
- •Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
- •2.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. (12 тест)
- •3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
- •3.Өңеш обыры
- •5. Кардия ахалазиясы
- •1.Кардия ахалазиясы
- •4.Өңеш дивертикулы
- •3. Гастростомия
- •4.Өта.Холецистит (12 тест)
- •5. Жедел және созылмалы панкреатит (12 тестов)
- •6. Тоқ ішек ісіктері (11 тест)
- •1. Дивертикул
- •1. Дивертикул
- •7. Тік ішек аурулары (12 тест)
- •8. Жедел аппендицит (12 тест)
- •9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
- •10. Перитонит (12 тест)
- •11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
- •12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
- •13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
- •14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
- •1. Бронхоскопия
- •15.Ішкі органдардың паразитарлы аурулары. (11 тест)
- •4. Бронхоскопия
14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
1. 40 жастағы масайған ер адам 4-5 сағат бойы далада ұйықтап қалған. Екі күннен кейін температурасы котерілген, кеуде торында ауырсыну пайда болған. Артынан температура 39°С-қа дейін көтерілген. Екі аптадан соң, жөтел кезінде кеннеттен иісі жағымсыз 200 мл ірің бөлінді. Сіздің болжалды диагнозыңыз?
1. бронхоэктаздық ауру
2. өкпенің жедел абсцессі
3. плеврит
4. созылмалы бронхиттің өршуі
5. пневмонит дамыған өкпе обыры
2
(Ауырлық)═2
2. 55 жасар науқасқа екі ай бұрын клиникалық белгілеріне және рентгенологиялық зерттеуге сүйене крупозды пневмония диагнозы қойылған. Антибиотиктерді көтере алмағандықтан көбіне физиотерапиялық процедуралармен емделген. Үш аптадн соң ағынды термен, жүдеумен, терең тыныс кезінде кеудедегі ауырсынумен гипертермия кайталанды. Екі күн бұрын қатты жөтел пайда болды, іріңді және қан аралас қақырық көп бөлінеді, содан соң температуралық реакциясы қалпына келді. Сіздің диагнозыңыз?
1. созылмалы спецификалық емес пневмония
2. өкпе абсцессі
3. өкпе туберкулезі
4. плевра эмпиемасы
5. өкпенің бронхогенді обыры
2
(Ауырлық)═2
3. Оң жақ өкпенің абсцессі бар науқаста кеуде торында қатты ауырсынулар, ентігу пайда болды. Рентгенологиялық зерттеуде оң жақ өкпенің колабирленуі, сүйықтықтың кең көлденең денгейі, көкірекаралықтың солға қарай күрт ығысуы анықталған. Сіздің диагнозыңыз?
1. плевраның эмпиема
2. бронхоөкпелік секвестрация
3. оң жақ өкпе артериясының басты бөлігінің тромбоэмболиясы
4. қатайған спонтанды пневмоторакс
5. пиопневмоторакс
5
(Ауырлық)═2
4. кеуде қабырғасына жақын орналасқан диаметрі 10 см болатын жедел өкпе абсцессі бар 70 жастағы науқаста ауыр интоксикация белгілері анықталған. Қай зерттеу әдісіне сүйенген жөн?
1. плевра қуысын пункциялау және дренаждау 2. торакотомия с тампонадой полости абсцесса
3. торакотомия мен лобэктомией
4. УДЗ бақылауымен абсцессті антисептиктер және антибиотиктерді қолдана отырып пункциялық дренаждау.
5. жалпы антибиотикотерапия
3
(Ауырлық)═2
5. 36 жастағы науқас бронхоэктазды ауру күдігімен ауруханаға түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Еріндері шамалы көгерген, кеуде торы эмфиематозды кеңейген, саусақтардың «барабан таяқшасы» сиақты өзгерген, перкуторлы дыбыстың қорапша тәрізді, жайылған құрғақ сырылдар. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі жөн деп санайсыз?
1. Бронхоскопия
2. спирометрия
3. бронхография
4. томография
5. кеуде торының рентгеноскопиясы
3
(Ауырлық)═2
6. 55 жасар науқаста көп мөлшерде іріңді қақырықпен, кейде қан кетумен көрінетін бронхоэктазды аурудың айқын белгілері пайда болған. Консервативті ем нәтижесіз. Науқас опиративті ем жасау үшін госпитализацияланған. Емдеу тактикасын анықтаңыз. 1. Төменгі үлесті алып тастау
2. пульмонэктомия
3. емдік пневмоторакс
4. операциядан бас тарту
5. жоғарғы үлесті алып тастау
1
(Ауырлық)═2
7. 55 жастағы науқастың өкпесіне рентгеноскопия жүргізгенде оң жақ өкпенің ортаңғы және төменгі бөлімдерінде инфильтрация анықталған. Осының есебінен көптеген бөлімдерде көлденең денгеймен және секвестр көлеңкесімен тіннің азаюы байқалған. Бұл көріністер қай ауруға тән?
1. бронхоэктазды ауру
2. плевра эмпиемасы
3. бронхопневмония
4. өкпе абсцессі
5. өкпе гангренасы
5
(Ауырлық)═2
8. 44 жастағы науқас 1 жыл бойы тұрақты жөтелгенін айтады. Көктемде және күзде өкпесінің қабынуы себебінен стационарлық емдеуде болған. Объективті зерттегенде тәулігіне жарты литрдей іріңді қақырық анықталады. Оң жақ өкпенің төменгі үлесінде дымқыл, қысқа, үлкен- және орташа көпіршікті сырыл. Еріндері аздап көгерген, саусақтары барабан таяқшалары сияқты. Сіздің болжалды диагнозыңыз?
1. перибронхиальді обыр
2. бронхоэктазды ауру
3. туберкулезді пневмония
4. созілмалы бронхит
5. өкпенің созылмалы абсцессі
2
(Ауырлық)═2
9. 45жастағы науқас ауыр жағдайда госпитализацияланды. Өкпесінің сол жақ бөлімінің ауырсынуы, ауа жетіспеу сезімі, ет жуындысына ұқсайтын көп мөлшердегі қақырық бөлінетін жөтелдер мазалайды. Тексеру кезінде сол жағында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы естілетін үлкен аймақ анықталған, аускультация кезінде – көптеген дымқыл сырылдар естілді. Рентгенограммада сол жақ өкпеде дұрыс емес формадағы қуыстар мен секвестрлердің көлеңкесі көрінетін жайылған қараю байқалады. Мүмкін болатын диагнозды ата.
1. өкпе артериясының тромбоэмболиясы
2. іріңді плеврит
3. пиопневмоторакс
4. сол жақ өкпенің гангренасы
5. актиномикоз
4
(Ауырлық)═2
10. Іріңді қақырығы бар жөтелге шағымданған, бір жыл бұрын ауыр пневмониямен ауырған57 жасар науқасқа рентгенография жүргізгенде өкпенің төменгі үлесінде құрамында сұйықтық пен газы бар дөңгелек образование анықталған. Сіздің болжалды диагнозыңыз.
1. Кавернозды туберкулез
2. өкпенің паразитті кистасы
3. Бронхоэктазды ауруы
4. өкпенің қатерлі ісігі
5. өкпенің созылмалы абсцессі
5
(Ауырлық)═2
11.Науқас А,35 жаста,клиникаға қақырықты жөтелге,кеуде клеткасының сол жақ бөлігіндегі ауырсынуға,ентікпеге,дене температурасының кешке қарай 37.7 С-ға дейін көтерілуіне шағымданып түсті.Анамнезінде:науқаста көп жылдар бойы күз-көктем мезгілдерінде жоғарыда аталған шағымдар қайталанады.Қабынуға қарсы терапиядан кейін науқастың жағдайы жақсарады.Қарағанда:науқастың жағдайы қанағаттарлық,саусақтары «барабан таяқшалары»тәрізді,тырнақтары «сағат шынысы»тәрізді.Кеуденің сол жақ бөлігі тыныс алуда қалып отырады.Перкуссияда:осы аймақта өкпелік дыбыс қысқарған.Аускультацияда:жоғары және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.Диагнозды нақтылау үшін көп ақпарат беретін диагностикалық әдістер?
1.Қақырықты зерттеу,спирография
2.Өкпе тінінің биопсиясымен торакоскопия
3.Плевральді пункция,бронхография
4.Бронхоскопия,компьютерлі томография
5.Ішкі тыныс зерттеуі,кеуде клеткасының рентгеноскопиясы
4
(Ауырлық)═2