Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоративтік қаржы УМК (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

2. Ақшалай түсімдерді жіктеу, оның қозғалысын өлшеу әдістері

Ақшалай қаражаттар нарыкқа өтетін экономиканың тежеуші ресурсы болып табылады. Және өндірістік коммерциялық қызметте кәсіпорын табысы әкімшіліктің ол қаражаттарды қалай орналастырып, қалай жұмсалғанынан көрінеді.

Батыстағы ақшалай түсімдермен басқару - қаржылық менеджердің (директордың) қызметінің шешуші сәттерінің бірі. Қызметтің бұл бағыты өзіне келесілерді енгізеді:

  • ақшалай қаражаттың қозғалу есебі;

  • бухгалтерлік есептің берілімдері бойынша ақшалай (қаржылық) түсімдердің анализі;

  • корпорацияның қаржылық тұрақтылығына ақшалай түсімдердің әсерін бағалау;

  • тұрақты төлем қабілеттілікті үстауға арналған ақшалай қолма-қолдылық резервін анықтау;

  • болашақ ақшалай түсімдерді айға, кварталға, жылға болжамдау.

  • «Ақшалай түсім» - ағылшынша Cash Flow аналогы (қолма-қол түсім) - корпарацияның белгілі-бір мерзімдегі ақшалай қаражаттар Козғалысының нәтижесін көрсететін параметр.

Стратегиялық басқаруға корпоративтік қаржылармен қоса аКШалай ресурстардың жалпы көлемі, бір жыл ішіндегі оның Қозғалысының теңдігі ете маңызды. Бұл қаржылық шешімдер үшін > қажет:

  1. Шығындар және түсімдердің тура классификациясын білу пайда және шығыстардың, есеп беру мерзіміндегі табыстардың маңызды сомасы қандай көздерден алынғанын анықтау үшін және ол қандай мақсаттарға бағытгалған.

  2. Корпорацияның қызметіне тиімді ішкі және сыртқы факторлардың эсер етуін объективті тексеру мүмкіндігін білу.

  3. Аналитикке тиімді уақытта ақпаратты оперативті алу.

Үлкен компанияларға тиімді болып табылатын, кәсіпорынның ақшалай түсімдерін басқару өзін-өзі қаржыландыру стратегиясымен үзіліссіз байланыста. Берілген стратегия өндірісті дамыту бойынша шығындарды өз қаражаттарының есебінен жабуды қарастырады.

Қазіргі Қазақставда ұзақ мерзімді экономиканың құлдырауы халық шаруашылығы секторға өте күшті көрінді, ол халық шаруашылығын өндірісінің төмендеуін көрсетеді, инвестициондык және инновациондық белсенділігінің төмендеуін, өнеркәсіптің ғылыми-техникалық патенциалының әлсіреуін және мемлекеттің қаржы жүйесінің бұзылуын көрсетеді,

Берілген процестің негізгі жағымсыз жақтары:

  • экономика секторының және айналым сферасының дамуындағы теревдетілген диспропорция.

  • кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне басқару жүргізу үпгін құқықтық сүрактардың қүрылмауы.

Инвестициялық жобаларды бағалауда ақшалай түсімдер (Cash Flow - CF) формуламен анықталады.

CF = ТТ-*- АЕ - инвестициялық шығындар ұ таза айналым капиталының өзгерісі. (11.1) мүндағы ТТ- жобадан алынатын таза табыс. АЕ- амортизациялық есептеулер.

Таза айналым капитал - айналым активтері минус қысқа мерзімді міндеттемелер. Егер CF}0 болса инвестициондық жоба инвесторға табыс әкеледі; егер CF=0 болса инвестор жобаға қызықпайды; егер CF(0 болса инвестор шығынға үшырайды, яғни жобадан қүтылу керек.

3. Босалқы қорлар және оларды талдау

Тауарлы-материалдық босалқылар – бұл шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер мен басқадай материалдар түріндегі активтер.

Тауарлы материалдық босалқылар өндірісте пайдалану үшін немесе жұмыс, қызметтер орындауда, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар шығару үшін арналған. Өздерінің өзгешіліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай барлық босалқылар негізгі және көмекші материалдар болып бөлінеді.

Кәсіпорында тауарлы материалдық босалқыларды есебін ұйымдастыру үшін олардың атқаратын міндеттеріне қарай дұрыс топтастыру маңызды: шикізат және материалдар, көмекші материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қалдықтар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер.

Материалдық босалқылар қозғалысы мен байланысты барлық операцияларды құжаттайды. Материалдармен бірге келіп түсетін шот-фактураларды, төлем талабы-тапсырмасы, тауар көліктік накладнойын жабдықтау бөліміне немесе бухгалтерияға өткізеді. Мұнда оларды қабылданған жүктерді есепке алу журналына тіркейді.

Материалдардың қабылдануы бойынша келесі құжаттар толтырылады: сенім хат, берілген сенімхаттарды есепке алу журналы, кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, жетіспеушілігі және жоғалуы туралы акт, табиғи жетіспеушілік мөлшерінде жоғалуы туралы акт, материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы акт.

Материалдарды қоймадан босату кезінде толтырылатын құжаттар: лимитті заборлы карта, материалдарды ауыстырып беру акт талаптамасы.

Қоймадағы материалдық босалқылардың есебін материалды жауапты тұлға натуралды өлшемде материалдарды есепке алу картасында жүргізеді. Әр босалқының номенклатуралық нөміріне жеке карта ашылады.

Материалдардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды қабылдап алуды бухгалтер қоймада «Құжаттарды қабылдап-тапсыру реестрін» толтыру арқылы жүргізеді.

Босалқылардың есебін бухгалтерияда жедел бухгалтерлік /сальдолық/ әдіс бойынша ұйымдастырады. Сальдолық әдістің мәні мынада: босалқылардың саны бойынша есебін тек қана қоймада жүргізіп, бухгалтерияда сақталу орны және субшот немесе босалқылардың әр тобы бойынша ақшалай өлшемде есепке алу.

Бухгалтерияда бастапқы құжаттардың мәліметтері негізінде материалдарды есепке алу жинақтау ведомосі толтырылады. Ведомостың мәліметтері бухгалтерлік және қоймалық есеп мәліметтерін салыстыру қолданады.

Материалдардың қалдығы кітабы бухгалтерияда сақталады, материалдардың қалдығы жөнінде мәлімет қажет кезінде қолданылады. Айдың соңында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі материалдық құндылықтардың ай соңындағы қалдығын жазып, оны өзінің мөрімен растайды.

Тауарлы-материалдық босалқылар өзіндік құнның және сатудың таза құнының ең төменгі мәні бойынша бағаланады. Сатудың таза құны босалқылар толық немесе жартылай секіргенде, бүлінгенде немесе сату бағасы төмендеу себептерінен нақты өзіндік құнын қайта қалпына келтіруге болмайтындықтан қолданылады.

Бухгалтерлік есептің стандарттарына сай кәсіпорындарға материалдық босалқыларды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: орташа өлшенген құндық әдіс, босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау /ФИФО/ әдісі, босалқыларды соңғы сатып алғандардың бағасы бойынша бағалау /ЛИФО/ әдісі, арнайы идентификациялау /бірыңғайлау/ әдісі. Аудармалы әдебиеттерде «ФИФО», «ЛИФО» сөздері қолданылса, бұл сөздер «ФИФО», «ЛайФО» деп те айтыла береді.

Жұмсалған материалдар тұтынушылардың шоттарына нақты өзіндік құнымен есептен шығарылады. Тауар материалдық босалқылардың есебінің жүйесі үздіксіз және кезеңдік болып бөлінеді.

Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:

Мұнда: К°З - материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;

SN - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

ЗС - өндірістік қорлардың орташа құны.