- •Маркетинг және оның қонақжай индустриясындағы ролі.
- •Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні.
- •Маркетинг - экономикалық үрдіс.
- •Маркетинг - шаруашылық функция.
- •Маркетинг - шаруашылық концепция.
- •Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы
- •Қызмет көрсету марктингінің ерекшелігі.
- •Туризмде көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары.
- •Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны.
- •Туристік өнімнің ерекшеліктері.
- •Дтұ бойынша туризм маркетингінің үш басты функциясы.
- •Туризмдегі маркетингтің деңгейлері.
- •Туристік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудағы негізгі бөлігі.
- •Ұйымдастырылған туризм нарығының құрылымы.
- •Маркетингті қолдануда негізгі жағдайлар.
- •Туризмдегі маркетинг қағидалары.
- •Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру технологиясы.
- •Нарық мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
- •Маркетинг кешенінің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегиялары.
- •Маркетингтің қосымша жүйелерінің сипаттамасы.
- •Маркетингтік зерттеулердің міндеттері мен мәні.
- •Маркетингтік зерттеулердің ережелері.
- •Маркетингтік зерттеулердің кезеңдері және оларға сипаттама.
- •Маркетингтік зерттелерді ұйымдастырудың түрлері.
- •Брифинг туралы түсінік.
- •Маркетингтік зерттеулердің бағыты.
- •Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
- •Маркетинг ақпараттың тұрақты, ауыспалы, эпизодикалық түрлері.
- •Маркетинг ақпараттың демоскопиялық және экоскопиялық түрлері.
- •Маркетинг жүйесінде ақпараттарды құрастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары.
- •Туристік кәсіпорының маркетинг ақпарат жүйесі
- •Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу.
- •Маркетингтің ішкі ортасына талдау жасау.
- •Маркетингтің сыртқы ортасына талдау жасау.
- •Туристік мекеменің маркетинг макроортасының факторлары.
- •Маркетинг ортасының сыртқы тікелей әсер ететін аумағы.
- •Туристік нарық құрылымы.
- •Туристік нарықтың классификациясы.
- •Нарық конъюктурасын бағалау.
- •Туристік нарық конъюктурасын зерттеу кезеңдері.
- •Нарық сыйымдылығы туралы түсінік.
- •Туристік өнімнің құрылымы.
- •Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулері.
- •Тұтынушының мінез-құлық мотивтері.
- •Мотивацияның негізгі теориялары.
- •А. Маслоудың ынталандыру теориясы.
- •З. Фрейдтің теориясы.
- •Д. Шварцтың теориясы.
Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру технологиясы.
Жүйе ретінде қарастырылған туризм маркетингінің белгілі бір құрамдары бар. Олардың байланысына анализ жасап, туристік мекемедегі маркетинг концепциясын іске асыру жолдарын қарастыруға болады.
Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру технологиясы:
Нарық мүмкіншіліктерінің анализі
Перспективті мақсатты нарықты анықтау
Маркетинг стратегиясын таңдау
Маркетинг кешенін жасау
Маркетингтің қосымша жүйелерін жасау
Нарық мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
Маркетингтік әрекеттер нарық мүмкіншіліктеріне талдау жасаудан басталады. Мұндай жұмыс кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы шешіледі. Жұмыстың нәтижесі: біріншіден, алғашқы жағдайға талдау жасау, екіншіден, турфирманың болашақ әрекеттерін анықтауға нақты ұсыныстар беру.
Маркетинг мүмкіншіліктеріне талдау жасаудың арқасында туристік фирманың перспективті мақсатты нарығын таңдап алуға мүмкіндік туады. Бұл деген – маркетингтік күшті барлық нарыққа жұмыс істеп шашпай, тек қана таңдаулы клиенттер тобымен жұмыс істеу.
Маркетингтің маңызды міндеттерінің біреуі – турфирма қызметін жоспарлау және реттеу. Бұл деген тиімді маркетинг стратегиясын таңдау арқылы қамтамасыз етіледі. Ол маркетинг әрекетте кездесетін қауіпті жағдайларды азайтады және барлық күшті таңдап алынған тиімді бағытқа жұмсауды қамтамасыз етеді. Стратегия бағдарламаларға енгізіледі.
Маркетинг кешенінің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегиялары.
Маркетинг стратегияны іске асыру үшін маркетинг кешенін жасау қажет.
Маркетинг кешені – бұл мақсатты нарықтың тұтынушыларына әсер ететін барлық құралдар жиынтығы.
Маркетинг кешенінің негізгі элементтері
-өнім;
-баға;
-өнімді өткізу;
-коммуникация
Маркетинг кешенінің өзге де компоненттері болады. Оған жататындар:
-қызметкерлер, олардың мамандығы;
-қызмет көрсету процесі;
-қоршаған орта.
Мекеменің қызметкерлері – бұл туристік өнімнің бір бөлігі, басқаша айтсақ – туристік бизнестің бір ерекшелігі. Қонақжайлық, мейірімділік, әдептілік – барлық қызметкерлер үшін негізгі шарт.
Білімді, шеберлікті қолданатын туристік мекеменің жұмысшылары бір жағынан, түрлі мінез-құлығы бар клиенттерге бейімделеді, екінші жағынан – қызмет көрсету процесін құрастырады.
Үйдің сырт көрінісі, офистің безендірілуі, жиһаздар, оргтехника және тағы басқа да айналада орналасқан заттар – клиентке сапалы қызмет көрсетуде маңызды фактор болып саналынады.
Барлық негізгі элементтер бойынша жеке стратегиялар жасалынады:
-өнім стратегиясы;
-баға стратегиясы;
-өнімді өткізу стратегиясы;
-коммуникациялық стратегия.
Өнім стратегиясы туристердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын туристік өнімдерді құрастыру мен нарыққа жаңа туристік қызметтер түрін ұсынуды қарастырады.
Баға стратегиясы әрбір туристік өнімнің баға тактикасын анықтып, нарықтың белгілі бір сегментіне бағытталады.
Өнімді өткізу стратегиясы – туристік өнімді тұтынушыға дейін жеткізу жолдарын, әдістерін қарастырады.
Коммуникациялық стратегия – өзінің өнімдері туралы жағымды мәліметтерді таратып, турфирмалардың мақсатты бағыттарын анықтайды. Осындай әрекеттерге – жарнама, өнімді өткізу жолдарын таңдау, сонымен қатар жәрмеңкеге қатысып фирманың стилін қалыптастыру жатады.
