Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоративтік қаржы УМК (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

7. Сатылған өнiмнен түскен табысты, түсiмдi анықтау кезiнде қоймада сатылмай қалған өнiмдердiң қалдығын жоспарлау:

А) тиелген және өндiрiлген өнiмдердiң көлемi - сатып алушылардағы сақтау жауапкершiлiгiне қабылданған өнiмдердi ескере отырып;

B) тиелген өнiмнiң қалдығы + қоймадағы шығарылған өнiм - өткiзiлген өнiм көлемiн ескере отырып;

С) ағымдағы жылдың басы мен аяғына қоймадағы өнiмнiң қалдығы, ағымдағы жылдағы өзгерiстердi ескере отырып;

D) нақты қалдықтар - есептi жылы өнiмдi өткiзу + ағымдағы жылдың соңына дейiнгi өндiрiлген өнiмдi ескере отырып;

Е) өнiмнiң нақты барына және келiсiм шарт негiзiнде тауарлы өнiмнiң алдағы уақытта шығарылып сатылуына негiзделедi.

8. Кәсiпорынның инвестициялық қызметтiнен түскен түсiмдер, табыстар?

А) артық тұрған өндiрiстiк негiзгi құралдарды, облигацияларды, акцияларды және айналымдағы активтердi сатудан түскен түсiмдер;

B) артық тұрған өндiрiстiк құралдарды, айналым құралдарын, құрылыстарды, жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер;

С) амортизация есептелмейтiн негiзгi құралдарды сатудан түскен түсiмдер;

D) шет жақта жүргiзiлген құрылыс-монтаждау жұмыстарынан және негiзгi қорлардың артық мүлiктерiн сатудан түскен түсiмдер;

Е) айналымнан тыс активтердi, ұзақ мерзiмдi активтердi және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржылық нәтиже түрiнде көрiнiс табады.

9.Уақытында төленбеген, жөнелтiлген тауарлар қалдығын және жоспарлау жылының басында жауапкершiлiкте сақтаулы тұрған тауарлар қалдығын жоспарлау:

А) төлемеу себептерiнiң оперативтi мәлiметтерi және оларды қысқарту үшiн қолданылатын шаралар негiзiнде;

B) ағымдағы жылдың мәлiметтерiнiң негiзiнде түзету енгiзiлген соңғы екi жылдағы қалдықтар туралы мәлiметтерге негiзделедi;

С) ағымдағы жылдың 1-шi қазанындағы нақтылы мәлiметтерге сүйене отырып 4 кварталда болуы мүмкiн өзгерiстерге түзету енгiзу арқылы;

D) ағымдағы жылдыњ өндiрiсiнiң көлемi мен өнiмдердi өткiзу көлемi және осы баптардыњ өткен жылдағы қалдықтары бойынша;

Е) өнiмдердi сату кестесiне, ағымдағы жылдағы төлем әдiсiне және соңғы жылдардағы өнiмдi өндiру көлемiне сүйене отырып.

10. Өнiмдердi сатудан алынатын түсiм мен табысты жоспарлау кезiнде, төлеу мерзiмi әлi басталмаған жөнелтiлген тауардың қалдығын жоспарлау.

А) соңғы 2-3 жылдағы қалдықтардыњ құрылымын талдау негiзiнде және ағымдағы жылдағы сатылатын өнiмнiң орташа көлемiне түзету енгiзу;

B) ағымдағы жылғы қоймадағы дайын өнiмдердiң көлемi және ағымдағы жылда сатылатын өнiмнiң көлемiне түзету енгiзу;

С) осы баптың қалдығы бойынша жоспарланған жылдың басына және аяғына өндiрiстiң көлемiн ескере отырып;

D) қала iшiнде және сыртындағы есептесулер үшiн қойылған құжат айналымының мерзiмiн, төлемдердiң құрылымын, кестесiн, төлем әдiсiн талдау негiзiнде;

Е) өнiм өндiрудiң көлемi мен оны сатуды есепке ала отырып, жоспарлы жылдың басына қоймадағы қалған дайын өнiмдердiң қалдығы.

11. Егер кәсiпорынның өтiмдiлiк коэффициентi 0,99 болса, онда ол кредит қабiлеттiлiк тұрғысынан қандай кәсiпорын болып табылады?

А) кредит төлеуге қабiлеттi;

B) шектелген кредит қабiлеттi;

С) кредит төлеу қабiлеттiлiгi жоқ;

D) қаржылық тұрақсыз;

Е) қаржылық тұрақты;