Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоративтік қаржы УМК (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Глоссарий

Банк кастодиан - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттық бағалы қағаздарды сақтау және клиент ақшасын есепке алуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға

Корпоративті жинақтаушы зейнетақы қоры - берілген жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың жұмысшы-алушылары үшін құрылатын жинақтаушы зейнетақы қоры

Зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорынан аударымдарды ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары

Меншікті капитал - жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны

Кредиттік серіктестік - жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның ішінде банктік қызмет көрсетуге деген қажеттерін олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға

Қосымша жарна - қатысушының кредиттік серіктестік мүлкіне берген ақша сомасы

Міндетті салым - қатысушының кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталына енгізуге жататын ақшасы

Кредиттік комитет- кредиттік серіктестіктің өзінің кредит саясатын жүзеге асыратын бөлімшесі

Актуарий - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қажетті төлемқабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға

Сақтандыру агенті - берілген өкілеттілігіне сәйкес сақтандыру ұйымдары атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау жөіндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға

Сақтандыру брокері - сақтандыру және қайта сақтандыру сұрақтары бойынша консультациялық қызметтi, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға

Сақтандыру - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi

Өмірді сақтандыру - сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы

Аннуитеттік сақтандыру - Сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде периодты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы

Құқықтық тәуекел - сақтандыру ұйымының ҚР-сы заңдылығы талаптарын бұзуы жағдайында пайда болатын, шығындардың пайда болу тәуекелі

Операциялық тәуекел - сақтандыру ұйымының ішкі бақылауды ұйымдастыру талаптарын бұзу салдарынан пайда болатын шығындар тәуекелі

Өтімділіктің жоғалу тәуекелі - сақтандыру ұйымының өзінің міндеттемелерін орындамауы немесе уақытылы орындамау кезінде пайда болатын тәуекел

Нарықтық тәуекел - нарық бағаларының толқуы нәтижесінде сақтандыру ұйымының капиталы және табысы үшін ағымдағы немесе перспективалық тәуекел

Валюталық тәуекел - сақтандыру ұйымының өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел валютасының курсының өзгерісімен байланысты пайда болатын шығындар

Проценттік тәуекел - сыйақы ставкаларының өзгерісімен байланысты шығындар тәуекелі

Репутациялық тәуекел - сақтандыру ұйымына сенімнің төмендеуі немесе негативті қоғамдық пікір салдарынан пайда болатын шығындар тәуекелі

Портфельдік тәуекел - сақтандыру ұйымының қаражаттары инвестицияланған бағалы қағаздар курсының және олардың табыстылығының төмендеуі, өтімділігін жоғалту нәтижесінде, сондай-ақ оның эмитентінің жағдайының құлдырауы нәтижесінде пайда болатын шығындар тәуекелі

Трансферттік тәуекел - шетел мемлекеттерінің немесе шетел мемлекеті резидентінің сақтандыру ұйымы алдындағы міндеттемелері бойынша жауап бермеуі салдарынан пайда болатын тәуекел

Ашық инвестициялық қор - 2 аптада бір рет оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан заңда және инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуды талап ету құқығы берілетін инвестициялық қор түрі

Аралық инвестициялық қор - пайды ұстаушыларға жылына бір рет басқарушы компаниядан заңда және инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуды талап ету құқығы берілетін инвестициялық қор түрі

Жабық инвестициялық қор - пайды ұстаушыларға пай бойынша дивиденд алуға, қордың жалпы жиналысына қатысуға құқық беретін, бірақ басқарушы компаниядан пайды сатып алуды талап ету құқығы жоқ инвестициялық қор түрі

Басқарушы компания - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензия негізінде инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы

Инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсаттарын, стратегиясын, шарттарын, оларды шектеуді, қор активтерін хеджирлеу, диверсификациялау шарттарын айқындайтын құжат

Тәуекелмен инвестицияланатын қор - инвестициялық декларациясында немесе ережелерінде белгіленген инвестициялау шарттарын сақтамай қордың активтерін инвестициялау мүмкіндігі көзделген инвестициялық қор

Пайдың есептеу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі

Пайдың нақтылы құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі

Инвестициялық пай қорының ережесі - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттарымен тәртібін айқындайтын құжат

Пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтердің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды нақтылы құны бойынша орналастыру кезеңі

Диверсификация - инвестициялық қор активтерін олардың құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру

Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қоры - екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ететін заңды тұлға

Салым (депозит) бойынша орнын толтыру - депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорымен төлеуге жататын ақша сомасы

Банк төлемдері - қайтару бойынша міндеттемелері кепілденетін, салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерінде қатысушы-банкпен депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорына аударылатын ақша сомасы

Қатысушы-банк - жеке тұлғалардың салымдарын қайтару бойынша міндеттемелері ережеге сәйкес кепілденетін, қатысушы куәлігі бар, банк

Банк-агент - депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорымен агенттік келісім негізінде салымшыларға орнын толтыру төлемдері бойынша шараларды жүзеге асыратын банк

Еншілес банк - жарғылық капиталының 50 пайыздан артық бөлігі орталық банкке тиесілі ІІ деңгейдегі банк

Банк филиалы - банк берген өкілеттілік шегінде банк атынан банктік операцияларды іске асыратын банктің орналасу орнынан тысқары орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын, банк бөлімшесі

Банк өкілдігі - банк тапсырмасы бойынша немесе банк атынан қызметететін және банктік операцияларды іске асырмайтын, банктің орналасу орнынан тысқары орналасқан заңды тұлға болып табылмайтын банк бөлімшесі

Банктің есеп кассалық бӨлімі - ҚР территориясында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын филиал немесе өкілдік статусы жоқ, заңды тұлға болып табылмайтын, уәкілетті орган келісімі негізінде құрылған банктің аймақтық ерекшеленген бөлімшесі

Банктік холдинг - банктің дауыс беретін акцияларының 25 пайызын тура және жанама иемденетін ҚР-ның резидент және резидент емес заңды тұлғасы

Кассалық операциялар - банкноталарды және монеталарды қабылдау, беру, сақтау, айырбастаумен байланысты операциялар

Есептік операциялар - жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және басқа қарыздық міндеттемелерін есептеумен байланысты операциялар

Аударымдық операциялар - ақшаны аудару бойынша бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау

Заемдық операциялар - төлемділік, мерзімділік және қайтымдылық жағдайында ақшалай формада несиелерді ұсынумен байланысты операциялар

Сейфтік операциялар - құжаттық формада шығарылған бағалы қағаздарды сақтау бойынша қызметтер

Ломбардтық операциялар - жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарға және басқа мүлікке (қозғалмалы мүлікке) кепілдікке қысқа мерзімді несиелер ұсыну

Банкаралық клиринг - төлемдерді жинау, тексеру, сұрыптау және растау, сонымен қатар олардың өзара есеп айырысуын жүргізумен байланысты операциялар

Брокер-дилерлік қызмет - банктердің сенімді тұлға немесе комиссионер ретіндегі бағалы қағаздармен азаматтық құқықтық мәмілелер жасауы

Бағалы қағаздарды басқару бойынша қызмет - банктердің, басқа тұлғалардың бағалы қағаздарымен, осы тұлға мүддесі үшін сеніп басқаруды жүзеге асыруы және осы қызметі үшін сыйақы алуы

Лизинг - құрал жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды төлем төлеу шартымен белгіленген мерзімге пайдалануға беруді қарастыратын жалға беруді қарастыратын жалға беру шарты

Факторинг - клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (счет фактура, вексель) бойынша төлемді талап ету құқығын басқаға беру

Форфейтинг - орта мерзімді экспорттық қаржыландыруды ұсыну әдісі

Трасттық операция - клиенттің сенімді тұлғасы ретінде, оның мүлкін басқаруға немесе тапсырмасы бойынша басқа да қызметтер көрсетуге байланысты банктің операциялары

Инвестициялық қорлар - бағалы қағаздар нарығында инвестролар құқығын қорғау және ақшалай қаражаттарды тарту және оларды бағалы қағаздарға диверсификациялау жолымен, инвестициялық тәуекелдерді жеңілдету мақсатында құрылатын және қызмет ететін заңды тұлғалар

Пай - инвестициялық пай қорындағы меншік иесінің үлесін, қор активтерін өткізуден алынған ақшаны алуға құқық беретін құжатсыз формада шығарылатын, эмиссиялық, атаулы бағалы қағаз

Жылжымайтын мүлік ипотекасы - кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы кепілге берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі және пайдаланылуында қалатын, кепіл түрі

Ипотекалық шарт - тараптардың негізгі міндеттемені қамтамасыз етуде ипотеканы белгілеу туралы келісімі

Ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген банк қарызы

Ипотекалық куӘлік - негізгі міндеттеме бойынша оның заңды иемденушісінің құқықтарын растайтын ордерлік бағалы қағаз

Негізгі міндеттеме - ипотекамен толық немесе жартылай қамтамасыз етілген борыштық және де өзге де міндеттеме

Кепіл беруші - жылжымайтын мүлкі немесе ондағы үлесі ипотеканың мәні (ипотека заты) болып табылатын тұлға

Кепіл ұстаушы - негізгі міндеттеме бойынша міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген тұлға

Қазақстан Ипотекалық компаниясы - тұрғындарға ұзақмерзімді ипотекалық несиелер беретін, кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын, ипотекалық несиелердің екінші нарығының операторы

кредиттік досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берілген, микрокредиттік ұйым әрбір қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәліметтер

Брокерлік қызмет - клиент есебінен және оның мүддесі үшін тапсырыс келісімі немесе комиссия келісімі негізінде бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық келісім шарттарды жасау бойынша қызмет

Дилерлік қызмет - өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық келісім жасау бойынша қызмет

Кредиттік бюро - кредиттік тарихты қалыптастыру, кредиттік есепті ұсыну және басқа қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым

СП ОӘК Қаржы және маркетинг кафедрасының

мәжілісінде талқылынған

20__ж. __________ № __ хаттамасы

СП ОӘК Экономика және бизнес институтының

Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған

20__ ж. ___________ №__ хаттамасы