Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоративтік қаржы УМК (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

2.7 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары

1.Корпорация қаржысын анықтаудың негiзгi түсiнiктерi.

А) "Жоспарлы ақшалай қатынастар", "Ақша қаражаттарын қалыптастыру", "Кәсiпорынның қол астындағы";

В) "Қаржылық ресурстарды құрайтын ақшалай қатынастар", Орталықсыздандырылған тәртiпте пайдаланылатын;

С) "Экономикалық қатынастар жиының, "Ақша қаражаттар қорларын қалыптастыру мен пайдалану, "Корпорация қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн;

D) мемлекет пен кәсiпорындар қажеттiліктерi үшiн орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ақша қаражаттарын құру мақсатындағы қатынастар;

Е) "Экономикалық қатынастар" қаржы ресурстарын шоғырландыру арқылы мемлекет пен кәсiпорындардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.

2. Кәсіпорын құрамына қандай жүйе астылар кіреді?

А) басқаратын және басқарылатын;

В) басқарылатын және бақылау;

С) қаржы және бақылау;

D) басқаратын және өндірістік;

Е) өндірістік және қаржы.

3. Қаржылық жоспарлаудың мiндеттерi:

А) шаруашылық қызметтi қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;

B) бюджет және банктермен қаржылық қатынастарды анықтау, өзiн-өзi қаржылындыру принципi бойынша шығындар мен табыстардың нақты тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету;

С) кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабiлеттiлiгн бақылау;

D) өзiндiк құнды азайту, өнiмнiң сапасын жақсарту және өндiрiстiң рентабельдiлiгiн өсiру арқылы пайданы арттыру;

Е) жоғарыда аталғанның барлығы дұрыс.

4. Кәсiпорынның қаржылық қызметiнен түсетiн түсiмдер түрлерiн көрсетiңiздер:

А) бағалы қағаздарды, негiзгi және айналым құралдарды, айналымнан тыс активтердi өткiзуден түсетiн түсiмдер;

B) бағалы қағаздарды және кәсiпорынның айналымнан тыс активтерiн өткiзуден түсетiн түсiмдер;

С) артық, керексiз негiзгi қорлар мен айналым құралдарын өткiзуден түсетiн түсiмдер;

D) инвесторлар арасында облигацияларды, акцияларды жғне басқа да бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесiнде түсетiн түсiмдер;

Е) айналымнан тыс активтердi, артық, керексiз өндiрiстiк қорлар мен айналым қаражаттарын өткiзуден тұсетiн түсiмдер.

5. Абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi бұл:

А) ақша қаражаттары, айырысулар және басқа да активтер, ағымдағы мiндеттемелер;

B) ақша қаражаттары, ағымдағы мiндеттемелер;

С) ағымдағы активтер, ағымдағы мiндеттемелер;

D) ағымдағы мiндеттемелер, ақша қаражаттары, қорлар мен шығындар;

Е) айналым қаражаттары, ағымдағы мiндеттемелер.

6. Жоспарлы жылдың басына сатылмаған өнiмнiң қалдығының құрамын көрсетiңiздер немесе өнiмдi сатудан түскен түсiм мен табысты кассалық әдiспен анықтаңыздар:

А) төлеу мерзiмi әлi басталмаған қоймадағы дайын өнiмдер, жөнелтiлген тауарлар;

B) төлеу мерзiмi әлi басталмаған қоймадағы дайын өнiмдер мен жөнелтiлген тауарлар, төлеу уақытында төленбеген жөнелтiлген тауарлар, сақтау жауапкершiлiгiне қабылданған тауарлар;

С) жөнелту үшiн келiсiм шарты жасалынатын өндiрiстегi дайын өнiмдер және төлеу шоттары банкке өткiзiлген дайын өнiмдер;

D) төлеу шоттары банкке өткiзiлген дайын өнiм, сатып алушыларда сақтау жауапкершiлiгiне қабылданған тауарлар;

Е) сатуға жөнелтiлген бiрақ уақытында төленбеген дайын өнiмдер және төлем мерзiмi әлi басталмаған жөнелтiлген тауарлар.