- •Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
- •2.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. (12 тест)
- •3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
- •3.Өңеш обыры
- •5. Кардия ахалазиясы
- •1.Кардия ахалазиясы
- •4.Өңеш дивертикулы
- •3. Гастростомия
- •4.Өта.Холецистит (12 тест)
- •5. Жедел және созылмалы панкреатит (12 тестов)
- •6. Тоқ ішек ісіктері (11 тест)
- •1. Дивертикул
- •1. Дивертикул
- •7. Тік ішек аурулары (12 тест)
- •8. Жедел аппендицит (12 тест)
- •9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
- •10. Перитонит (12 тест)
- •11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
- •12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
- •13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
- •14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
- •1. Бронхоскопия
- •15.Ішкі органдардың паразитарлы аурулары. (11 тест)
- •4. Бронхоскопия
9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
1. Науқас ақырғы үш айда оң жақ мықын аймағының сыздап ауыруына, ішінің кебуіне, ішектің қатты шұрылдауы, әлсіздікке, субфебрильді температураға шағымданды. Бір ай шамасында шырыш пен қою қан іздері бар сұйық үлкен дәретке ауысатын іштің қатуы мазалайды. 3 күн бұрын іштегі ауырсынулар күшейді және толғақ тәрізді сипатқа ауысты. Газ шығуы тоқтады. Науқастың жағдайы ауыр. Пульсі 94 соққы/мин. Іші кепкен, пальпация кзінде жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсынатын және шамалы қозғалмалы тығыз инфильтрат анықталды. Перистальтика резонацияланған. Құрсақ қуысының бақылау рентгенографиясы кезінде көптеген көлденең деңгейлі сұйықтық және Клойбер ыдыстары анықталған. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз:
1. обтурациялық ішек өтімсіздігімен асқынған соқыр ішек ісігі
2. құрсақ қуысына өткен периаппендикулярлы абсцесс,жайылған перитонит
3. инвагинацияның илеоцекальді формасы
4. жоғарғы шажырқай артериясының тромбозы
5. тоқ ішектің жедел токсикалық дилатациясы
1
(Ауырлық)═2
2.Жедел ішек өтімсіздігі кезінде «шолпыл шуы» симптомының пайда болу себебін түсіндіріңіз?
1.Себебі,құрсақ қуысында бос сұйықтық пайда болады
2. Себебі,ішектің әкелуші өрімінде газ бен сұйықтар жиналады
3. Себебі,ішектің әкетуші өрімінде газ бен сұйықтар жиналады
4. Себебі,құрсақ қуысында бос сұйықтық пен бос газ пайда болады
5. Себебі,сұйықтықтың тұрып қалуынан асқазан үлкейеді
2
(Ауырлық)═3
3.Неге жіңішке ішектің странгуляционды өтімсіздігінің клиникалық белгілері,обтурациялық тоқ ішектің өтімсіздігінің клиникалық белгілерімен салыстырғанда айқын көрінеді?
1.Себебі, тоқ ішектің саңылауы жіңішке ішектікіне қарағанда жуан және оның саңылауына сұйықтық көбірек жиналады.
2.Себебі,өтімсіздіктің симптоматикасы өз дәрежесінің жоғарылығынан да ерте көрінеді.
3.Себебі,жіңішке ішектің саңылауы тар және қабырғаларының созылуы кезінде ауырсынулар ұлғая түседі.
4.Себебі,обтурация кезінде странгуляциямен кезімен салыстырғанда организмнің дегидротациясында айырмашылық жоқ
5.Себебі, странгуляциямен кезінде обтурация кезімен салыстырғанда перистальтиканың интенсивтілігі ұлғая түседі.
2
(Ауырлық)═3
4.Жедел ішек өтімсіздігіне байланысты науқасқа операция жасалды. Операцияда кезінде 1,5 м жіңішке ішектің 180°-қа айналуы анықталған.Айналған ішек қалпына келтірілгеннен кейін, новокаин еретіндісімен шарбылық блокада, ішекке жылыту жасалғаннан цианоз дақтарымен қызыл ісінулер пайда болды.Перистальтика жоқ,шажырқайдың терминальді артерияларының пульсациялары анықталмайды.Хирургиялық тактиканың оптимальді нұсқасы қайсы және осы жағдайда не себептен қолданады?
1.Аностомоз салу арқылы жіңішке ішектің резекциясын жасау,назоинтестинальді интубация,себебі ішектің некрозы бар
2.Назоинтестинальді интубациямен шектелу,себебі перитониттің пайда болу белгілері көрінбейді және ішектің нақты некрозы жоқ
3. «қырын-қырына» илеотрансверзоанастомозын салу,себебі ішектің некрозы бар
4.Операцияны лапоростомиямен аяқтау,ішек резекциясынан сақтану керек, себебі перитониттің пайда болу белгілері көрінбейді және ішектің нақты некрозы жоқ
5.Ноблю бойынша интестинопликация көрсетілген,себебі,ішектің қайтадан айналып кетуі мүмкін
1
(Ауырлық)═3
5. Ауруханаға ауру басталғаннан 12 сағаттан кейін 62 жасар науқас келесі шағымдармен түсті: іштегі толғақ тәрізді ауырсыну, жүрек айну, құсу. Анамнезінде: аппендэктомия. Ауырсыну сезімі өсімдік текті тағам қабылдағаннан кейін пайда болды. Науқастың жағдайы орташа орташа ауырлықта. Пульс – 92 соққы/мин. Іші аздап кепкен, оң жақ мықын аймағының төмен түсуі байқалады. Тоқ ішектің жоғарылаған бөлімінің проекциясында сопақ, жұмсақ, эластикалық, ісік тәріздес түзіліс пальпацияланады. Перистальтика күшейген, резонацияланған. Ректальды зерттеу кезінде тік ішектен қанды бөліністер байқалады. Ирригоскопия жүргізілген, «екітісті симптом» анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз.
1. соқыр ішек ісігі, обтурациялық ішек өтімсіздігі
2. оң жақ мықын аймағының абсцесі
3. обтурациялық ішек өтімсіздігімен асқынған аналық без кистомасымен тоқ ішектің жаншылуы
4. инвагинацияның илеоцекальді формасы
5. тоқ ішектің токсикалық дилатациясы
4
(Ауырлық)═2
6. Жедел ішек өтімсіздігіне байланысты науқасқа жедел операция жасалды. Операцияда кезінде сигма тәрізді ішектің 180°-қа айналуы анықталған. Тоқ ішектің көлденең және төмендеген бөлігі үрленген. Құрамында сұйықтық және газ бар. Мықын ішек диаметрі қалыпты. Айналған ішек қалпына келтірілді, новокаин еретіндісімен шарбылық блокада, ішекті жылыту жасалды. Сигма тәрізді ішек тіршілікке икемді деп танылды. Операцияны аяқтаудың оптимальді нұсқасын көрсетіңіз.
1.сигма тәрізді ішек резекциясы
2. айналмалы илео-сигмоанастомоз қою
3. ілмелі илеостома қою
4. Нобль бойынша интестинопликация
5. Гаген-Торн бойынша мезо-сигмопликация
5
(Ауырлық)═2
7. 74 жасар науқас обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты жедел операцияланды. Операция кезінде құрсақ қуысында 1,5 л-дей ашық-сары бөлініс анықталды. Зерттеу кезінде тоқ ішектің жоғарылаған бөліміне ауысып бара жатқан көлемі 10x12 см болатын, тығыз, бұдырлы, қозғалмайтын, ішек өзегін толығымен бітеп жатқан соқыр ішек ісігі анықталған. Мықын ішек сұйықтық және газбен толған. Тоқ ішек төмен түскен жағдайда. Жіңішке және тоқ ішектің шарбысында ұлғайған, тығыз лимфа түйіндері анықталады. Бауырда көлемі 1,0 см ден 3,5 см-ге дейін ошақты түзілістер анықталған. Науқасқа келесі көлемдегі опрация жасалу керек:
1. соқыр ішек резекциясы
2. құрсақ қуысына ревизия жасаумен шектелу
3. ілмелі илеостома салумен шектелу
4. оң жақтық гемиколэктомия
5.айналмалы илеотрансверзоанастомоз
5
(Ауырлық)═2
8. 41 жасар науқас 6 тәулік бұрын гангренозды аппендицитке, диффузды серозды-фибринозды перитонитке байланысты операцияланған. Бүгін іште толғақ тәрізді ауырсынулар, құсу, іштің кебуі пайда болды. Консервативті ем нәтижесіз болғандықтан, науқас 6 сағаттан соң қайта операцияға алынды. Операцияда Трейтц байламынан 3 м қашықтықта жіңішке ішек екі жақты жабыспа типі бойынша деформацияланғаны анықталды. Ішектің проксимальды бөлімдері үрленген, құрамында сұйықтық пен газ бар. Дистальды бөлімдері жабысқан күйде. Қандай көлемдегі операция жасалуы тиіс?
1.жабысқақтарды кесу, назоинтестинальді интубация
2. Чайлдс-Филлипс бойынша интестинопликация
3. Нобль бойынща интестинопликация
4. айналмалы энтеро-энтероанастомоз
5. анастомоз сала отырып ішектің өзгерген бөлігінің резекциясы
1
(Ауырлық)═2
9. 56 жасар науқас жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операциялануда. Өтімсіздіктің алғашқы белгілері 3 тәулік бұрын пайда болған. Операция кезінде ішек өзегін толық бітеп жатқан сигма тәрізді ішектің 1/3 бөлігінің ісігі анықталды. Тоқ және мықын ішектер қатты үрленген, сұйықтар және газдармен толған. Ісіктен дистальды сигма тәрізді ішек жабысқан күйде. Көрінетін метастаздар жоқ. Науқасқа операцияны келесі көлемде жасау керек:
1. Гаген-Торн бойынша мезосигмопликация
2. сигма тәрізді ішектің обструктивті резекциясы, бір жақты колостомия (Гартман операциясы)
3. айналмалы илеосигмоанастомоз "қырын-қырына"
4. ілмелі илеостома салу
5. субтоталді колэктомия, энтеростомия
2
(Ауырлық)═2
10. 41 жасар науқас 6 тәулік бұрын гангренозды аппендицитке, диффузды серозды-фибринозды перитонитке байланысты операцияланған. Бүгін іште толғақ тәрізді ауырсынулар, құсу, іштің кебуі пайда болды. Консервативті ем нәтижесіз болғандықтан, науқас 6 сағаттан соң қайта операцияға алынды. Операцияда Трейтц байламынан 3 м қашықтықта жіңішке ішек екі жақты жабыспа типі бойынша деформацияланғаны анықталды. Ішектің проксимальды бөлімдері үрленген, құрамында сұйықтық пен газ бар. Дистальды бөлімдері жабысқан күйде. Қандай көлемдегі операция жасалуы тиіс?
1.жабысқақтарды кесу, назоинтестинальді интубация
2. Чайлдс-Филлипс бойынша интестинопликация
3. Нобль бойынща интестинопликация
4. айналмалы энтеро-энтероанастомоз
5. анастомоз сала отырып ішектің өзгерген бөлігінің резекциясы
1
(Ауырлық)═2
11. 76 жасар науқас 3 сағат бұрын ауыр жүк көтергеннен кейін іштің төменгі бөлігінің ауырсынуын сезінді, суық тер басып, жүрегі айныды. Анамнезінде: 3 жыл іші қатады. Кейде нәжісте қою қан немесе шырыш болады. Соңғы 4 күнде газ бен нәжіс бөлінуінің тоқтауы мазалайды. Объективті қарағанда: тілі құрғақ, терісі ашық қызыл. Науқастың тәбеті нашар, пульсі 96 соққы/мин. Іші орташа үрленген, тимпанит, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағында қатты ауырсынады және қатайған. Іш перденің тітіркену симптомы әлсіз оң. Сіздің болжам диагнозыңыз:
1. микропефорацияға күдіктелген сигма тәрізді ішектің
2. саңылауын бітеп тұрған сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігі, перфорация, перитонит.
3. сигма тәрізді ішектің айналуы
4. тоқ ішектің обтурациялық өтімсіздігі
5. бейспецификалық ойық жаралы колит
2
(Ауырлық)═2
12. 67 жастағы науқасты жарты жыл көлемінде 3-4 күндік іш қатуы, нәжісте шырыш пен қою қан іздерінің болуы мазалайды. Ауруханаға түсерден екі күн бұрын іште толғақ тәрізді ауырсынулар пайда болды, газ шығарылу тоқтады, нәжіс болған жоқ. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Іші кепкен, ішек перистальтикасы көрінеді. Пальпация кезінде іш жұмсақ, барлық бөлімінде біраз ауырсынулар бар. Күшейшек ішек шуылы естіледі. Ректальды зерттеу кезінде сфинктер атониясы анықталды, саусақ ұзындығы деңгейінде патология жоқ. Тік ішекке сифонды клизма жүргізген кезде 500 мл-дей ғана су енгізіледі. Құрсақ қуысының бақылау рентгенографиясы кезінде жіңішке және тоқ ішекте көп мөлшерде сұйықтық және оның үстінде газдар анықталды. Дұрыс клиникалық диагнозды таңдаңыз.
1.сигма тәрізді ішектің айналуы, жедел странгуляциялық ішек өтімсіздігі
2. тоқ ішектің ректот-сигмоидты бөлімінің ісігі, жедел обтурационды ішек өтімсіздігі
3. бейспецификалық ойық жаралы колит, тоқ ішектің токсикалық дилатациясы
4. спастикалық ішек өтімсіздігі
5. илеоцекалді инвагинация
2
(Ауырлық)═3
