Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоративтік қаржы УМК (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім жӘне ғылым министрлігі қ.И.СӘтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Экономика және Бизнес Институты

Қаржы кафедрасы

Студенттің пәндік

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Корпоративтік қаржы пәні бойынша

5В050900 – Қаржы мамандығы үшін

Алматы 2012

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 5В050900 - Қаржы мамандығы бойынша «Корпоративтік қаржы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Құрастырған: Бектемирова Н.Т. Алматы: ҚазҰТУ, 2012. 91 б.

Құрастырушы Бектемирова Нұргүл Турсыновна, аға оқытушы

Андатпа

Корпорацияның қаржылық механизмінің теориясы мен қаржылық құралдарды стратегиялық және ағымдағы қаржының жалпы теориялық тұжырымдамдарын және дамыған, қаржы нарығында, бағалы қағаздардың құнын қалыптастыруға бағытталған акционерлік компанияның қаржылық басқарудың тәжірибелік әдістерін қамтиды. "Корпоративтік қаржы" курсының мазмұны меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастыру, қаржыландырудың сырткы көздерін тарту, оларды бөлу мен пайдалану, сондай-ақ негізгі өндірістік қорлар мен айналым қаражаттарын, өндірісті және өнім, қызмет көрсету жұмысты өткізуді қалыптастыру процесінде пайда болатын ақша қатынастары жүйесі болып табылады.

Корпоративтік қаржы мемлекеттің бірыңғай қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен жалпы қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлтгық байлық кұрылатын материалдық өндіріс саласына қызмет көрсетумен айқындалады. Мәні жағынан корпорациялар қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Олар өндіріспен тығыз байланысты және экономика дамуының заңдылықтарын көрсетеді, экономикалык бизнестің құрамына кіретін категория болып табылады.

Корпорация қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуіне елеулі әсер етеді. Неғұрлым кәсіпорындардың қаржылык жағдайы мықты әрі берік болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық акша қорлары толығымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және қоғамның басқа да қажеттіліктері жергілікті түрде қанағаттандырылады.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) осы пәннің негізгі мазмұнын айқындайды және келесіден құрылады: пәннің оқу бағдарламасы, курстың тақырыптық жоспары, дәрістік сабақтардың конспектісі, тәжірибелік сабақтарды жүргізудің жоспары, студенттердің өздік жұмысы, тестілік және емтихан сұрақтары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, глоссарий.

ОӘК пайдалану олардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге, оқу үрдісін ұтымды жоспарлауға, оқу материалын игеруге және өздік жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2012

1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Бектемирова Нұргүл Тұрсыновна, аға оқытушы

Байланыс түрі 257-70-89 (70-89)

Кафедрада болатын уақыты 219 БОҒ