
- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
ӨТ шығару жолдарының аурулары
Өт шығару жолдарының аурулары барлық балалардың 5-6% пайызында кездеседі. Қыз балалар ер балаларға қарағанда екі-үш есе жиі ауырады.
Студеникинның классификациясы бойынша белгіленеді: 1.дискинезиялар, 2.холециститтер, 3.өт қабының тас аурулары, 4.өт қабының және өт жолдарының ақаулары, 5.қатерлі ісіктер, 5.арамтамақтарға байланысты аурулар
Бұл аурулар көбінесе қайталамалы іш ауруы бар балаларда байқалады.
Дискинезиялар
Өт жолдарының дискинезиясы өт қабы мен өзекшелерінің бірінғай салалы бұлшықеттерінің қозғалыс бұзылысы арқасында ұлтабарға өт бөлінуі өзгеріп, оң жақ қабырға астының ауруымен білінеді. Бұл ауруды екі түрге ажыратады: гипертониялық - өт қабы мен өт өзектері сфинктерлерінің тонусы жоғары және гипотониялық – сфинктерлерінің тонусы төмен. Дискинезияларды біріншілік және екіншілік деп бөледі.
С е б е п т е р і. Ең жиі кездесетіндері - тамақтану бұзылыстары, қозғалыс аздығы, стресстер, кіндік тұсы зақымдары, ас қорыту жүйесі (гастродуоденит, дуоденит, лямблиоз, гельминтоз, дисбактериоз) және эндокриндық (семіру, қант диабеті) аурулары, тағамдық аллергия. Тұқым қуалаушылық та маңызды болып тұр.
П а т о г е н е з і. Нейрогуморалдық реттеудің және вегетативті жүйке жүйесінің тонусы өзгерулері өт бөлінудің реттеу процестерінің бұзылыстарына әкеліп соқтырады. Симпатикалық немесе парасимпатикалық жүйке жүйесінің басым болуына байланысты өт жолдарының қатты жиырылуы немесе жиырылуының төмендеуі пайда болады.
К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. өт қабы дискинезиясының екі негізгі түрлері бар: гипертониялық (өт қабының және өзекшелер сфинктерлерінің тонусы жоғары) және гипотониялық (өт қабының тонусы және қимыл белсенділігі төмен болады).
Г и п е р т о н и я л ы қ д и с к и н е з и я д а оң қабырға астында және және кіндік аймағында ұстама тәрізді, қысқа мерзімді ауырсыну сезімі пайда болады, кейде олар оң иыққа немесе жауырынға беріледі. Көбінде невроз сипаттары айқын: мазасыздану, бас ауруы, жүрек соғуы, тершілдік, жыламсырау. Гипертониялық дискинезияда ауру жедел, ұстама текті, бірақ көпке созылмайды, көбіне эмоциялық не физикалық ауыртпалыққа не майлы асқа байланысты. Пальпациялағанда - өт қабы үстінде ауырсыну сезімі, бауыр үлкеймеген. Ультрадыбыспен зерттегенде, холецисто- және эхография жасағанда өт қабының көлемі кішірейгенін анықтауға болады. Фракциялық ұлтабар зондтауында - «В» үлесі көлемінің азаюы және өт ағудың жылдам болуы байқалады.
Д и с к и н е з и я т ү р і
Ем жобасы |
Гипотониялық |
Гипертониялық |
Диета |
№5, өт айдайтын өсімдік жасушалар бар тағамдарды ұсыну. |
№5, 5а үстөлдер: механикалық, химиялық тітіркендіргіштерсіз, майсыз. |
Нейротроптық дәрі-дәрмектер |
Көбінесе өт қабының қызметін қоздырушы – кофеин, элеутерококк, пантокрин, женьшень. ФиБС, алоэ экстракты. |
Көбіне седативті әсерлі: транквилизаторлар («Рудотель», триоксазин), бромидтер, новокаин. |
өт қуатын дәрі-дәрмектер |
Ксилит, сорбит, магний сульфаті, жұмыртқаның сарысы |
«Холагон», «Аллохол», «Холензим», «Фламин» |
Спазмолитиктер |
Қажетсіз |
Папаверин, платифиллин, но-шпа, ганглиоблокаторлар. |
Физио ем |
Фарадизация, гальванизация, диадинамикалық ем, тонус көтеру үшін балшық басу, қөмір қышқылды ванналары. |
Седативтік әсерлі: новокаин, папаверин, магний сульфатының электрофорезі, Щербак «жағасы», жылы шырша ванналары, электрұйқы, парафин, озокерит. |
¦лтабарды зондтау, тюбаждар |
Кең түрде (кемінде аптасына 2-3 рет) |
Абайлап қолданады. |
Минерал сулары |
Жоғары не орта минералды, бөлме температурасымен бірдей, 3 рет, 300-400 мл екіге бөліп («Арзни», «Трускавец», «Ессентуки 17», «Боржоми») |
Төмен минералды, газы аз, жылы күйде, күніне 5-6 рет, аз мөлшерде(«Славянская», «Ессентуки 4, 20»,«Нарзан 7»). |
Г и п о т о н и я л ы қ түрінде тұрақты, сыздау, топас ауырсыну сезім пайда болады. Кейде оң қабырға тұсында немесе кіндік аймағында ауырсыну сезімі байқалуы мүмкін.
Диспепсиялық көріністер пайда болады: майлы және қуырған тамақтан жеркену, кекіру, жүрек айну, кейде құсу, тұрақсыз нәжіс. Пальпациялағанда – үлкен атониялық өт қабын сезуге болады. Ультрадыбыспен зерттегенде, холецисто- және эхография жасағанда өт қабының көлемі үлкен, атониялық. өт қабының қызметі қалпында болған кезде «В» үлесінің мөлшері көбейеді; өт қабы тонусы өмендегенде – «В» үлесінің көлемі азаяды және оның бөліну жылдамдығы төмендейді.
Түрлі дискинезияларда ұлтабарды зондпен тексергенде өт қабы рефлексінің тұрақсыздығы байқалады, өт кейде магний сульфатын жібергенше немесе одан 2-3 сағат өгкеннен кейін не тіпті болмауы да мүмкін, көбінесе өттің В-порциясының мөлшері өзгереді, ағысы баяуланады.Е м і: диета №5, рационға липотроптық әсері (ірімшік, жұмыртқа ақуызы, балық) және құрамында лицетин бар (қарақұмық, жұмыртқаның сарысы, салат, сәбіз) тағамдар кіреді. Гипотониялық түрінде балдыры бар шырындар, жеміс-жидектер, көкөністер ұсынылады. Майлардан – сары және өсімдік май. Тамақты күніне 4-5 рет жылы түрде береді. Тамақ ұнтақталып, буға пісіріледі. Қатты ауырсыну сезім пайда болғанда – төсек тәртібі. Созылмалы жұқпа ошақтары бар кезде қабынуға қарсы және өт бөлуге әсер ететін дәрі – дәрмектер қолданылады (циквалон, олиметин, энатин)
А л д ы н а л у. Баланың жүйке жүйесін нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін ұйымдастыру, ас қорыту мүшелердің қосымша ауруларын емдеу.