
- •Қазақстан Республикасы Білім жӘне ғылым министрлігі қ.И.СӘтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •5В050900 – Қаржы мамандығы үшін
- •Андатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •1.7.1 Қосымша әдебиеттер
- •1.8 Бақылау түрлері бойынша рейтингтік пайыздарды бөлу
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік пайыздарды бөлу
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі «Корпоративтік қаржы» пәні бойынша
- •1.9 Курстың барысы және саясаты
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Сабақ түрлері бойынша сағаттарға бөлінуі
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі
- •1. Айналым активтері және оны басқару
- •2. Айналым капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері
- •3. Айналым активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді кешенді оперативтік басқару саясатын таңдау
- •1. Ақша қаражаттарын басқарудың мақсаттары
- •2. Ақшалай түсімдерді жіктеу, оның қозғалысын өлшеу әдістері
- •3. Босалқы қорлар және оларды талдау
- •4. Босалқы қорларды басқару процесінде қабылданатын негізгі шешімдер
- •1. Дебиторлық берешектер түсінігі
- •2. Дебиторлық берешектерді басқару
- •2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтарының жоспары
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.6 Курс бойынша реферат тақырыптары
- •2.7 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •1.Корпорация қаржысын анықтаудың негiзгi түсiнiктерi.
- •2. Кәсіпорын құрамына қандай жүйе астылар кіреді?
- •3. Қаржылық жоспарлаудың мiндеттерi:
- •4. Кәсiпорынның қаржылық қызметiнен түсетiн түсiмдер түрлерiн көрсетiңiздер:
- •5. Абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi бұл:
- •6. Жоспарлы жылдың басына сатылмаған өнiмнiң қалдығының құрамын көрсетiңiздер немесе өнiмдi сатудан түскен түсiм мен табысты кассалық әдiспен анықтаңыздар:
- •7. Сатылған өнiмнен түскен табысты, түсiмдi анықтау кезiнде қоймада сатылмай қалған өнiмдердiң қалдығын жоспарлау:
- •8. Кәсiпорынның инвестициялық қызметтiнен түскен түсiмдер, табыстар?
- •9.Уақытында төленбеген, жөнелтiлген тауарлар қалдығын және жоспарлау жылының басында жауапкершiлiкте сақтаулы тұрған тауарлар қалдығын жоспарлау:
- •10. Өнiмдердi сатудан алынатын түсiм мен табысты жоспарлау кезiнде, төлеу мерзiмi әлi басталмаған жөнелтiлген тауардың қалдығын жоспарлау.
- •11. Егер кәсiпорынның өтiмдiлiк коэффициентi 0,99 болса, онда ол кредит қабiлеттiлiк тұрғысынан қандай кәсiпорын болып табылады?
- •12. Кәсiпорынның қызметiне қатысы жоқ,өнiмдердi сатудан түскен табысқа, түсiмге әсер ететiн факторлар:
- •13.Өнiмдi (жұмысты, қызметтi) сатудан түскен табысқа әсерiн тигiзетiн өндiрiстiк факторлар:
- •14. Кәсiпорынның, корпорацияның тура инвестицияларды қаржыландыру көздерi:
- •15. Кәсiпорынның негiзгi қызметiнен түсетiн түсiм, табыс.
- •16. Күрделi салымның қаржылық көзi болатын негiзгi меншiк қаражат ресурстарын көрсетiңдер:
- •17. Лизингке анықтамасы:
- •Тест сұрақтарының жауаптары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •5В050900 - Қаржы мамандығына арналған
1. Айналым активтері және оны басқару
Айналым капиталы (айналым құралдары) дегеніміз – ақша қаражаттары және оған бір жыл немесе бір өндірістік циклда айнала алатын компанияның ағымдағы активтері. Таза айналым капиталы (меншікті айналым құралдары) ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмашылықты айтады.
Айналым капиталын басқаруға мыналар кіреді:
ағымдағы активтердің жалпы және оның құрамдас бөліктерінің мақсаты мәнін анықтау немесе реттеу;
кредиторлық борыштың мөлшерін түрлерін, құрылымын анықтау және реттеу. Басқаша айтқанда, қысқа мерзімді қаржыландыру көздерін анықтау және реттеу.
Айналым капиталын бағалауының мақсаты болып кәсіпорынның өндірістік ағымдағы шаруашылығын қамтамасыз ету және оның міндеттемелері бойынша төлемдерін жүзеге асыру сонымен қатар, уақытша бос ақша қаражаттарын қосымша өткізуден басқа табыс алу мақсатында инвестициялау.
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің жалпы мөлшері өтімділіктің жалпы коэфициентінің мәнін анықтайды, ол үшін ішкі фирмалық немесе сыртқы нормативтер бекітілуі мүмкін. Мысалы, банкроттылық пен жағдайсыздық туралы іс бойынша басқару әдістемесінде баланс құрылымы қанағаттанарлық деп мойындау үшін өтімділіктің жалпы коэфициенті екіден кем болмауы тиіс деп бекітілген, яғни таза ақша капиталының ағымдағы міндеттемелерден кем болмауы тиіс.
Ағымдағы активтер (айналым құралдары) өздерінің құрылымы және экономикалық мақсаттылығы бойынша үш топқа бөлінеді:
ақша құралдары;
дебиторлық борыш;
өндірістік материалдық қорлар.
Ақша құралдары абсолютті өтімді болып табылады, ал дебиторлық борыш пен қорлар өтімділігі әр түрлі болуы мүмкін.
Ағымды активтерді мақсатты түрде топтарға бөлу компания қызмет ететін салаға байланысты. Олардың жалпы мөлшері өндірістік процесс тұтылымы мен қосымша мүмкіндік шығымдарды есепке алуы қажет. Мысалы, маусымдық жоғары сұраныс кезінде сатудың жоғары деңгейін сақтап қалу үшін қосымша өндірістік – материалдық қорлар, шикізат сатып алу үшін қосымша ақша құралдары, материалдар мен жалақыға ақша керек болады.
Ақша құралдарын үлкейтудің қосымша мүмкіншілігі болып кредиторларға төлемдер жүргізу уақытын созу шоттарды бөлшектеп төлеу және есеп айырысулардың вексельдік нысаны.
Ақша құралдарының оптималды мөлшерін анықтау үшін қандай да бір болжамдарға ненгізделген ықтимал математикалық және статистикалық моделдер пайдаланылады. Тәжірибеде компаниялар абсолютті өтімділік коэфициентінің ішкі нормативтерін бекітуі мүмкін, яғни ақша құралдарының ағымдағы міндеттемелерге тең қатынасы.
Айналым капиталы, оны тиімді пайдалану көздері. Өндірістік және т.б. қызметпен айналысатын қандай да бір кәсіпорын негізгі және айналым капитал ретінде жұмыс істейтін мүлікке ие болуы қажет.
Айналым капитал дегеніміз - бұл өнімді өткізу процесіне де, өнімді өндіру процесіне де біржола қатысатын, шаруашылық қызметі процесіне қызмет көрсететін қаражаттар.
Кәсіпорынның айналым капиталы өндіріс және айналым процесіндегі ролі бойынша өндірістік айналым қорларына және айналыс қорларына бөлінеді.
Өндірістік айналым корлары (ӨАҚ) өндіріс саласында қызмет етіп, өндірістің материалды негізі болып табылады.
ӨАҚ-дың өндірістік негізгі қордан айырмашылығы мынада:
ӨНҚ |
ОАҚ |
1 . Ұзақ мерзімде қызмет ету; 2. Заттай нысанын өзгертпей, тұтыну нысаны өзгереді, өндіріс қүнын сақтайды; 3. Бір ауыспалы айналымды қүнын жоғалтады. үзақ мерзімде жасайды 4. Өзінің қүнын өндірілген өнімге болуы мүмкін); бөлімдермен көшіреді. |
1 . Бір жолғы өндірістік циклде жүмсалады; 2. Еңбек процесінде заттай үзақ мерзімде өзінің процесінде өзінің түтыну 3. Ауыспалы айналым өндіріс (көбінесе бірнеше жыл); i процесіне тәуелді (бір жылда бірнеше ауыспалы айналым 4. Өзінің қүнын дайын өнімге қо лма-қо л көшіреді. |
ӨАҚ мен айналыс қорларын біртұтас жүйеде айналым капитал біріктіpy мынамен анықталады:
1. Өндіріс процесі - бүл өндіріс процесі мен өнімді өткізу процесінің бірынғайлығы. Айналым капиталдың элементтері өндіріс саласынан айналыс саласына үздіксіз ауысып, қаитадан өндіріске қайтарылады.
2. Үздіксіз процесті құратын, ӨАҚ мен айналыс қорлардың элементгерінің ауыспалы айналымы, қозғалысы бірдей сипатта болады.
Айналым капиталдың келесі элемештерін қарастырайық:
1. Босалқы қорлардағы айналым қаражат - ӨАҚ-ның ең салмақты бөлімі - 70%
а) Шикізат - ауыл шаруашылығы мен кен өндіруші өнеркәсіп өнімі;
б) Материалдар - өндеуші өнеркәсіп саласының өнімі;
в) Көмекші материалдар — отын, ыдыс және тауарды буып-түю үшін қажетті материалдар, босалқы бөлшектер. Олар, өндіріс проценсін жеңілдету мен еңбек қүралын сақтау үшін кызмет етуге арналған.
г) Технологиялық процесте қарастырылған өңдеудің барлық операцияларынан өтпеген сатымдық дүмбіл және жиынтықтаушы бұйым (комплектующие изделие) дайын өнім болып саналмайды.
е) Арзан бағалы және тез тозғыш заттарға - 40 еселік айлық есеп көрсеткішінің құнынан аспайтын бір жылдан аз қызмет атқаратын еңбек құралдары жатады.
Олар - әрбір құралдар, құрал-сайман (инвентар), босалқы бөлшектер, санымен қатар қызмет мерзіміне және құнға тәуелсіз арнаулы киім және арнаулы аяқ киім, төсек орын, уақытша үймереттер мен құрылыс, арнаулы жабдықтар.
2. Айналыс қорлары - 30% кұрайды.
Дебиторлық берешек - төлем мерзімі өтіп кеткеннен кейін жеткізушінің жауапты адамға берешегі.
Дебиторлық берешек әрқашан да айналымнан қаражаттарды шығарып, олардың тиімсіз пайдаланылуын көрсетеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайына қауіп төндіреді.
Айналымның капиталдық ерекшелігі - айналым капиталы шаруашылық субъектінің ағымдағы әр түрлі шығындарынан аванста-лады.
Аванс - болашақ төлем есебінен алдын - ала берілетін ақша не зат. Аванстаудың мақсаты - қажетті материалды, босалқы қорларды, аяқталмаған өндірістің босалқы дайындамаларын, дайын өнімді және оны өткізу шарттарын құру.
Өндіріске салынатын кәсіпорынның айналым капиталы өзінің қозғалысын анықталған тауарды өндіру мақсатымен пайдаланатын -шикізатты, материалды, отынды және т.б. сатып алуға белгіленген ақша қаражатын аванстаудан бастайды.
2-кесте. Айналым капиталы ауыспалы айиалымыныц сатылары мен нысандары
|
1-ші саты |
2-ші саты |
Зші саты |
Айналым капиталы ауыспалы айналымының сатылары |
Ақша сатысы А-Т (жабдықтау) |
Өндіру сатысы Т-Ө-Т7 (өндіріс) |
Тауарлық сатысы Т7-Д7 (өнімді өткізу) |
Авансталған қүнның өзгеру нысандары |
А -> Т7 |
Т/-Ө-ТР |
' Т -> А |
Кәсіпорын қорлары мен авансталған каражаттарының ауыспалы айналымы |
А — » Босалқы қорлар Айналыс қорлар |
...БҚ-Ө- - Дайын Өнім ӨАҚ |
ДӨ-А7 Айналыс қорлары |
Өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, айналым капитал біржола барлық сатыларда жұмыс істейді. Айналым қаражатты ұйымдастыру мынадан тұрады:
- айналым қаражат құрамы мен құрылымын (%) анықтау;
- айналым қаражаттарға кажеттілікті анықтау;
- айналым қаражаттарды қалыптастыру көздерін іздеу;
- айналым қаражаттарды иелену және оларды тиімді пайдалану.
Өтімділік деңгейіне қарай айналым қаражат құрамында тез-жылдам өткізілетін қаражаттар (активтер) мен тез-жылдам өткізілмейтін қаражаттар активтер қарастырылады:
1. Жылдам өткізілетін қаражаттарга қысқа мерзімді қаржылық қаражаттар жатады: депозиттер, кұнды қағаздар, алып-сату мақсатымен алынған тауарлар мен мүліктер;
2. Жылдам өткізілмейтін қаражаттар болып саналатындар: дүмбіл заттар, аякталмаған ендіріс, қоймадағы өтімсіз тауарлар, күмәнді борыш.
3. Кәсіпорынның қорларының ауыспалы айналымын ұйымдастыруда меншік айналым қаражаттар маңызды роль атқарады. Алғашқы кезде меншік айналым капиталы кәсіпорын құру кезінде жарғы капиталдан қалыптасады. Алайда, кәсіпорынның меншік айналым капиталы кәсіпорынның алынған табысы арқылы толтырылады.