
- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
Парагрипп
Парагрипп – біртоға уытталумен, үстінгі тыныс жолдарының қабынуымен сипатталатын жедел вирусты ауру. Оны тез қабылдағыш болып келетін ерте жастағы балалар. Ересек балалар жеңіл түрімен ауырады.
К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с і. Инкубациялық кезең 2-7 күн. Ауру баяу, талаураулы қабынудан басталады. Дене қызуы субфебрилды, жалпы жағдайы бұзылмаған, уытталудың белгілері өте сирек.
Аурудың 2- 3 күнінде балалар жағдайы нашарлайды, үйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді. Тұмаудан айырмашылығы: көмейдің тұрақты зақымдануы. Ол құрғақ, тұрақты дөрекі жөтелмен сипатталады. Аурудың 2-3 күні стеноз пайда болуы мүмкін. Вирусты крупты дифтериялық круптан ажырату керек. Балының тыныс алуы қиындайды, ұзарған шулы тыныс пайда болады, даусы сақталған. Дифтериялық круптың айырмашылығы: афония (даусы жойылуы) пайда болады, бала айқайлай алмайды, сыбырлап сөйледі. Ерте жастағы балаларда ең жиі асқыну - өкпе қабынуы. Ол 4-6 күні пайда болады, көбінесе жеделдеу ағыммен өтеді (2-3ай)
Емізулі балаларда, гипотрофияның ауыр дәрежесіндегі, мешелмен ауыратын балаларда асқынудың ең жиі кездесетін түрі – пневмония, ол ауыр түрде өтеді.
Аденовирустық жұқпа
Аденовирустық жұқпа – тыныс алу мүшелер, көз, ішек бойынша лимфоидтық тінінің және шырышты қабықтарының зақымдануымен және біртоға айқындалған уытталу белгілерімен сипатталатын ауру. Қоздырғышы – 40 серотипті аденовирустар. Аденовирус жұқпасының көзі - ауру адамдар және тасымалдаушылар. Тез қабылдаушылар 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалар. Иммунитеті – тұрақсыз.
П а т о г е н е з і: Аденовирустар адам ағзасына тыныс жолдары, көзініңң коньюнктивасы, ішектер арқылы еңіп, кірген жердегі жасушаларды зақымдайды. Осымен қатар аймақты лимфотүйіндерде вирустар көбейеді және сақталады, осыған байланысты мұрынның, көмейдің, тандай бездерінің шырышты қабықтары қабынады.
Коъюнктивада – фиброзды үлдірлер пайда болады.
К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Жасырын кезең 4-7 күн, кейде 12 күнге дейін созылады. Дене қызуы 38-390 С , кейде субфебрилді, 4-14 күндей байқалады. Уытталу белгілері келесі: бас ауру әлсіздік, тәбәті төмендеу. Тұрақты белгілерге ринит, тонзиллит, фарингит, конъюнктивит, микрополиаденит жатады. Әуелі конъюнктивит баланың бір көзінде пайда болады, сонан соң екінші көзге көшеді. Сипаттамасына байланысты конъюнктивиттің түрлері катаралды, фолликулярлы, үлдірлі болуы мүмкін. Бала көзі ісінеді, қызарады, ішінде бөгде зат бар сияқты сезім пайда болады. Бала көзінен сарысулы-іріңді бөліктер бөлінеді. Процесс алға басқан кезде көзде нәзікті, өрмекшінің торы тәріздес үлдір пайда болады, бірнеше күннен кейін ол ақшыл-сары түсті, тығыз үлдірге ауысады. Кейде бауырмен көк бауырдың үлкені болады.
Ең жиі кездесетін аденовирус инфекциясының түрі – пневмония, ол көбінесе бір жвсқа дейінгі балаларда пайда болады.
Е м і ж ә н е а л д ы н а л у ы. Ауру баланың емі үйде өткізіледі. Ауыр түрмен ауыратын балалар міндетті түрде емханаға жатқызылады. Қызба кезінде балаға төсек тәртібі тағайындалады. Балаға сүтті-өсімдікті, дәрумендерге бай, диета көрсетімді. Аурудың бірінші 1-2 күн аралығында арнайы дәрілерді қолдану керек, олар: лейкоцитарлық интерферон (2 сағат сайын 0,25 мл мұрынға тамызу), иммунил, оксолин майы. Ауыр жағдайда донорлық иммуноглобулин 0,1-0,2 мг/кг, ацикловир қолдану, мұрын қуысына дезоксирибонуклеаза еретіндісін тамызу. Балаға аскорбин қышқылы, рутин, аскорутин тағайындалады. Уытталу белгілерін азайту үшін детоксикалық ем, оның арасында – көп мөлшерде ауыз арқылы сұйқтықтар ішу туралы кепілдеме беріледі. Антибиотиктер вирустарға қарсы әсер етпейді, сондықтан дәрігердің белгілеуі бойынша асқынулар пайда болғанда тағайындалады. Конъюнктивиттің және кератоконъюнктивиттің емі көз дәрігердің бақылауы бойынша өткізіледі, ауру бала көзіне 0,2% дезоксирибонуклеаза ерітіндісін, 30% сульфацил-натрий ерітіндісін тамызады, гидрокортизон майын қаақ артына салады.
Симптомдық ем: қызу көтеріліуін төмендету (панадол, парацетомол), қақырык түсіретін дәрілер (алтей түнбасы, мукалтин, бромгексин, мүсәтірлі – анис тамшылары), катты қурғақ жөтелде либексин, глауцин беруге болады. Физиоем тағайындалады.
К ү т і м. Аурудың жеке бас гигиеналық тәртібіне және мекеменің тазалығына әдейі назар аударылады. Мұрын және ауыз қуысының тазалығын сақтау - өте маңызды. Бала терлеуіне байланысты мейіркеш киімін және ақжаймаларын ауыстырып тұру абзал. Мейіркеш ішкі киімін ауыстырғанда – баланың ылғалды терісін құрғатып сүрту тиіс. Пневмонияның алдын алу үшін ауруды төсегінде жиі аударып тұру қажетті.
А л д ы н а л у. Жедел респираторлы – вирусты жұқпаларда ауруларды оңашалау және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау керек. Бала үйінде жатса, оны бөлек бөлмеге жатқызады немесе шымылдықпен керуетін бөлектеп қояды. Емханаға жатқанда – оны бокске орналастырады. Күтім жасайтындар төрт қабатты маска кию жөн. Ауруларға бөлек ыдыс және орамал бөлінеді. Жеке бастың алдын алушылығы үшін лейкоцитарлық интерферон күніне төрт рет тамшыланады. Ерте жастағы балаларға – тұмауға қарсы глобулин тағайындалады. Жедел респираторлы-вирусты аурулардың аурушаңдығын төмендету үшін бала ағзасының жалпы қарсылығын жоғарлату ,керек.