- •1.2 Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау бойынша негізгі заң актілері
- •I . Еңбек заңдары.
- •1.3 Гбж өндірісінде еңбекті ұйымдастырудың түрлері мен әдістері.
- •1.4 Еңбекті қорғау жағдайын бақылау органдары мен еңбек туралы заңды бұзудағы жауапкершілік.
- •1.5 Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру
- •1.6 Сәтсіз жағдайларды тексеру және тіркеу.
- •1.7 Өндірістік жарақат және кәсіптік аурулар.
- •1.8 Өндірістік бөлмелерге және жұмыс орындарына қойылатын негізгі санитарлық-техникалық талаптар.
- •1.9 Кәсіпорында оператордың жұмыс орны.
- •1.10 Желдеткіш және өндірістік ауаның жылуы.
- •1.11 Өртке қарсы шаралар мынандай жағдайларды қарастыруы керек:
- •1.12 Әртүрлі физика-географиялық аудандарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •1.13 Дала жұмыстарының санитариясы мен гигиенасы.
- •1.14 Көтеріп – түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •1.15 Жарықтандырудың еңбектің өнімділігі мен қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •1.16 Шу мен дірілдің адам ағзасына әсері.
- •1.17 Өндірістік шаң мен улы заттар.
- •1.18 Өндірістік сәулеленулер.
- •1.19 Жұмыс жүргізушілерді жеке және ұжымдық қорғау құралдары
- •1.20 Жану түрлері мен жану үрдісі.
- •1.21 Кәсіпорынды өрттен қорғау.
- •1.22 Өртті сөндіру құралдары.
- •1.23 Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өрттің алдын алу.
- •2.1 Көлік құралдары мен арнайы машиналарды пайдалануды қамтамасыз етуге арналған жалпы ережелер мен талаптар.
- •2.2 Электрлі қондырғылар мен электрлі жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.3 Әрекеттегі электроқондырғылардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шаралар.
- •2.4 Тау жұмыстарны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.5 Бұрғылау қондырғыларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.6 Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.7 Сейсмобарлау жұмыстары
- •2.8 Электрлі барлау жұмыстары.
- •2.9 Магнитті және гравитациялы барлау.
- •2.10 Ұгз жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.11 Көтеріп, түсіру механизмдерімен және аппаратураларды түсіріп, көтеру жұмыстары кезіндегі қт ережелері.
- •2.12 Перфорирлеу, торпедирлеу және сынама алу өндірісінің ережелері.
- •2.13 Жм тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.14 Атқыш және жарылғыш жұмыстар.
2.11 Көтеріп, түсіру механизмдерімен және аппаратураларды түсіріп, көтеру жұмыстары кезіндегі қт ережелері.
Аспаптарды ұңғымаға түсірердің алдында төмендегі жағдайларды орындау қажет:
Каротажды көтергішті көтергіш, зертхана мен ұңғыма сағасының арасындағы белгі беру мен жақсы көрінгіштік қамтамасыз етілетіндей орналастыру;
Каротажды станцияны дұрыс бекіту;
Ұңғыманың сағасындағы блок балансты мықтап бекіту;
Каротажды станция мен ұңғыма сағасының арасындағы участоктағы каротажды кабельдің еркін қозғалысына кедергі жасайтын барлық заттарды алып тастау;
Шығырдың тежегіш механизмдерінің дұрыстығы мен аспаптарды, снарядтар мен жүктерді бекітудің сенімділігін тексеру;
Каротажды снаряд пен жүктерді көтеріп, түсіруде пайдаланылатын қондырғылардың прицептерінің дұрыстығын тексеру;
Снарядты ұңғымаға түсіруді 2,8 м/с үлкен емес жылдамдықта жүргізіледі, снарядты ұңғыма забоййына жақындатқан кезде кедергіге жол беруге байланысты түсірудің жылдамдығы 0,15 м/с-қа дейін төмендейді.
Ұңғымадағы снарядтарды кабелдегі блок-балансқа тасымалдаудың алдын алу үшін 3 ескерту белгісін жасау керек:
Біріншісі снаряд басынан 3-5 м қашықтықта;
Екіншісі снаряд басынан 50-70 м қашықтықта;
Үшіншісі снаряд басынан 80-90 м қашықтықта.
ҰГЗ жүргізу кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі шаралары.
Бұрғылау қондырғыларында жұмыс жүргізу кезінде каротажды отрядтың жұмысшылары шлемді қорғау каскаларын, 3 метрден биік жерлерде жұмыс жүргізу кезінде сақтандыру белдіктерін қолданулары керек. Ұңғымалардың геологиялық барлау зерттеулеріне дайындығы актпен рәсімделіп, тапсырыс беруші мен геологиялық барлау кәсіпорынының жауапты тұлғалары қол қояды.
Тәуліктің қараңқы кездерінде жұмыс жүргізу кезінде ұңғыманың сағасы, ұңғыма сағасы мен көтергіштің арасындағы кеңістік, сонымен қатар каротажды жабдықтарды орналастыратын барлық жерлер жарықтандырылады.
Каротажды станция мен ұңғыма сағасының арасында кабелдің қозғалысына кедергі жасайтын заттар болмауы керек, ал бұрғылаудың едені жуу сұйықтығы мен кірлерден тазартылуы керек.
Геофизикалық жұмыстарға тікелей қатысы жоқ құралдар, заттар мен материалдарды ұңғыманың сағасынан алып тастайды.
Тежегіш басқару жүйесінің, кабел қойғыштың, көтергіштің қорғау қоршаулары мен блоктардың дұрыстығын, зондты кабелге бекітудің дұрыстығын шығыршы ұңғымадағы әрбір жұмысты бастардың алдында тексеріп отыру керек.
Жабдықты электірлі желімен қосатын кабелді екі метрден артық биіктікке іліп, жұмысшылардың қозғалысына кедергі жасамайтындай етіп жолдардың екінші жағына орналастырады. Кабелді жұмысшы электрлі сызбаны толық жинап болғаннан кейін қоректендіру көзіне қосуға рұқсат етіледі.
2.12 Перфорирлеу, торпедирлеу және сынама алу өндірісінің ережелері.
Тау қазындыларында сынаманы алуды тау қазындыларымен жұмыс жүргізу кезіндегі ҚТ – ға жауапты тұлға рұқсат бергеннен кейін ғана жүргізеді. Сынама алу жұмысымен айналысатындар арнайы киімдермен, қорғайтын құралдар, каскалармен және жер астында жұмыс жүргізу кезінде жеке жарық көзін беретін көзілдіріктермен, қажет болған жағдайда респираторлармен және өзін-өзі қорғайтын құралдармен жабдықталуы керек.
Сынама алатын участок жұмыс басталғанға дейін тексеріліп қауіпсіз жағдайға келтірілуі керек. Сынама алатын жерлерден тұрақсыз тастар, тасқорымдар алынып, қажет болған жағдайда қорғайтын бөгеттер қойылады.
Механикаландырылған тәсілмен сынама алу үшін кескіш және соққылы түрдегі, ең бастысы пневматикалық өткізгішті сынама алғыштарды пайдаланады. Сынама алғыш пневможүйедегі қысымның деңгейін бақылауы керек, бұл қысым 0,5 Мпа –дан аспауы керек. Сынама алғыштың шланкалары қамыттардың немесе арнайы ниппельдердің көмегімен мықтап бекітілуі қажет. Кескіш түрдегі сынама алғыштарды пайдалану кезінде сақтандырғыш қабыршақты алмасты шеңбердің дұрыстығы мен сенімділігіне ерекше назар аударылады.
Колонкалы және кернсіз бұрғылау кезінде қойыртпақты сынамаларды алуды бұрғылаушының жетекшілігімен жүргізеді.
