Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.18 Кб
Скачать

9 Лекция

Тақырыбы: Екінші шетел тілін оқыту технологиясы.

Жоспары:

  1. Морфология.

  2. Синтаксис.

Лекция мақсаты: Француз және қазақ тілдері грамматикасының қысқаша салыстырмалы сипаттамасы

Лекцияның мәтіні:

Француз және қазақ тілдері грамматикасының қысқаша салыстырмалы сипаттамасы

Француз тілі мен қазақ тілі генетикалық жағынан да, типологиялық жағынан да бөлек топтарға жататың тілдер. Генетикалық түрғыдан француз тілі роман тілдері семьясына, қазақ тілі түркі тілдері семьясына жатады. Типологиялық жағынан француз тілі аналитикалық тілдерге, қазақ тілі жалгамалы (агглютинативтік) тілдерге жатады. Сондықтан бұл екі тіл арасында үқсастықтан гөрі ерекшеліктер көп. Алайда екі тіл арасында мүлде ұқсастық жоқ емес. Грамматика саласында ең басты ұқсастық — екі тілде де сөз топтары толық мағыналы сөздер (зат есім, етістік, сан есім, сын есім, үстеу, есімдік) мен шылау сөздерден түрады. Синтаксис саласында да ұқсастыктар бар: екі тілде де жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер бар, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен меңгеру, жанасу, киысу, сияқты тэсілдер арқылы тіркеседі т, б.

Қазақ тілінде зат есімнің септелуі де бірыңғай, барлык зат есімдер -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары арқылы көптеледі. Ал француз тілінде зат есімнің копше түрін жасаудын екі амалы бар. Осы аталган ерекшеліктерден басқа француз тілінде род категориясы бар, ал қазак тілінде ол жоқ. Сондықтан оқушыларга француз тіліндегі зат есімдердің родын есте сактау қиынға тиеді. Француз тілінде зат есімнің родын, жекеше, көпше түрін білдіріп түратын екі түрлі артикль бар: белгілі және белгісіздік артиклі. Қазақ тілінде артикль деген үғым мулде жоқ. Белгілік және белгісіздік категориялары грамматикалық тәсілмен емес, лексикалық тәсілмен беріледі. Бұл француз тіліндегі артикльді меңгеруге, қиындық келтіреді.

Осындай ұқсастықтар мен ерекшеліктерді сын есімнсп де керуге болады. Француз тілінде де, қазақ тілінде де сын есімнің үш шырайы бар. Бүл екі тілдің ұқсастығы. Ерекшеліктері мынада: қазақ тілінде сын есім шырайланғанда, жай шырайга жүрнақтар жалғау арқылы салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасалады. Француз тілінде жай шырай түріне plus үстеу және кушейтпелі шырайда le артикльлі аркылы сын есімдердің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары түзіледі : court (қыска)—plus court (кысқарак)—le plus court (ең қыска); long (үзын)- plus lоng (үзынырақ)—le plus long (ең үзын): һaut (биік)- plus haut (биігірек)- le puls haut (eң биік) т, б.

Екі тілде де етістіктің жак, шак, сан категориялары бар, яғни екі тілде де етістік жіктеледі, жекеше, көпше түрлері бар, және іс-әрекеттін шағын білдіреді. Бүл үқсастықтар нәтижесінде оқушылар француз тіліндегі осы категорияларды оңай меңгеріп кетеді. Етістіктердің жіктелуіндегі ерекшелік мынада: қазақ тілінде үшінші жақтың жекеше және көпше түрлеріндегі жіктік жалғауы бірдей: ол оқиды, олар оқиды. Француз тілінде үшінші жақтың жекеше және көпше түрлеріндегі жіктік жалғаулары бөлек: il lit, ils lisent. Бүл ерекшелік окушыларға қиын тиеді, олар үшінші жақта жекеше және көпше түрді ажыратпай жіктейді. Бүл жерде оқушыларға орыс тілін оқудағы тәжірибелері көмекке келеді (әрине, ол үшін мүғалім оны окушылардың есіне салып отыруы керек).

Екі тілде де етістік үш шақты білдіреді: осы шақ, өткен шақ және келер шак. Бірақ осы үш шақты білдіру үшін екі тілде де әр түрлі шақ формалары қолданылады. Бүл жерде ерекшеліктер бар. Осы шақты білдіру үшін қазақ тілінде екі шақ формасы қолданылады: нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ. Француз тілінде осы шакты білдіретін бір ғана шақ формасы бар — Présent. Француз тілінде осы шакты білдіретін шақ формасы синтетикалық жолмен түбірге жіктік жалғауларын жалғау арқылы жасалады. Бүл жағынан ол қазақ тіліндегі ауыспалы осы шақпен үқсас. Бүл екеуінің мағынасы да мына жағдайда бірдей: істің, қүбылыстың дағдылы түрде болып түратындығын, нe ілгеріде болатындығын корсеткенде қазақ тілінде ауыспалы осы шақ, француз тілінде Présent қолданылады. Ал істің, кимылдын қазір сөйлеу мезгілінде болып жатқандығын білдіру үшін қазақ тілінде нақ осы шақ түрі қолданылады, ол аналитикалық жолмен, яғни негізгі етістіктің үнемді көсемшеде тұрып, онын отыр, жүр, жатыр, түр көмекші етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалады. Ал француз тіліңде бұл мағынаны білдіру үшін де синтетикалық жолмен жасалатын Présent қолданылады.

Өткен шақты білдіру үшін француз тілінде алты шақ формасы колданылады: passé immédiat, passé composé, imparfait, plus-que-parfait, passé simple, passé dans le passé. Бұлардың біріншісі синтетикалық тәсілмен жасалады, яғни көмекші етістік présent шағында алынып оған негізгі етістіктің инфинитивы қосылады.Passé composé де көмекші етістік présent шағында алынып оған жіктеліп жатқан етістіктің participe passé-сі қосылады. Imparfait шағында етістіктің түбіріне өзінің жалғаулары қосылу арқылы түзіледі. Plus-que-parfait шағында көмекші етістік imparfait шағында алынып, оған негізгі етістіктің participe passé-сі қосылады.

Француз тілінде бұл алты шақ формасының қолданылуында мынадай ерекшекеліктері бар: Passé composé өткен окиға туралы жүйелі әңгіме барысында қолданылса, Imparfait өткен аяқталмаған окиға туралы хабар бергенде немесе өткен окиға туралы айтылғанда қолданылады. Ал Plus-que-parfait жеке-дара колданылмайды тек бір істін басқа өткен істен бұрын болғанын білдіру үшін колданылады.

Қазак тілінде істің өткен шақта болып өткенін білдіру үшін төрт шақ формасы қолданылады: ежелгі өткен шақ, жедел өткен шақ, бұрын өткен шақ және тиянақсыз өткен шак. Бұлардың алғашкы үшеуі синтетикалык тәсілмен, соңғысы аналитикалық тәсілмен жасалады: ежелгі өткен шақ көсемшенің үнемді (п) түріне жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады: барыппьш, барыпсың, барыпты; жедел өткен шақ етістіктін бастапқы қалпына -ды/ -ді, -ты/ -ті жүрнактары мен жіктік жалғауларын жалғау аркылы жасалады: айттым, айттың, айтты; бүрын өткен шақ есімшенін, өткен шақ түріне жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады: барғанмын, барғансың, барған: тиянақсыз өткен шақтың екі варианты бap: a» етістіктің өткен шак, есімше түріне еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады: айтқан едім, айтқан едің, айтқан еді; ә) етістіктің үнемді кесемше түріне еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады: барып едім, барып едің, барып еді.

Қазақ тіліндегі бұл шақ түрлерінің ерекшеліктері олардың мағыналарында. Ежелгі өткен шақ түрі істің өте ескі уақытта болып өткенін көрсетеді де, істің ақиқат болғандығы айқын емес, күңгірт ұғынылады. Жедел өткен шақ түрі істің сөйлеу мезгілінен сәл бүрын өткенін көрсетеді де, істің болғаны, болмағаны түжырымды түрде көрсетіледі. Бұрын өткен шақ түрі істің сөйлеу уақытынан әлдеқайда бұрын болғандығын, не болмағандығьш көрсетеді де, істін болу, болмауы өте айқын үғылады. Тиянақсыз өткен шақта бұрын болып өткен істің қазіргі уақытпен байланыстылығы көрсетіледі. Ал француз тіліндегі аналитикалық жолмен жасалған Imparfait және Plus-que-parfait формаларының жасалуын үйреткенде, қазақ тіліндегі тиянақсыз өткен шақтың жасалуына сүйенсе, бұл күрделі шақ формаларын оқушылар тез және жеңіл меңгеріп алады. Істің ілгеріде болатындығын көрсету үшін қазақ тілінде ауыспалы осы шақ түрінен басқа арнайы келер шақ түрлері бар: а) шексіз келер шақ, ә) шекті келер шақ және б) мақсатты келер шақ. Бүлардың жасалу тәсілдері f мен мағыналары мыңадай: а) шексіз келер шақ етістіктің негізгі түріне -р (-ар, -ер) жұрнағы мен жіктік жалғаулары арқылы жасалады: барармын, барарсын, барар (синтетикалық тәсіл). Шексіз келер шақ түрінде істің болатындығына шек қойылмайтыны көрсетіледі; ә) шекті келер шақ көсемшенің мақсатты түріне жатыр, жүр, отыр, тұр кемекші етістіктері тіркесу арқылы жасалады: барғалы жатырмын, барғалы жүрсің т. с. с. (аналитикалық тәсіл). Мүнда істің басталуына шек қойылады, істің жақын арада болуға тиісті екендігі көрсетіледі; б) мақсатты келер шақ етістіктің, негізгі түріне -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жүрнағы мен жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалады: бармақпын, бармақсың, бармақ (синтетикалық жол). Мұнда болашақта істелуге тиісті істің болатындығын тұжырымдады айқын болмайды, мақсат түрінде ғана айтылады .

Француз тілінде ілгеріде болатын істі білдіру үшін Futur simple-ден басқа екі шақ формасы бар: Futur immédiat және Futur dans le passé. Екеуі де аналитикалық тәсілмен жасалады: Futur immédiat aller көмекші етістігінің Рrésent формасы мен негізгі етістіктің инфинитив тұрінен жасалады: Je vais lire un livre, tu vas lire un livre, il va lire un livre т.б. Futur dans le passé aller көмекші етістігінің imparfait формасы мен негізгі етістіктің инфинитив түрінен жасалады: J’allais lire un livre, tu allais lire un livre, il allait lire un livre т. б. Futur simple келер шақты білдіреді. Ал Futur dans le passé бұрын өткен келер шақты білдіреді. Futur dans le passé форма орта мектепте оқылмайды. Мұнда оқушылар үшін қиындық: француз тілінде келер шақ әрқашан аналитикалық тәсілмен, қазақ тілінде синтетикалық тәсілмен жасалады.

Етістіктің шақ, жақ, сан, рай, етіс категориялары бар. Қазақ тіліндегі ашық рай категориясына француз тілінде Іndicatif, бұйрық рай категориясына Іmpératif, тұйық рай категориясына Infinitive сәйкес келеді. Ал қазак тіліндегі шартты рай мен қалау райға сәйкес келетін Conditionnel мен Subjonctif орта мектепте оқытылмайды.

Оқушыларға белгілі мөлшерде қиын тиетін құбылыс — етіс категориясы. Мұнда өздік етіске француз тілінде Аctive сәйкес келеді. Ырықсыз етіске сәйкес келетін Раssiv категориясының қазақ тілінен біраз ерекшелігі бар. Француз тілінде істі кім істегенін көрсетпей, тек не істелгенін көрсеткенде Passivе пен ырықсыз етіс бір-біріне сәйкес келеді. Бірақ француз тілінде кейде етістік Passiv түрінде тұрғанымен, істің объектісі де, субектісі де көрсетіледі: La maison est construit деген сөйлемге қазақ тілінде «Үй салынып жатыр» сәйкес келеді. Мұнда екі тілдегі сөйлемде де етістік ырықсыз етіс тұрінде тұр. Үйді кім салып жатканы айтылмайды, істің логикалық объектісі грамматикалық субъекті болып тұр. Ал La maison est construit par des ouvriers сөйлемінде етістік Passive түрінде, мұнда да логикалық объект грамматикалық субъект болып істі атқарушы (par) предлогты топта тoлықтауыш қызметін атқарып тұр. Қазақ тілінде мұндай сөйлем болмайды, өйткені логикалық субъектіні атасақ, ол грамматикалық та субъект болуға, яғни етістік ырықсыз етістіктермен тұруы тиіс: Үйді жүмысшылар салып жатыр. Оқушыларға қиын тиетіні осы Passive. Бұл жерде оқушыларға орыс тілін оқудағы тәжірибеге сүйену керек.

Қазак тілінде грамматикалық тәсілмен берілетін өзгелік етіс француз тілінде лексикалық тәсілмен беріледі. Мұнда tomber «қулау»— faire tomber «құлату» boire «ішу»— faire boire «ішкізу» сияқты сөздер өте сирек кездеседі. Сол сияқты ортақ етіс категориясы да қазақ тілінде грамматикалық тәсілмен берілсе, неміс тілінде лексикалық тәсілмен ғана беріледі. Бұл да қазақ оқушылары үшін қиын екендігі сөзcіз.

Синтаксис саласында да белгілі ұқсастықтар мен ерекшеліктер бар. Мұндағы басты ұқсастық: екі тілде де сөйлемде баяндауыштың орны турақты. Бірақ қазақ тілінде баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрса, француз тілінде жай сөйлемде әрқашан екінші орында тұрады. Оқушыларға қиыны — жай сөйлемдегі баяндауыштың орны.

Анықтауыш екі тілде де анықталатын сөздің кейін тұрады. Сондыктан оқушыларға мұндай сөз тіркестеріндегі сөздердің орналасу тәртібін үйрену қиын емес.. Қазак тілінде басқа анықтауыштар сияқты ілік септіктегі анықтауыш та анықталатын сөздің алдында келеді: мүғалімнің кітабы. Бұл оқушьшарға біршама қиындық келтіреді.

Бақылау сұрақтары:

1.Француз және қазақ тілдері лексикасының ұқсастықтары мен

ерекшеліктері неде?

2. Қазақ тілімен салыстыру нәтижесінде француз тілі сөздерінің қандай

типтерін ажыратуға болады, олардың қиындық дәрежесі қандай?

3. Шетел тілі лексикасын меңгеру үшін істелетін жұмыстардың қандай

кезеңдерін білесіз?