Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕД. КАЗ.лекции для мс,.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.14 Mб
Скачать

СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері

Жаңа туған баланың қаңқасы әсіресе омыртқа бағанасы, білезік, жамбас сүйектері, шеміршек тінінен құрылған.

Жаңа туған баланың сүйек тіні химиялық құрамына қарағанда суға бай және қатты заттарға сұйық болып келеді. Ол қан тамырларға бай, талшық құрамды. Осы ерекшеліктерге байланысты бала сүйектері өте жұмсақ, баланың жағдайына байланысты (баланы анасы дүрыс қолына отырғызбаса, киімі өте тығыз болса, т.б. себептерге байланысты) тез майысады да сымбатының бұзылуына әкеліп соқтырады. өсе келе, баланың сүйектер құрамы ересек адамның сүйек құрамына жақындайды.

Баланың сүйектері 2-3 жасына таман өте тез өседі, талшықты тін пластинкалы тінге аударылады. 12 жаста баланың сүйек құрамы ересектер сүйегінің құрамына жақындайды.

Баланың б а с с ү й е г і құрамында да ерекшеліктер бар. Нәрестеде сүйек арасындағы тігістері өте жеңіл шұқыланып тұрады. Төбе және маңдай сүйектер арасында сүйек тіні жоқ, тек дәнекер жарғақпен жабылған бөлігі бар.оны үлкен еңбек деп атайды, оның түрі ромб тәріздес, көлемі 2-2,5 см, бала 12-15 айға толғанда жабылады. Төбе сүйектері және шүйде арасында үш бұрышты кіші еңбек жайғасқан. Ол нәрестелердің тек 25% ашық болады, және 3 айында жабылады.

О м ы р т қ а б а ғ а н а с ы негізінде шеміршектерден құрастырылған, иіндері жоқ, тік болып келеді. Тек 2 айында физиологиялық мойын лордозы пайда болады(басын ұстай бастағанда), 6 айында – кеудесі артқа майысады (отыра бастағанда), 1 жасында – бел лордозы (жүре бастағанда) пайда болады. 3-4 жасқа таман баланың омыртқа бағанасының түрі ересек адамдардың түріне жақындайды. Тәрбиелеудің жағымсыз шараларында, күтімнің кемістігіне байланысты омыртқа бағанасы бір жаққа майысып кетуі мүмкін (сколиоз).

Б а л а к е у д е с і бөшке тәріздес, қабырғалары тігінен орналасқан, олар омыртқа бағанасына қарағанда 900 орналасқан. Осыған байланысты, кеуденің қимылдары нашарлайды, өкпенің жазылуы нашарлайды. Бала өсе келе, қабырғалары төмен түседі, кеуде түрі өзгереді, кеңиді. Бала 12-13 жасқа келгенде кеуденің қалыптасуы аяқталады.

С ү т т і с т е р баланың 6 - 7 айында пайда болады, әуелі алдынғы төменгі күрек тістері, екі айдан кейін екі үстінгі күрек тісі, сонан соң үстінгі қаптал тістері, бірінші жас аяғында төменгі қаптал тістері пайда болады. Бірінші жасының аяғында балада 8 тіс, үш жасқа таман 20 тіс болады. 6 - 24 ай аралығындағы тіс санын келесі формула арқылы санауға болады: Тіс саны = n – 4, n – бала өмірінің айлары. Мысалы, он айлық баланың тіс саны 10 болады. 6-7 жаста баланың сүт тістері орынына тұрақты тістер пайда болады. Олардың кезеңдігі сүт тістері пайда болу кезеңдігіне сәйкес. Нәрестенің бұлшық еттері шала дамыған. Бұлшық еттердің талшықтары өте жұқа, тек өсе келе олар қалыңдайды және осыған байланысты бұлшық еттер көлемі өседі. Жаңа туған балада бұлшық еттерінің шектен тыс тонусы (гипертонус) болады, 2-3 айында баланың қолдарынан шектен тыс тонусы жойылады, 3-4 айдан – аяқтарынан..

Сколиоз

Адам басының тiк жағдайы, омыртқа бағанасының тiк болуы, иықтарының, жауырындар бұрыштарының симметриялық орналасуы, омыртқалардың өсiмдiктерi тік сызығында болуы, белдiң үшбұрышының симметриясы қ а л ы п т ы сымбатының белгiлерi болып саналады. Омыртқа бағансының осы белгілерден ауып кетуi сымбаттың бұзылысы болып саналады.

Сымбат бұзылысы 25-30% жасөспiрiмдерде кездеседi. Көлденең деформацияны “сколиоз” деп атайды. Ол ең жиi кездесетiн омыртқа жотасының бiр жаққа қисаюы, осы кезде омыртқалар денесi бұзылады, солармен бiрге қабырғалардың бұзылуына байланысты, қабырға дөңесi пайда болады. Осы өзгерістерге байланысты, омыртқа жотасының әр түрлi патологиялық өзгерiстері дамып, сүйек, дәнекер тiнiнің, нерв жүйесiнің өзгерiстеріне соқтырады.

Сондықтан, омыртқалар денесiнде және омыртқа аралық дискiнде пайда болатын анатомиялық және құрамдық өзгерiстер, омыртқа жотасының өзгерiстерi “сколиоздық” ауру болып саналады.

Деформациялардың күшеюi науқастың жасына, сколиоздың түрiне және дәрежесiне, себептерiне байланысты. Сколиоз ауруының қарқынды күшеюi баланың тез өсуіне байланысты.

Жас кезiнде ауырған балада деформациялардың дамуы өте тез. Бiрақта, 17-20 жаста сколиоздың дамуы тоқтайды.

Сколиоздың алдын алу үшiн бала жас кезiнен бастап дұрыс тамақтану, таза ауада болу, тәртiбiмен ұйықтау, дене шынықтыру тәсiлдерiн қолдануы жөн. Бала жихазы оның бойына тән болуы тиiстi. Ұйықтағанда баланың басы кiшкентай жастықта, денесi қатты төсекте жатуы керек, бала бiр жағында жатқанда - омыртқа жотасының қисайған омыртқа доғасы астына жастық салып жатқан жөн. Ең көп назарды мектеп кезiндегi балаларға аударған жөн, себебi, 7-9 және 12-14 жастар арасында сколиоздың ең дамитын кезi. Сколиоз ауруы дамыса, амбулаторлы ем қолдану болады, емдеу дене шынықтыруды өткiзу, спортпен айналысу (шаңғы, баскетбол, волейбол, әсiресе, суда жүзу).

Сколиоздың емi үш байланысты кезеңдерден тұрады:

1. қисайған омыртқа бағанасының бөлiгiн жұмылдыру;

2. пайда болған өзгерiстердi дұрыстауы;

3. омыртқа бағанасының осы дұрысталған жағдайда тұрақтылау.

Сколиоздың консервативтi емiне емдеу гимнастикасы, массаж, электростимуляция, корсет кигiзу, аялау қозғалыс тәртібі, диета кiредi.

Емдеу гимнастикасын жасағанда:

1. негiзгi жаттығуларды күнде қайталау керек, орындау жылдамдығы - баяу не орташа, шеткi жағдайларда 2-5 секундке қимылдарды тоқтату. Жаттығуларды iшiнде жатып орындағанда баланың иегi кеудесiне тиiп, ал көзi төмен қарап тұруы керек.

2. әр жаттығуды 1-4 жұма аралығында 3-4 рет жасау, 4-8жұма аралығында 5-6 рет, 8-12 жұма аралығында 7-8 рет. Жаттығулардың ұзақтығы бірінші жұмада 15-20 минут, 2 жұмада 20-25 минут, ал 3 жұмадан бастап 30-40 минутке дейiн созылады.

3. жаттығуларды бүйiрде жатып жасағанда осы омыртқа жотасы қисаю жерi астына валик салады.

4. емдеу гимнастикадан кейiн 10-15 минуттай мақта валикта қырына жатып науқас дем алады.

Мешел

Мешел ауруы – зат алмасудың бұзылыстарымен, кальций және фосфордың алмасуы өзгерістерімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын бала ағзасының жалпы ауруы. Ауру сәбилердің қарқынды өсу кезіндегі Д-дәруменнің және оның зат алмасуға қатысатын белсенді құрамбөліктерінің аздығына байланысты болады.

Мешел дымқылды жер үйлерге тән, тұрмыстары нашар отбасыларында жиі кездеседі.

С е б е п т е р і. Мешелдің пайда болуына келесі себептер әсер етеді:

- Таза ауа мен күн сәулесі жеткіліксіздігі, яғни ағзада пайда болатын Д-дәруменнің 90% күн сәулесінің арқасында тері ішінде қалыптасады.

- Тамақтануға байланысты себептер: нәрсіз, бірынғай тамақтандыру, жасанды таматандыру кезінде бейімделмеген қоспалар беру, табиғи тамақтандыру кезінде уақытында қосымша тамақ берілмеуі.

- Туғаннан кейін пайда болатын себептер: шала туғандық (ең көп мөлшерде кальций және фосфор жүктіліктің соңғы айларында анасынан ұрыққа еңеді, сондықтан щала туған бала ағзасында осы заттар аз туғаннан кейін аз болады); шала туған баланың бойы тез өсуіне байланысты оған тамақ арқылы түсетін кальций және фосфор көлемі аздау; аяғы ауыр әйелдің дұрыс тамақтанбауы және күн тәртібі бұзылуы жетіліп туған баланың ағзасындағы минерал заттарының кемшілігіне өкеліп соқтыруы.

- Туылу кезеңге байланысты энцефалопатиялар, қимылының аздығы да мешелдің дамуына себепкер болады.

- Экологиялық жағымсыз әсерлерге байланысты судағы, тамақтағы, топырақтағы стронций, цинк, қорғасын көлемі көбейіп, сүйектегі кальцийді орынынан ауыстырады.

- Ас қорыту мүшелердің аурулары диареяға, ішек дисбактериоздарына соқтырып, кальцийдің ағзаға сіңуін бұзады.

П а т о г е н е з д е фосфор және кальций тұздары алмасуының бұзылуы жетекші рөл атқарады. Бірте – бірте зат алмасудың барлық түрлері бұзылады. Дәрумендер алмасуында (әсіресе С және В тобы) бұзылыстар елеулі түрде орын алады, сондықтан полигиповитаминоз пайда болады. Микроэлементтердің, әсіресе магнийдің және ақуыздардың, көмірсулардың, липидтердің, суйектерде кальцийдің жиналуына әсер ететін цитраттар алмасуында да өзгерістер болады. Осыларға байланысты ағзада қышқылдардың артуы – ацидоз дамиды. Осының бәрі сүйектің пайда болуына және толықпаған тамықтардың, шеміршектің сүйекке айналуының бұзылысына әкеп соғады.

Мешелмен ауыратындардың қанында анорганикалық фосфордың мөлшері ауру өршіген кезеңінде 0,484 –0,646 ммоль/л дейін (қалыпта 1,454-1,615 ммоль/л), кальцийдің мөлшері 2,365-2,490 ммоль/л –ге дейін (қалыпта 2,614-2,739 ммоль/л) кемиді.

Ж і к т е л у і:

- ауру кезеңдеріне байланысты (бастанқы, дендеу, айығу, қалдық сандары)

- ауырлығына қарай (жеңіл, орташа, және ауыр - І, ІІ, ІІІ дәрежелеріне сай келеді)

- аурудың ағымына қарай (жедел ағымды, жеделдеу ағымды, қайталамалы ағымды) деп жіктеледі.

1. І дәреже (бастанқы кезен) - вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістерімен сипатталады. 2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің шектері үлкейіп, босаң болады, бассүйек жігі яғни желке жұмсарады (кранитабес). Бассүйектің жұмсақтығы қарақұстың жалпаюына соқтырады. Бүл кезде вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстары пайда болады: тершендік, сәби жастыққа басын шайқап уйкей бергендіктен шүйдедегі шашы түсу, уйқы кезінде селк етіп тусу сияқты өзгерістер байқалады.

2. ІІ дәрежеде (дендеу кезеңі) бассуйек онан әрі жұмсарып, мойын омыртқаларын қысады, кеңсірік батыңқыланып, маңдай, төбе сүйек бұдырлары сыртқа өседі, сәбидің басы «төрт бұрыш» тәрізденеді (олимптік маңдай, «шаршы» бас, көкірек қуысының алдыңғы жағы төспен бірге майысып, құс немесе етікші төсі сияқтанып тұрады. Омыртқалар доғаланып иіліп, мешелге байланысты бүкірлік, қайқылық, қисаюлар (кифоз, лордоз, сколиоз) пайда болады. Қабырғалардың шеміршектері сүйекке айналар жерінде тығызданулар пайда болады («Тәшпілер») Бұдан кешірек, бала 6-8 айдан асқанда, түтікше суйектерінің бас жағының («мешелдік білезік»), саусақ буындарының жалпаюы («інжу жіптері») білінеді. Бала қаз тұра бастаған кезде бүккіш немесе жазғыш бұлшык еттердің күш - қуатының (тонус) бір жақты әсеріне байланысты, аяқтарында «О» немесе «Х» - қарпі тәріздес өзгерістер дамиды. Сүт тістердің шығу мерзімі, сонымен қатар тіс эмалінің түзілуі бұзылады, тістер тіс жегіге бейім болады. Бұлшық еттердің күйі төмендеп, сіңірлер әлсізденеді. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан сәбидің іші үлкейіеді («құрбақа іш»), оның уақытында отыра бастау, туруы, жүруі кешігеді.

Суйек, жуйке және бұлшық ет жүйесіндегі айқын бұзылыстар ішкі ағзалар кызметінің де өзгерісіне әкелді. Сырқат балада тыныс алу қызметі бұзылады, ол көкірек қуысының өзгеруімен, көк ет күшінің нашарлауымен, өкпенің функциялық және морфологиялық өзгерістермен ұштасады да, өкпе қабынуына бейімділік туғызады. Жүректе дистрофиялық өзгерістер дамып, соғуы жиіленеді және әлсірейді. Бауыр және көк бауыр көлемі ұлғаяды. Қанда темір жетіспеушілігіне байланысты эритроциттердің мембрана құрылымы мен қызметі өзгереді. Дәрумендер жеткіліксіз болады. Бала аяғына кеш тұрады, кеш жүре бастайды.

3. Айығу (сауығу, реконвалесценсия) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, баланың суйектері қатайып, тістері шығып, оның аяғына тұруы және жүруі қалпына келеді.

4. Қалдық өзгерістер кезеңінде мешел процессі аяқталады, бас сүйектегі, кеуде өзгерістері өзгерістердің мүлдем жойылу не олардың азайып, тек ізі қалуы мүмкін.

А у ы р л ы ғ ы н а б а й л а н ы с т ы мешел үш дәрежеге бөлінеді. I (жеңіл) дәрежелік мешел диагнозы бастапқы мешелдің көріністеріне байланысты қойылады. II (орташа ауырлық) дәрежелік мешел диагнозы сүйек және ішкі ағзалардың біркелкі өзгерістеріне байланысты қойылады. III (ауыр) дәрежелік мешел диагнозы балада сүйектердің айқын өзгерістерінде, жүйке жүйесінің және ішкі ағзалардың ауыр түрде зақымдануында, ауыр дәрежелі анемияда, баланың физикалық және жүйке-психикалық дамуының артта қалып қоюына байланысты қойылады.

А у р у д ы ң а ғ ы м ы н а қарай жедел ағымды, жеделдеу ағымды, қайталамалы ағымды мешел кездеседі. Мешелдің жедел ағымды түрінде жүйке жүйесінің зақымдану белгілері, сүйек тінінің жұмсару белгілері (остеомаляция) пайда болады, осы жедел ағымды мешел шала туған балаларда, бірінші жарты жылдық балалар арасында кездеседі. Жеделдеу ағымды мешел кезінде остеоидтердің артық көлемде пайда болады, аурудың дамуы баяу, ол екінші жарты жылдық балалар арасында кездеседі. Қайталамалы ағымды мешел кезінде жақсару кезеңі процесстің шиеленісуімен кезектеседі.

А ж ы р а т у д и а г н о з ы. Мешелдің диагнозын қою қиын емес. Ауру көбінесе сәбидің 3-6 ай шағында басталады. Қанда гипокальциемия, фосфор деңгейі төмен. Д – дәруменге тәуелді рахитпен, фосфатдиабетпен, хондродистрофиялармен, де Тони –Дебре – Фанкони синдромымен, бүйректің тубулярлық ацидозымен өткізіледі.

Е м і:. Мешелдің емі кешенді, ұзақ, себептерді жоюға және «Д» дәруменнің жетіспеушілігіне қарсы бағытталуы керек. Мешелдің емі екіге бөлінеді: өзіне тән және өзіне тән емес. өзіне тән емес ем бала ағзасындағы зат алмасушылық процесстерді қалпына келтіру үшін, ағзаның төзімділігін жоғарлату үшін бағытталған. Біріншіден бала тамақтандыруын дұрыстау керек. Бала табиғи тамақтандыруда болса, бала үшін анасының тамақтануы маңызды. Тәулігіне емізіп жүрген әйел жеткілікті мөлшерде ақуыздар қолдану керек (ет – 180-200 г, балық – 100 г, ірімшік - 100 г, сыр – 30 г, сұт - 0,5 л), жеткілікті мөлшерде дәрумендер және микроэлементтер болуы абзал. Әйелге «Фемилак», «Думил мама плюс» сияқты сусындар ішу керек. Бұл сусындар жоқ болса – «Гендевит», «Ундевит», «Поливит», «Матерна» дәрумендерді қолданғаны жөн.

Балаларға бірінші қосымша тамақты, мешелге байланысты, бір ай ерте берген жөн (көк өніс пюресі). Екінші қосымша тамақ түрінде көк өніс қайнатпасында дайындалған қарақұмық немесе сұлы ботқасын беру керек. Қалыптан ерте жұмыртқаның сарысы және ірімшік беріледі. Сусындар түрінде көк өністен және жеміс-жидектерден дайындалған қайнатпалар және шырындар беріледі.

Мешелдің өзіне тән еміне «Д» дәрумені беріледі. Оның көлемі аурудың дәрежесіне, баланың жасына, ішкі ағзалардың аырлығына байланысты 2000-5000 ХБ 30-45 күнге белгіленеді. Сонан соң «Д» дәруменнің мөлшерін 500 ХБ дейін төмендетіп, осы алдын алушылық мөлшерді екі жыл бойы береді және бала үш жасқа толғанша дейін қыстың күнінде де осы мөлшерде беруді жалғастырады. Аурудың дендеу кезеңінде және жедел ағымында «Д» дәруменнің келесі түрлерінің біреуін беруге болады:

- видехол - 0,125% холекальциферолдың майлы ерітіндісі, бір тамшысында 500 ХБ,

- вигантол - холекальциферолдың майлы ерітіндісі, бір тамшысында 650 ХБ,

- Д-дәрумені (эргокальциферол) - 0,0625% майлы ерітіндісі, бір тамшысында 700 ХБ ; 0,125% спирт ерітіндіісі, тамшысында 1400 ХБ, драже 500 ХБ,

- оксидевит – 0,001, 0,0005, 0,00025 мг капсулалар,

- кальцитриол – 0,25 және 0,5 мкг капсулалар.

«Д» дәруменіне қосымша - кальций препараттарын белгілейді, ең жақсысы – кальций карбонаты. Дәстүрлі болып жұмыртқа қабықтарының ұнтағы саналады, оларды лимон шырынымен, цитраттар қоспаларымен қосып береді (олар кальций тұздарының ішектен сорылуын жеңілдетеді). Токоферол, немесе оның «С» дәруменімен, глутамин қышқылымен қабысуы есесі қайтатын ем болып саналады. Бұлшық еттердің әлсіздігін азайту үшін 3-4 апта бойы панангин, аспаркам, глицин белгілейді.

Сауығу кезеңінде немесе мешелдің қалдықтары қалғанда тұзды, қылқан жапырақты, құмды ванналар, ультракүлгін сәулелері, бұлшық ет және суйек диатермиясы, теңіз және күн сәулелі ванналар, массаж, гимнастика пайдаланылады.

М е ш е л д і ң а л д ы н а л у ы: Мешелдің алдын алуы туғанға дейін (антенаталдық алдын алу) басталып, туғаннан кейін де жалғасады. Жүкті әйелге күн тәртібін сақтау, сүт, жеміс-жидекті тағамдарды ішу, таза ауада көп уақыт болуы ұштасады. Арнайы алдын алу: жүктіліктің 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойы күн сайын 400-500 ХБ Д-дәрумені беріледі, жүктіліктің соңғы 3-4 айында гендевит күніне 1-2 драже беріледі, жасы 35-тен асқан, жүрек- қан тамырлары жүйесінің дерті бар жүкті әйелдер Д дәруменімен мешелдің алдын алуы жүргізіледі. Жүкті әйел «Гендевит», «Глутамевит» ішу керек.

Мешелден туғаннан кейінгі сақтандыруы: табиғат факторларын қолдану, күн, ауа, су, уалау және гимнастика, табиғи тамақтандыру. Арнайы алдын алу: тәулігіне балаға 400-500 ХБ Д – дәрумені беріледі, күз-қыс-көктем кездерінде С-дәрумен, В - тобының дәрумендері беріледі. Жетілмей, шала түған балаларға 10-14 күнінен бастап алдын алу мақсатпен 600-800 ХБ Д- дәрумені беріледі.

Сулкович сынағы оңды (+++) болса, «Д» дәруменін беруді тоқтады.

Д- гипервитаминозы

Д - дәруменнің шамадан тыс көбеюі бала ағзасының сезгіштік қабілетін ескерместен, көп мөлшерде, бақылаусыз қолданған жағдайда кездеседі.

П а т о г е н е з і: Көбінесе Д – гипервитаминозы «Д» - дәруменін, ултракүлгін сәулесін, кальций препаратарын қатар қолданғанда кездеседі. «Д»-дәруменінің көп мөлшерде еңуі ішектегі кальций мөлшерінің сіңімділігін жоғарлатады, осыған байланысты гиперкальциемия пайда болады. Кальций көп мөлшерде тек түтікті сұйектерде ғана емес, бүйректерде, тамырларда, миокардта, өкпеде және басқа ағзаларда да жиналып, кальцинозға соқтырады. Осы себептен «Д» дәруменнің уландыру әсері осы ағзаларға тиеді. Бұл ауру екі жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Баланың тәбеті төмендейді немесе жойылады, бала салмағы нашар қосылады, бала үйқышыл, мазасыздық немесе селқостық пайда болады. Тері қабаттары бозарып, құрғайды, бауырдың және көк бауырдың үлғаюы, тахикардия, жүрек соғуының әлсізденуі, жүрек шек аралығы кеңею, систолалық шу, іш қату немесе іш өту кездеседі. Дизурия, альбуминурия, цилиндрурия пайда болады.

Қанда–гиперкальциемия анықталады. Зәрде кальций және фосфаттар мөлшері жоғарлайды. Балаға Сулкович сынағын кальций мөлшерін анықтау мақсатымен өткізеді. Ол үшін Сулкович реактивін екі есе көп зәр мөлшерімен араластырады. Дені сау балалар зәрі 1-2 минут арасында лайлы болады. Кальций көлемі көп болғанда – зәр бірден лайланады. Кальций көлемі аз болса – қоспа мөлдір болып қалады.

Е м і: Ауруханада өткізіледі. Мақсаты: детоксикалық ем өткізу, ішкі ағзалардың бұзылған функцияларын және минералдар алмасуын калпына келтіру, және кальций тұздарын ағзадан шығару. Д- дәруменін және кальций тұздарын беруді бірден тоқтату,

бала диетасынан кальцийге бай тағамдарды (сиыр сүтін, ірімшікті) алып тастау. Міндетті түрде 5% глюкоза ерітіндісін, көк өніс шырындарын және тағамдарын, көп мөлшерде шай ішу. «Д»-дәруменнің физиологиялық антагонисттарын - А, С, В тобының дәрумендерін тағайындау: А дәруменін екі тамшыдан (5000-10000 ХБ), екі рет күніне, Е дәруменін 5-10 мг/ тәулігіне, В1 дәруменін – 5 мг/тәулігіне, С дәруменін – 200-300 мг/тәулігіне, преднизолон – 1 мг/кг дене салмағына 8-10 күн бойы.

Диспансерлік бақылау 3 жасқа толғанша дейін өткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]