Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать

Диагностикасы

Герпес инфекциясының диагностикасында әр түрлі лабаратолы әдістерді қолдануға болады.

Цитологиялық әдіс. Зеріттелетін материалдарға көз коньюктивасынан алынатын везикулалар құрамы жатады. Зеріттелетін материалдан көп ядролы алып жасушаларды және ядро ішілік қоспасы табу. Бұл әдіс кең қолданылмайды.

Вирусологиялық әдіс – диагнозды нақты қойып, фибробласттар жасушасын пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс ұзақ мерзімді және қол жетімі аз.

Иммуноферментті анализ - M және G класының ұшық вирусының антиденелер титрін анықтау үшын қолданады. Ұшық инфекциясының активті формасының ортақ диагностикалық белгісі анти ВПГ lgM антидененің болуы. Бірақ, lgM иммуноглобулиндерді арнайы диагностикалау кезінде, 50% жалғантеріс нәтиже, 50% жаңа туған нәрестелер lgM бөле алмайды. Себебі оның баяу өнім бөлуі иммунологиялық толеранттылығына байланысты. Сол себептен жаңа туылған нәрестелерде, әсіресе шала туылғандарда бұл сынама көп жағдайда жалғантеріс нәтиже береді , бірақ неонотальды ұшық диагнозына күмән туғанда диагнозды алып тастауға негіз бола алмайды.

Неонотальды кезеңдегі ұшыққа карсы G класының антиденелер деңгейінің диагностикалық мағынасы жоқ. G класының арнайы антиденесі бар болса, сәбиді қайталама 2-3 аптадан соң серологиялық зерттеуден өткізеді, ол кезде ананың антиденелері жоғалып, сәбидіің өзінің антиденелері пайда болып, титрі жоғарылайды. Осыған байланысты, алғашқы инфекцияның дифференциалды диагностикасында антидене организмге еніп, реактивация кезеңін анықтап, ұшық инфекциясының lgG антидененің қатысуын анықтайды. Зерттеуге алынған антидене төмен көрсеткішті болса, науқастың инфицирленгенін немесе бұрын-соңды болған инфекциясын көрсетеді. lgG антиденемен қатар lgM антиденені бірге анықтауға кеңес беріледі. ұшық вирусын диагностикалау үшін иммуноферментті – тест жүйе қолданылады. «ВПГ – lgM антидене » - М класының иммуноглобулиндерінің 1-2 типті жай ұшық вирусына қатынасын көрсетеді. тест алғашқы инфекциялану үшін немесе латентті инфекция реактивациясына және «ВПГ- lgG – иммуноглобулиндерінің 1-2 типті жай ұшықты анықтауға көмектеседі.»

Жаңа талаптарға сай ұшық инфекциясын анықтауға қолданылатын диагностика 1-2 типті жай ұшық вирусының антиденесін, цитомегаловирус Эпитеин-Барр және антиген мен арнайы иммунды кешенді анықтауға қолданады. Ішіне lgM, lgG1, lgG3 және lgG4 қатынасын береді. Балалар қан сарысуында М lgG3, lgG1-2 иммуноглобулиндерінің көрініс беруі инфекциялық үрдістің асқынғанын, ал тек қана lgG4-ті анықтау – ол инфекцияның латентті фазасын немесе анасының антидене тасымалдауын көрсетеді.

ПТР (полимеразды тізбекті реакция) – қол жетімді және кең қолданбалы зерттеу әдісі болып табылады. Зерттеу материалы: қан, ликвор сұйықтығы, зәр және көз жасы. Зеріттеу әдісінің жетістіктері: жоғары сезімталдық, түрлік спецификалығы, нәтиженің тез дайын болуы, бір уақытта бірнеше қоздырғышты анықтау мүмкіншілігі, асқынған инфекцияны ғана емес сонымен бірге летентті созылмалы инфекцияны детекциялау мүмкіншілігі(Van-den –Veyver I.B., 1998; Веденеева Г.Н., Сельков С.А. с соавт., 2002; Шабалдин А.В., Балянова Л.А. с соавт., 2000). Одан бөлек, ПТР көмегімен кез-келген биологиялық сұйықтықты зеріттеуге болады. (зәр, сілекей т.б). Оның маңыздылығы -жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларда қан жинау техникасының қиынға соғатындығына байланысты. Әдістің сезімталдығы 95% , арнайылығы 90-100%, ал анализ уақыты 1-2 күн. Шеткері қанның лейкоциттері вирусты инфекцияның резервуары болғандықтан, вирустың антигенін немесе ДНК жиі лейкоцитарлы тұнбадан табуға болады.

ЕМІ

Соңғы жылдары ұшық вирусты инфекцияларының терапиясында ацикловир (зовиракс ) қолданылады. Дәл қазіргі уақытта ацикловирге туынды болатын препараттар жоқтың қасы. Ацикловир – тимидинкиназа вирусымен әрекеттес отырып, ДНҚ құрамындағы деоксигунозин орнына қосылып, репликация үрдісін басады. Инфицирленген жасуша ішінде вирусты тимидинкиназа фосфорлану мен белсенді қосылысқа айналу нәтижесінде, ацикловир трифосфатға айналады. Ацикловир трифосфот ДНҚ вирусымен синтезделіп, вирустың көбеюін тежейді. Арнайылығы мен жоғары селективтілігі жасушада көбейіп, жиналуына байланысты. Ацикловир трифосфат жасушалары ДНҚ репликациясына әсерін тигізбейді. Ацикловир әсері көз сұйықтығынан және бала жолдасынан (плацента) өтіп кете алады.

Неонотальды ұшық вирусты инфекцияларының барлық түрлерінде арнайы вирусқа қарсы ем қолданылады. Себебі, жергілікті формасы вирустың генеризациялануын тудыруы мүмкін. ВПГ-ның екеуіне де әсер ететін препарат – ацикловир (зовиракс, виролекс).

Ұшық вирусты мнфекцияларының барлық түрлерінде ацикловирді физиологиялық ерітіндімен тамыр ішіне тамшылатып (20 тамшы/минутына) тәулігіне 30 мг/кг, әрбір 8 сағ сайын тәулігіне 3 рет құяды. Емделу курсы: арнайы (генерилизация) формасында – 21 күннен кем болмауы тиіс, жергілікті формасында - 10 тәулік. Егер жағдайы нашарласа 7-10 тәуліктен кейін қайтадан препаратты еңгізу ұсынылады. Ацикловирдің бүйреке пен бауырға жанама (токсикалық) әсері болғандықтан, қан құрамындағы трансаминаза, мочевина мен имрекс креанинидін бақылауға алуы керек.

Емшекпен тамақтандыратын аналардың қолдануына еш зияны жоқ. 34 аптадан асқан жаңа туған сәбилерге ацикловирді 14 күн ғана, 12 сағ.сайын 10мг/кг ретінде енгізіледі. ауыздың сілемейлі қабығындағы ұшықты бұзылыстарда оральды түрде 48-80 мг/кг тәулігіне,5-10 күн бойы, тамыр ішілк 15мг/кг/тәул. 5-7 күн еңгізуге болады.

Сыртқа қабылдауда ацикловирдің жағылмасыұсынылады.

Үлкен жастағы балалар ацикловир орнына фнцикловир немесе валацикловирді ауызға (оральды) еңгізу арқылы қолдана алады.

Ацикловирден еш нәтиже шықпаса, оның орнына ганцикловирді ұсынады. Ганцикловир – ациклді нуклеотид, ұшық вирусының репликациясын нәтижелі түрде басып тастайды.

Ұшық вирусты инфекция кезінде интерферон жүйесінің тежелуіне байланысты, интерферон препараттарын енгізуді талап етеді. Сонымен қатар, интерферонотерапия негізіндегі дәрілік тұрақтылықтың дамуы тек этиотропты (себебін жоятын) вирусқа қарсы препараттар тобына қатысты. (Малиновская В.В., Деленян Н.В., Ариненко Р.Ю., 2005).

Герпесвирусты инфекцияның латентті түрлері виферонмен жастық мөлшерде үзілу схемасымен емделеді. (Кравченко А.В., 2008).

Постнотальды ұшық вирусында Крупа немес бронхообструкцияның рецидивінің бірге жүруіндеиммуноориентировты ем қолданылады. Бұл мақсатпен алдымен генонды 5 күнге тағайындап, сонан кейін арбидол мен веферон қосындысын ұсынады. Арбидолдың имммундымодельдеуші, интерферондецилдеуші, вирустыспецификалыжәне антиседативті әсері бар. Арбидолдың негізгі вирусспеификалықабілеті вирус қабығы мен эндос мембранасының жабысуының басып тастап, вирусты нуклеокапсид босап шығып, транскрипцияға қатысады. Арбидолдың кезекті механизмберінің бірі иммунды жүйеге әсер етіп, интерлейкин өндіруін жоғарылату. 2.Арбидолдың И-иммунитетке әсер етуі макрофаг пен неирофильдердің белсенілуіне әкеледі. Ал үлкен дәрежеде, фагациторлық белсенділікті жоғарылатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]