- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
Бала ауруханасы – балалар денсаулығын сақтауды ұйымдастыру мекемелердің негізгі буыны болып саналады. Бала ауруханасының қызметі әйелдер консультациясының, перзентханалардың, бала бақшалардың қызметімен өте тығыз байланысты. Туғанға дейінгі патронаж – бала ауруханасының бала денсаулығын туғанға дейін сақтау бойынша негізгі шараларының бірі болып саналады. Аяғы ауыр әйелдер туралы мәліметтер әйелдер консультациясынан балалар ауруханасына жұма сайын түседі. Түскеніне байланысты әйелдердің аты-жөнін аяғы ауыр әйелдер үшін учаскелік картотекасына кіргізіледі. Учаскелік мейіркеш аяғы ауыр әйелге 2 рет босанғанға дейінгі патронаж өткізеді. Бірінші рет аяғы ауыр әйел әйелдер консультциясында есепке тұрғаннан кейін 10 күн ішінде, екінші рет - аяғы ауырлықтын 32-34 жумасында өткізіледі.
Б і р і н ш і п а т р о н а ж д ы ң м а қ с а т ы: аяғы ауыр әйелмен танысу, тұрмыс және қызмет жағдайларын анықтау, қауыпты-қатерлік факторлармен танысу. Қауып-қатерлік факторларға әйелдің ата-анасының денсаулығы, аяғы ауыр әйелдің жұмыс жағдайы, жұмысына байланысты зияндықтар, зақым келтіретін зиянды әдеттер, өмір жағдайы жатады. Осыған байланысты болашақ әйелге жұмыс және демалу туралы, күн және тамақтану тәртібі бойынша кеңес беріледі.
А т а п а й т қ а н д а:
Сәбидің келуіне пәтерді дайындау - әктеу не мұқият тазалап жуу
Сәбидің бөлмесін жабдықтау - баланың төсегін терезеден, бумен жыланатын батареядан қашық қою, балаға қатты матрас, аласа жастық дайындау керек, бала бөлмесінде жөргектеуге арналған үстөл болуы керек.
Күтім жабдықтарын дайындау - мақта домалақшалары, стерильденген өсімдік майы, 1 % бриллиант көгінің ертіндісі, шай қасық, кішкентай қайшы, дене қызуын өлшейтін термометр, резенке баллон.
Баланың киімі - 15-20 жұқа, 15 жылы мақта матадан жасалған жөргектер, 15-20 жөргекше (подгузник), 4-6 жейде, клеенка, көрпе.
Баланы жуындыруға және кірін жууға арналған бұйымдар - эмальдаған ванна, сәби сабыны, судың қызуын өлшейтін су термометрі, баланы шаюға арналған құмыра, баланың кірін жуатын бөлек шара.
Емшектің үшын баланы емізуге дайындау - жылы сумен қолды жуып, емшектің үшын қолға алып уқалау, еппен созып тарту, үшын шығаруға тырысу - бұл шаралардың маститтің алдың алудағы маңызы зор.
Е к і н ш і п а т р о н а ж д ы ң м а қ с а т ы – бірінші патронажда берілген кеңестердің орындауын тексеру.
ү ш і н ш і п а т р о н а ж д ы дәрігер немесе фельдшер әйел жағдайы нашар болғанда немесе қауыпты-қатерлік жағдайға байланысты орындайды.
Б а л а ғ а ж а с а л а т ы н б і р і н ш і л і к п а т р о н а ж - перзентханадан шыққаннан кейін үш күн аралығында учаскелік педиатр және учаскелік мейіркешпен өткізіледі. Екінші-бесінші денсаулық топтарының балаларына – перзентханадан шыққаннан кейін бірден. Мақсаты: босанғанға дейінгі патронаждар кезінде берілген кеңестердің орындалуын тексеру, нәрестенің күтімі және қоректенуі түралы кеңестер беру, баланы шомылдырып, жөргектеп, тері күтіміне, кіндік жарысының күтіміне жас ананы үйрету. Бірінші патронаж кезінде мейіркеш және дәрігер биологиялық анамнезін (жүктіліктің, босанудың ағымы, анасы мен әкесінің аурулары туралы), әлеуметтік анамнезді (отбасы санын, анасы және әкесінің зақым келтіретін зиянды әдеттері, санитарлық-гигиеналық шаралар туралы), тұқым қуалау анамнезін ұқыпты жинайды.
Осыдан басқа, дәрігер және мейіркеш баланың жағдайын, оның жүйке-психикалық және физикалық дамуын, денсаулығының кемістіктерін анықтайды да, жеке бас кеңестер береді.
