Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
912.82 Кб
Скачать
  1. Туристік нарық конъюктурасын зерттеу кезеңдері.

  • Дайындық кезеңі

  • Конъюнктураның дамуын күнделікті бақылау

  • Конъюнктура ақпаратына талдау жасау

  • Конъюнктура болжамын жасау

  1. Дайындық кезеңде конъюнктураның негізгі көрсеткіштерін, объектісін анықтау.

  2. 2-ші кезеңде нарық жағдайы туралы мәліметтерді жинау, тексеру, жүйелеу.

  3. 3-ші кезеңде нарық конъюнктураның тенденцияларын анықтау.

  4. 4-ші кезең болашақтағы нарықтың дамуын көрсетеді.

Нарық конъюнктурасын зерттеу жұмысының алдына тек нарық жағдайын анықтау ғана емес, сонымен қатар оның келешектегі даму мүмкіндіктерін болжау мақсаты да қойылады.

  1. Нарық сыйымдылығы туралы түсінік.

Таңдап алынған нарықты зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі - оның сыйымдылығын анықтау болып табылады. Нарық сыйымдылығы деп – белгілі уақыт аралығында (әдетте бір жыл) онда туристік қызметтерді іске асыруға мүмкін болатын мөлшерді айтады. Нарық сыйымдылығы мен оның даму тенденциясын біле отырып, фирма өзіне қолайлы нарықты тез арада тауып алады. Зертеу іс-тәжірибесінде нарық сыйымдылығымен бірге басқа да көрсеткіштер қолданылады – нарық үлесі. Ол фирма жұмысының нәтижесін нақтырақ көрсетеді. Осындай көрсеткіштердің көмегімен мекеменің бәсекеге түсу мүмкіндігінің деңгейіне баға беруге болады. Әрине, нарық үлесі өскен сайын мекеменің ықпалы күшейіп, одан әрі тұрақтыла береді.

  1. Туристік өнімнің құрылымы.

Туристік өнім – бұл саяхат кезінде туристердің қажеттерін өтейтін және туристермен төленетін қандай бір болмасын қызмет түрі.

Қызмет: Негізгі және қосымша

Материалдық тауар сияқты, туристік өнімде үш деңгейді бөледі:

  • -ойластырылған өнім (продукт по замыслу);

  • -нақты орындалатын өнім (продукт в реальном исполнении);

  • -нығайтылған өнім (продукт с подкреплением).

Туристік өнімнің негізін құрайтын жағдай – адамның қажеттілігін қанағаттандыру. Сондықтан туристік өнімнің мәнін идея құрайды. Егер ойластырылған өнім оның мәні жағына жатса, нақты орындалатын өнім ойластырылған идеяны іске асыратын қасиеттер жинағы болып келеді. Сондықтан туристік өнімнің екінші деңгейінде турөнімнің қасиеттері мен сипаттамалары қарастырылады: сапа деңгейі, комфорты, экономикалық және қауіпсіздік жағдайы және т.б. Үшінші деңгей – бұл нығайтылған туристік өнім. Туристік мекеменің әрекеттері клиентпен (туристпен) достық қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталынады. Оған жылдам және жоғары сапа деңгейінде қызмет көрсету арқылы қол жеткіз.іледі

  1. Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулері.

Туризм сферасындағы кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатындар үшін ерекшелік қасиет жоғарғы дәрежедегі бәсекелестік. Ол қоғамның және жеке адамның мүддесін реттейтін фактор, А. Смит айтқандай нарықтың "көрінбейтін қолы" ретінде қаралады.

Бәсекелестік деп заңды немесе жеке тұлғалар арасындағы бір көзделген мақсатқа жету жолындағы жарысты айтады.

Туризм сферасындағы бәсекелестік күрестің күшіне әсер ететін факторлар:

  • Бәсекелес фирмалардың саны өскен сайын күрес ті күшейе түседі.

  • Бәсекелестік күрес күшейеді, егер де өнімге сұраныс аз болса немесе баяу өссе.

Туристік қызметке деген сұраныс жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрады, ол өз ретінде туристік нарықтағы бәсекелестікті арттырады. Бәсекелестік күрес күшейе түседі, егер де фирманың өнімдері анық белгеленген болмаса. Бәсекелестік күрес күшейе түсуі мүмкін, егер де нарықтан шығып кету шығындары, бәсекелестік күресті жалғастырудан артық болатын болса. Мұндай жағдайда фирма табыстың аздығына қарамай (яғни, нарықтан кету өте қымбатқа түседі) бәсекені аяғына дейін жалғастырады.

Бәсекелестердің маркетинг зерттеулер жүйесі туристік мекемеге мынадай мүмкіндік береді:

  • -бәсекелестердің әрекетін зерттеп, нарық табысының келешегін толық бағалауға;

  • -негізгі мақсаттарды анықтауға;

  • -бәсекелестің әрекетіне жылдам жауап беруге;

  • бәсекелестің күшті жағын бәсеңдету үшін стратегиялар жасауға;

  • -бүтіндей мекеменің әсерлі жұмыс істеп, оның бәсекелестік қабілетін көтеруге;

  • -оқу жүйесін жетілдіруге және қызметкерлердің білімін көтеруге;

  • -мекеменің нарықтағы орнын сақтауға.

Бәсекелестердің стратегиялық топтары- Тура және Потенциалдық

Тура бәсекелестері – өткен және қазіргі кезде бәсекелес ретінде болған және болып табылатын мекемелер.

Потенциалдық бәсекелестердің ішінде:

  • -өнім стратегиясын жетілдіретін және ұсынылған қызмет шеңберін кеңейтетін мекемелер;

  • -бәсекелестік күреске түсетін жаңа фирмалар болады.

Біздің маркетологтар американдық ғылым М. Портердің ұсынған бәсекелестік зерттеу схемасын қолданады. Бұл схема бәсекелестерді сипаттайтын төрт негізгі элементтерден тұрады: болашаққа арналған мақсаттары, қазіргі стратегиялары, өзі туралы мәліметтері және мүмкінідктері, яғни күшті/әлсіз жақтары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]