Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Құрсақішілік микоплазмалы инфекция

Ауру қоздырғышы – урогениталды жолдардың факультативті патогендеріне жататын, белгілі бір жағдайларда (күйзелу, жүктілік, иммунды тапшылық) несеп-жыныс мүшелерінде инфекционды- қабыну үрдістерін шақыра алатын ,ұсақ грам теріс бактериалар - микоплазмалар болып саналады. Микоплазмалар өте жиі қозғалып, әртүрлі жасушаларға жабысып (эпителийге, лейкоциттерге, сперматозоидттарға),оларға улы және деструктивті әсер етеді. Адам үшін Mycoplasma pneumonia, M. hominis, M. genitalium және Ureaplasma urealyticum патогенді болып саналады. Уреоплазмалы және микоплазмалы инфекция жүкті әйелдер үшін өте қауіпті . Барлық жағдайларда инфицирленген әйелдерде жүктілік асқынулармен жүреді, оларға- жүктіліктің әр түрлі кезеңдердегі үзілуі (этиологиялық ролі 70-80% құрайды), бала жолдасының аномалды жабысуы, көпсулық, хорионамнионит, босанудан кейінгі эндометрит, созылмалы уретриттің, пиелонефриттін өршуі, жүктіліктің екінші жартысында жедел респиратолы аурулардың байқалуы жатады

Уреоплазмоз кезіндегі құрсақішілік инфицирлену -45% құраса, микоплазмоз кезінде-3-20%(Адаскевич В.П., 1996, Козлова Л.В. 1997). Жиі инфицирлену өрмелеу жолымен жүреді, оған микоплазмалардың жылжымалдылығы себепші болады. Ұрық қағанақ суын жұтқанда немесе аспирация кезінде инфицирленеді. Ұрықтың осы инфекцияға бейімділігі, инфицирлену кезіндегі иммуносупрессия мен қалыпты микрофлораның жоқтығымен түсіндіріледі.

Нәрестелерде бұл дерт әдетте жайылмалы түрде, ОЖЖ-ң, бауырдың, өкпенің, бүйректің, көкбауырдың, тері жамылғысының, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен бірге жүреді. Жиі туа біткен пневмония, геморрагиялық синдром, гепатоспленомегалия, остеомиелит симптомдары дамуы мүмкін. ОЖЖ-ң зақымдалуы кезінде энцефалопатия, тырысулар және психоматорлы дамудың кідірісі дамиды.

Біздің зеріттеулеріміздің нәтижесінде, микоплазмалы инфекция жайылмалы ағыммен және айқын интоксикациямен сипатталған және келесі мүшелердің зақымдалуымен:

  • Интерстициалды пневония түрінде тыныс алу мүшелерінің зақымдалуы-62% балада

  • Кардит түрінде жүректің зақымдалуы-55%

  • Гипоксиялы-ишемиялық энцефалопатия түрінде ОЖЖ-ң зақымдалуы-38%

  • Гидроцефалды синдромның дамуымен-11%

  • ЦМВИ + микоплазмалы инфекция салдарынан туа біткен ақауларының дамуы-38.8% кездескен.

Құрсақішілік микоплазмоз диагностикасы

Микоплазмалар тұқымдастығына тән ,айқын морфологиялық сипаттаманың болмауы, полиморфизмділік салдарынан қоздырғыш науқастардың жұғындысынан индентификацияланбайды, осының салдарынан цитологиялық әдіс қолданылмайды. Микоплазмалы инфекцияны анықтау үшін : тығыз және сұйық орталарда жасалатын культуралды әдіс (зеріттеу материалы ретінде жүлын ми мен қақырық қолданылады) ,иммунофлюоресценция (тік және тік емес ИФР, зеріттеу материалы ретінде қақырық, уретрадан, қынаптан, цервикалды түтіктен алынған жұғынды), ИФА( серологиялық диагностика- М,А,G классының иммуноглобулиндерін табу және антиенодиагностика) және малекулярлы –биологиялық әдіс ПТР қолданылады.

Антиденелердің көп мөлшерде табылуы ,инфекционды үрдісті дәлелдейді, әдетте оған тән клиникалық симптоматикасы болады. Микоплазмоз қоздырғышына қарсыG классының иммуноглобулиндерін табуға араналған иммуноферментті –тест жүйе – инфекцияның казіргі, созылмалы және бастан өткен инфекция кезінде оң иммунды жауаптың жалпы сипаттамасын көрсетеді, сонымен бірге арнайы антиденелердің динамикасы емнің нәтижелігін көру үшін қолдануға болады. Бұл әдіс аз ақпаратты, себебі микоплазмозға қарсы тұрақты иммунитет дамымайды және қоздырғыштың көптеген серотиптері бар, бірақ микоплазмоз бен уреоплазмозға қарсы антиген қоздырғыштарына А классты иммуноглобулиндер табылса, жедел түр мен инфекцияның созылмалы түріндегі манифестацияны анықтауға болады. Арнайы IgA анықтау -инфекцияның белсенді кезеңінің маркері, және емнің нәтижелігін көрсетеді. Егер М классының иммуноглобулиндері табылса, ол инфекцияның ерте кезеңін көрсетеді, ол макроорганизмнің инфицирленуі кезінде бірінші болып пайда болады. Арнайы IgM жедел инфекцияны көрсетеді. Серодиагностикадан басқа ИФА әдісі қолданылад. ы-микоплазмоз бен уреоплазмоз қоздырғыштарының антигенодиагностикасы, ол науқаста инфекцияны дәлелдейді, нақты диагнозды қою көмектеседі және емнің нәжилелігін бақылауға көмектеседі. Жаңадан шыққан тест –жүйе М,А,G классының қоздырғышқа қарсы антиденелерін бір уақытта табады, оны нәрестелердегі респираторлы ауру кезінде серологиялық тест ретінде қолдануға болады.

Микоплазмоз диагностикасының алгоритмі.

I кезең. Перинаталды факторларды анықтау. Анамнез жинаған кезде анасының гинекологиялық анамнезіне көңіл аудару керек. Болжам коэфиценті 13жоғары болса→құрсақішілік инфекция қауіпі бар→келесі кезеңге көшу.

II кезең. Арнайы IgG, IgM, IgA антиденелер табумен TORCH -комплексіне ИФА жүргізу. Егер микоплазмаларға қарсы IgM, IgA табылса, құрсақішілік микоплазмоз диагнозы қойылады. Егер микоплазмаларға қарсы IgG IgG табылса→келесі кезеңге көшу.

III кезең. Микоплазмалы инфекцияны дәлелдеу үшін ПТР жүргізіледі. Биологиялық орта ретінде қан, зәр, қақырық, жұтқыншақтан (тыныс жолдарының зақымдалуында), уретрадан (вульвовагинит кезінде) эпителиалды жұғынды қолданылады.

1 нұсқа. Инфекцияның даму қаупінің болжамды факторлары+клиникасы+ИФА (микоплазмаларға қарсы IgM ,IgA антиденелер)=құрсақішілік микоплазмалы инфекция.

2 нұсқа. Инфекцияның даму қаупінің болжамды факторлары+клиникасы+ИФА (микоплазмаларға қарсы IgG антиденелер)=8-9 күннен кейін ИФА немесе ПТР қайталау= құрсақішілік микоплазмалы инфекция. Арнайы антидеенелер титрінің төмендеуі= инфекцияны жоққа шығарады(анасының антиденелері)

3 нұсқа. Инфекцияның даму қаупінің болжамды факторлары+клиникасы+ИФА (IgA) немесе «+» ПТР=құрсақішілік микоплазмалы инфекция.

Уреоплазмозы микоплазмозбен туылған нәрестелерге жедел түрде туыттан соң бірнеше сағат ішінде зеріттеулер жүргізілу керек, себебі туыттан соң микоплзмалардың элиминациясы тез жүреді.

ЕМІ.

Микоплазмалы инфекцияның клиникалық түрінің емі, хламидиоз емінен айырмашылығы жоқ: макролидттерді тағайындау принциптері, оның тәуліктік мөлшері, еңгізу режимі, курстың ұзақтығы және серік емі жоғарыда айтылғанмен бірдей. Азитромицин M. hominis и M. Urealiticum өсуін тежейді. Сонымен олардың өсуін левомицитин мен тетроциклин, ципрофлоксацин тежейді, бірақ олардың кері әсері мен жастық қарсылықтарына қарай тек менингоэнцефалит пен ауыр пневмониялар кезінде тағайындайды.(Н.П. Шабалов, 2002).