Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар

Бұл қанқұйылу жиі алдыңғы және артқы ми артериаларының терминальді тармақтарының зақымдалуынан болады. Ұсақнүктелі геморрагиялар кезінде клиникасы атипті болады: босаңдық, лоқсу, бұлшықет тонусы мен физиологиялық рефлекстерінің өзгеруі, тұрақсыз ошақты симптоматика, нистагм, анизокария, қылилық, қаңқа ішілік гипертензия симптомдарының пайда болуы, сирегірек-тырысулар кездеседі. Гематомалар дамығанда клиникасы қалыпты болады, ол орналасуы мен көлеміне байланысты, басқа қаңқаішілік қанқұйылулармен бірдей болады.

Туыт жарақаттардың ағымының келесі кезеңдерін бөледі:

  • Жедел (7-10күнге дейін)

  • Жеделдеу немесе ерте қалпына келу(3-4, сирегірек 6 айға дейін), кеш қалпына келу(4-6 айдан 1-2 жылға дейін)

Бұл кезеңдерде репарационды үрдістердің ерекшеліктері бар. Жедел кезеңде ми ісінуі симптомы азаяды, қан-жұлын айналымының бұзылыстары, компрессия симптомдары жойылады, туа біткен физиологиялық рефлекстер қайта қалпына келе бастайды, қимыл белсенділігі жақсарады. Жеделдеу кезеңде ошақ айналасындағы аймақтардың реактивті өзгерістері азаяды, зақымдалған құрылымдардың қан тамырлары қалпына келеді, кора-подкорка? арақатынасы теңеседі, ретикулярлы формация құрылымдарының белсендендірілуі болады. Клиникасында- бұлшық ет тонусы, рефлекстері қалпына келеді, психомотролы дамуында оңалуы байқалады. Кеш қалпына келу кезеңіндекүрделі тізбеті түзетуші рефлекстер, статикалық және динамикалық қызметтер, сөйлеудің дамуы, бейімделу қызметінің күрделі түрлері қалыптасады.

Бас миының интранаталды жарақаттық зақымдалуларының емін жалпы принциптерін «Гипоксиялы-ишемиялық энцефалопатиялар» бөлімінде аталып өткен.

Босану кезіндегі жұлын жарақаттары

Ми жұлынының жарақаттарының себебіне, бір уақытта фиксирленген иық қалпында бастың тракциясы мен ротациясы немесе фиксирленген бас қалпында иықтың тракциясы мен ротациясы. Бұл омыртқа артериаларының бассейініндегі қанайналымның бұзылысына әкеледі, салдарынан мойын сегементтерінің ишемиясы дамиды, кейде ми бағанасына, көкет жүйкесінің ядро аймақтарына өтеді.Н.Г. Паленова, А.Ю. Ратнер-ң айтуы бойынша, ауыр дәрежелі құрсақішілік гипоксия кезінде, алдыңғы мүйіздің алдыңғыішкі мотонейрондарының жасушалар тобының зақымдалуы болады, яғни ми жұлынының наталды зақымдалуына антенаталды алғышарттар әкелу мүмкін.

Ми жұлынының клиникалық көрінісі зақымдалу деңгейіне байланысты болады.

Жоғарғы мойын деңгейінде орналасқан жұлын миының туыт жарақаттары(СIIV)

Жұлын миының жоғарғы мойын деңгейінің туыт жарақаттары(СIIV) нәрестелер үшін өте қауіпті болады, себебі бұл жарақат кезінде үрдіске бағаналық туылымдар оңай араласу мүмкін, ол жұлындық шок клиникасын негіздейді: босаңдық, адинамия, гипо-және арефлексия, шеміршектік-периосталды рефлекстердің тежелуі, ауырсыну сезімталдығының болмауы, артериалды гиотензия, гипотермия, тыныстың ауыр бұзылыстары (нәресте тұншығып туылады,Апгар сынамасы бойынша 3 баллдан төмен), кома дамуы мүмкін. Алғашқы шок сипаттамасынан кейін бағаналық симптомдар шығады, олар омыртқа-базилярлы бассейіннің васкулиризациясының бұзылыстарымен, ишемиямен, ісінумен негізделеді. Осы үрдістердің нәтижесі ретінде тыныстық,жүрек-тамырлық (гемодинамикалық) , бульбарлы бұзылыстар (жұту кезінде шашалу, таңдайлық және жұтқыншақтық рефлекстердің төмендеуі) өршиді , III, VI, VII, IX, X қаңқа жүйкелерінің және VIII вестибулярлы жағының ошақты симптомдарыболу мүмкін. Зәр шығару кідірісі тән; пирамидалық жолдардың үрдіске араласуы салдарынан спастикалық тетрапарез немесе гемипарез дамиды. Мойын бөлімінің рентген суретінде, омыртқааралық саңылаулардың дамуымен жүретін омыртқалардың көрнікті ығысуы («баспалдақ симптомы»), мойыны «ұзын» болып көрінеді. Нәрестенің өлім себебіне тыныс бұзылыстары мен шок жатады.

Диафрагма парезі (Кофферат синдромы) диафрагмальді нервтің жарақатында, жұлынның СІІІ-СІV сегментінің немесе сәйкес түбіртектің зақымдалуында дамиды.Диафрагма парезі оқшауланған түрде сирек кездеседі, жиі жоғары парезбен немесе сол қолдың тотальді салдануымен қосарлана жүреді (сол жақ диафрагмальді жүйке иық өрімінің алдыңғы сатылы бұлшық етімен ғана бөлінген, ал оң жақ жақсы қорғалған сондықтан сирек жарақаттанады).Бұл жарақат клиникасы туа салысымен: тыныс алу бұзылыстарымен (ентігу, ритмсыз тыныс, көгеру ұстамалары, пародоксальді тыныс- тыныс алғанда алдыңғы ішастар қабырғасының ішке кіруі, тыныс шығарғанда сыртқа шығуы); аускультативті зақымдалған жағында тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі; рентгенде -диафрагма зақымдалған жағында жоғары тұрады, ал сау жағында компенсаторлы эмфизема нәтижесінен сәл тығыздалған белгілермен көрінеді. Диафрама парезінің асқынуы ретінде пневмония дамуы мүмкін (плевралды қуыста қысымның төмендеуі мен гиповентиляция әсерінен).