3 Лекция.
Тақырыбы: Екінші шетел тілін оқытудың дидактикалық-әдістемелік ерекшеліктері: екінші шетел тілін оқытудың принциптері
Жоспары:
Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты
Жалпы білім беру мақсаты.
Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары.
Шетел тілін оқыту мазмұны.
Лекция мақсаты: Екінші шетел тілін оқытудың дидактикалық-әдістемелік ерекшеліктерің зерттеу
Лекцияның мәтіні:
Жалпы білім беретін политехникалық орта мектепте шетел тілін оқытуда төрт түрлі мақсат көзделеді: 1) білімдік мақсат, 2) тәрбиелік мақсат, 3) жетіктіру мақсаты және 4) практикалық мақсат. Шетел тілін оқытудың аталған мақсаттарын бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес, олар өзара тығыз байланысты. Бұлардың ішінде ең бастысы — практикалық мақсат. Жалпы білім беру мақсаты, тәрбиелік мақсат пен жетіктіру мақсаты практикалық мақсат арқылы жүзеге асырылады. Енді осы мақсаттардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтелік.
Практикалық мақсат дегеніміз оқушылардың шетел тілін сөз әрекетінің әр түрінде қатынас құралы ретінде игеруі. Демек, оқушылар - шетел тілінде ауызша айтылған сөзді тыңдау арқылы түсінуге, жазбаша мәтіндерді (текстерді) оқып, олардың мазмұнын тікелей немесе сөздіктің көмегімен түсінуге және өз ойын сол тілде ауызша, жазбаша түрде жеткізе білуге тиіс. Әрине бұл шетел тілінің мектеп бағдарламасында белгіленген көлемде жүзеге асырылады. Себебі шетел тілін оқыту барысында сол тілді толық меңгеру, сөз әрекетінің барлық түрлерін түгел игеру мүмкін емес. Сондықтан бағдарлама бұған белгілі шектеулер қояды. Ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажет сөйлеу және оқу іскерліктері дамытылады. Ал жазбаша сөзді дамыту мақсатқа жетудің бір жолы ретінде ғана қаралады. Оқушылардың қабілетін шетелдік досына, құрбысына хат жаза алатындай дәрежеде дамытса, сол жеткілікті.
Сөз әрекеті белгілі тақырыптар төңірегіне құрылады. Мысалы, лингвистің математика тақырыбына сөйлеуі өте қиын. Сондықтам мектепте оқытылатын тақырыптарға белгілі мөлшерде шек қойылып, ең негізгілері іріктеліп алынуға тиіс. Сөйтіп, орта мектепте шектелген тақырыптар көлемінде ауызша сөз бен оқуға дағдыландыру керек. Осыған орай мектеп бағдарламасына «Сөйлеуге және оқуға арналған тақырыптар» деген бөлім кіреді. Үшіншіден, мектепте меңгерілуге тиісті тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материал) шектеледі. Мысалы, орта мектепті бітірушілер бағдарлама бойынша 1000 сөзді меңгеруге және сол тілде сөйлеу үшін қажетті грамматикалық құбылыстарды білуге тиіс.
Сонымен орта мектепте шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты дегеніміз оқушылардың ауызша сөздегі (сөйлеу мен тыңдап-түсінудегі) және оқудағы іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Жазу — оқытудың мақсаты емес, ол оқыту мақсатына жетудің кұралы ғана.
Мектепте оқытылатын пәндердің оқушыларға жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілі пәнінің оқушыларға жалпы білім берудегі маңызын академик Л. В. Щерба тамаша көрсетіп берді: “Шетел тілін оқу нәтижесінде адам ойды тіл арқылы жеткізудің әр түрлі тәсілдері барына көзі жетеді, бір ойды ана тілінің өзінде әр түрлі тәсілмен беруге болатынын түсінеді, сөйтіп ой мен тілдің арақатынасын дұрыс ұғады; шетел тілін оқи отырып, өз ана тілін тереңірек түсінеді, оны жақсы меңгеріп алады; өзі бұрын білмейтін тіл жүйесі туралы, тілін оқып отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, мәдениеті туралы жаңа мағлұматтар алады”.
Шетел тілін оқу процесі ана тілін меңгеруді жақсартуға көп әсерін тигізеді. Оқушы шетел тілін үйрену арқылы ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек түсінеді. Толып жатқан аударма жаттығулар жасап, оқушылар шетел тіліндегі сөйлемдердің ана тіліндегі бірнеше варианттарын табады, сөйтіп ана-тілін бұрынғысынан, әлдеқайда жаксы меңгереді.
Шетел тілін үйрену оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту оқушылардың логикалық жүйелі ойлауын дамытады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында оқушылар оның жүйесі, ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады. Мысалы, белгілік және белгісіздік категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің ерекшеліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар оқушылардың жалпы білім деңгейін арттырады. Жоғары класс оқушылары тілін үйреніп отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, мәдениеті жөнінде жазылған мәтіндерді оқып, танысады. Сөйтіп, олар өздерінің білім деңгейін көтеріп, ой-өрісін кеңейте түседі.
Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары
Шетел тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамып, жетілуіне: дүниеге көзкарасының, ойы мен есінің, сезімі мен эмоциясының, рухани және эстетикалық, көзқарасының, мінезінің қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді. Шетел тілі пән ретінде оқушыларды ұлттық патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында окушылар әр түрлі текстерді оқиды, тыңдайды, мазмұнын айтып береді. Олардың мазмұны оқушыларға өз халқын сүюді, өзге халықтарды сыйлауды үйретуге тиіс. Шетел тілін оқу оқушылардың бойында еңбекке деген дүрыс көзкарасты қалыптастырып, дамытуға тиіс.
Оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың дара тұлғалар болып қалыптасуына тілдік материалды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгерудің маңызы үлкен. Лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілік көрсетіп, корытынды жасауға дағдылануға тиіс. Шетел тілін оқып-үйрене отырып, оқушылар өз ойын жүйелі түрде айтып жеткізе білу, шетел тілінен алған білімін, үйренген іскерліктері мен дағдыларын жаңа ситуацияларда шығармашылықпен қолдану іскерлігін меңгереді.
Шетел тілін оқытудың мазмүны
Оқытудың жалпы мазмұны және оның құрамдас бөліктері тіл қүбылыстарының, тақырыптардың, текстердің тек бір шамалы бөлігін қамтиды. Осыған орай, методикада «тіл мен сөз материалдарының минимумы» деген үғым бар. Бұл ұғымға алға қойған міндетті шешуге қажетті тілдік материалдың ең аз көлемі, тақырыптар минимумы мен текстер минимумы жатады. Әр минимум белгілі критерийлерге сүйене отырып іріктеледі. Осы минимумдарді іріктеп алуды неден бастау керек деген сұрақ туады.
Іріктеліп алынуға тиісті оқыту мазмұнының бірінші элементі- тақырып минимумы, яғни әуелі тақырып минимумын іріктеп алу керек, өйткені тақырыпты білмей турым, текстерді, сөздерді іріктеу мүмкін емес. Сонан соң сол тақырыптарға сәйкес тіл материалы мен текстер минимумын іріктеуге кірісу керек.
Тіл материалын (лексиканы, фонетиканы, грамматиканы) іріктеп алуда жетекші рольді лексика атқарады. Ең алдымен лексика іріктеліп алынып, соған сәйкес грамматикалық материал іріктеледі. Орта мектепте оқытылуға тиісті грамматикалық ережелер сөздермен жұмыс істеуге жетекші болуға тиіс. Ол үшін іріктеп алынған грамматикалық ережелер көптеген сөздерді қамтуы керек. Әйтпесе, олар өз қызметін атқара алмайды. Сондықтан әуелі лексикалық минимумды, сонан соң сөздермен жұмыс істеуге лайықты, оларды жинақтап қорытатын грамматикалық ережелерді іріктеп алу керек. Бүдан кейін тіл материалы мен тақырыптар минимумын ескере отырып, текстер мен ана тілінде жоқ ұғымдарды іріктеп алуға болады.
В. А. Бухбиндер мен В. Штраусстың редакциясымен шыққан «Шетел тілдерін окыту методикасының негіздерінде» оқытудың мазмұнына тіл материалын, іскерліктер мен дағдыларды, сөз материалын және ана тілінде жоқ тіл құбылыстарын енгізуді ұсынады. Ал сөз материалы деген ұғымға Г. В. Рогованың пікірі бойынша, сөз үлгілері, монолог және диалог түріндегі айтылымдар үлгісі, белгілі тақырыптарды қамтитын текстер енгізіледі. Бұл текстерде әр түрлі функционалдық стильдер: көркем текстер, қоғамдық-саяси стиль мен ғылыми-көпшілік стиль көрініс табады.
Сонымен қатар оқытудың мазмұнына сөз материалын да енгізу керек деген ұсыныс орынды сияқты. Олай болса, оқытудың мазмұны мынадай компоненттерден тұрады: арнайы іріктеліп алынған, меңгеруге жататын тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық материал) ауызша және жазбаша сөзді дамытуға негіз болып табылатын тақырыптар; ауызша және жазбаша текстер; оқушылардың ана тілінде жоқ тіл қүбылыстары; фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфо-графиялық дағдылар; оқыту барысында анықтама әдебиетті қолдану іскерлігі; сөз материалы (сөз үлгілері, монолог пен диалог түріндегі айтылымдар үлгілері).
Бақылау сүрақтары:
1. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруда бағдарлама қандай
талаптар қояды?
2. Француз гілі мен қазақ тілінің дыбыстық жуйесінде қандай
ұқсастықтар, ерекшеліктер бар?
3. Фонетикалық дағдыларды калыптастырудың жолдары каидай?
4 лекция. Тақырыбы: Екінші шетел тілін оқытудың коммуникативтік мақсаттары.
Жоспары:
Шетел тілін оқытудың негізгі құралдары.
Шетел тілін оқытудың көмекші құралдары.
Шетел тілін оқытудың техникалық құралдары.
Лекцияның мәтіні:
Шетел тілін оқытудың құралдарына оқулық, оқу кітабы, мүғалімнің кітабы, көрнекті қүралдар (суреттер, кестелер, плакаттар), техникалық құралдар (аудитивтік күралдар, визуальдық құралдар, аудиовизуальдық қүралдар), бағдарламалық оқу қүралдары жатады.
Шетел тілін оқытуда қолданылатын осы аталған құралдар негізінен екі топқа бөлінеді: негізгі құралдар мен көмекші құралдар. Негізгі құралдарға ең алдымен оқулық жатады.
Оқушылар үшін оқулық негізгі құрал болып табылады. Мұнда методикалық тұрғыдан іріктеліп алынған тіл материалы, оны меңгеруге қажетті жаттығулар, теориялық түсініктемелер (әдетте грамматикалық ережелер), сондай-ақ қосымша кіреді. Оқулықтағы тіл материалы аналитикалық және синтетиқалық оқуды үйретуге арналған текстерді, ауызша сөзге үйретуге, оны дамытуға арналған материалды қамтиды. Бұл материал оқулықта белгілі бір ретпен, жеңілден қиынға қарай орналастырылған. Оқулықтағы жаттығулар тіл материалын меңгеріп, сөз іскерліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Онда берілген теориялық түсініктемелер оқушылардың тіл материалын дүрыс түсініп, дұрыс қолдануына қажетті көмекші құрал міндетін атқарады. Қосымшада өлеңдер мен тақпақтар, қосымша оқуға арналған текстер, өз бетімен орындаған тапсырмалар мен жаттығулардың дұрыстығын тексеруге арналған кілттер, тақырып бойынша топтастырылған сөздер тізімі мен алфавит бойынша орналастырылған сөздер тізімі беріледі. Оқу кітабында кластан тыс қосымша оқуға арналған текстер бар. Ондағы тіл материалы негізінен оқушыларға таныс. Мүғалімнің кітабында оқу кешенінің негізгі принциптері мен методикалық идеялары баяндалады, сабақтарды қалай құру туралы методикалық кеңестер беріледі, сөйтіп бұл мұғалімдер үшін жетекші
құрал болып табылады. Онда материалды қалай түсіндіру, жаттығуларды қандай ретпен орындау, материалды меңгергенін қалай тексеру т.б. кеңестер берілген. Мұнан басқа мұғалімнің қолында күйтабақтар, магнитофонға жазылған таспалар, суреттер, кестелер, фланеленграфпен жұмыс істеуге арналған суреттер, диафильмдер болады. Міне, бұлар шетел тілін оқытудың негізгі құралдары. Енді көмекші құралдарға қысқаша тоқталып өтелік.
Шетел тілдерін оқытуда қолданылып жүрген көмекші құралдар екі топқа бөлінеді: 1) техникалық құралдар, 2) техникалық құралдар емес құралдар. Техникалық емес құралдарға мыналар жатады: а) қосымша оқуға арналған кітаптар; ә) шетел тіліндегі газеттер – оларда класта да, үйде де оқуға болады; б) көркем өнерпаздарға арналған шетел тіліндегі материалдар (тақпақтар, өлеңдер, инсценировкалар, викториналар); в) грамматикалық анықтама; г) ауызша сөзді дамытуға арналған құралдар; ғ) жаттығулар жинағы.
Техникалық көмекші құралдарға мыналар жатады: а) жеке сабақтардың үзінділері жазылған магнитофон таспалары. Мұндай таспалар сабақты жандандыруға көмектесіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын артырады. Оқушылар таспадан сабақтың белгілі үзінділерін тыңдап, қателерді түзетуге белсене қатысады; ә) диафильмдер де техникалық көмекші құралдар қатарына жатады. Мұнда оқушылар тек диафильмнің жеке кадрларын суреттеп қана қоймай, сондағы оқиға туралы, оның басты кейіпкерлері туралы өз ойларын айтуға дағдыланулары керек. Бұл оқушылардың дайындықсыз сөйлеуге үйренуіне көмектеседі; б) дәл осындай қызметті шетел тіліндегі фильмдер де атқарады; в) шетел тіліндегі радиохабарларды көмекші техникалық құрал ретінде пайдалануға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Фонетикалык қүбылысты түсіндіру қандаи сатылардан тұрады?
2. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар
дың қандай түрлері бар?
3. Фонетикалық, дағдыларды қалыптастыруда өлең мен ән үйретудің
маңызы қандай?
