- •Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
- •2.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. (12 тест)
- •3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
- •3.Өңеш обыры
- •5. Кардия ахалазиясы
- •1.Кардия ахалазиясы
- •4.Өңеш дивертикулы
- •3. Гастростомия
- •4.Өта.Холецистит (12 тест)
- •5. Жедел және созылмалы панкреатит (12 тестов)
- •6. Тоқ ішек ісіктері (11 тест)
- •1. Дивертикул
- •1. Дивертикул
- •7. Тік ішек аурулары (12 тест)
- •8. Жедел аппендицит (12 тест)
- •9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
- •10. Перитонит (12 тест)
- •11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
- •12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
- •13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
- •14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
- •1. Бронхоскопия
- •15.Ішкі органдардың паразитарлы аурулары. (11 тест)
- •4. Бронхоскопия
13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
1. 49 жасар науқас сол жақ аяғындағы қатты ауырсыну, суу, жансыздану басталғаннан бір тәулік бұрын жедел ауырды. Аяқ бастарының саусақтарында қозғалыстың шектелуіне шағымданды. 6 ай бұрын миокард инфарктісін бастан кешкен. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Пульс 80 соққы/мин., аритмиялық. Сол жақ аяқтың тері қабаты бозарған, ұстағанда суық, шамалы ісінген. Пальпациялағанда балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуы және терең сезімталдықтың төмендеуі байқалды. Шат байламы бойында сан артериясы пульсациясының күшеюі, ал төменде мүлдем болмауы анықталды. Оң жақ аяқ өзгеріссіз. Науқасты емдеудің оптимальді әдісін таңдаңыз:
1.сан артериясынан жедел оқшаулаған эмболэктомия көрсетілген
2.фасциотимиямен бірге сан артериясынан жедел эмболэктомия көрсетілген.
3.кавафильтр орнату көрсетілген
4.ең алдымен илео-каваграфя жүргізу және оның нәтижесіне байланысты емдеу әдісін таңдау
5. антикоагулянтты және бейспецификалық қабынуға қарсы терапия көрсетілген
2
(Ауырлық)═2
2. IV сатыдағы созылмалы ишемиясы бар 83 жастағы науқаста сан, тізеасты және үлкен жіліншік артерияларының атеросклеротикалық оккюзиясынан аяқ басының гангренасы дамыған. Бұл кезде дұрыс болатын емдік тактика:
1.тек консервативті ем
2. белдік симпатэктомия
3. реконструктивті тамырлы операция
4. аяқтың біріншілік ампутациясы
5. сираққа үлкен шарбының микрохирургиялық трансплантациясы
4
(Ауырлық)═1
3. ЖИА-мен және инфаркттен кейінгі кардиосклерозбен ауыратын 57 жасар науқасқа аяқта қанайналымның толық қалпына келтірілуімен оң жақ жалпы сан артериясына эмболэктомия жүргізілді. Операциядан 12 сағат өткеннен соң науқаста ентігудің минутына 30-ға дейін жоғарылауы, оң жақ сирақтың алдыңғы топ бұлшықеттерінің ауырсынуы мен ісінуі байқалды. Операция жасалғаннан бері 150 мл зәр бөлді. Аталған сиптомдар кешенінің пайда болуының ең мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:
1. жедел мықын-сан венозды тромбозы
2. өкпе артериясының массивті эмболиясы
3. қайталамалы миокард инфарктісі
4. постишемиялық синдром
5. ишемиялық полиневрит
4
(Ауырлық)═2
4. 54 жасар науқасты 5 жыл көлемінде сол жақ аяқ басының және жүрген кезде сирақтың ауырсынулары мазалайды, соңғы кездері тоқтамай 40-50 метр жүре алады. Сол жақ аяқ басы мен сирақтың тері жабындылары бозғылт, суық. Белсенді қозғалыстар толық көлемде, артериялық пульсациялар аяқтың бүкіл бойында анықталмайды. Оң жақ сан, тізеасты артериалары мен аяқ бас артерияларының пульсациясы айқын. Ангиография кезінде құрсақ аортасы мен оң жақ мықын және сан артерияларының суреті алынды. Сол жақ мықын артериялары контрастіленбейді. Сол жақ сан артериясы көрнекті коллатералдар арқылы толтырылады. Дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз:
1. антикоагулянтты терапия
2. сол жақ мықын артерияссының қырлы пластикасы
3. сол жақты аорта-сандық шунттеу
4. жергілікті тромболитикалық терапия
5. аутоартериальді профундопластика
3
(Ауырлық)═2
5. 40 жасар науқас оң жақ аяқтың айқан ісінуі мен қатты ауыруына шағымданады. 3 күн бұрын аяқтың шат қатпарларына дейін ісінуі мен шамалы ауырсынуларынан кейін ауырған. Соңғы тәуліктер мерзімінде жағдайы айқын түрде нашарлаған. Аяқта қатты ауырсынулар, жалпы әлсіздік, 38°С-қа дейінгі гипертермия мазалайды. Қарап тексеру кезінде науқас жағдайы ауыр, пульсі 100-110 соққы/мин., тілі құрғақ. Оң жақ аяғы қатты ісінген, суық, терісі қатайған. Тері цианозы оң жақ бөксе аймағына жайылуда. Сирақта және санда геморрагиялық сұйықтыққа толған цианозды дақтар және көпіршіктер анықталады. Аяқ басында тері сезімталдығы төмендеген, санда және сирақта гиперестезия анықталады. Аяқ басы мен тізеасты артерияларының пульсациясы анықталмайды. Бұл клиникалық белгілер қай ауруға тән екендігін көрсетіңіз:
1. субфасциальды ісіктің дамуымен сан артериясың тромбозы
2. Бюргер ауруының жедел сатысы (тромбангит флебитпгн бірге)
3. жедел мықын-сан веналық тромбозы, аяқтың венозды гангренасы
4. ақ флегмазия
5. краш-синдром
3
(Ауырлық)═2
6.55 жастағы науқас түсті,жүрген кездегі сан және жамбас бұлшық еттерінің ауырсынуына шағымданады,жыныстық потенцияның төмендеуі.8 жыл бойы ауырады.Соңғы кездері тоқтаусыз 70 метрден артық жүре алмайды.Тексеру кезінде:екі жақ аяқтарының да сан артерияларының пульсациясы анықталмады.Жүрек ақаулары анықталған жоқ.Жоғарыда аталған клиникалық симптомдарға сәйкес ауруды атаңыз?
1.Аортаның кеуделік бөлігінің коарктациясы
2. Паркс-Вебер-Рубашов синдромы
3. Аорта бифуркациясының созылмалы постэмболиялық окклюзиясы
4. Лериш синдромы
5. Екі жақ аяқтарының сан артерияларының атеросклеротикалық окклюзиясы
1
(Ауырлық)═2
7.Қай симптомдар Лериш синдромына жатпайды?
1.Эрекция мен эякуляцияға деген бейімділіктерінің жоғалуымен сексуальді қызметінің бұзылуы
2.Спермогенез бен сперматогистогенез бұзылыстары
3. Әлсіздік және аяқтарының тез шаршағыштығы
4. Аяқтарының бұлшық еттерінің атрофиясы
5.Табан үстінің көк дақтанулы боялуы
2
(Ауырлық)═2
8. 26 жасар науқас соңғы 5 жыл мерзімінде сол жақ аяқ басының және жүрген кезде сирақтың ауырсынулары мазалайды, соңғы кездері тоқтамай 50-60 метр жүре алады. Объективті: сол жақ аяқ басы мен сирақтың тері жабындылары бозғылт, суық, белсенді қозғалыстар толық көлемде, аяқ басында гипостезия. Сан және тізеасты артерияларының пульсациясы анық, аяқ басы артериясында анықталмайды. Диагнозды анықтау және емдеу тактикасын таңдау үшін келесі зерттеулер жүргізу керек:
1.ультрадыбыстық ангиосканирлеу, аяқ тамырларының артериографиясы және допплерографиясы
2. аортоскопия, сфигмография, аяқ тамырларының контрастты аорто-артериографиясы
3.тамырлардың термографиясы, ультрадыбыстық ангиосканирлеу
4. радиоизотопты аортография, ультрадыбысты допплерография
5. аяқ артериографиясы, окклюзионды плетизмография
1
(Ауырлық)═2
9. 30 жасар науқасты қараған кезде оң жақ аяғында этиологиясы белгісіз созылмалы артериальді ишемия анықталған. Науқас бұрын басынан аппендэктомияны, тонзилэктомияны өткерген, суыққа аллергиясы бар, үлкен эмоционалды жүктемеге ұшырайды, бірақ оларды жақсы көтереді.эндокринолог есебінде жоқ. Зақымдалған аяғының сан және тізе асты артериясының пульсациясы айқын, өкше артерияларында анықталмайды. Болжалды диагноз қойыңыз.
1. облитерациялаушы тромбангит
2. диабеттік ангиопатия
3. спецификалық емес аорто-артериит
4. аяқ тамырларының облитерациялаушы атеросклерозы
5. Рейно ауруы
1
(Ауырлық)═2
10. 62 жасар науқасты 10 жыл бой сол жақ аяғының ауырсынуы мазалайды, тоқтамай 50 м жүре алады. Сол жақ өкше мен тобықтың тері жабындылары бозарған, ұстап көргенде суық, қозғалыс кезінде толық көлемде бесенді. Шат қатпары маңында сан артериясының пульсациясы анық, тізе асты және өкше артерияларында анықталмайды. Ангиография жасағанда сан артериясының суреті санның үштен біріне дейін ғана көрінетіні анықталған. Котуры тегіс емес. Тізе асты артериясы айқын көрінген коллатералдар арқылы толады. Дұрыс диагнозды көрсетіңіз.
1. Рейно ауруы
2. Лериш синдромы
3. сол жақ сан артериясының эмболиясы
4. сол жақ сан артериясының жедел тромбозы
5. сол жақ сан артериясының атеросклерозды бітелуі
5
(Ауырлық)═2
11.60 жастағы науқас,бұрын миокард инфарктысын басынан өткізген,госпитализациядан 6 сағат бұрын кенеттен сол жақ аяғында ауырсыну болды,оның сууы байқалды,аяқ буындарының активті қозғалыстары шектелді,аяқ артерияларының пульсациялары пупартов байламы деңгейінде ғана анықталады.Қандай диагноз қоюға болады?
1.Сол жақ тізеасты артериясының эмболиясы,I дәрежелі ишемия
2. Сол жақ сан артериясының эмболиясы,II дәрежелі ишемия
3. Сол жақ тізе артериясының эмболиясы,II дәрежелі ишемия
4.Жедел илеофеморальді венозды тромбоз
5.Дамушы венозды гангрена
2
(Ауырлық)═2
12.Хирургиялық бөлімге дамушы өкпе ісіктерімен,аорта бифуркациясының тромбоэмболиясы клиникасымен 49 жастағы науқас түсті.Науқасқа қай тактика түрін қолдануды таңдайсыз?
1.Науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып жедел операциядан сақтану және симптоматикалық интенсивті терапия жүргізу
2.Реанимация бөлімінде өкпе ісіктерін купирлеуге тырысу,осыдан кейін аорта бифуркациясынан эмболэктомия жасау
3.Өкпенің ісінуін ескермей-ақ,интенсивті терапиямен бірге аорта бифуркациясынан жанама эмболэктомия жасау
4.Интубационды наркоз арқылы аорта бифуркациясынан тура эмболэктомия жасау
5.Тромбоэмболдың фрагментациясы үшін жедел ангиография жасау
3
(Ауырлық)═2
