- •Маркетинг және оның қонақжай индустриясындағы ролі.
- •Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні.
- •Маркетинг - экономикалық үрдіс.
- •Маркетинг - шаруашылық функция.
- •Маркетинг - шаруашылық концепция.
- •Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы
- •Қызмет көрсету марктингінің ерекшелігі.
- •Туризмде көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары.
- •Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны.
- •Туристік өнімнің ерекшеліктері.
- •Дтұ бойынша туризм маркетингінің үш басты функциясы.
- •Туризмдегі маркетингтің деңгейлері.
- •Туристік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудағы негізгі бөлігі.
- •Ұйымдастырылған туризм нарығының құрылымы.
- •Маркетингті қолдануда негізгі жағдайлар.
- •Туризмдегі маркетинг қағидалары.
- •Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру технологиясы.
- •Нарық мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
- •Маркетинг кешенінің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегиялары.
- •Маркетингтің қосымша жүйелерінің сипаттамасы.
- •Маркетингтік зерттеулердің міндеттері мен мәні.
- •Маркетингтік зерттеулердің ережелері.
- •Маркетингтік зерттеулердің кезеңдері және оларға сипаттама.
- •Маркетингтік зерттелерді ұйымдастырудың түрлері.
- •Брифинг туралы түсінік.
- •Маркетингтік зерттеулердің бағыты.
- •Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
- •Маркетинг ақпараттың тұрақты, ауыспалы, эпизодикалық түрлері.
- •Маркетинг ақпараттың демоскопиялық және экоскопиялық түрлері.
- •Маркетинг жүйесінде ақпараттарды құрастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары.
- •Туристік кәсіпорының маркетинг ақпарат жүйесі
- •Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу.
- •Маркетингтің ішкі ортасына талдау жасау.
- •Маркетингтің сыртқы ортасына талдау жасау.
- •Туристік мекеменің маркетинг макроортасының факторлары.
- •Маркетинг ортасының сыртқы тікелей әсер ететін аумағы.
- •Туристік нарық құрылымы.
- •Туристік нарықтың классификациясы.
- •Нарық конъюктурасын бағалау.
- •Туристік нарық конъюктурасын зерттеу кезеңдері.
- •Нарық сыйымдылығы туралы түсінік.
- •Туристік өнімнің құрылымы.
- •Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулері.
- •Тұтынушының мінез-құлық мотивтері.
- •Мотивацияның негізгі теориялары.
- •А. Маслоудың ынталандыру теориясы.
- •З. Фрейдтің теориясы.
- •Д. Шварцтың теориясы.
Маркетингтің қосымша жүйелерінің сипаттамасы.
Маркетингті эффективті басқару үшін оның қосымша жүйелерін жасау тиіс:
-маркетингтік ақпаратты жинау;
-маркетингті ұйымдастыру;
-маркетингтік бақылау жүргізу.
Маркетингтік ақпарат жүйесі – туристік мекеменің ішкі және сыртқы жағдайын сипаттайтын мәліметтерді жинау, жүйелеу, бағалау және оларды қолдануды қамтамасыз етеді.
Маркетингті ұйымдастыру жүйесі – маркетингтік шараларды жүргізуді қамтамасыз ететіндей, туристік мекемелердің ұйымдастыру құрылымын құрастыруға бағытталады. Маркетинг стратегиялардың және бағдарламалардың орындалуын үнемі қадағалап тұру үшін маркетингтік бақылау жүйесі құрылады.
Маркетинг стратегиялардың және бағдарламалардың орындалуын үнемі қадағалап тұру үшін маркетингтік бақылау жүйесі құрылады.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттері мен мәні.
Маркетинг концепциясын іске асыру мақсаты туристік мекемелерді нарық талабына сәйкес басқару, ол тұтынушыларға қажетті туристік өнімді белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде беруге мүмкіндік туғызады.
Нарық жағдайында ұтымды шешім қабылдау үшін интуицияға, мамандардың пікіріне және тәжірибеге сүйену жеткіліксіз болады. Ол үшін ақпарат жинау қажет. Өйткені шешімдердің қабылдауына көптеген факторлар есер етеді.
Елеусіздік және қауіп-қатер деңгейін азайту үшін, турфирманың қолында сенімді, жеткілікті көлемде, нақтылы және жаңа ақпарат мәліметтері болуы қажет. Ал олар маркетинг зерттеулердің нәтижесінде қамтамасыз етіледі.
Маркетингтік зерттеулердің ережелері.
Маркетинг зерттеулері - маркетингтік шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады.
Маркетинг зерттеулердің ережелері
Маркетингтік зерттеулердің нәтижелігі бірқатар талаптарға байланысты.
Біріншіден, мұндай зерттеулер кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Екіншіден, зерттеулерді жүргізгенде ғылыми көз-қарас сақталуы тиіс.
Үшіншіден, халықаралық сауда палатысы және қоғамдық пікірді зерттеу Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулері практикасының Халықаралық кодексінде жазылған жалпы принциптерге сәйкес жүргізілуі керек.
Төртіншіден, маркетинг зерттеулері мұқият жоспарланып және ретімен жүргізілетін кезеңдерден тұруы тиіс.
Маркетингтік зерттеулердің кезеңдері және оларға сипаттама.
Маркетинг зерттеулердің кезеңдері:
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау;
ақпарат көздерін таңдап алу;
ақпарат жинау;
жиналған мәліметтерді талдау;
зерттеу нәтижелерін ұсыну.
1) Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау маркетинг зерттеулердің бастапқы қадамы болып табылады. Олар сол кезге сай фирма үшін өзекті мәселелерден туындайды. Маркетинг әрекеттегі мәселелерді шешу үшін келесі жұмыстар жасалуы тиіс:
мекеменің өндірістік-шаруашылық және өнімді өткізу қызметінің нәтижелеріне талдау жасау;
мамандар мен жетекшілерді сараптау;
маркетинг функциялардың орындалуын бақылау.
Көрсетілген әрекеттер көбінесе бірге қабылданады. Бұл деген маркетинг зерттеулер жүргізген кезде туындайтын мәселелер жөнінде толық ақпарат алу мүмкіндік береді. Мысалға, туристік мекемеде туристік өнімнің сату мөлшері төмендеп кетіпті. Бұндай мәселе арнайы зерттеулер жүргізуді қажет етеді, оның мақсаты:
-өнімді сатуда төмендеудің себебтері нелікте?
-оны болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керек?
Нақты қойылған мақсат зерттеудің көлемі мен басты бағытын анықтайды. Кейбір жағдайда осы кезенде-ақ алғашқы маркетинг зерттеулері орындалып қалады.
2) Ақпарат көздерін таңдау қажетті мәліметтерді іздестіруде жеңілдік тудырады. Тек қажетті мәліметтерді жинап, мәселені тиянақты шешу жолдары белгіленеді.
3) Ақпаратты жинау деген – ол зерттеу объектісінің ерекшелігіне қарай нарықтын, тұтынушылардын, бәсекелестердін әдістерін оқып пайдалану.
4) Жиналған ақпараттарға талдау жасау дегеніміз бірнеше әдістер арқылы оны оқу, өңдеу, сонымен қатар барлық алынған мәліметтердің ішінен тек қажетті мәліметтерді шығарып алу. Бұндай да ақпараттарды өңдеуде экономикалық-статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер кең қолданылады.
5) Зерттеу нәтижелерін ұсыну - қорытынды жасап, ұсыныстар енгізу. Зерттеу нәтижелері маркетинг шараларды жасаудың базасын құрайды. Маркетинг зерттеулердің қорытындысы ғылыми есеп түрінде жасалынуы қажет.
