерiне шағым жасау туралы арызды қарау. 3. Аралық сот шешiмiнiң күшiн жою. 4. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтініш беру. 5. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтініштің сотта қаралуы. Атқару парағын беру. Атқару парағын беруден бас тарту. |
Тапсырмалар: 1. ҚР АІЖК-н және ҚР–ның «Аралық соттар туралы» заңын қолданып, аталған сұрақтар бойынша жазбаша конспект құрастыру.
|
14 |
Жойылған сот ісін және атқару ісін қалпына келтіру.
|
- |
- |
1. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз беруге құқығы бар тұлғалар. Істің соттылығы. Арыздың мазмұны. Арызды қозғалыссыз қалдыру. Арызды қабылдаудан бас тарту. Арызды қайтару. 2. Арызды қараудың іс жүргізушілік тәртібі. Арызды қараусыз қалдыру. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту. 3. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы соттың шешімі. 4. Арыз берушіден сот шығындарын өндіріп алу.
|
Тапсырмалар: 1. Мына теориялық сұрақтарды оқу және конспектілеу: 1) Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз беруге құқығы бар тұлғалар. 2) Істің соттылығы. Арыздың мазмұны. Арызды қозғалыссыз қалдыру. Арызды қабылдаудан бас тарту. Арызды қайтару. 3) Арызды қараудың іс жүргізушілік тәртібі. 4) Арызды қараусыз қалдыру. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту. 5) Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы соттың шешімі. 6) Арыз берушіден сот шығындарын өндіріп алу. |
15 |
Халықаралық процесс |
- |
- |
1. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. Шетелдік, халықаралық ұйымның іс жүргізу құқыққабілеттілігі. 2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті. 3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы. 4. Шет мемлекеттердің органдары берген құжаттарды тану. 5. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау. 6. Төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындату. Атқару парағын беруден бас тарту. 7. Шетелдік соттардың орындауды талап етпейтін шешімдерін тану. 8. Төрелiктiң шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер бойынша iс жүргiзу. Төрелік шешiмiнің күшін жою негіздері. 9. Шет мемлекеттiң және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетi. 10. Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына келiсуi. 11. Қарсы талап қоюға қатысты иммунитеттен бас тарту. 12. Төрелiк iс қарауға қатысты иммунитеттен бас тарту. Иммунитеттен бас тартуға келiсiмдi керi қайтарып алу. 13. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетiнiң бұзылуына байланысты даулар бойынша иммунитеттi қолданбау. 14. Жекелеген даулардың тобы бойынша иммунитеттi қолданбау. 15. Теңiз кемелерiн және iшкi суда жүзетiн кемелердi пайдалануға байланысты даулар бойынша иммунитет. 16. Талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттер. 17. Егемендi билiктi жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын мүлiк. 18. Шет мемлекет қатысатын iстер бойынша сот iсiн жүргізу. 19. Шет мемлекетке iс жүргізу құжаттарын жiберу және тапсыру. 20. Шет мемлекетке қатысты сырттай шешiм шығару. |
Тапсырмалар: 1. ҚР АІЖК-н, «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» заңды, ҚР-ның «Халықаралық төрелік туралы» заңын, 18.03.70 ж. «Азаматтық және сауда істері бойынша шетелден дәлелдемелер алу туралы» Гаага конвенциясын, 1958 ж. «Шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы» Нью-Йорк конвенциясын оқу, жазбаша конспект құрастыру. |
16-17 |
Қорытынды емтихан |
|
|
|
|
*Бағанда тиісті сабақ түрі көрсетілуі тиіс: зертханалық немесе практикалық.