Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

жаа жыл сценарий

.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
22.67 Кб
Скачать

Жасыл шырша жанында Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін әсем безендірілген зал іші тып - тыныш (балалардың барлығы шырша түбінде бұғып отырады) Ортада екі жүргізуші. 1 - жүргізуші: - Армысыздар ардақты ағайын, қымбатты ата - аналар, ұлағатты ұстаздар! 2 - жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер! 1 - жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 2 - жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген, Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгін Жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл - күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. 2 - жүргізуші: Олай болса көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! «Жаңа жыл» биі 5 «а» сынып 1 - жүргізуші: Құрметті жамағат «Жақсы сөз - жарым ырыс!»- деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты, сезім сергек арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы №9 орта мектебінің директоры Әби Г.К сөз береміз. 2 - жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым, Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын. Ән: 6 «а» сыныбы Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен! 2 - жүргізуші: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар. «Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын»демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер «Мешін» жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар? Бәрі: Келсін,мешін, келсін... (Мешін жылы келеді)

Мешін: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыздар бауырлар! Мен тарих қойнауына жол тартып барамын. Осы жерге қой бауырыммен жолығып кетейін деп келген едім.Қой қайда екен?(осы кезде қой келеді) Жаңа жыл мешін: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыздар бауырлар! Армысыз Мешін аға! Мешін: Бар бол, інішек! Бермен келші үстіңнен бір сипайын. Ал, Қойеке! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, оны өздері білсін. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, солардан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырдым, қарағым. Жаңа жыл: - Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.

Қой жылы: - Ал мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын сендерге! 1 - жүргізуші: - Ал, енді балалар, бізбен бір жыл бойы бірге болған, бар қызықты бірге өткізген қой жылына рахметімізді айтып, шығарып салайық. 1 - оқушы: Көңілде көп қуаныш Әр көңілде жақсылық Кетер жылға мың алғыс Әкелген көп жақсылық. 2 - оқушы: Ескі жылым – қой жылы Қош аман бол көргенше Сен сыйладың бақытты күн Қайта айналып келгенше Бәрі: Қош бол, Ескі жыл! Қош келдің, Жаңа жыл! 2 - жүргізуші: Аралап келген, сапар шегіп жер бетін Жақсылықпен нұрландырған келбетін. Қош келдің, Жаңа жылым! Көп болар жаңалығың Уа, адам ақ ниетті Осы жыл бақ сыйласын Хор: «Құтты болсын Жаңа жыл» 1 - жүргізуші: Ал, енді балалар міне, ортамызға Жаңа жыл да келді. Жаңа жыл Мешін: Халқым менің! Жаңа жылмын мен Мешінмін! Елді самғап шарлаймын. Бір күн қызық бір күннен Бола берсін әрдайым Жаңа жылдың бастауын Сендермен бірге тойлаймын. Аман болсын халқымыз Арта берсін даңқымыз. Дами берсін үздіксіз Жақсы дәстүр, салтымыз! 2 - жүргізуші: Жаңа жыл келді жерімізге 1 - жүргізуші: Әкелсін құт - береке елімізге 2 - жүргізуші: Жақсылық пен қуаныш жылы болып 1 - жүргізуші: Қиындық жолатпасын бәрімізге 3 - оқушы: Жаңа жылым мереке Онда қызық думан бар Жаңа жылды біз тойлап Әніміз де шырқалар. Ән: «Бал балалық» Аяжан 2 - жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме? Балалар: Иә Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына Бір - ақ рет келіп кетеді Қызы мен ұлына Сыйлық алып келеді. (Аяз ата) 1 - жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық.. Олар орманда жүріп адасып кеткен болар. Балалар: Аяз ата! Аяз ата! - деп айғайлап шақырады. Осы кезде Аяз атаның орнына Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады. Мыстан: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?(мыстан төмен еңкейіп, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді) 1 - пері: Мыстан әже! Мыстан әже! (мыстан тыңдамайды) Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршаға! Мыстан өзімен - өзі болып: Түу! Маңдайдағы терін сүртіп тұрып: Мына шыршаның тамыры өте терең отырғызылған екен, жұлынбайды ғой, тіпті. Сол кезде шырша арасында тұрған жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт сыйлық толған сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей – ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын! Мыстан кетіп қалады. кетіп бара жатқан кезде қалтасынан бір таяқ түсіп қалады. 2 - жүргізуші: Балалар, тойымызды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Қатты дауыстап атамызды шақырайық! Балалар: Аяз ата! Аяз ата! 1 - жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар. Сүйінішпен маңайға жар салыңдар. Аяз ата келеді Ақша қармен, Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! 2 - жүргізуші: Амансыз ба, Аяз ата Қарша қыз Ортамызға хош келдіңіз төрлеңіз Балалардың өнерін тамашалап Бізбен бірге ән салып, би билеңіз. ХОР: «Сәлеметсіз бе, Аяз ата» Аяз ата мен Ақша қар өз сөздерін айтып балалардың өнерлерін тамашалай бастайды. Аяз ата: Қарша қыз, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. (осы кезде Ақша қар жылай бастайды) Ақша қар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Аяз ата: Қазір мен оны өзімнің таяғыммен жағамын, сен жылама (жұбатады) Ақша қар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз. Мешін: Ақша қар, сиқырлы таяғыңыз қандай еді? Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме? Мешін : Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. (Айдаһар тауып алады) Аяз ата: Жарайсың, айдаһарым!(басынан сипайды) 1 - жүргізуші: Бәріміз шырша шамын жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.(шырша шамы жанады) хор: «Шырша жыры» 4 - оқушы: Жарқыраған шырағы Шыршамыз да нұрланды Біздің балғын балалар Әсем әнді шырқайды. 5 - оқушы: Тауда туып, тауда өскен Шырша келді ортаға Бәріміз бір дауыспен Дейміз енді шыршаға 6 - оқушы: Қуант бізді таңырқат Шамдарыңды жарқырат Енжарлықты тастайық Шырша тойын бастайық. 7 - оқушы: Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Қандай жақсы шыршамыз Ән шырқайық баршамыз. хор: «Жаңа жыл» (Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаңа жылда жаңа жыр) Аяз ата: Ой, бәрекелді, жарайсыңдар, балаларым! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. 2 - жүргізуші: Аяз ата сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе? Аяз ата: Әрине, барлық сыйлықтар мына сандықтың ішінде. Ақшақар сандықтың кілті қайда?(иығымен білмеймін дегендей ишара жасайды) 2 - пері қызы: Аяз ата қандай кілтті айтасыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе? Аяз ата: Иә, сол кілт шығар. 3 - пері: Аяз ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген еді. Аяз ата: Қап, әттеген - ай! Қане, біз Ақша қар екеуміз оны іздеп келелік. (осы кезде залға Мыстан кіреді) Мыстан: А - А, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді) Аяз ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне, кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды. Мыстан: Ойбай тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек. Аяз ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Кәне таяғым, мына Мыстанды қатырып таста» (Мыстан тұрған орнында қатып қалады) Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен. Аяз ата: Бересің бе сандықтың кілтін? Мыстан: Жоқ, бермеймін. Аяз ата: А - а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім. Мыстан: Жоқ, Аяз ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, менімен ойын ойнасын (Осы кезде Мыстан қалпына келеді) Балаларға ойындар ойнатады.. 1. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) 2. Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау) 3. Тікен, тікен тік пісте, Қысы жазы бір түсте (Шырша) Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. 4 - пері: Аяз ата, Ақша қар біздің балалардың киген киімдерін жеке - жеке тамашалағыларыңыз келе ме? Аяз ата, Ақша қар: Әрине, тамашалаймыз. 5 - пері: Қазір ортаға рет - ретімен аңдар патшалығын шақырамыз. 6 - пері: Түрлі ұлттардың өкілдерін шақырамыз. Жарайсыңдар, туысқандар! 1 - жүргізуші: Қас батырларды шақырамыз. Құстарды шақырамыз. 2 - жүргізуші: Қазақ ұлтының өкілдерін шақырамыз. Перілер мен мыстанды шақырамыз. 1 - жүргізуші: Балалардың киген киімдері қандай екен, Аяз ата, Ақша қар? Аяз ата: Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біз сендердің көрсеткен барлық өнерлеріңе дән ризамыз. Өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Бізді басқа да балалар күтіп қалды. Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді) Балалар: Сау болыңыздар! Хор: 1 - жүргізуші: Ал, балалар, балалар, Күні ертеңгі даналар. Жаңа жылға арналған Кешімізді ашайық, Әсем әнге басайық.. 2 - жүргізуші: Ән айтайық, қол ұстасып Би билейік жөңкіліп. Біреу қуып, біреу қашып Мәз болайық, біз күліп. Ән: Жандос оқушы: Жаңа жылың құтты болсын Қазақстан киелім! Жаңа таңға, жаңа күнге Тұр көк туым сүйеніп.

оқушы: Жаңа жылың құтты болсын Отандасым, жан досым. Жаңа таңға, Ұлы Отанға, Мен басымды иемін. Би «Қара жорға» (6 «б» сынып оқушылары)

1 - жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, жас бүлдіршіндер! Сіздердің алда келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! 2 - жүргізуші: Жаңа жыл сіздерге жаңа бақыт, жаңа нұр, жанұяларыңызға қуаныш әкелсін! 1 - жүргізуші: Жаңа жыл сіздерге мол бақытымен, қуанышымен, үлкен - үлкен табысымен, ашық аспан, бейбіт күндерімен келсін! 2 - жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын ағайын! 1 - жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын ағайын! 2 - жүргізуші: Арайлы таң ата берсін ағайын! 1 - жүргізуші: Дастархандарыңыз нанға толсын ағайын! 2 - жүргізуші: Ақ жүздерің гүлдей жайнап ағайын! 1 - жүргізуші: Жаңа жылмен ақша қарың бірге жаусын ағайын! 2 - жүргізуші: Жаңа жылда көгілдір от сөнбесін! 1 - жүргізуші: Тек сіздермен гүлденейік, бір жүрейік ағайын!