
- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
1. Міндетті түрде әйелдер консультациясы – перзентхана – бала ауруханасы – ерте жастағы балалар патологиясы бөлімшесі жүйесінің медицина қызметкерлеріне табиғи тамақтандыру туралы білім беру керек.
2. Әйелдер арасыда табиғи тамақтандырудың қажеттілігі бойынша сенімділік сезімін қалыптастыру керек, әйелдерге осы жолда психикалық қолдау беру керек.
3. Баланы туғаннан кейін бірінші жиырма-отыз минут арасында анасының сүт безіне салу керек. Осы таманда бала тынығып алады, белсенді қимылдайды, ему үшін дайындығын көрсете бастайды. Оны ана құрсағына жатқызғанда, шартсыз еңбектеу рефлексіне байланысты сәби ана кеудесіне еңбектей бастайды, ал іздену рефлексі арқасында – аузын кең ашып, емуді бастайды.
4. Аналарды баланы дұрыс емізу дағдыларына, тіпті әйел уақытша баладан бөлек болса да, үйрету керек, көмектесу керек. Әсіресе кеудеге басылған бала жағдайына емізікті және ареоланы алғанына, сүтті ему процессіне көңіл аудару керек.
5. Баланы талабы бойынша емшекке салуды, ему ұзақтығын да бала белгілеүіне анасын үйреткен жөн. Баланы жиі кеудеге салған пролактин пайда болуына әсер етеді де, сүттің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осы тәртіпке байланысты сүт бездерінің кернеуі азаяды, лактостаз (сүт безінің сүт жиналуына байланысты ауырсынуы және кернеуі) пайда болмайды.
6. Босанғаннан кейін әйелді баласымен бірге бір бөлмеге жатқызу керек. Осы кезде баласы мен анасы арасында әсерлі байланыс туады да, бала тыныштау болып, сирек жылайтындай болады, анасы да тынышталады. Анасында баласын түн арасында емізуге мүмкіндік туады, осыған байланысты сүт мөлшері де көбейе бастайды (түн арасында пролактиннің пайда болуы күндізгімен салыстырғанда көбірек болады).
7. Бала керекті сүт мөлшерін еміп болып, ана кеудесінде тек ұйықтап жатса да оны шектеуге болмайды. Әр бала өзі ана кеудесінде болу уақытын белгілейді. Жаңа туған балаға ана кеудесінде болу уақыты жиырма – отыз минуттай, бір айлық балаға он – жиырма минут та жеткілікті. Бала емгеннен кейін құсып қоюының алдын алу мақсатпен, жұтқан ауаны шығару үшін, оны тік ұстау керек. Ауа шығуын баланың кекіруінен білуге болады.
8. Баланы өмірінің төртінші – алтыншы айларына дейін тек ана сүтімен қоректендіреміз, оларға сү беру қажет емес. Себебі, сәби ағзасына қажет барлық витаминдер мен микроэлементтерді, суды да ана сүтінен алады. Су берген бала ана сүтін аз мөлшерде еме бастайды. Суды тек медициналық көрсеткіштерге байланысты береді.
9. Табиғи тамақтандырудағы балаға сорғыштарды беруге болмайды, оларға байланысты баланың бет-әлпеті әзгереді. Екіншіден, қолданған сорғыштарға байланысты бала ана сүтін ембей қалуы мүмкін.
10. Баланы кезекпен кезек екі емшектен емізіп тұру керек. Бір тамақтандырғанда балаға тек бір емшекті берген жөн, сонда бала «артқы» және «алдынғы» сүтті де емеді. Ал балаға бір емізгенде екінші емшекті де берсе, екінші тамақтандыруды тап осы соңғы емшектен бастау керек.
Баланы бос тәртіппен емізгенде және кеудеге жиі салғанда – оны сауып тастауға қажеттілік тумайды.
Е м ш е к т і т е к к е л е с і ж ағд а й л а р д а с ау ы п т а с т а й д ы:
- анасы мен бала ұзақ уақыт бірге болмағанда (сауылған сүт баланы тамақтандыру үшін қолданылады , ал әйел үшін – пайда болған сүт көлемі тоқтап қалмау үшін);
- әйелде сүт жетіспеушілік кезінде сүт көлемін көбейту үшін;
- ана сүтінің көп мөлшерде пайда болып, бала еміп үлгермеген кезде емдеу шара түрінде.