
- •Маркетинг және оның қонақжай индустриясындағы ролі.
- •Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні.
- •Маркетинг - экономикалық үрдіс.
- •Маркетинг - шаруашылық функция.
- •Маркетинг - шаруашылық концепция.
- •Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы
- •Қызмет көрсету марктингінің ерекшелігі.
- •Туризмде көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары.
- •Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны.
- •Туристік өнімнің ерекшеліктері.
- •Дтұ бойынша туризм маркетингінің үш басты функциясы.
- •Туризмдегі маркетингтің деңгейлері.
- •Туристік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудағы негізгі бөлігі.
- •Ұйымдастырылған туризм нарығының құрылымы.
- •Маркетингті қолдануда негізгі жағдайлар.
- •Туризмдегі маркетинг қағидалары.
- •Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру технологиясы.
- •Нарық мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
- •Маркетинг кешенінің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегиялары.
- •Маркетингтің қосымша жүйелерінің сипаттамасы.
- •Маркетингтік зерттеулердің міндеттері мен мәні.
- •Маркетингтік зерттеулердің ережелері.
- •Маркетингтік зерттеулердің кезеңдері және оларға сипаттама.
- •Маркетингтік зерттелерді ұйымдастырудың түрлері.
- •Брифинг туралы түсінік.
- •Маркетингтік зерттеулердің бағыты.
- •Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
- •Маркетинг ақпараттың тұрақты, ауыспалы, эпизодикалық түрлері.
- •Маркетинг ақпараттың демоскопиялық және экоскопиялық түрлері.
- •Маркетинг жүйесінде ақпараттарды құрастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары.
- •Туристік кәсіпорының маркетинг ақпарат жүйесі
- •Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу.
- •Маркетингтің ішкі ортасына талдау жасау.
- •Маркетингтің сыртқы ортасына талдау жасау.
- •Туристік мекеменің маркетинг макроортасының факторлары.
- •Маркетинг ортасының сыртқы тікелей әсер ететін аумағы.
- •Туристік нарық құрылымы.
- •Туристік нарықтың классификациясы.
- •Нарық конъюктурасын бағалау.
- •Туристік нарық конъюктурасын зерттеу кезеңдері.
- •Нарық сыйымдылығы туралы түсінік.
- •Туристік өнімнің құрылымы.
- •Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулері.
- •Тұтынушының мінез-құлық мотивтері.
- •Мотивацияның негізгі теориялары.
- •А. Маслоудың ынталандыру теориясы.
- •З. Фрейдтің теориясы.
- •Д. Шварцтың теориясы.
Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны.
Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша өзге шаруашылық әрекеттердің түрлерінен бөлінетіндей ерекше бір айырмашылығы жоқ. Сондықтан қазіргі маркетингте қолданылып жүрген ережелерді туризмде де қолдануға болады. Солай болғанымен, туризмде өзіне тән ерекшеліктері бар.
Туризмдегі іс-әрекеттің нәтижесі – туристік өнімді жасап, тұтынушыларға жеткізу.
Мәні жағынан туристік өнім дегеніміз – бұл туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын қандай бір болмасын көрсетілетін қызмет.
Туристік өнімді тар және кең көлемде қарауға болады. Тар көлемдегі туристік өнім – бұл туристік индустрияның жеке салаларында көрсетілетін қызметтер. Мысалы, қонақ үй өнімдері. Кең көлемдегі туристік өнім – бұл нәтижесінде туристік турды құрайтын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер кешені.
Туристік өнімнің ерекшеліктері.
Туристік өнімнің ерекшеліктері туризмдегі маркетингке әсерін тигізеді:
Біріншіден, бұл көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың кешені.
Екіншіден, табыс және баға жағынан көрсетілетін туристік қызметке деген сұраныс өте икемді, бірақ, сұраныс көбінесе әлеуметтік және саяси жағдайларға байланысты болады.
Үшіншіден, тұтынушы, әдетте, туристік өнімді қолданғанға дейін көре алмайды, ал қолдану үрдісі туристік қызмет өндірілетін жерде ғана іске асады.
Төртіншіден, тұтынушы, туристік өнімді пайдалану үшін ұзақ жол жүреді.
Бесіншіден, туристік өнім кеңістік пен уақытқа тәуелді.
Алтыншыдан, туристік қызметтердің ұсынысы икемді емес. Олар бір орында ғана тұтынылады. Қонақ үйі, әуежай, демалыс базасы маусым біткеннен кейін басқа бір аймаққа көше алмайды. Сұраныстың өзгеруіне қарай кеңістік пен уақыт аралығына икемденіп өзгере алмайды
Жетіншіден, туристік өнім көптеген мекемелердің күшімен өндіріледі, олардың әрқайсысының өзіне тән жұмыс әдісі, мақсаты бар.
Сегізіншіден, шамалы кездесетін кемшіліктер туристік қызметтің сапасын түсереді.
Тоғызыншыдан, туристік қызметтің сапасын бағалау көбінесе субъективті болып келеді: қызмет көрсету пакетіне тікелей қатынасы жоқ адамдар тұтынушының бағалауына қатты әсер етеді (мысалы, тұрғылықты халық, туристік топтын мүшелері).
Оныншыдан, туристік қызметтің сапасына форс-мажорлы факторлар әсер етеді (табиғат жағдайы, ауа райы, туризм облысындағы саясат, халықаралық оқиғалар және т.б.).
Дтұ бойынша туризм маркетингінің үш басты функциясы.
ДТҰ туризмдегі маркетингтің үш басты функциясын бөледі:
клиенттермен байланыс жасау- Клиенттермен байланыс жасаудың мақсаты, баратын демалыс орнының және ондағы көрсетілетін қызметтердің сапасы клиенттердің алғысы келетін (ойындағыдай болатын) қызметтерге сәйкестігін толық жеткізіп, түсіндіру.
даму функциясы- өнімді өткізу жолдарын қамтамасыз ететін жаңа жобаларды енгізу.
бақылау функциясы- нарыққа қызметтерді жылжыту жолдарын қарастыру.
Туризмдегі маркетингтің деңгейлері.
Қазіргі кезде туризм индустриясының барлық мекемелері маркетингпен айналысады. Бірақ маркетингтің мазмұны барлықтарында бірдей емес. Сондықтан туризм сферасында маркетингтің келесі деңгейлерін бөледі:
-туристік мекемелер маркетингі (туроператор және турагенттер);
-туристік қызметтерді өндіретін маркетинг;
-қоғамдық туристік ұйымдардың маркетингі;
-территория мен аймақтар маркетингі.
Алдыңғы екі деңгей коммерциялық маркетинг сферасына жатады.
1) туристік мекемелер маркетингі (туроператор және турагенттер) oлардың негізгі мақсаты туристерге қызмет көрсетіп, олардың қажеттерін өтеп, мекемеге табыс түсіру.
2) туристік қызметтерді өндіретін маркетинг (қонақ үйі, мейрамхана, көлік ұйымдары және т.б.). Сұранысқа сәйкес қызмет көрсету, әсіресе, жеке тұтынушының керегін жоғарғы дәрежеде өтеу.
Туризмдегі келесі екі деңгей коммерциялық сфераға жатпайды.
3) қоғамдық туристер ұйымдардың маркетингі (одақтар, ассоциациялар және т.с.). Туризм сферасындағы кәсіпкерлердің ұжымдық мүдделерін қорғайтын, сондай іс-әрекеттерді құруға, немесе қоғамдық жағымды ойларға қарай өзгертуге бағытталған. Қоғамдық ойлар құру – бұл мәні жағынан маркетингті басқару болып табылады.
4) территория мен аймақтар маркетингі. Бұл белгілі бір халық тұратын жерге, аймаққа немесе елге, клиенттің ой-көзқарасын өзгертетіндей мақсатпен жүргізілетін іс-әрекеттер. Мұндай іс-әрекеттермен туризмдегі түзеп, реттеп отыратын органдар муниципалдық, аймақтық және ұлттық деңгейде айналысады.
Сайып келгенде туризмдегі маркетинг жүйесіне түрлі институциялық бірлік кіреді (мемлекеттік, ұлттық, туризмді басқаратын жергілікті органдар), яғни туризмдегі маркетингтің тікелей координациясы пайда болады.