
- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
Бала денесін шынықтыру
Баланы суға жүзуге бейімдеудің де алғашқы әрекеттерін жасаған жөн, ол үшін педиатр - дәрігермен ақылдаса отырып, нәрестенің тыныс жолдарын, жүрек - қан тамыры жүйелерін бір қалыпты жетілдіруге арналған ережелерді бұлқытпай орындау қажет. Алғашқы дағдыны мамандардың бақылауымен жүзеге асырған жөн.
Сонымен қатар, баланы жасынан шынықтырудың бірнеше түрлері бар. Бұл шара ағзаның қоршаған ортасының әсеріне төзімділігін арттырады. Шыныққан бала ауырмайды, ал ауырса - ауру жеңіл түрде өтеді.
Шынықтырудың бірнеше түрі бар, олар: ауа ваннасы, сумен шынықтыру, күнге қыздырыну. Оның негізгі ережесі мынадай болады:
- Жүйелі түрде жүргізу,
- Бірқалыпты жүргізу,
- Оны емшек жасынан бастап, өскен сайын қалыпты түрде жалғастыру,
- Ағзадағы өзгерістерді үнемі бақылап, оны қортындап тұру,
- Шынықтыруды әуелі аз-аздап бастап, бірте-бірте көбейту.
6-12 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
А у а в а н н а с ы. Нәрестенің жөргектерін ауыстыру да, киіндіру де, шомылдырар алдында шешіндіру де - баланың алғашқы ауа ваннасы , алғашқы шынықтыру процедурасы болып саналады. Емшектегі нәресте ауа ваннасын үйде қабылдаса да,
сыртта қабылдаса да ауаның жылылығы 22º-тан төмен болғаны жөн. Ауа ваннасын қабылдауды уақытын ұзарта тұрып, нәрестені күніне 1-2 рет шешіндіруге болады. Сонан соң алты айға дейінгі баланың ауа ваннасын қабылдау мерзімі 15 минуттай дейін болуы керек. Ал ауаның жылылығы 17о-18о болуы мүмкін.
Б а л а н ы с у м е н ш ын ы қ т ы р у. Баланы сумен шынықтыру өте пайдалы. Оған да бірте-бірте, абайлап кірісу керек. 5-6 айлық нәрестенің денесін дымқыл шүберекпен ысқылаған жөн. Дымқыл шүберек қолғаппен әуелі баланың қолын, кеудесімен ішін, арқасын, құйрығын, аяғын ысқылайды, сонан соң түкті орамалмен аздап қызарғанша дейін сүртеді. Әдетте ысқылауды таңертең жасаған жөн.
Ұзақтығы 4-5 мин, судың бастапқы жылылығы 33-36ºС, бір-екі жұмадан кейін 1º-тан төмендете, оны 28-30º-қа дейін жеткізу.
Нәресте денесінің жетілу кезінде қолданылатып әдістің бірі - ол судың жылылығын ауыстыра отырып шынықтыру, жасынан суда жүзуге үйрету болып табылады.
К ү н с ә у л е с і м е н ш ы н ы қ т ы р у. Емшек жасындағы баланы тура күн сәулесімен шынықтырмайды. Тек қана күннің әлсіз шашыраған сәулесіне (тал көленкесі, немесе басқа да сая-бақтың арасында) 5-10 минут бойы баланы серуендетуге болады.
Нәрестені дені сау етіп тәрбиелеу үшін оның ата-анасына міндетті түрде кеңестер беріп түру қажет.
Тамақтандыру
«Ас – адамның арқауы» дейді халық. Тамақпен адам ағзасы қажетті заттармен бірге өсуге керекті пластикалық заттарды қабылдайды. Баланы қалыпты тамақтандыруы оның дұрыс дене құрылысымен, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қарсыласуын қамтамасыз етеді.
Бір жасқа дейін балаларды қоректендірудің 3 түрі бар: т а б и ғ и, а р а л а с және ж а с а н д ы.
Т а б и ғ и қ о р е к т е н д і р у, ол – 6-айға дейін баланы тек анасының сүтімен қоректендіріп, алты айдан кейін қосымша тамақ беру.
Егерде бала өмірінің бірінші жұмаларынан немесе айларынан бастап ана сүтімен қоректенбей, сиыр сүтінен әзірленген қоспалармен қоректенсе – тамақтандырудын осы түрін ж а с а н д ы қ о р е к т е н д і р у деп атайды.
А р а л а с қ о р е к т е н д і р у кезінде ана сүті жетіспеген балаға өз сүтімен қатар сүт қоспаларын да береді.