Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.18 Кб
Скачать

5 Лекция

Тақырыбы: Екінші шетел тілін оқытудың мазмұны.

Жоспары:

  1. Шетел тілін оқытудың техникалық құралдары.

  2. Еліктеуіш жаттығулар.

  3. Трансормациялық жаттығулар.

Лекция мақсаты: оқу-тәрбие процесінде техникалық құралдарды қолдану проблемаларын шешу

Лекцияның мәтіні:

Соңғы кезде оқу-тәрбие процесінде техникалық құралдарды қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогреске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Шетел тілін оқыту процесін жеделдету мен жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды қолданудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:

  1. Техникалық құралдар оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

  2. Техникалық құралдар мұғалімге оқу-тәрбие процесін өмір шындығына жанастыру мүмкіндік береді.

  3. Сабақта техника құралдарын қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырады, сөйтіп сабақтың тиімділігін арттырады.

  4. Техникалық құралдарды қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.

  5. Техникалық құралдар тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларды қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сонымен шетел тілдерін оқыту барысында техникалық құралдар аса қажет және олар шетел тілдерін оқыту мұғалімінің негізгі көмекшісі болып табылады. Сондықтан шетел тілдерін оқытуда техникалық құралдар кеңінен қолданылуға тиіс.

Мектепте шетел тілдерін оқытуда пайдаланып жүрген техникалық құралдар екі топқа бөлінеді: а) аудитивтік құралдар (яғни сөзді жазып алып, оны қайтадан айтып беретін құралдар) және ә) визуальдық құралдар; сондай-ақ осы екі түрін қатар, біріктіре қолданатын аудио-визуальдық деп аталатын құралдар бар.

Техникалық құралдардың бірінші тобына күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон жатады. Бұл құралдарды аудитивтік деп атау себебі: олардың көмегімен оқушылар шетел тілінде күйтабаққа немесе магнитофон таспасына жазылып алынған сөзді тыңдайды. Екінші топқа әртүрлі проекторлар (диапроекторлар, кинопроекторлар, эпидиаскоп т.б.) жатады. Бұл құралдардың көмегімен мұғалім экранға әр түрлі суреттер, диафильмдерді, кинофильмдерді көрсете алады. Оларды сабақта жеке-жеке қолдануға да, бірге қолдануға да болады.

Оқытудың техникалық құралдары сабақта әр түрлі мақсатқа қолданылады. Олардың көмегімен тіл материалын түсіндіруге, оны бекітуге, сондай-ақ сөз іскерліктері мен дағдыларын қолдануға болады. Техникалық құралды фонетикалық дағдыларды дамытуда оқушылар мен мұғалімге үлкен көмек көрсетеді. Мұнда негізінен күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон оқушылар шетел тілінде диктордың үлгілі сөзін тыңдап, дыбыстардың қалай айтылатынын, сөздердің екпінін, сөйлемдердің интонациясын естиді де, оған еліктеу арқылы шетел тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға, сөздердің екпінін дұрыс қоюға, сөйлемдерде дауыс ырғағын, интонациясын бұлжытпай айтуға дағдыланады. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін күйтабақ ойнатқанан гөрі магнитофон тиімдірек, өйткені магнитофонға мұғалім өзі жаза алады, мұнда әр дыбыстан, сөзден кейін үзіліс жасауға мүмкіндік бар. Сөз шапшаңдығын да мұғалім, өз оқушыларының шама-шарқына мөлшерлеп өзгертіп отырады.

Магнитофонның көмегімен фонетикалық дағдыларды қалыптастыр-ғанда, мұғалім таспаға жеке-жеке дыбыстарды арасына үзіліс қалдыра отырып жазады. Сондай-ақ құрамында жаттықтырылуға тиісті дыбыстар бар сөздер мен сөйлемдерді де үзіліспен жазып алады. Оқушылар әуелі жеке дыбыстарды тыңдап, арасындағы үзілісте сол дыбыстарды дұрыс айтып жаттығады. Сосын сөздер мен сөйлемдерді тыңдап, үзілісте оларды қайталап айтады. Сөйтіп, оқушылар жеке дыбыстардың айтылуын ғана емес, сөздердің айтылуын, дауыс екпінін, сөйлемдердің интонациясын меңгеріп алады. Магнитофон әсіресе шетел тіліндегі тақпақтар мен өлеңдерді үйренуде үлкен көмек береді.

Оқу техникасын дамытуда да магнитофон оқушылар мен мұғалімге көп көмектеседі. Тексті дауыстап оқу оқушыларға, әсіресе оқытудың алғашқы сатысында көп қиындықтар тигізетіні белгілі. Осы қиындықтарды жою үшін мұғалім оқылуға тиісті тексті магнитофонға жазып алады. Оны әуелі үзіліссіз, сосын әр сөйлемнен кейін үзіліс жасай отырып жазады. Оқушылар алдымен үзіліссіз жазылған тексті тыңдап, осы тексті қалай оқу керектігі туралы хабардар болады. Сосын мұғалім сол тексті үзіліспен тыңдатады. Әр сөйлемнен кейінгі үзілісте оқушы сол сөйлемді оқиды. Үзілісте әр дыбыстың, сөздің айтылуын, сөйлемнің дауыс ырғағын дикторға еліктеп оқу нәтижесінде оқушылар текстегі әр сөйлемді дұрыс оқуға үйренеді. Бұдан соң оқушылар тексті қайтадан үзіліссіз тыңдай отырып, дикторға ілесе оқиды. Сөйтіп, олар бүкіл тексті дұрыс әрі тез оқуға үйренеді.

Техникалық құралдар лексикалық, материалды менгеруде де өз көмегін көрсетеді. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін визуальдық қуралдарды пайдалана отырып, түсіндірілетін сөздің мағынасын білдіретін заттардың суреті көрсетіледі. Сондай-ақ әр түрлі қимылдарды сурет арқылы көрсетіп, етістіктердің мағыналарын түсіндіреді. Визуальдық қүралдардың көмегімен предлогтардың мағынасын схемалар арқылы түсіндіруге болады. Сөйтіп, сөздердің мағыналарын ашуда техникалық кұралдар пайдаланылады. Оларды жаңа сөздерді бекіту үшін де қолдану керек. Әр түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып, мұғалім түрлі сұрақтар қояды. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында жаңа сөздерді қолданады.

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіргеннен кейін олардың қолданылуын автоматтандыру үшін магнитофонды қолданып, алмастыру жаттығуларын орындауға болады. Мұндай жаттығуларға коммуникативтік сипат берсе, тіпті дұрыс. Мысалы, сенің досыңның да аталған жүмысты істеп жатқанын айт:

Tu fais tes devoirs. Et ton ami?

Il aussi fait ses devoirs.

Tu lis un texte. Et ton ami?

Il aussi lit un texte.

Техникалық құралдар грамматиканы меңгеруде пайдалы қызмет атқарады. Ол үшін грамматикалық құбылысты бекітуге арналған жаттығуларды магнитофонның көмегімен орындаған дұрыс. Жаттығулар орындалуы жеңіл, нұсқау айқын, әралуан болғаны жөн. Әр жаттығуда бір ғана тапсырма, шешуі біреу-ақ болғаны дұрыс. Магнитофонның көмегімен лексикалық және грамматикалык материалды бекіту үшін мынадай жаттығулар жасау керек: еліктеуіш жаттығулар, орын алмастыру жаттығулары, сұрақ-жауап және трансформациялық жаттығулар (басқа-

ша айту).

Е л і к т е у іш жаттығулар деп мынадай жаттығуларды айтамыз: мұгалім автоматтандырылуға тиісті тіл қүбылысын (дыбысты, сөзді, үлгі сөйлемді) өзі айтады, ал оқушылар мұғалімге еліктеп, сол құбылысты өзгеріссіз қайталайды. Жыттығудың нұсқауында нені қайталап айту керектігін көрсетіледі. Мәсәлен, мұғалім оқушылармен еn предлогынан кейін дауысты әріпке басталатын мекен атауларын қолданылуын бекітіп жатыр екен дейік. Бұл құбылысты бекіту үшін мынадай еліктеуіш жаттығу орындауға болады: Мына сөйлемдерді қайталап айтыңдар:

М.: Pierre habite en Algérie. O.: Pierre habite en Algérie.

М.: Claire va en Amérique. O.: Claire va en Amérique.

Дегенмен, бұл жаттығулар оқушыларды ойландырмайды, олар мұғалімнің айтқанын ойланбастан қайталай береді. Сондықтан мұндай жаттығулар онша нәтижелі емес. Еліктеуіш жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін оларға коммуникативтік сипат беру қажет, яғни нұсқауда «Менің айтқанымды қайталаңдар» деудің орнына басқа тапсырма беру керек. Сонда оқушы берілген тапсырманы орындау арқылы мұғалімнің айтқанын қайталап айтады. Сөйтіп, еліктеуіш жаттығудың тиімділігі, нәтижелілігі артады. Жоғарыдағы жаттығуды мынандай нұсқаумен орындатуға болады:

Менің айтқанымды растаңдар:

М.: Pierre va au cinéma. О.Bien sûr. Pierre va au cinéma

М.:Lucie lit un livre. О.:Bien sûr. Lucie lit un livre.

Нүсқауда «Менің айтқанымды қайталаңдар» деудің орнына жаңағыдай басқа тапсырма бергенде, оқушы сол сөйлемді қайталап отырғанын ойламайды, ол муғалімнің айтқан тапсырмасын орындап отыр. Тапсырманы орындау барысында оқушы сол үлгі сөйлемді еркінен тыс есінде сақтап қалады.

Техникалық құралдар көмегімен орындалатын жаттығулардың келесі түрі — а л м а с т ы р у жаттығулары (подстановочные упражнения). Жаттығудың бұлай аталу себебі — мұғалім белгілі бір үлгі сөйлем береді де, сол сөйлемнің бір элементін басқа сәйкес элементпен алмастыруын талап етеді. Нұскауда қай элемент алмастырылуға тиіс екені айтылады. Мысалы, оқушылар магнитофоннан мынадай тапсырма естиді: Мына сөйлемдерді тыңдаңдар. Олардың бастауышты берілген есімдіктермен алмастырыңдар:

М.: Françoise aime lire des livres.

О.: Elle aime lire des livres..

M. : Paul et Martin vont au magasin.

О.; Ils vont au magasin.

Сұрақ – жауап жаттығулары берілген лексикалық немесе грамматикалық құбылыстардың қолданылуын автоматтандыруға бағытталған. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріңдер деген нұсқаудан кейін магнитофоннан сұрақтарды тындайды да, арасындағы үзілісте сол сұрақтарға жауап береді. Бұл жаттығулар оқушыларды диалог түрінде сөйлеуге дағдыландырады: М.: Michel travaille à l’usine. Où travaille-t-il ?

О.: Il travaille à l’usine.

М.: Madame Dupont achète des pommes. Qui achète des pommes ?

O.: Madame Dupont achète des pommes.

Трансормациялық, жаттығулар дегеніміз берілген үлгі сөйлемнің кейбір элементтерін өзгертіп, сөйлемді басқаша айту. Мәселен, мұғалім Passé composé шақ формасын бекітпек. Ол үшін оқушылар магнитофоннан мынадай тапсырма тыңдайды: Аталған іс-әрекетті орындап қойғаныңды айт (үлгі сөйлемде іс-әрекет атауы, етістік Рrésent тұлғасында аталады, оқушы Passé composé түлғасын колдануға тиіс):

М.: Lucie lit un livre.

O.: Lucie a lu un livre.

M.: Marie joue au tennis.

O.: Marie a joué au tennis.

Міне, осындай жаттығуларды магнитофонның көмегімен орындау нәтижесінде оқушылар тиісті лексикалық, грамматикалық құбылыстардың қолданылуын автоматтандырады.

Техникалық кұралдар тіл материалының қолданылуын автоматтандырумен қатар сөз іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырып, оларды дамытуға көп септігін тигізеді, яғни тыңдап түсіну, монолог және диалог түрінде сейлеу оқу және жазу іскерліктерін техникалық құралдар көмегімен қалыптастырып, дамытуға болады.

Тыңдап түсіну іскерлігін қалыптастыру барысында оқушылар белгілі қиындықтарға кездеседі. Бұл қиындақтар сөзді тыңдау үстінде сөйлеушіні көрмегендіктен, оның бет әлпетін, қимылдарын бақылай алмауға; сөздің нағыз коммуникация процесінде қайталанбайтындығына; сөздің темпіне (шапшаңдығына); әр сөйлеушнің өзіне сөйлеу ерекшеліктері, дауыс ерекшеліктері болуына байланысты. Бұл аталған қиындықтарды жеңуде мұгалім мен оқушыларға күйтабақ ойнатқыш пен магнитофон зор көмек көрсетеді. Күйтабак пен магнитофон таспасынан оқушылар баяулатылмаған нормалы темппен айтылған сөзді тыңдап дағдыланады, әр түрлі сөйлеушілердің дауысын естіп, оған кұлақтары үйренеді т. б.

Магнитофон арқылы оқушылар дыбысталуы ұқсас сөздер мен омонимдерді тыңдап, ажыратуға дағдыланады. Ал магнитофон мен диапроектор оқушылардың аудитивтік іскерлігін дамытады. Оқушылар белгілі бір тексті тыңдап отырғанда, оны көрнекі түрде көрсететін диафильм кадрларынан көріп отырса, тыңдап отырған текстің мазмұнын әлдеқайда жеңіл түсінеді.

Техникалық құралдар оқушылардың сөйлеу іскерлігін дамыту үшін қолданылады. Мысалы, магнитофонның көмегімен сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай жұмыстар істеледі:

а) оқушылар магнитофоннан бір әңгімені, содан соң магнитофоннан сол текстің мазмұнына қойылған сұрақ- тарды тыңдайды. Әр сұрақтан кейінгі үзілісте оқушы сұраққа жауап беруге тиіс;

ә) оқушылар магнитофоннан бір диалогтың немесе әңгіменің басын тыңдайды да, оны өздері әрі қарай жалғастырады;

б) магнитофоннан оқушылар сөйлеуге әр түрлі стимул- дар алады да, сол стимул бойынша сөйлейді т. б.

Сөйлеу іскерлігі мен дағдыларын дамытуға магнито­фоннан басқа проекторлар да қолданылады. Проектор арқылы экранға диафильмді, диапозитивті (слайдтарды) т. б. суреттерді түсіруге болады. Бұдан кейін оқушылар осы экрандағы суреттерді бейнелейді. Сөйлеу іскерлігін дамыту үшін, әсіресе, диафильмдерді қолдану тиімді. Диафильмді оқушыларға көрсетпес бұрын мұғалім біршама дайындық жұмысын жүргізуге тиіс. Ең әуелі мұғалім диафильмнің әр кадры суреттелген монтаж қагазын дайын-дайды. Мұнда ол оқушыларға таныс емес грамматикалық кұбылыс болмауына көңіл бөлуге тиіс. Суреттеуде оқушыларға бұрыннан таныс сөздер қолданылады. Егер суреттеу барысында біренсаран таныс емес сөз болса, онда мұғалім диафильмді көрсетерден бұрын ондай сөздердің мағнасын оқушыларға алдын ала түсіндіреді.

Осындай дайындық жұмыстарынан кейін мұғалім оқушыларға диафильмді көрсете отырып әр кадрды ауызша суреттейді. Кейбір маңызды сөйлемдерді оқушыларға қайталатады. Сосын диафильмді екінші рет көр-сетіп, әр кадрға сұрақтар қояды, оқушылар оларға жауап беру арқылы диафильмнің барлық кадрын суреттеп шығады (дайындығы жақсы класта оқушылар диафильмнің кадрларын мұғалімнің сұрақтарысыз суреттеуіне болады). Осылай оқушыларды сөйлеуге дағдыландырамыз.

Алайда бұл тәсіл оқушыларды репродуктивтік сөзге ғана үйретеді. Ал өз ойын айтуға үйрету үшін диафильмді суреттеп болған соң, оны талқылау керек. Оқушылар осы диафильмнің оқиғасына байланысты, оның басты кейіпкері туралы өз ойларын ортаға салып, бағалап отыруы керек. Сонда ғана оқушыларды продуктивтік сөзге үйрете аламыз.

Техникалық құралдарды сабақта қолдану арқылы әр түрлі сөз ситуациялары жасалады. Мысалы, мұғалім проектордың көмегімен экранға сол кластағы спорт жарысына қатысқан бір оқушының суретін көрсетеді де, магнитофоннан оқушылар: «Соңғы жарыста бұл спортшы бірінші орынды жеңіп алды» деген хабарды естиді. Шындығында ол бірінші емес, басқа орынға ие болғанын кластагы барлық оқушылар біледі. Бұл оқушыларды диктордың қателігін жөндеуге мәжбүр етеді.

Мұғалім өз классы, мектебі туралы сценарий жасайды да, сол бойынша диафильм түсіреді. Сөйтіп оқушыларды сөйлетеді. Міне, осындай өмір шындығына сай сөз ситуацияларын тудыруға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөз басында кездесетін дауыссыздардың тіркестерін оқушыларға

қалай үйретесіз?

2. Шетел тілін оқыту теориясы мен практикасында грамматика қандай

орын алады?

3. Француз және қазақ тілдері грамматикасындағы ұқсастықтар мен

ерекшеліктерді атаңыздар?