Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing-midterm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
912.82 Кб
Скачать
  1. Маркетинг - шаруашылық концепция.

Маркетингтің аспектілері: Маркетинг – экономикалық үрдіс; Маркетинг –шаруашылық қызметі ретінде ; Маркетинг –шаруашылық концепция

Маркетинг концепциясын іске асыратын мекеменің негізгі принципі – керек емес заттарды керексіз санда өндіруден гөрі, тұтынушыға керекті ғана заттарды (қызметтерді) өндіру.

Маркетинг шаруашылық концепциясы ретінде бір жағынан тұтынушылардың қажеттіліктерін жүйелей зерттеп отырып, екінші жағынан нарыққа, қажеттілектердің қалыптасуына белсенді түрде әсер етеді.

  1. Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы

Әлеyметтік-этикалық маркетинг концепциясы келесі өзекті талаптармен сипатталады:

- өндірушілердің негізгі мақсаты – қоғамның жарқын болашағына, адамгершілік талабына сәйкес тұтынушылардың саналы және жағымды қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- тұтынушыларға зиян келтіретін тауарларды өндіруден және оны сатудан бас тарту;

- тұтынушылардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін экологиялық тұрғыдан зиянды технологияларды қолданған өндірушілердің тауарларын қолдамау.

Бұл концепция маркетинг саясатының құрамымдағы үш фактордың (фирманың табысы, тұтынушылардың қажеттері, қоғамның мүддесі) өзара тығыз байланысын талап етеді.

  1. Қызмет көрсету марктингінің ерекшелігі.

Ф. Котлярдің анықтамасы бойынша "қызмет көрсету – бұл пайда көру немесе қанағаттандыру түрінде болатын сату объектілері".

Қызмет көрсету нарығы басқа нарықтарға ұқсамайды. Оның айырмашылығына екі себеп бар.

Біріншіден, қызмет көрсетілгенге дейін болмайды, яғни өнім қызмет көрсету процесі кезінде ғана пайда болады. Сондықтан, клиент екі сатушының (екі турфирманың) ұсыныстарын салыстыра алмайды. Қызметті алғаннан кейін ғана оларды салыстыруға болады.

Екіншіден, көрсетілетін қызмет арнайы білімділік пен шеберлікті қажет етеді, оны сатып алушы түсінбейді де және бағалай алмайды. Клиент әр уақытта бір сатушымен жұмыс істегенді қалайды – сақтандыру агенті болсын, туристік фирма болсын және т.б.

  1. Туризмде көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары.

Көрсетілетін қызметтің төрт жалпы сипаттамасы бар:

  • сезілмеушілік;

  • өндіріс пен тұтынудың өзара байланысы;

  • сапаның өзгергіштігі;

  • сақталмайтындығы.

1 сезілмеушілік – қызметті алдын ала көруге, қолмен ұстауға мүмкін емес. Болашақта қандай қызмет көрсетіледі тұтынушыларға бағалау өте қиын. Сондықтан тұтынушы сатушының сөзіне сенеді.

2 өндіріс пен тұтынудың өзара байланысы тапсырыс түскенде немесе клиент пайда болғанда ғана қызмет көрсетіледі. Көрсетілетін қызметтің материалдық тауардан айырмашылығы бар:

Тауар=өндіріледісақталадысатыладытұтынылады

Қызмет=сатыладыбірден өндіріліп, тұтынылады

Өндіру мен тұтынудың байланысы көрсеткендей – көптеген қызметтер, оларды ұсынатан қызметкерлерімен тікелей байланыста болады. Мысалға, қонақ үйде көрсетілетін қызметтер, сол қонақ үйдің қызметкерлерімен байланысты, мейрамханада - даяшымен байланысты, кассадағы сатылатын билеттер - кассирмен байланысты болады.

3 Көрсетілетін қызмет сапасының өзгергіштігі. Көрсетілетін қызмет сапасы кім, қайда және қашан көрсетеді соған тікелей Байланысты.Жұмысшының өзі бір тәулікте әр түрлі сападағы қызмет көрсетеді. Қызмет сапасының өзгергіштігі жұмысшының білімділігінің жетіспеуінен болуы мүмкін. Сондықтан сапаның өзгергіштігін азайту үшін көрсетілетін қызметке стандарттар жасайды. Қызмет көрсету стандарты – бұл клиентке қызмет көрсету барысында міндетті түрде орындалатын ережелері.

4 Қызметтің сақталмайтындығы. Келешекте сату үшін қызметті қоймада (тауар секілді) сақтап қоюға мүмкін емес. Көрсетілетін қызметтің сақталмайтындығы сұраныс пен ұсыныс арасын теңдестіруді қажет етеді. Оған жатындар:

-арнайы бағаларды белгілеу;

-жеңілдіктер қолдану;

-алдын-ала тапсырыс жүйесін енгізу;

-қызмет көрсету жылдамдығын көтеру;

-жұмысшылар міндетін біріктіру.

Қызмет көрсету нарықтың ерекшелігі, қызметтердің сипаттамалары осы саладағы маркетингтің спецификасын анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]