
- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
Гестациялық жасы, аптамен |
Дене салмағы,г |
Бойы ,см |
Өлшемі |
Дене салмағы/ бойы |
|
бас, см |
кеуде, см |
||||
28 |
1124 ±183
|
35,9±1,8 |
26,6±1,9 |
23,9±1,9 |
31,2±3,9 |
29 |
1381±172 |
37,2±2,0 |
28,0±1,5 |
25,7±1,7 |
36,3±3,3 |
30 |
1531±177 |
38,9±1,7 |
28,9±1,2 |
26,4±1,4 |
39,4±3,7 |
31 |
1695±212 |
40,4±1,6 |
29,5±1,5 |
26,7±1,6 |
41,9±4,3 |
32 |
1827±267 |
41,3±1,9 |
30,2±1,6 |
27,9±1,6 |
44,1±5,3 |
33 |
2018±241 |
42,7±1,8 |
30,6±1,2 |
28,1±1,7 |
46,4±4,6 |
34 |
2235±263 |
43,6±1,7 |
31,3±1,3 |
28,9±1,7 |
49,9±4,9 |
35 |
2324±206 |
44,4±1,5 |
31,9±1,3 |
29,6±1,6 |
51,7±4,6 |
36 |
2572±235 |
45,3±1,7 |
32,3±1,4 |
30,1±1,9 |
53,6±4,9 |
37 |
2771±418 |
47,6±2,3 |
33,7±1,5 |
31,7±1,7 |
57,9±6,6 |
38 |
3145±441 |
49,6±2,0 |
34,7±1,2 |
33,1±1,6 |
63,6±6,9 |
39 |
3403±415 |
50,8±1,6 |
35,5±0,9 |
34,3±1,2 |
66,9±6,6 |
40 |
3546±457 |
51,5±2,1 |
35,7±1,3 |
35,0±1,7 |
68,8±1,5 |
2 кесте. Шала туылған нәрестенің дене салмағы(г) бойын ескере
Бойы,см |
10 перцентиль |
50 перцентиль |
90 перцентиль |
34 |
898 |
1041 |
1205 |
35 |
1038 |
1199 |
1370 |
36 |
1178 |
1349 |
1526 |
37 |
1300 |
1483 |
1662 |
38 |
1403 |
1600 |
1791 |
39 |
1523 |
1737 |
1936 |
40 |
1645 |
1871 |
2072 |
41 |
1762 |
2008 |
2219 |
42 |
1885 |
2149 |
2359 |
43 |
2002 |
2289 |
2488 |
44 |
2131 |
2430 |
2627 |
45 |
2236 |
2552 |
2761 |
46 |
2325 |
2657 |
2893 |
3 кесте. Мерзімінде туылған нәрестенің дене салмағы(г) бойын ескере
Бойы,см |
10 перцентиль |
50 перцентиль |
90 перцентиль |
47 |
2500 |
2720 |
3070 |
48 |
2620 |
2880 |
3220 |
49 |
2750 |
3050 |
3410 |
50 |
2890 |
3220 |
3600 |
51 |
3030 |
3380 |
3780 |
52 |
3150 |
3530 |
3960 |
53 |
3270 |
3670 |
4120 |
54 |
3380 |
3800 |
4280 |
55 |
3450 |
3930 |
4460 |
56 |
3520 |
4040 |
4640 |
57 |
3550 |
4150 |
4840 |
Нәрестеде ҚІДК айқындайтын белгілеріне , көрсетілген гестационды жасқа сай көрсеткіштерімен салыстырғанда дене салмағы 2 сигмалы ауытқу немесе 10 перцентелден төмен болғанда. ҚІДК-не антропометриялық көрсеткіштері орташа нормадан төмен болады. Орташа көрсеткіш болып 25-75 перцентел аралығы болып есептеледі. Бағалауды бірінші тәулікте жүргізеді.
Гипотрофия дәрежесін анықтау үшін , салмақтың дефецитін 10% есептейді. Салмақ дефециті:
-10% төмен- I дәрежелі гипотрофия
- 10,1-20% - II дәрежелі гипотрофия
-20,1-30% -III дәрежелі гипотрофия
-30.1-40%- IV дәрежелі гипотрофия
-40.1-50% – V дәрежелі гипотрофия
- 50% жоғары- VI дәрежелі гипотрофия
ҚІДК-нің түрлерін диагностикасында келесі көрсеткіштерді бағалайды : дене қалпының пропорциясын, тамақтану жағдайын(тері асты шел майының дамуы мен жайылуын), бұлшық ет массасын, клиникалық және неврологиялық сыртқы көріністер бойынша жетілгендігін,церебалды бұзылыстарын, анамалиялар мен дисэмбриогенезді стигмаларды анықтау.
ҚІДК диагнозын қою үшін келесі үш маңызды критерий бар: дұрыс есептелген гестациялық жас, ұрықтың массасын анықтау, салмақтың гестациялық жасқа сәйкестігін бағалау үшін перцентелді қолдану.
Гестациялық жасты анықтау бірінші орында тұрған мақсат, ол үшін келесі мағұлматтарды қоланады:
Әйелдің соңғы етекірінің күні(соңғы етекірінің бірінші күнінен нәресте туған күн арасындағы апталар саны есептеледі)
Ұрықтың алғашқы қозғалған күні (бірінші рет жүкті әйелдердің ұрықтың алғашқы қозғалғанынан босанған күніне 18-20 апта қосылады, ал екінші рет жүкті әйелдерге 16-18 апта қосылады )
Жүкті әйелді әйелдер консултациясында обьективті бақылануы (бірінші келгеніндегі жүктілік кезеңін , ұрықтың әрі қарай дамуын, жатырдың көлемімен анықтайды)
Жатыр көлемі мен ултрадыбыстық фетометрия нәтижесі
Гестациялық жасты ретроспективті анықтауға, Ballard- тың нәрестенің жетілгендік дәрежесін анықтайтын бағалау кестесін қолданып анықтауға болады, бүл кесте бойынша 999г және одан жоғары салмақпен туылған нәрестелердің 2 аптаға дейін дәлділікпен гестациялық жасын көрсетеді, ал 30-42 апта аралығында, гестациялық жасты дәлмедәл көрсетеді. Бұл шкала бойынша ҚІДК бар нәрестелер осы салмақпен туылған ШТН қарағанда жоғары баға алады.
Нәрестенің физикалық дамуын бағалау жалпы жағдайын бағалағалаудың бір кезеңі болып саналады, оған келесілер кіреді:
Нәрестенің дене салмағын, бойын, бас өлшемін, дене бітімінің пропорциясын бағалап, оны гестациялық жасқа сай көрсеткіштерімен салыстыру
Нәрестенің клиника- функционалды көрсеткіштері бойынша даму дәрежесін бағалау
Трофика мен семіздк жағдайын бағалау
Туа біткен ақаулар мен аномалияларды анықтау
ҚІДК-н анықтау үшін сонымен қатар бой коэффицентін қолданады, ол тек аз салмақпен туылған нәрестелерде ғана емес сонымен қатар 2500 граммнан жоғары туылған нәрестелерде де ҚІДК-н анықтауға көмектеседі. Бұл коэффицент бойынша- нәрестенің салмағының ( граммен) бойына ( сантиметмен) қатынасының үшінші дәрежесі .
ҚІДК бар нәрестелерге жиі асқынулар тән. ҚІДК бар нәрестелердің ерте неонаталды кезіңіндегі қалыпты асқынуларына: туған кезіндегі асфиксия және созылмалы құрсақ ішілік гипоксия, мекониймен аспирация синдромы, персистентті өкпе гипертензиясы (персистентті функционалды циркуляция синромы), гипотермия, полицитемия, гипогликемия, гипокальцемия, нәрестеледің геморрагиялық ауру, гипербилирубинемия, екіншілік инфекциялардың қосарлануы жатады. Сонымен қатар ҚІДК бар нәрестелерде 1 типті ТАБС (СДР) , осы гестациялық жаста туылған ҚІДК жоқ нәрестелермен салыстырғанда сирек кездеседі. ҚІДК бар нәрестелер құрсақішілік гипоксиясын өткергенде, өкпе артериясының тегіс бұлшық еттерінің қалындауы байқалады. Сондықтанда ҚІДК бар нәрестелерде персистентті феталды қан айналымының болуына үлкен қауіп бар. Оларда жиі босану кезіндегі асфиксия кездеседі, босану стресін көтере алмағандықпен байланысты. Сонымен бірге кардиалды және церебралды бұзылыстары жиі байқалады. Тері асты шел майлары жұқа болғандықтан терморегуляцияның бұзылыстары да тән. 10-15% нәрестеде полицитемиялық синдром өмірінің бірінші күндерінде кездеседі. Полицитемияның жиі кездесетін симптомдарына : жүрек жеткіліксіздік белгілері, респираторлы бұзылыстар, гипербилирубинемия, тырысулар, олигоурия жатады. ҚІДК бар нәрестелерде көмірсулар метаболизмінің бұзылыстары байқалады, ол өз алдына гипогликемияға әкеледі. Гипотермия гипогликемия жағдайын ушықтырады. Бұл нәрестелерде гипокальциемия, гипомагниемия орын алу мүмкін.
ҚІДК бар нәрестелердің кеш неонаталды кезеңінде : анемияға, қайталамалы инфекцияларға, геморрагиялық бұзылыстарға, мальабсорбция белгілері бар дисбактериозға, метаболикалық бұзылыстарға, гипоксия өткерген энцефалопатияға бейім болады.
Емі
ҚІДК бар нәрестелер тез тонуға бейім болғандықтан, бұл нәрестелерді туғаннан кейін сәулелі жылу астында немесе кувезге орналастыру қажет. Туған кезіндегі дәрігерлік көмектің көлемі, бірінілікасфиксия болған, болмағандығына байланысты.
Тамақтануы. Егер нәресте жағдайы қанағаттанырлық болса, ему рефлексі айқын, неврологиялық белгілері мен құсуы айқын болмаса, онда бұл баланы туғаннан кейін 1 сағаттан кешіктірмей емшекпен емізуді бастау қажет. Өмірінің алғашқы күндеріндегі қажет ететін сүттің мөлшерін ШТН-ге есептеу принципін қолданады. Энтералды тамақтануға мүмкіндік болмаса, онда туылғаннан кейін бірінші сағаттын екінші жартысында 5% глюкоза ертіндісімен инфузияны бастау қажет(гипогликемияның жиі кездесетінің ұмытпау қажет). Емшекпен емізу мерзімін -нәрестенің туған кезіндегі салмағы, жағдайы, қосымша аурулар мен асқынулар анықтайды.
Дәрілермен емдеу. ҚІДК бар нәрестелердің барлығына туылғаннан кейін 1-2 мг мөлшерінде К дәруменін енгізеді. Сонымен қатар өмірінің бірінші күнінен бастап бифидумбактеринді 1 дозадан күніне 2 рет тағайындау артық болмайды.
Емнің көлемі мен түрі, босану актісіне, асқынуларға, қосымша ауруларға байланысты. Мысалы: гипогликемия кезінде көктамырға- 20% глюкоза ертіндісін 2-4 мл/кг мөлшерінде (1 мл/мин жылдамдықпен), келесі- 10 % глюкоза ертіндісін 2-4 мл/кг мөлшерінде (1 мл/мин жылдамдықпен), ал содан кейін-10% глюкоза ертіндісін 80 мл/кг/тәу мөлшерінде енгізеді.
Гипомагниемия кезінде бірінші тәулікте 25% магний сулфат ертіндісін-0,4 мл/кг есеппен әр 6-12 сағат сайын, ал кейін көрсетілім бойынша тәулігіне 1 реттен сирек емес 0,2 мл/кг мөлшерінде еңгізеді. Гипокалциемия кезінде көк тамырға 10% глюканат кальций ертіндісін 2 мл/кг молшерінде еңгізеді.
Физикалық дамудың белсенділігі мен жүйке жүйке жүйесінің бұзылыстарының болуы , бұл балаларға невропатолог, психолог, логопед пен педагогтың қатысуымен балалар емханасы мен мектепке дейінгі мекемелерде реабилитациялық шаралар жүргізуге негіз болып саналады.
Болжамы ҚІДК-нің түрі мен ауырлық дәрежесіне байланысты. 1 дәрежелі гипотрофиялық және гипопластикалық вариантында , егерде анте- және неонаталды кезеңдерде ауыр асқынулары болмаса, олар әдетте өз құрдастарын (ҚІДК болмаған, гестациялық жасқа сай туылғандарды) 6 айға қарай, сирегірек екінші жартыжылдықта қуып жетеді. Олардың психомоторлы даму белсенділігі артта қалу мүмкін. II дәрежелі ҚІДК бар нәрестелер физикалық даму бойынша өз құрдастарын 1 жасқа қарай қуып жетеді, олардың бір бөлігінде жиі инфекционды аурулар кездеседі және психомоторлы даму жағынан 2 жасқа дейін қалыңқы болады. Оларда жиі ерте анемия, рахит дамиды, кейінірек жеңіл ми дисфункциялары байқалады(невропатиялық бұзылыстар, психика инфантилизмі, невротикалық реакциялар және тб). III
дәрежелі ҚІДК бар және диспластикалық түрі бар нәрестелердің болжамында әрқашан абай болу қажет. Физикалық және психомоторлы даму жағынан қалыңқы болуы ұзағырақ болады(3-4жас және одан да ұзағырақ), 10-15 % ОЖЖ-нің органикалық зақымдалу белгілері дамиды (тұрақты неврологиялық бұзылыстар, балалардың церебралды параличі, эпилепсия, өршімелі гидроцефалия, психикалық дамудың қалыңқы болуы немесе олигофрения және тб). Оларда жиі инфекционды ауршандық неонаталды кезеннен бастап кездеседі, әр 3-4 нәресте сепсиспен ауырады.
ҚІДК-нің алшақтаған салдары өткен ғасырдың соңында белсенді зерттеле бастады. 80 жылдардың соңында – 90 жылдардың басында ҚІДК-нің кейінірек, ересек адамдарда гипертониялық аурудың , ишемиялық аурудың ( жүрек пен бас миының), сусамырдың дамуымен тікелей байланысы бар екендігі дәлеледейтін жұмыстар пайда болды. Осындай нәрестелерде папуляцияға қарағанда өте жиі мектеп жасында интелектуалдылығының коэффиценті (IQ)төмен болып, неврологиялық бұзылыстар кездесетіні көрсетілген.
ҚІДК-нің бой өсуінің кідірісімен негізделген симметриялық түрі бар нәрестелер, әдетте жағымсыз болжамға ие. ҚІДК-нің ассиметриялық түрі жағымды болжамға ие, бұл кезде бас миының өсуі қалыпта болады. Бұл нәрестелер өмірінің алғашқы жылы , дені сау нәрестелермен салыстырғанда жоғары инфекционды индекске ие. Проспективті бақылаулар арқасында балалардың физикалық дамуының кідірісі- 60%, оның дисгормонды болуы- 80%, психомоторлы даму темпінің кідірісі- 42%, невротикалық реакциялар- 20% кездесетіні байқалды. Орталық жүйке жүйесінің ауыр тұрақты зақымдалуы- баланың церебралды параличі, өршімелі гидроцефалия, олигофрения және тб сияқты- 12,6% жағдайларда кездескен. Бұл нәрестелер рахитпен 1,8 пневмониямен 3 есе жиі ауырады.
Физикалық дамудың белсенділігі мен жүйке жүйке жүйесінің бұзылыстарының болуы , бұл балаларға невропатолог, психолог, логопед пен педагогтың қатысуымен балалар емханасы мен мектепке дейінгі мекемелерде реабилитациялық шаралар жүргізуге негіз болып саналады.
ҚІДК-н алдын- алуы жүкті әйелдерді перинаталды көмекпен адекватты қамтамасыз етуден : ұрықтың ҚІДК-нің қауіп топтарын айқындау және жүкті әйелдердің денсаулығын динамикалық бақылау , ұрықтың бойын бағалайтын динамикалық УДЗ, ұрықтың жағдайын заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып бағалау, ұрықтың бойының кідірісінің себептерін анықтау және емдеу шараларын қолдану, жүктіліктің қосалқы аурулары мен асқынуларын емдеунен бастайды.
Жүкті әйелдердің тамақтану ерекшеліктері. Диета бойынша ұсыныстар әйелдің жүктілікке дейінгі конституционды ерекшеліктері мен тамақтану ерекшеліктерін ескере отырып беру керек. Дәрумендер мен белоктармен толық қамтамасыз ету аса маңызды болып саналады. Жүктілік алдында салмақ дефициті бар, жүктілік кезінде аз салмақ қосқандарға үлкен энергетикалық құндылығы бар диете тағайындалады. Бұл пациенттерге , әсіресе IIIтриместірінде көп мөлшерде көмірсулар пайдалану ұсынылады.
Күн тәртібін бұзбау:
таза ауада ұзақ серуендеу
жақсы желдетілген бөлмеде қажетті мөлшерде - күндізгі уақытта сол жақ бүйірінде жатып 1,5-2 сағат ұйықтап демалу ("bed rest"), ол өз алдына жатыр қанайналымын, газайналымын және плацента арқылы қоректі заттардың транспортын жақсартады.
Еңбек пен демалу тәртібін рационалдау
Физикалық ауыртпалықтарды мөлшерлеу
Су процедуралары.