8 Лекция
Тақырыбы:Екінші шетел тілін оқытуды ұйымдастырудың түрлі үлгілері.
Жоспары:
Тыңдауға арналған жаттығулар.
Дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар.
Лекция мақсаты: Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығуларды қарап шығу
Лекцияның мәтіні:
Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар екі топқа бөлінеді. а) тыңдауға арналған жаттығулар; ә) дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар. Бұл екі топ бір-бірімен тығыз байланысты және фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін екеуі де қажет.
а) Тыңдауға арналған жаттығулар. Тыңдауға арналған таза фонетикалық жаттығулар сан жағынан онша көп емес. Тыңдау, есту дағдылары арнаулы жаттығуларды орындау үстінде дамытылады. Тыңдауға арналған жаттығулар фонетикалық есту дағдыларын дамытып, жаңа фонемалар мен интонемалардың дифференциалдық белгілерін анықтайды. Тыңдауға арналған жаттығуларды тек есту арқылы, сондай-ақ жазбаша текстке сүйене отырып та орындауға болады.
Тек есту арқылы орындалатын фонетикалық жаттығуларға мынадай мысалдар келтіруге болады. Бірқатар дыбыстарды (сөздерді) тыңдап, (...) дыбысын естігенде қол көтеріңдер: дыбыстар жұбын тыңдап, сол жұптағы екі дыбыс бірдей болған жағдайда қолдарыңды көтеріңдер; сөйлемді тыңдап, ол сөйлемде (...) дыбысы неше рет қайталанғанын айтыңдар; мына сөйлемдерді тыңдаңдар да, сұраулы (хабарлы, бүйрық, аяқталмаған) сөйлем естігенде қол көтеріңдер; мына сөйлемдерді тыңдаңдар да, олардың әрқайсысында канша синтагма (такт, екпін) барын айтыңдар т. б.
Графикалық сүйенішпен (яғни жазбаша текстке сүйене отырып) орындалатын жаттығулар мынадай болуы мүмкін. Бірқатар сөздердің (сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) ішінен мұғалім диктор айтқан сөздің (сөз тіркесінің сөйлемнің) астын сызыңдар (әр қатардан тек бір ғана сөз (сөз тіркесі, сөйлем) айтылады; мұғалімнің сөзінде кездескен сөйлемдердегі екпін түсіп тұрған сөздердің астын сызыңдар; тыңдап отырған сөйлемдерде /тексте тік сызықшалар арқылы узілістерді таңбалаңдар; мүғалімнің/ диктордың дауысы көтерілген сөздердің астын сызыңдар т. б. Тыңдауға арналған жаттығуларды орындау нәтижесінде окушылар шетел тіліндегі сөзді тыңдауға үйренеді; дыбыстарды, дыбыс тіркестерін, интонациялық қурылымдарды тану қабілетін жетілдіреді. Кейін тыңдауға арналған жаттығулар дыбыстарды, дыбыстар тіркестерін, дауыс ырғағын еліктеп айтуға үлгі болады. Тыңдауға арналған жаттығуларды мұғалімнің сөзін тыңдау арқылы да, магнитофонға жазылған сөзді тыңдау арқылы да орындауға болады. Алайда әр тапсырманың жаңа түрін орын-дағанда, әуелі оқушылар мұғалімнің сөзін тыңдауға тиіс, тек содан кейін ғана ұқсас жаттығуларды магнитофон арқылы тыңдап жаттығу керек.
ә) Дыбыстарды қайталап айтуға арналған жаттығулар дыбыстау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Егер дыбыстарды айтар алдында оқушылар үлгіні тыңдап отырса, бұл жаттығулардың тиімділігі арта түседі. Мұндай жаттығулар жеке дыбыстар, буындар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер негізінде құрылуы мүмкін. Бұларда материал анаология бойынша (барлық мысалдарда бір ғана белгі) немесе оппозиция принципімен (мысалдарда белгілі бір белгі қарама-қарсы қойылады) ұйымдастырылуы мүмкін, не материалды еркін түрде беруге болады.
Дыбыстарды қайталап айтуға арналган жаттығуларды тыңдау арқылы да, жазбаша текстке сүйене отырып та орындауға болады. Тыңдау арқылы орындалатын жаттығулар мыналар: Мұғалімге/дикторга ілесіп, мына дыбыстарды (буындарды, сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді) айтыңдар, көрсетілген белгіге көңіл бөліңдер; құрамында (...) дыбысы бар сөздерді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер; сөйлемді кайталаңдар, оған мұғалім атаған сөзді қосыңдар т.б. Ал графикалық сүйеніш көмегімен мынадай жаттығулар жасауға болады: берілген сөйлемдердің екпінін, үзілістерді белгілеп, оларды дауыстап оқыңдар; мына сойлемдердін дауыс ырғағын (логикалық екпінін) өзгертіп оқыңдар т. б. Фонетикалық дағдыларды қалыптастырып, дамыту ушін бұлардан басқа мынадай жаттығулар жасалады: жаңылтпаштарды, тақпақтарды, шағын диалогтарды, прозадан үзінділерді жаттап алу,оқулықтағы текстерден узінділерді дауыстап оқу т. б.
Бақылау сүрақтары:
1. Пассив формасын рецептивтік сөзде қолдану үшін қалай түсіндірудың
жоспарын жасаңыз.
2. Зат есімнің көпше түрінің жасалуын жүйеге келтіріңіз.
3. Шетел тілін оқытуда лексиканың орны қандай?
