Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.

Құрсақішілік патологияға әкелетін көптеген инфекциялар ішінде қызамық ерекше орын алады. Ол қызамықпен аурушаңдықтың жоғары деңгейіне, жүктіліктің алғашқы апталарында ауырса, ауыр кемтарлықтар пен оның қайтымсыздығына байланысты.,Қызамықтың өзі жеңіл өтенін ауру болғанымен, оның салдарынан болатын туа біткен ақауларға байланысты - көптеген елдерде оған деген назар өсе бастады. Қызамық ауруының жеңіл ағымы кезінде науқастар дәрігерге қаралмағанда, оның атипиялық және өшірілген түрін көптеген дәрігерлер біле-бермейтіндіктен – ауыр дәрежелі туа біткен ақауларға әкеледі.

Қызамық диагностикасы клиникасына жүктеліп қойылады. Қызамықтың бүгінгі күнге дейін әлі клиникалық жіктемесі жасалмады. Кейбір авторлардың айтуф бойынша қызамықтың келесі клиникалық түрлерін бөлу керек:

А. Жүре пайда болған түрі

  1. әдеттегі түрі:жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі

  2. атипті түрі- әдеттегі емес (бөрітпелерсіз)

  3. инаппарантты түрі(субклиникалық)

Б. Туа біткен қызамық

  1. жүйке жүйесінің зақымдалуы

  2. туа біткен жүрек ақаулары

  3. есту мүшесінің зақымдалу түрі

  4. көздің зақымдалу түрі

  5. аралас тү.рі

В. Туа біткен қызамықтың резидуалды түрлері

Қызамықтың әдеттегі түрі асқынумен (артрит, энцефалит, тромбоцитопениялық пурпура, акушерлік патология) және асқынусыз болу мүмкін.

Жүкті әйелдердегі қызамық жоғарыда көрсетілген жүре пайда болған түрлердің кез келгенімен кездесуі мүмкін. Басқа ересек науқастардан ерекшелігі, тек ұрықты зақымдау мүмкіндігі. Жүкті әйелдердің инфицирленуі, клиникалық көрінісі бар немесе атипиялық түрімен ауырған науқастардан да болу мүмкін. Қызамық арбовирус болғанымен, жұқтыру жолы әдеттегідей буынаяқтылармен емес, ауа- тамшы арқылы. Қызамықпен науқас адамдар, қызылша мен тұмаумен науқастарға қарағанда контагиоздігі төмен болады, ол жоғарғы тыныс жолдарының өзгерістері айқын болмайтындықтан.

Серонегативті жүкті әйелдің аз уақыт болсада науқаспен жанасуы, инфицирлену мүмкіндігі жоғары болады. Қызамықпен науқас адам вирусты сыртқы ортаға клиникалық көрінісі басталмай тұрып шығара бастайды ,инкубациялық кезеңнің 5-7 күнінен бөріткен пайда болған соң 2 аптаға дейін.

Жүкті әйелдердегі жиі кездесетін асқынуларға, құрсақішілік инфицирлену , туа біткен ақаулары бар, және созылмалы қызамықпен нәрестенің туылуы болып саналады.

Туа біткен қызамық

Туа біткен қызамық жайлы ең алғаш 1942 жылы мәлімдеме берген офтальмолог Norman Gregg, ол 1941 жылы жүктілік кезінде қызамықпен ауырған әйелдерден туа біткен катарактамен 78 бала туылғанын бақылады.

Туа біткен қызамық , біріншіден коптеген туа біткен ақаулармен көрінеді, олар әр түрлі тіркесте кездеседі, бқішұл аурудың әр науқаста ерекше ағыммен жүретінін айтады. Құрсақішлік қызамықпен инфицирлену ұрықтың дамуының бұзылыстарына әкеледі. Туылған нәрестелердің жартысында салмағы 2500 г төмен, 17% ШТН-лер, 28% төмен салмақ пен ШТН, физикалық даму кідірісімен. Көздің катаракта, глаукома, хориоретинит түрінде зақымдалуы жиі кездеседі -53%, кереңдік -51 %, микроцефалия -50%.

Экзантемеға қарағанда, жүре пайда болған қызамықта бұл элементтер ұзағырақ сақталады -2-3 айға дейін. Бауырдың зақымдалуы салдарынан кейбір балаларда сарғаю дамиды.

Терінің басқа өзгерістеріне- әсіресе бетте кездесетін мраморлы сурет. Бұл симптом туа біткен қызамықтық энцефалиті бар науқастарда кездеседі.

Туа біткен қызамықтың жиі көрінісінің бірі- туа біткен жүрек ақаулары. Батал өзегінің бітіспеуінде- дене терісі бозғылт, жүрек шекарасының кеңеюі, сол жақ қолтықастына және мойын тамырларына өтетін жүрек негізінде айқын систолалық шу естіледі. Уақыт өте шу систола-диастолалыққа ауысады. Қарынша аралық ақау- сол жақ қолтық асты мен арқаға өтетін, 3-4 қабырға аралықта естілетін айқын систолалық шумен сипатталады. Жүрек шекарасы сол жақ қарынша салдарынан үлкейген . Өкпе гипертензиясы салдарынан цианоз пайда болуы мүмкін. Жүрекше аралық ақау кезінде- дене терісі бозғылт, оң жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюымен, соның салдарынан жүрек пішіні шар тәріздес болады.

Бауырдың зақымдалуы тек оның көлемінің ұлғаюымен ғана емес, сонымен бірге терінің сарғаюымен, биллирубиннің 205,2-290,7 мкмоль/л дейін тік биллирубин салдарынан өсуімен сипатталады.

Туа біткен қызамық кезінде келесі туа біткен ақаулар кездесуі мүмкін- есту жолдарының атрезиясы, құлақ қалқаншаларының деформациясы, бет гемангиомасы, бет пен бас ассимитриясы, қосымша емізікшелер, аяқтың әртүрлі деформациялары, көпсаусақтық, гипоспадия және т.б.

Туа біткен қызамықтың маңызды және жиі кездесетін көріністеріне- ОЖЖ-нің, көздің, құлақтың зақымдалулары жатады. Туа біткен қызамықпен науқастанғандардың 80%-на неврологиялық бұзылыстар тән.

Туа біткен қызамықтың энцефалитінің жиі көріністеріне : бұлшықет тонусының бұзылысы, бастың артқа қарай шалқаюы, үлкен еңбегінің ісінуі, беймаздылық, вазомоторлы лабильділік, гипертониялық церебралды салдану дамуы мүмкін. Аурудың әр кезеңінде симптомдар өзгеріп отырады, ол өзгерістердің өзінің бір заңдылығы бар.

Энцефалит симптоматикасында жиі бұлшық ет тонусы мен қозғалыстың бұзылыстары кездеседі. Жіліншік пен табанның латералды ротациясы тән, ол бұлшыеттердің спастикалық тарылуымен жүреді, ол аяқ-қолдың негізгі қалпын сипаттайды.

Көздің жиі кездесетін зақымдалуына-катаракта жатады, оны ең алғаш Greg (1942) сипаттаған, ал содан кейін көп рет басқа елдерде де сипатталған. Катаракта жиі инфицирлену жүктіліктің алғашқы 8 аптада болғанда болады. Көздің бұл зақымдалуы көптеген басқа вирусты ауруларға патогномиялық болып есептелмейді- қызылша, желшешек, вирусты гепатит, эпидемиялық паротит сияқты ауруларға. Басқа вирусты ауруларға қарағанда, катаракта қызамықпен ауырғандарда жиі кездеседі.