Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.18 Кб
Скачать

6 Лекция

Тақырыбы: Екінші шетел тілін оқыту құралдары.

Жоспары:

  1. Шетел тілін оқытудағы фонетикалық дағдылардың маңызы.

  2. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қоятын бағдарлама талаптары.

Лекция мақсаты: белгілі мөлшерде тіл материалын игеруі тәсілдері

Лекцияның мәтіні:

Шетел тілін орта мектепте оқытудың басты мақсаты — сол тілді бағдарламада белгіленген көлемде меңгеру болса, бұл мақсатқа жету үшін-оқушылар әуелі белгілі мөлшерде тіл материалын игеруі керек. Онсыз сөз іскерлігі мен дағдыларын дамыту мүмкін емес. Тіл материалына мыналар жатады: 1) фонетика, 2) грамматика, 3) лексика, 4) орфография, 5) идиоматика мен фразеоло­гия. Шетел тілін оқытудың практикалық мақсатына жету үшін аталған білім салаларының бәрі қажет. Оқып отырган шетел тілін қатынас құралы ретінде қолдану үшін соған қажетті және жеткілікті мөлшерде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарды, лексиканы меңгеру керек. Тіл материалын игеру — шетел тілін оқытудың мақсаты емес, керісінше, сол тілді қатынас құралы ретінде меңгерудің алғышарты, алға қойылған мақсатқа жетудің құралы. Тіл материалын игеру дегеніміз оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын меңгеру деген сөз. Демек, шетел тілін оқыту процесінде тіл материалымен оқушыларды таныстырып қою жеткіліксіз, оларға осы материалдың қалай қолданылатынын көрсетіп, оны дұрыс қолдануға дағдыландыру керек.

Адамдар бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасағанда ауызша сөзді қолданады. Олай болса, шетел тілінің дыбыстық жағын үйренудің ауызша сөз үшін маңызы зор. Егер адам шетел тілінде сөйлегенде сол тілдің дыбыс-тарын дұрыс айтпаса, онда оны тыңдаушылар түсінбеуі мүмкін, яғни адамның ойын өзгелерге түсінікті түрде жеткізе алмағаны. Демек, ол сол тілді қатынас құралы ретінде пайдалана алмады деген сөз. Сондықтан сөйлеп үйрену үшін фонетикалық дағдылар ауадай қажет. Онсыз адам сөйлей алмайды, ал сөйлей қалғанда, оны тыңдаушылар түсінбейді.

Фонетикалық дағдылардың қажеттігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушынын дұрыс калыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдап отырып естігенін түсіне алмайды. Оның себебі: адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда естігенін іштей қоса айтып отырып оны өз санасында қалыптасқан дыбыс жүйесімен салыстырады, сөйтіп оны таниды, түсінеді. Ал оның санасында дұрыс қалыптасқан дыбыс жүйесі, фонетикалық дағдылары жоқ болса, онда ол естігенін танымайды; түсінбейді. Де­мек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, сонымен қатар басқа адам сөйлегенде, біреудің сөзін тыңдап түсіну үшін үлкен роль аткарады.

Жазба текстерді оқығанда адам оны іштей дыбыстап отырады. Демек, оқу кезінде де ішкі сөз қатынасады. Олай болса, оқығанын түсіну үшін жақсы қалыптасқан фоне­тикалық дағдылар қажет. Ал дауыстап оқуда бұл дағдылардың қажеттігіне ешқандай күмән жоқ, өйткені жазба текстегі хабарды өзгелер де тыңдай отырып, түсінсін деген мақсатпен дауыстап оқиды. Фонетикалық дағдылары қалыптаспаған адам дауыстап оқыса, оны ешкім түсінбейді. Сондықтан шетел тілін оқытуда фонетикалық дағ-дыларды қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек.

Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қоятын бағдарлама талаптары.

Фонетикалық дағдылардың шетел тілін оқытуда алатын орнын, маңызын ескере отырып, бағдарлама оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қояды. Шетел тілін оқыта бастаған кезде, оқушылардың санасында ана тілі мен орыс тілінің белгілі бір жүйесі қалыптасады. Бұл жүйелер француз тілін оқып үйренуге өзінің біршама ықпалын тигізеді. Ана тілінің тиімсіз ықпалы, әсіресе шетел тілінің дыбыстарын айтуға көп тиеді, өйткені ана тіліндегі дыбыстарды айту дағдылары — ең берік дағдылар. Сондықтан шетел тілінің дыбыстарын айту оқушыларға өте ауыр соғады. Осыған байланысты орта мектепте шетел тілінің, бағдарламасы белгілі бір фоне­тикалық минимумды іріктеп алуды талап етеді.

Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қоятын бағдарламаның екінші талабы — апроксимация принципіне сүйену. Апроксимация деген — француз тілінің дыбыстарын дәл француздай айту емес, соған жақындату деген сөз. Егер оқушы французша сөйлегенде, кейбір дыбыстарды қате айтса да, ондай қателер оның сөзін түсінуді ауырлатпаса немесе мүлде түсініксіз етпесе, ондай кателерге қарсы күресіп, түзетпей-ақ қойса да болады. Міне, апроксимация принципі дегеніміз осы. Бұдан шығатын қорытынды оқушулардың сөзінде фонематикалық қате болмауы керек. Оқушылар француз тілінің фонемаларын дұрыс айтып үйренуі қажет, өйткені фонематикалық қателер сөздің мағнасын, сөйлемнің мәнін өзгертіп жібереді, оқушының сөзін түсінуді ауырлатады, тіпті мүлде түсініксіз етеді. Ал фонетикалық қателер сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнін өзгертпейді, ондай қатесі бар сөзді түсінуге ешқандай нұқсан келтірмейді. Сондықтан фонетикалық қателерді түзетіп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Фонематика-лық жағынан дұрыс айтылса, сол жеткілікті. Апроксимация принципін қолданудың тағы бір тиімді жағы — оқушылардың қатеден қорқуын жоюға көмектеседі.

Орта мектепте оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талап — сөздердің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық дыбыстарды дұрыс айтқанмен, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса, онда айтылған сөзді түсіну қиын немесе түсіну мүлде мүмкін емес. Сондықтан оқушылар әр сөздің дауыс екпінін дұрыс қойып үйренуі керек.

Әр сөздің дыбыстарын дұрыс айтып, оның екпінін дұрыс қойғанда сөздің фонетикалық жағы толық қамтылды деуге болмайды, өйткені барлық дыбыстарды дұрыс айтьш, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенмен, сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзілістер өз орнында болмаса, ондай сөзді түсіну өте қиын. Мысалы, қазақ тілінде мынадай сөйлемді тыңдап көрейік: «Ағаш /үйді Қызылжар/ мен Ақмоладан /жалдаған орыс/ үйшілері салып /жатыр да, өзгелерін/ елуден /аса қазақ/ жігіттері қалап жатыр». Бұл сөйлемдегі әр дыбыс дұрыс айтылып, әр сөздің екпіні дұрыс қойылып тұрғанмен, сөйлемді түсіну өте қиын, өйткені мұнда сөйлем синтагмаларға дұрыс бөлінбеген, фразалық екпін дұрыс қойылмаған, сондықтан сөйлемнің дауыс ырғағы (интонациясы) да дұрыс емес. Бұл сөйлемнің мәнін түсінуге үлкен нұқсан келтіреді. Француз тілінде сөйлегенде де үзілістер дұрыс қойылмаған, дауыс ырғағы дұрыс болмаған жағдайда мынадай қиындыққа кездесеміз:

Mon / ami parle/ plus/ vite que/ moi.Venez le/ plus/ vite possible.

Сондықтан сөйлемді синтагмаларға дұрыс бөліп, дауыс ырғағын дұрыс келтіру сөйлеп тұрған адамның сөзін дұрыс түсінуге көп себін тигізеді. Олай болса, оқушыларға дыбыстарды дұрыс айтқызып үйрету мен қатар, оларды сөздердегі дауыс екпінін дұрыс қоюын, сөйлемді синтагмаларға дұрыс бөле білуін, дауыс ырғағын дұрыс келтіруін қадағалау жөн. Фонетикалық дағдыларлды қалыптастыру, оларды әріқарай дамыту, жетілдіру жөнінде бағдарламаның қоятын талаптары осылар. Бұл аталған фонетикалық дағдылар шетел тілін оқып үйренудың алғашқы жылында қалыптастырылады да, одан кейінгі кластарда әрі қарай дамытылып жетілдіріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Грамматикалық минимум деген не? Ол неге керек? Оны қалай іріктейді?

2..Грамматикалык материалды методикалық тұрғыдан үйымдастырудың

қандай тәсілдерін білесіздер?

3. Грамматикалық материалды түсіндірудің қандай жолдары бар?