
- •Маркетинг және оның қонақжай индустриясындағы ролі.
- •Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні.
- •Маркетинг - экономикалық үрдіс.
- •Маркетинг - шаруашылық функция.
- •Маркетинг - шаруашылық концепция.
- •Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы
- •Қызмет көрсету марктингінің ерекшелігі.
- •Туризмде көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары.
- •Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны.
- •Туристік өнімнің ерекшеліктері.
- •Дтұ бойынша туризм маркетингінің үш басты функциясы.
- •Туризмдегі маркетингтің деңгейлері.
- •Туристік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудағы негізгі бөлігі.
- •Ұйымдастырылған туризм нарығының құрылымы.
- •Маркетингті қолдануда негізгі жағдайлар.
- •Туризмдегі маркетинг қағидалары.
- •Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру технологиясы.
- •Нарық мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
- •Маркетинг кешенінің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегиялары.
- •Маркетингтің қосымша жүйелерінің сипаттамасы.
- •Маркетингтік зерттеулердің міндеттері мен мәні.
- •Маркетингтік зерттеулердің ережелері.
- •Маркетингтік зерттеулердің кезеңдері және оларға сипаттама.
- •Маркетингтік зерттелерді ұйымдастырудың түрлері.
- •Брифинг туралы түсінік.
- •Маркетингтік зерттеулердің бағыты.
- •Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
- •Маркетинг ақпараттың тұрақты, ауыспалы, эпизодикалық түрлері.
- •Маркетинг ақпараттың демоскопиялық және экоскопиялық түрлері.
- •Маркетинг жүйесінде ақпараттарды құрастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары.
- •Туристік кәсіпорының маркетинг ақпарат жүйесі
- •Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу.
- •Маркетингтің ішкі ортасына талдау жасау.
- •Маркетингтің сыртқы ортасына талдау жасау.
- •Туристік мекеменің маркетинг макроортасының факторлары.
- •Маркетинг ортасының сыртқы тікелей әсер ететін аумағы.
- •Туристік нарық құрылымы.
- •Туристік нарықтың классификациясы.
- •Нарық конъюктурасын бағалау.
- •Туристік нарық конъюктурасын зерттеу кезеңдері.
- •Нарық сыйымдылығы туралы түсінік.
- •Туристік өнімнің құрылымы.
- •Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулері.
- •Тұтынушының мінез-құлық мотивтері.
- •Мотивацияның негізгі теориялары.
- •А. Маслоудың ынталандыру теориясы.
- •З. Фрейдтің теориясы.
- •Д. Шварцтың теориясы.
Маркетингтік зерттелерді ұйымдастырудың түрлері.
Маркетинг зерттеулерді ұйымдастыру түрлері әр алуан болуы мүмкін. Оны туристік фирма өз күшімен және осы салада мамандандырылған өзге де ұйымдардың көмегімен жүргізеді.
Маркетинг зерттеулерді ұйымдастыру түрлерін таңдау келесі факторларға байланысты:
нарықтағы фирма жұмысының тәжірибесіне;
зерттеулерді жүргізе алатын мамандардың болуына;
жұмысшылардың кәсіби әлeуетіне;
нарықтағы фирманың жағдайына;
нарықтағы фирманың стратегиясы мен тактикасына.
Барлық шетелдік ірі фирмалар нарықты оқып-зерттейтің институттармен бірлесіп жұмыс істегенді қалайды. Өйткені:
біріншіден, бұндай институттарда нарықты кәсіби зерттейтін жоғарғы білімді мамандары болады;
екіншіден, маркетинг зерттеулерді жүргізуде олардың тәжірибесі мол;
үшіншіден, тұтынушылардың айтуынша, мұндай ұйымдар нейтралді болған соң барлық сұрақтарға нақты және дұрыс жауап береді.
Брифинг туралы түсінік.
Институттармен қатар маркетинг зерттеулерімен жарнама агенттігі, кәсіпкерлер одағы, оқу орындары да айналысады.
Тапсырма берушілер мен орындаушылар арасындағы алғашқы кеңес, яғни кәсіптік тілмен айтсақ - зерттеу брифингі маркетинг зерттеулер жүргізу барысында маңызды роль атқарады.
Брифинг – нұсқау, кеңес беру, бұлардың шеңберінде маркетинг зерттеулердің мақсаты мен міндеттері қалыптасады.
Брифинг тапсырыс берушіге брифтің арқасында (істің мәнін жазба түрінде қысқаша жеткізу, резюме) бір немесе бірнеше зерттеу агенттерімен кездесіп, тілдесуге мүмкіндік береді.
Брифтің негізгі элементтері:
Маркетинг шараларын бейнелеу (нарықтың көрсеткіштері, тұтынушылары, бәсекелестері және т.б);
басқару мәселелерін анықтау;
шектеулер туралы ақпарат беру (зерттеу мерзімі, қызметтің бағасы және т.б.);
Брифтен кейін коммерциялық ұсыныстар дайындалады, олар туристік мекемелер мен зерттеу ұйымдарының арасындағы іскерлік келісімнің негізін құрайды.
Маркетингтік зерттеулердің бағыты.
Маркетинг зерттеулерді жүргізгенде туристік мекеме келесі сұрақтарға жауап беру тиіс:
қандай жағдайда сатамыз?
қызметтерді қайда сатамыз?
нені сатамыз?
сатуға кім кедергі жасайды?
кімге сатамыз?
Осыдан барып маркетинг зерттеулердің келесі бағыттары туындайды:
маркетинг ортасы;
нарық;
туристік өнім;
бәсекелестер;
тұтынушылар.
Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
Туристік фирма жұмысын ұйымдастыру кезінде маркетингтік ақпарат ең маңызды болып табылады.
Ақпарат – маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
бәсекеде басымдылықты алу;
шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;
ішкі және сыртқы ортаны бақылау;
стратегияны дұрыстау;
нарық жағдайын бағалау;
тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру;
тиімділікті көбейту;
фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау.
Маркетинг ақпараттың тұрақты, ауыспалы, эпизодикалық түрлері.
Тұрақты ақпарат тұрақтылықты, яғни маркетинг ортасының ұзақ уақыт өзгермей тұруын көрсетеді.
Айнымалы ақпарат маркетинг жүйенің нақтылы сандық және сапалық сипаттамаларын көрсетіп тұрады.
Эпизодикалық ақпарат керекті жағдайда ғана қалыптасады, мысалғаөнім бағасының өзгеруіне анализ жасағанда немесе жаңа бәсекелестер туралы қосымша мәліметтер жинағанда.