- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
Ажыратпалы диагноз
Сарғаюмен жүрген туа біткен токсоплазмоздың жайылмалы түрінің жедел кезеңінде: нәрестенің гемолитикалық ауруымен, өт жолдарының атрезиясымен, бауыр циррозымен, цитомегалия және т.б. аурулардан ажырату керек. Ауыр септикалық жағдайда, қанталаулар, гепатоспленомегалия болғанда және туа біткен токсоплазмоздың басқа симптоматикасында , оны кокктар және басқа этиологиялы сепсистан, листириоздан, цитомаглиядан және туа біткен мерезден ажырату керек.
Туа біткен токсоплазмоздың жеделдеу түрі, қаңқа ішілік туыт жарақатына, ми ісігіне, цитомегалияға, басқа этиологиялы менингоэнцефалитке ұқсас болып келеді.
Туа біткен токсоплазмоздың созылмалы түрін, туыт жарақатының қалдық көрінісімен, басқа құрсақішілік инфекциялардың салдарымен, ми ісігімен, басқа этиологиялы нейроэндокринді бұзылыстармен ажыратпалы диагноз жүргізу керек.
Лимфа түйіндерінің зақымдалуымен жүретін жүре пайда болған токсоплазмозды, инфекционды мононуклеозбен, зарасыз лимфаретикулезбен, лимфагранулематозбен, туберкулезды бронхо- және мезаденитпен, псевдотуберкулезбен, лейкозбен, ісіктердің метастаздарымен, жай лимфаденитпен ажыратпалы диагноз жүргізу керек. Лимфа түйінінің гистологиялық препараттарында – фолликулярлы гиперплазияны, фоликулалар мен ұрықтық орталықтарда лимфациттердің белсенділігін, фагоциттелген токсоплазмалар табуға болатын -макрофагтардың пролифирациясы мен белсенділігін көруге болады.
Экзантемді түрін бөрітпелі сүзекпен және басқа риккетсиоздармен ажырату керек. Токсоплазмоз туралы, полиадениттің болуы , бөрітпелердің көп болуы, антибиотикпен емнің нәтижесіздігі күдік тудырады.
Токсоплазмалы энцефалиттің клиникасы, басқа этиологиялы энцефалиттен ажырату қиын. Эпидимиологиялық анамнезге, лимфаденитке, қанға (лимфоцитоз, эозинофелия), антиденелердің орташа және жоғары сандарына қарап диагностика оңайланады. Ликворда табылған токсоплазмалар диагнозды дәлелдейді.
Токсоплазмалы миокардитті, ревмокардиттен, басқа этиологиялы инфекционды, аллергиялық миокардиттен ажырату керек. Әдетте токсоплазмалы миокардит лимфа түйіндерінің , ОЖЖ-нің зақымдалуымен қосарлана жүреді, салицилаттармен емге көнбейді және ақаулардың түзілуіне әкелмейді. Ревматизмге тән қанда жедел фазалы реациялар(С-реактивті белктың, 0-антистрептолизиннің және т.б. пайда болуы.) байқалмайды.
Токсоплазмоздың көздік түрін туберкулезді увеиттен ажырату керек. Токсоплазмоз кезінде әдетте көздің алдыңғы сегменті зақымдалса, туберкулезге алдыңғы увеит тән. Токсоплазмалы көздің зақымдалуы, басқа бактериалды немесе вирусты, мысалы, стрепто-стафилококкты зақымдалулармен ұқсас болатынын ескеру керек.
ЕМІ.
Токсоплазмоздың емі комплексті болады, оның құрамына арнайы (этиологиялық) еммен симтоматикалық, жалпы нығайтатын ем кіреді. Токсоплазмоздың жедел кезеңінде арнайы ем- зақымдалған мүшелер мен тіндердегі эндозиттерді жоюға бағытталған. Нәтижесінде қабыну үрдісі жойылып, интоксикация азаяды. Созылмалы токсоплазмоз кезінде қоздырғыш адам ағзасынжа жасуша ішінде орналасады, сондықтан да химиотерапевтикалық дәрілердің әсеріне төмен болады, ауру этиотропты емге қиын көнеді. Сонымен бірге, созылмалы токсоплазмоздың патогенезінде инфекционды аллергияның ролі жоғары, ол өз алдына десенсибилизациялы ем қолдануына әкеледі.
Негізгі арнайы дәрі-тиндурин(пириметамин, хлоридин, дараприм), 0,025 күніне 2 рет. Балаларға 0,5-1 мг/кг күніне 2 рет, таблетка түрінде, тамақтан кейін. Тиндуриннің фолий қышқылының айналымы мен сорылуына кері әсерлеріне (метаболикалық анемия, лейкопения, тромбоцитопения) байланысты, міндетті түрде наубайханашылық ашытқы мен фолий қышқылын тағайындайды.
Ем барысында әр 7-10 күн сайын қан ман зәрдің бақылаулы тексеруін жүргізеді. Қарапайымдыларға қарсы дәрілерден аминохинолды қолданады 0,15 –тен күніне 3 рет тағайындайды. . Қарапайымдыларға қарсы дәрілерді үзақ(сульфадиметоксин, бисептол) және қысқа әсерлі(сульфадимезин, этазол) сульфаниламидттермен 0,5 күніне 3 рет қосып тағайындайды.
Емдеу курсы. Тиндуриннің стандартты курсы 5 күн, жедел лимфонадулярлы түрінде 10 күнге дейін созылу мүмкін. көздік және церебралды түрлерде , гематоэнцефалды және гематоофтальмиялы тосқауылдардан химиялық дәрілердің өтуі қиындайтындықтан, ем курсы 21-28 күнге дейін созылып, бір мезгілде глюкокортикоидтар тағайындалады. Балаларға токсоплазмоздың жедел және жеделдеу кезеңдерінде бірінші жылы арасында 1,5-2 ай кідіріс жасап, 2-3 курс тағайындалу керек.
Шет елдерде токсоплазмоздың жедел және жеделдеу түрлердің еміне спиромицинды қолданады, ол эффективтілігі бойынша пириметаминнен кем түспейді. Олеондомицин мен эритромицин антибиотиктері спиромицинге жақын болып келеді, оларды токсоплазмоздың емінде жастық молшермен қолдануға болады. токсоплазмозға қатысты мына атибиотиктердің де біршама белсенділігі бар:метациклин-гидрохлорид (рондомицин) және линкомицин (линкомицина гидрохлорид). Бұл антибиотиктердің артықшылығы- аз мөлшермен тағайындалуы. Антигистаминді дәрілер арасында димедролды тағайындаған жөн, оның седативті қасиеті ,әсіресе жүйке жүйесінің бұзылыстары бар науқастарға тағайындаған жөн. Димедролды индивидуалды көтермеген жағдайда дипразин (пипольфен), фенкарол, диазолин, супрастин – тағайындалады.
Протозойларға қарсы дәрілермен бірге глюкокортикоидты гормоналды дәрілерді тағайындау ұсынылған, қабыну үрдісін төмендету және гематоэнцефалды, гематоофталмиялы тосқауылдардың өткізгіштігін жақсарту үшін. Кортикостероидтарды протозойларға қарсы дәріметерсіз тағайындауға болмайды, себебі оның иммунодепресивті қасиеті инфекцияның генерализациясына әкеліп, соңы өлімге әкеледі.
Симптоматикалық ем ауру түрі мен мүшелер зақымдалуына қарай тағайындалады. Токсоплазмалы инфекция екіншілік иммунотапшылық жағдайға әкелетіндіктен, міндетті түрде жалпы нығайтқыш ем- дәрумендермен (В1, В6 дәрумендері, аскорбин қышқылы), толыққанды тамқтандыру, иммунокоррегилеуші дәрімектер тағайындалады.
Туа біткен токсоплазмоздың болжамы әрдайым күрделі, ол аурудың түріне, емнің басталу мерзіміне байланысты, бірақ зарасыз түрлері де жиі асқынулардың салдарынан өршуі мүмкін. Жүре пайда болған токсоплазмоз кезінде жақсы болжамды лимфомодулярлы түрде, ол этиотропты емсіз клиникалық сауығуға әкелу мүмкін. Бірақ бұл 1-2 жылдан соң созылмалы түрге ауысып, басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдалуы болмайтынын толық кепілі жоқ..
