
- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
Перианаталды анамнезі жағымсыз және құрсақішілік инфекциясы бар нәрестелерде байқалады. ЭКГ белгелері бойынша 4 түрін анықтайды:
Синусты брадикардия (нәрестелердің ЖСЖ<120 соғ/мин ). АВ өткізгіштіктің 1 дәрежелі АВ блокадаға дейін нашарлауы.
Синоаурикулярлы блокадалар, синусты түйіннің комплекстар мен ырғақтардың түсіп қалуымен жүретін тоқтаулары, АВ блокаданың әр түрлі дәрежелері
Тахи-брадикардия синдромы
Регидтті брадикардия, мерцателды аритмияның тұрақты түрі
СТӘС-ң кез келген түрінде экстрасистолалар байқалу мүмкін. Нәрестелерде жиі алғашқы екі түрі кездеседі. Клиникалық көрінісі әлсіздік пен босандық түрінде кездеседі.
Емі: нейрометаболикалық, кардиотрофты, антиоксидантты, тамыр тонусын және микроциркуляцияны жақсартатын дәрі-дәрімектер тағайындалады. Емнің курсы 1-2 ай.
Жыпылықтамалы аритмия(жа).
Құрсақішінде пайда болу мүмкін, туыттан соң осы нәрестелердің 30 % тіркелу мүмкін, ал 45 % жағдайда ұрық сулануымен бірге жүреді, ұрықтың құрсақішілік өлімінің себебі болу мүмкін. Жиі ТЖА фонында дамиды (магистралды тамырлардың транспозициясы, ЖАПА, Фалло тетрадасы, АВ –коммуникациялар, өкпе көктамырларының аномалды дренажы, эпителий аномалиялары). Бұл кезде жиі жүрекшелердің дірілдеуі (жүрекшелік ырғақ 250-300 соғ минутына). ЖА созылмалы және пароксизмалды болу мүмкін. Жүрекшелердің ырғағы бойынша ЖА-ның тахи- (>100 жиырылу минутына), нормо- (60-100 жиырылу минутына)және брадиаритмиялық(<60 жиырылу минутына) түрлерін ажыратады.ЖА кезінде жиі асқынулар болады- жүрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболия, миокардттың аритмиялық дисфункциясы түрінде. ЖА-ң клиникалық көрінісі- айқын мазасыздық, тамақтан бас тарту, тері жамылғысының бозғылттығы, тахипое, мұрын-ерін ұшбұрышының көгеруі.
ЖА-ң емінің схемасы:
Жедел дигитализация
Пропраналол 0,01-0,1 мг/кг көктамырға, баяу
Изоптин 0,1-0,3 мг/ кг көктамырға
ЖА нормо- және брадиаритмиялық түрлерінде мембранотұрақтаушы, нейроиетаболикалық және антиоксиданттар тағайындалады.
Нәрестелерде брадиаритмиялар өте сирек кездеседі және ОЖЖ ауыр түрдегі зақымдалулар фонында ,әрдайым екіншілік сипатқа ие. Нәрестелердегі брадиаритмиялар жиі апноэмен бірлесіп жүреді, осыған орай ксантиндер тағайындалуы көрсетілген. Сонымен бірге гипокальциемия мен гиперкальциемияны коррекциялау керек.
Толық ав блокада (тавб)
Нәрестелерде 1:20000 жиілікте кезедеседі, жиі құрсақішілік кезеңде анықталуы мүмкін. Ол АВ- қосындының даму ақауымен немесе оның аутоиммунды зақымдалуымен байланысты болу мүмкін(неонаталды люпус-синдром). ТАВБ тұқымқуалаушы түрлерінде – өткізгіш жасушалар липидттермен, полисахарид белоктарымен инфильтрацияланады, бұл кезде миокардттың зақымдалуы орын алады. ТАВБ нәрестелік кезеңде ауыр өтеді: кардиомегалия, гемодинамиканың ауыр бұзылыстары дамып , өлімге әкелу мүмкін. Синкопалды жағдайлар мен тырысулар асистолиялармен негізделген .
Негізгі емге кардиотрофты, мембранатұрақтаушы және микроциркуляцияны жақсартатын дәрі-дәрімектер жатады.
Морганьи- Эдем-Стокс ұстамасының емінде изадрин 0,05% -1 мкг/кг/ мин жылдамдықпен физиологиялық ертіндіде көктамырға тамшылап еңгізнді. Алупент көктамырға баяу 0,5 мл-0,05% ертіндісін 10 мл физ.ертіндіде немесе көктамырға тамшылап еңгізеді. Адреналин 0,01 мг/кг көктамырға, әр 3-5 минут сайын 0,05 мг/кг мөлшерге дейін, атропин 0,02 мг/кг әр 5 минут сияқты 1 мг дейін қайталап отыруға болады.