Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 курс тесты по хирургии на ГА каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
378.37 Кб
Скачать

1. Дивертикул

2. актиномикоз

3. тоқ ішек ісігі

4. туберкулез

5. бейспецификалық ойық жаралы колит

3

(Ауырлық)═2

6.Қабылдау бөліміне 70 жастағы науқас әйел жеткізілді. 2 күн бұрын жөтелгенде және физикалық күштеме түсіргенде ауырсынуы күшейе түсетін сол жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болған. Қарағанда жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ылғалды, қапталған. Іші тыныс алу актісіне қатысады, пальпация кезінде сол жақ мықын аймағында ауырсыну. Осы жерде Щеткин-Блюмберг сиптомы жедел айқын оңды көрсетеді. Шамалы лейкоцитоз, дене қызуы 37,2оС. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1.спастикалық колит

2.сол жақтық бүйректік түйілу

3.тоқ ішектің дивертикулиті

4.сигма тәрізді ішектің май ілгектерінің айналуы

5.аталғандардың ешқайсысы емес

3

(Ауырлық)═2

7.15 жастағы бала түсті. Анамнезінде ұзақ уақыт іші қатумен шағымданады, нәжіс 7-10 күндей болмауы мүмкін, туған кезден бастап деп айтуға болады. Барлық уақытта клизма пайдаланады. Қарағанда бала физикалық және психскалық жағынан артта қалуда. Тілі ылғалды. Іші біраз ұлғайған, құрсақ қабырғасы болбыр. Тік ішекті саусақпен тексергенде патология анықталмады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1.Гиршпрунг ауруы

2.Тоқ ішектің екі еселенуі

3.Сигма тәрізді ішектің тарылуы

4.Сигма тәрізді ішектің айналуы

5.Крон ауруы

1

(Ауырлық)═2

8.Тоқ ішектің оң жақ бөлімінде ішектік өтімсіздік неге болады?

1.Себебі тоқ ішектің оң жақ бөлімінде жиырыулар аз

2.Себебі тоқ ішектің оң жақ просветі-ұзын, құрамы-сұйық

3.Себебі тоқ ішектің сол жақ просветі тез ісікпен жабылады

4. Себебі тоқ ішектің оң бөліміндегі ісікте газдардың қайтуы жалғасады

5.Себебі тоқ ішектің оң жақ бөлімінің ісігінде жіңішке ішектік өтімсіздік клиникасы болады

2

(Ауырлық)═3

9.Крон ауруының ұзақ ағымында неге анемия дамиды?

1.Себебі сұйықтықтың, минералды тұздардың, В12 дәруменінің сіңуінің бұзылуына әкелетін, жіңішке ішектің мықын бөлімі зақымдалады

2.Себебі В12 дәруменінің сіңуін бұзатын, тоқ ішектің оң жақ бөлімі және мықын аймағы зақымданады

3.Себебі бүкіл тоқ ішек және ішектің просветінен сұйықтықтың сіңірілуі бұзылады

4.Себебі бүкіл ішек және оның сіңіру қасиеті бұзылады

5.Себебі қан кетуге әкелетін тоқ ішектің шырышы қабатында жаралар пайда болады

2

(Ауырлық)═3

10.Ақырғы 3 айда іш қатумен шағымданған 70 жастағы науқас түсті. Ақырғы апталарда 3-4 күн бойы нәжіс жоқ. Іш өткізетін заттарды пайдаланады. 1 апта бұрын тік ішектен 200 мл-дей өзгермеген қан кеткен. Қарағанда жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Іші біраз үрленген, пальпацияда жұмсақ, патологиялық өзгерістер анықталмайды. Перкуссияда-жоғары тимпанит. Тік ішекті саусақпен зерттегенде патология жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1.мегаколон

2.сигма тәрізді ішектің дивертикулиті

3.тоқ ішектің оң жақ бөлімінің ісігі

4.тоқ ішектің сигма тәрізді бөлімінің айналуы

5.тоқішектің инвагинациясы

3

(Ауырлық)═2

11.60 жастағы науқасқа анальды бөлімнен 40 см алыс орналасқан сигма тәрізді ішектің полипіне операция жасалынды. Алынған полиптің жоғарғы бөлімінде гистологиялық зерттеуде инвазивті ісік анықталды, бірақ қатерлі жасушалар анықталмады. Бұл науқастың ары қарайғы тактикасы қандай болады және неге?

1.Қатерлі үрдістерді ескере отырып сәулелік еммен шектеледі

2.Метестаздардың жайылуын ескере отырып химиотерапия

3.Жергілікті және алыс метастаздарды ескере отырып радикалды операция-сол жақтық гемиколэктомия

4.Радикалды операцияның болғанын ескере отырып емханада әр 3 ай сайын колоноскапия

5.Бір жыл бойы тұрғылығты жері бойынша емханада қаралу, метастаздар анықталатын болса комплексті ем қолдану

4

(Ауырлық)═2