Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 курс тесты по хирургии на ГА каз.яз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
378.37 Кб
Скачать

10. Перитонит (12 тест)

1.40 жасар науқас жедел панкреатит клиникасымен түсті. Объективті, лабораторлы, инструментальді зерттеуден кейін науқасқа жедел оперативті ем көрсетілді. Операцияның жедел болуына себеп болған не?

1.Себебі, науқаста панкреатиттің ісінулі формасы

2. Себебі, науқаста майлы панкреонекроз

3. Себебі, науқаста геморрагиялық панкреонекроз

4. Себебі, науқаста іріңді перитониттің дамуы

5.Себебі, науқаста стерильді панкреонекроз

4

(Ауырлық)═3

2. Перитонитке күманданған науқас түсті. Зерттеу жүргізілген консервативті ем кешенімен шектелу туралы шешім қабылданды. Бұл тактика қандай ауру кезінде дұрыс болып табылады?

1. күманды жақсару кезіндегі асқазанның ойық жарасында

2. кез келген шығу тегі бар жергілікті шектелген перитонитте

3. гонококты пельвиоперитонитте

4. миокард инфарктісі фонындағы деструктивті аппендицитте

5. өтті перитонитте

3

(Ауырлық)═2

3. 70 жасар II-III дәрежелі қанайналым жеткіліксіздігі бар науқаста 5 тәулік бойы жалғасқан жайылған перитониттің белгілері бар. Емдік тактика қандай болуы керек?

1. 24 сағаттық дайындықтан кейін жедел операция

2. жүректік заттарды еегізгеннен кейін жедел операция

3. 2-3 сағатты қысқа уақтылы инфузионды терапиядан кейінгі жедел операция

4. ЖҚА, эритроциттер, ақуыздар компоненттерінің жеткіліксіздігін толығымен жоюдан кейін операция

5. диагноз қойғаннан кейін жедел операция

3

(Ауырлық)═2

4. Емханаға іштегі қатты ауырсыну, жүрек айну, құсу, іш кебу шағымдарымен науқас түсті. Анамнезінен 3 күн бойы ауырғаны, өзін-өзі емдеумен айналысқаны анықталды. Қарап тексергенде іші кепкен, тыныс алу актісін қатыспайды. Перкуссия кезінде іштің кей жерлерінде тұйықталу, ал пальпация кезіәнде барлық аймақта қатаю мен ауырсыну байқалады. Щеткин-Блюмберг симтомы оң. Жедел түрде операцияға алынды, операция кезінде тоқ ішек перфорациясы мен нәжісті перитонит анықталды. Бұл жағдайда қандай операция жасау керек және неге?

1. колостома салу, назоинтестинальді дренаждау,перитониттің пайда болу себебін ескере отырып

2. еюнотрансверзонанстомоза сала отырып гемиколэктомия жасау,ішек өтімсіздігінің пайда болу себебін ескере отырып

3. тоқ ішектің зақымдалған аймағының резекциясы,бұл операция радикальді

4. тоқ ішектің зақымданған аймағын тігу, еюностоманы шығару,себебі тоқ ішектің перфорациясы болды

5. лапаротомия құрсақ қуысын дренаждау,патологияның асқынуын ескере отырып

1

(Ауырлық)═3

5.Неге жайылған перитонитті емдеу кезінде назоинтестинальді интубацияны қолданады?

1.Асқазан-ішек тракті арқылы сұйықтық жоғалту мақсаты есебінен

2.Құрсақішілік қысымды төмендету үшін

3.Ішектік лаважды жүргізу мақсатымен және ішек өтімсіздігінің профилактикасы үшін

4.Құрсақ қуысының операциядан кейінгі кезеңде жабысу прцесінің профилактикасы үшін

5. Операциядан кейінгі кезеңде перистальтиканы жақсарту үшін

3

(Ауырлық)═3

6. Хирургиялық бөлімге 40 жасар науқас М. деструктивті аппендицит клиникасымен түсті. Ішті қарағанда төменгі бөлімдерінің ауырсынуы және қатаюы анықталды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Науқас операцияға алынған кезде гангренозды аппендицит, кіші жамбас қуысының екі жақ мықын аймағында және оң жақ латеральді каналда бөліністер анықталды. Перитониттің операциядан кейінгі диагнозын қойыңыз:

1.жергілікті шектелмеген перитонит

2. жергілікті шектелген перитонит

3. диффузды перитионит

4. жайылған перитонит

5. жалпы перитонит

3

(Ауырлық)═2

7. Неге жайылған іріңді перитонит кезінде орталық лапаротомия жүргізіледі?

1.Себебі,осы кезде құрсақ қабырғасының жарақаттары және құрсақ қуысының жабысулары аз болады.

2. Себебі,осы кезде қан кету аз болады

3. Себебі,осы кезде операциялық жараның инфицирлену дәрежесі төмен

4. Себебі,осы кезде құрсақ қуысының толыққанды ревизиясы және оптимальді санациясы

5. Себебі,осы кезде ішектің толыққанды интубациясы мүмкін

4

(Ауырлық)═3

8. Хирургиялық стационарға 39 жасар К. науқас жедел аппендицит клиникасымен түседі. Ішті қараған кезде оң жақ мықын аймағының ауырсынуы және қатаюы анықталды, Щеткин-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Науқас операцияға алынды, онда деструктивті аппендицит, оң жақ мықын және кіші жамбас қуысы аймағында ашық сары түсті бөлініс анықталды. Табылған бөліністі ескере отырып, перитониттің операциядан кейінгі диагнозын қойыңыз:

1. жергілікті іріңді перитонит

2. жергілікті фибринозды перитонит

3. жергілікті серозды перитонит.

4. жергілікті іріңді-фибринозды перитонит

5. жергілікті серозды-фибринозды перитонит

3

(Ауырлық)═2

9. Хирургиялық бөлімге 40 жасар науқас М. деструктивті аппендицит клиникасымен түсті. Анамнезінде 3 күн бойы ауырады. Ішті қарағанда төменгі бөлімдерінің ауырсынуы және қатаюы анықталды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Науқас операцияға алынған кезде гангренозды аппендицит, кіші жамбас қуысының екі жақ мықын аймағында және оң жақ латеральді каналда жасылдау түсті бөліністер анықталды, жіңішке ішек ілмектері фибрин жіпшелермен жабылған. Перитониттің операциядан кейінгі диагнозын қойыңыз:

1. жергілікті серозды-іріңді шектелмеген перитонит,реактивті стадиясы

2. диффузды серозды-фибринозды перитонит,токсикалық стадиясы

3. диффузды іріңді-фибринозды перитонит,терминальді стадиясы

4. жайылған серозды-фибринозды перитонит, токсикалық стадиясы

5. жалпы іріңді-фибринозды перитонит, терминальді стадиясы

3

(Ауырлық)═3

10. Жедел аппендицит бойынша операция жүріп жатыр (Волкович-Дьяконов тілігі). Диагноз: жедел флегмонозды аппендицит. диффузды іріңді перитонит. Хирургиялық емнің тактикасын таңдаңыз:

1. аппендэктомия + құрсақ қуысының санациясы және өсінді ұясын тампондау

2. аппендэктомия + құрсақ қуысын құрғату, жараны бітеп тігу

3.. аппендэктомия + алдын ала санациядан кейін құрсақ қуысын дренаждау

4. аппендэктомия

5. аппендэктомия + алдын ала санациядан кейін ілмелі цекастоманы шығару

3

(Ауырлық)═2

11. 30 жастағы науқас бүкіл ішінде «пышақ сұққандай» ауырсынуға, жүрек айнуға, әлсіздікке шағымданып, ауруханаға түсті. Бір тәуліктен артық аурып жүр. Анамнезінде ойық жаралы ауру жоқ. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тілі құрғақ. Пальпация кезінде іші қатайған, барлық іш аймағы ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Операция кезінде асқазанның іріңді-фибринозды перфоративті ойық жарасы анықталды. Соңғысы екі қатарлы тігіспен тігілді. Радикалды операция жасалмай, не себепті перфоративті ойық жараны тігу операциясы жасалды?

1. Анамнезінде ойық жаралы аурудың болмауы

2. науқастың жас болуы ескерілді

3. перфорациядан кейінгі уақыт ескерілді

4. жайылмалы перитонит ескерілді

5. хирургтің төмен біліктілігі

4

(Ауырлық)═3

12. Хирургиялық стационарға М. есімді 40 жасар науқас шығу тегі аппендикулярлы болатын тотальді перитонитпен түсті. Анамнезінде 3 тәулік бойы ауырады. Ішті қарағанда барлық бөлімінің ауырсынуы, қатаюы анықталды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Берілген жағдайдағы оперативті емнің жолын көрсетіңіз:

1. оң жақты параректальді тілу

2. Волкович-Дьяконов бойынша тілу

3. ортаңғы орталықты лапаротомия

4. тораколапаротомия

5.жоғарғы орталықты лапаротомия

3

(Ауырлық)═2