Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
912.82 Кб
Скачать
  1. Маркетинг ақпараттың демоскопиялық және экоскопиялық түрлері.

Демоскопиялық ақпарат турист туралы мәліметтер жинау (жасы,жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, табыс деңгейі, жанұясының табысы және т.б.).

Экоскопиялық ақпарат жалпы экономикалық жағдайлар, туризм нарығының жағдайы, туристік қызметтердің бағасы туралы мәліметтерді көрсетеді.

  1. Маркетинг жүйесінде ақпараттарды құрастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары.

  • ақпараттың өзектілігі;

  • ақпараттың дәлме-дәлдігі;

  • мәліметтердің релеванттілігі;

  • алынған ақпараттың толық бейнеленуі;

  • мәліметтердің мақсаттылығы;

  • ақпараттың біртұтастығы және сәйкестігі.

  • Ақпараттың өзектілігі. Маркетинг ортасының жағдайын әр мезгілде шындықпен нақты бейнелеу.

  • Ақпараттың дәлме-дәлдігі ортаның нақты жағдайын және даму өзгерісін айнытпай көрсету.

  • Ақпараттың релеванттілігі деген құрастырылған талаптарға сәйкес қажетті мәліметтерді іріктеп жинау (іске қатысы жоқ мәліметтерді алып тастау).

  • Алынған ақпараттың толық бейнеленуі туристік мекеменің маркетинг ортасының жағдайына және оның даму өзгерісіне әсер ететін барлық факторларды объективті түрде есепке алу.

  • Мәліметтердің мақсаттылығы нақты мақсаттар мен міндеттерге бағытталады.

  • Ақпараттың біртұтастығы және сәйкестігі деген мәліметтер-көрсеткіштері жиынтығында өзара қайшылықтардың және мәліметтердің өзара сәйкессіздігінің болмауы.

  1. Туристік кәсіпорының маркетинг ақпарат жүйесі

Маркетинг шараларды орындауға керек ететін барлық ақпарат жиынтығын маркетингтік ақпараттық жүйе деп атайды. Ол мынадай шағын жүйелерден тұрады:

  • -ішкі ақпарат;

  • -сыртқы ақпарат;

  • -алғашқы ақпаратты жинау;

  • -ақпаратты талдау.

  1. Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу.

Мекеменің ішкі қатынастарына, сонымен қатар басқа да экономикалық субъектілерге байланысты, туристік мекеме үнемі өзгерісте болатын жағдайда жұмыс істейді.

Осындай қатынастардың жинағы маркетинг ортасын құрайды, маркетинг түсінігін құрастырады.

Маркетинг ортасы фирма қызметінің сипатын анықтайды. Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлерге бөлінеді:

  • -микроорта (ішкі орта);

  • -макроорта (сыртқы орта).

  1. Маркетингтің ішкі ортасына талдау жасау.

Ішкі орта (микроорта) – бұл мекеменің ішінде болатын жалпы маркетинг ортасының бір бөлігі. Ішкі орта келесі бағытта талданады:

  • Мамандар;

  • басқаруды ұйымдастыру;

  • қаржы;

  • маркетинг.

  1. Мамандар- олардың әлеуеті мен білімі, қызметшілерді оқыту, жоғарылату, еңбек нәтижесін бағалау және жұмысшылардың өзара қатынасын сақтау және т.б.;

  2. Басқаруды ұйымдастыру-коммуникациялық үрдіс, ұйымдастыру құрылымы, ережелері, нормалары, жауакершілікті бөлу, бағыну иерархиясы және т.б.;

  3. Қаржы- табысты көбейту, инвестициялық мүмкіндіктер құру;

  4. Маркетинг-туристік өнімнің стратегиясы, баға стратегиясы, өнімді өткізу стратегиясы, коммуникациялық стратегия.

Ішкі ортаны зерттеудің мақсаты туристік мекеменің күшті және әлсіз жақтарын анықтау.

Турфирманың пайдалы жұмыс істеу үшін, оның мәдениетін көтеру керек. Мекеменің мәдениеті әр түрлі ережелерден, нормалар мен құндылықтардан құрылады, оларды менеджер күнделікті өз жұмысында пайдаланып тұру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]