
- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
Шартсыз(туа біткен) рефлекстер- бұлшықеттердің белгілі бір тітіркендіргішке арнайы емес реакциясы. Тітіркендіргіштер ішкі (жарық, дыбыс,жылу, сипап-сезу және т.б.) және сыртқы (АҚҚ, оттегі концентрациясының, көмірқышқыл ғазының, электролиттердің өзгеруі) болады.
Емшек жастағы нәрестенің шартсыз рефлекстерін екі топқа бөледі: бас миы мен жұлын сегменттерімен қамтамасыз етілетін -сегментарлы қозғалыс автоматизмдері, дененің және бастың қалпына байланысты бұлшықет тонусының реттеуін (сопақша ми мен ортан мимен реттеледі) қамтамасыз ететін – сегментасты позотоникалық автоматизмдері.
Шартсыз рефлекстерді бағалағанда: бар/ жоқтығын, симметриялығын, шақырылған уақыты мен өшкен уақытын, жауап беру күшін, нәресте жасына сәйкестігін ескеру керек.
Нәрестелердің негізгі шартсыз рефлекстері:
Бабкиннің алақан-ауыз рефлекстері- басбармақпен ЖТН алақанның тенорға жақын тұсын басқанда, нәресте ауызын ашып, кей жағдайларда көз алмасы айналады, басын иеді, аяқтың тізе және ұршық буындарында жазылады. Ол 2 айға дейін физиологиялық болып есептеледі.
Эшерихтың ауыз феномені- жоғары немесе төменгі ерінді басқанда, жауабы ретінде еріннің шошаюы болады. Ол 1 айға дейін физиологиялық болып есептеледі.
Куссмаул және Генимердің іздеу рефлексі- ұрттың ауыз бұрышы маңы аймақты сипағанда шақырылады. Тітіркендірген шаққа басы бұрылады.
Сору рефлексі-еріндерін сипаған кезде сору қимылы пайда болады, кейде шайнау және жұтумен бірлесіп шақырылады.
Нәрестенің қорғаныш рефлексі-нәрестені ішке жатқызғанда, басын жанына бұрады (физиологиялық қорғаныс).
Нәрестелердің тіреу, тіктену, автоматты жүру рефлексі- баланы екі қолтығынан ұстап тік көтеріп, басынын артқы бөлігінен ұстап, табанын жерге тигізгенде аяқтарын бүгіп, жинап алады. Егер оны тіресе бірінші аяқтары жазылып, артынан денесі түзеледі(түзелу рефлексі). Денесін алға игенде қадамдар жасай бастайды(автоматты жүру). Ол 2-3 айға дейін жақсы көрінеді.
Робинсонның алақан-ұстау беру рефлексі-нәрестенің білезігіне –алақанына саусақты салып, аз күшен басса, нәрестенің саусақтары тоникалық бүгіліп, салынған затты ұстап қалады. Бұл қалыпта нәрестені көтеріп алуға да болады. Аптаның соңында пайда болып, емшек емген уақытқа созылады.
Бауэрдің еңбектеу рефлексі-баланы етпенінен жатқызып,(басы мен іші бір сызықтың бойында болу керек), тексерушінің тіреу үшін қойылған алақанына табанын тіреп итергенде алға еңбектеген тәрізді қимылдар жасап ұмтылады.
Моро рефлексі- әдетте әр түрлі тәсілдермен анықталады: нәрестені бөксесінен , төсінен соққанда, аяқтардың , қолдардың жазылуы болады. Жауабы ретінде шынтақ буынында қолдардың жазылып, әкетілуі болады, саусақтары ашылады (рефлекстің I фазасы), артынан қолдары қалпына келіп, өз денесін құшу да мүмкін(рефлекстің II фазасы). 3-4 айға дейін сақталады.
Галант рефлексі- нәресте арқасының паравертебралды аймағының терісін сызықтап тітіркендіргенде шақырылады. Жауабы ретінде тітркену жағына қарай омыртқаның доға тәрізді иілуі болады. 4 айлығында жойылады.
Перес рефлексі- нәрестені дәрігер алақанына немесе көлденең беткейге ішпен жатқызады. Зеріттеуші омыртқаның қалқанды өсінділері бойымен саусақпен сегізкөзден жоғары қарай басыңқырап жүргізеді. Күрделі жауабы шақырылады- күрт қатты айқайлап, басы мен жамбасын көтереді, кеуде омырқаларының лардозы.
Сонымен бірге нәрестелерде, бұлшықет тонусын басқаратын позотоникалық рефлекстері болады. Бұлшықет тоусы мен оның таралуы нәрестенің моторлы дамуына жауап береді- басты ұстай алуы, отыру, тұру,жүру және т.б.Бұл рефлекстердің уақытында жойылмауы, нәрестенің қимыл дамуының кідірісі болу мүмкін.
Позотоникалық рефлекстерге жатады:
Ассиметриялы мойын тоникалық рефлексі, арқасында жатқан нәрестенің басын жанына бұрғанда бұлшықет тонусының қайтатаралуы болып, басы бұрылған жақтың қолы жазылып, денеден әкетіледі,алақаны жазылады, ал екінші қолы керісінше бүгілген, ал саусақтары жұдырыққа жұмылған болады (фехтовальшик қалпы).
Симметриялы мойын тоникалық рефлексі, мойынды бүккенде , бүккен қолдың, жазылған аяқтың бұлшықет тонусы жоғарлайды.
Лабиринтті тоникалық рефлекс,нәресте арқасында жатса, оның жазғыш бұлшықеттерінің тонусы максималды жоғары болады,ал ішінде жатса бүккіш бұлшықет тонусы жоғары болады.
Бұл рефлекстер нәрестелік кезеңде үнемі болады, бірақ басқа рефлекстерге қарағанда айқын болмайды.МТН-де 2айға дейін, ал ШТН-де ұзағырақ уақытқа сақталады(3-4 айға дейін).
Рефлекстердің болуы және оның айқындылығы –нәресте дамуының көрсеткіші болып есептеледі. Педиатр нәрестені қарағанда оның шартсыз рефлекстерін бағалап, оның жүйке жүйесінің дамуы жайлы қортынды шығырады