
2 Лекция
Тақырыбы: Екінші шетел тілін оқытудың психолингвистикалық ерекшеліктері: интерференция мәселелері, тиімді тасымал
Жоспары:
Шетел тілін оқыту методикасының төл принциптері.
Штел тілін оқытудың жекелеген принциптері.
Шетел тілдерінің оқыту әдістері.
Лекцияның мақсаты:Екінші шетел тілін оқытудың психолингвистикалық ерекшеліктерің зерттеу
Лекцияның мәтіні:
Шетел тілін оқыту принциптерінің жоғарыда келтірілген схемасынан методиканың төл принциптері екі топқа бөлінетінін көруге болады: жалпы тюді тер және жекелеген тюді тер.
Шетел тілін оқытудың жалпы принциптеріне мыналар жатады
Шетел тілін оқытудағы комуникативтік бағдар принципі.
Ана тілінің ерекшеліктірін ескеру принципі
Шетел тілін меңгерудін барлық деңгейлері мен сатыларында жаттыгудың басымдылық принципі.
Ш е т е л т і л і н о қ ы т у д а г ы к о м м у н и к а т и в т і к б ағд а р п р и н ц и п і бойынша шетел тіліндегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, мақсатқа багдарлауы, жүзеге асырылуы нәтижесінде оқушылар багдарламада белгіленген тақырыптар көлемінде шетел тілін
қатынас құралы ретінде пайдалану іскерліктері мен дағдыларын игеруге тиіс. Коммуникативтік бағдар принципі бойынша тілдік материалды (фонетиканы, лексиканы, грамматиканы) меңгеруге арналған жұмыс шетел тілінде катынас жасау үшін сол материал қалай қолданылатынын көрсетумен аяқталуы керек. Аталған принцип ауызша сөзге үйретуде де, жазбаша сөзге үйретуде де, яғни оқу жөне жазу процесінде де қолданылуға тиіс.
Ана тілінің ерекшеліктерін ескеру принципінің шетел тілін оқытудағы маңызы үлкен. Шетел тілі сабагы үстінде тек шетел тілінде ғана жаттығулар жасау арқылы сабақтан ана тілін аластауға болғанымен, оны оқушылардың санасынан аластау мүмкін еместігін академик Л. В. Щерба жаксы айтқан. Олай болса, шетел тілін оқытуда ана тілін аластау емес, қайта оқушылардың ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек. Сөйтіп, ана тілінің тиімді ықпалын барынша пайдаланып, оның тиімсіз ықпалы болатын материалды бекітуде көптеген жаттығулар жасау арқылы интерференцияны жою керек. Онын үстіне орыс тілінің де тиімді ықпал ететін жерлерін толық пайдалану керек.
Шетел тілін меңгерудің барлық салаларында жаттығудың басымдылык, принципі зор маңыз атқарады. Жана сабақты түсіндіру жұмысын әркашан тиісті материалды қалай қолдануды көрсететін жаттығумен аяқтап отыру керек.
Шетел тілін оқытудың жекелеген принциптеріне мына принциптерді жатқызуға болады: 1) шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі, 2) тіл материалын жаттығтыруды сөз практикасымен ұштастыру принципі, 3) әр түрлі сөз әрекетінің бір-бірімен байланыстылық принципі, 4) оқу мен жазуға үйретуде тілдік материалды алдын ала ауызша менгеру принципі, 5) апроксимация принципі, 6) шетел тілін оқытудын төменгі сатысында оқытудың интенсивті принципі.
1) Шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі казіргі кезде тілді игерудін ең ұтымды жолы болып табылады. Бұл принцип бойынша тіл және сөз материалы мұкият іріктеліп алынып, олардың улгілері жасалады да, оқушыларға жиі қолданылатын фонетикалық, лексикалык және грамматикалық материал мен улгі сейлемдер беріледі. Оларды игеру нәтижесінде оқушылар ауызша сөзде де, жазбаша сөзде де коммуникативтік актіні аткаруға мумкіндік алады.
2) Тіл материалын жаттыктыруды сөз практикасымен уштастыру принципі бойынша тілдік материалды меңгеру өте маңызды болғанымен, ол оқытудың мақсаты бола алмайды, оны тек мектеп бағдарламасы көлемінде шетел тілінде қатынас жасау іскерлігін меңгеру ушін кажетті құрал ретінде меңгеру керек.
3) Әр түрлі сөз әрекетінің бір-бірімен байланыстылык принципі мұғалімнен сөз әрекетінің іскерлігі мен дағдыларын үйлесімді түрде қалыптастыруын талап етеді. Сөз әрекетінің барлык негізгі түрлері — тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу, жазу — бір-бірімен тығыз байланысты: олар бір-бірін толықтырып, бір түрі нашар дамыган болса, екінші турі оны жетілдіруге көмегін тигізеді.
4) Оқу мен жазуға үйретуде тілдік материалды алдын ала ауызша тюді принципі тексті (мәтінді) оқыр алдында ондағы тілдік материалды ауызша жаттығулар арқылы меңгеруді талап тюді. Бұл материал, әрине, текстегіден өзгеше контекстерде меңгерілуге тиіс. Сонда гана окушылар оны әуелі ауызша, сосын оқу үстінде меңгеріп алады.
5) Апроксимация принципі мұғалімге оқу-тәрбие жұмысын ұтымды ұйымдастырып, ұтымды тексеруге мүмкіндік береді. Бұл принциптің мәні — муғалім кейбір қателерді ескермеуге толық праволы; егер ол қателер коммуникацияға зиянын тигізбесе, яғни катесі бола тұра, оқушының айтқанын тусіну мумкін болса, ал қателерді түзетуге уакыт жоғалтудың қажеті жоқ. Мұгалім бұл принципті жүзеге асыру арқылы оқушының қатеден қорқуын жояды, сөйтіп онын еркін сөйлеуіне мүмкіндік береді.
6) Төменгі сатыда оқытудың интенсивті принципі тілді оқыту процессінде аса қажет. Бұл принцип оқу жоспарында да бағдарламада да кездеседі.IV-V кластарда шетел тіліне көп сағат бөлінген.
Шетел тілдерін оқыту әдістері
Шетел тілдерін оқыту методикасында әдіс термині екі түрлі мағынада қолданылады. Бір жагынан әдіс ол кең, жалпы мағынада қолданылып, оқытудың принципті бағыты деген үғымды білдіреді. Демек, бул мағынасында әдіс — белгілі бір мақсатпен оқытудың жалпы үлгісі. Екінші жағынан, бул термин тар мағынада қолданылып, муғалімнің оқушылармен жумыс істеу әдісі деген ұғымды білдіреді. Оның осы екінші мағынасы дидактикада колданылып жүрген терминнің мағынасымен сәйкес келеді. Дидактикада оқытудың мынадай әдістерін ажыратады: ауызша баяндау әдісі (түсіндіру, әңгімелеу, мектептегі лекция), демонстрациялық әдіс, окулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері, лабораториялық жұмыс, жаттығулар .
Бул әдістер оқушыларга ғылым негіздерінен теориялык білім беру, сондай-ак оқушылардың лабораториялық жүмыстарын орындау арқылы және кітап арқылы білім алу әдістері болып табылады. Олардың ішінде тек жаттығулар ғана іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін колданылады. Демек, аталған әдістер ғылым негіздерін оқытуда өте тиімді болғанымен, шетел тілдерін оқытуға жарамсыз. Сондықтан шетел тілдерін оқыту үшін жарамды әдістерді анықтау керек.
Орта мектепте шетел тілдерін оқытудың практика, көрсету және түсіндіру сияқты әдістері кездеседі. Ал Н.И.Гез т. б. авторлардың орта мектепте шетел тілдерін оқыту методикасында шетел тілін оқытудың негізгі әдістері ретінде демонстрациялау, түсіндіру және жаттығулар аталады.
Бүл екі оқулықтағы әдістердің аттары бөлек болғанмен (екі кітапта да тек бір әдістің атауы ғана бірдей ), олардың мәні бір сияқты.Демонстрациялық әдісі мен көрсету әдісінің арасындағы бір айырмашылық тек атауларында ғана тұр. Сондықтан біз көрсету әдісі деген терминді қолданбақпыз. Ал практика әдісі жаттығулар арқылы жүзеге асырылатындықтан, бұлардың айырмашылығы сол атауларында. Олай болса, біз жаттығулар әдісі деген терминді қолдаймыз. Сонымен шетел тілін оқытудың негізгі әдістері деп көрсету әдісін, түсіндіру мен жаттығуларды атаймыз. Енді осы әдістерге қысқаша тоқталып өтейік.
Шетел тілдерін оқыту процесінде көрсету әдісі ерекше орын алады. Басқа пәндерді оқытуда бұл әдіс дербес әдіс бола алмай, тек басқа әдістермен қосарлана қолданылса, шетел тілін оқытуда ол дербес әдіс міндетін атқарады. Шетел тілін іс жүзінде меңгеруде, оңы мектеп бағдарламасы көлемінде қолдануда к ө р с е т у әдісінің маңызы зор. Мұнда заттарды, суреттерді, түрлі кестелер мен схемаларды көрсетумен қатар, одан да мәндірек сөз технологиясын көрсету, ауызша және жазбаша сөздің қалай жүзеге асырылатынын көрсету басым орын алады. Шетел тілінде сөйлейтін ортаның жоқтығы сол тілдегі сөзді көрсетудің маңызын арттыра түседі.
Т ү с і н д і р у шетел тілдерін оқыту процесінде қазіргі кезде қарапайым орын алады. Шетел тілін оқытуда түсіндірудің маңызы едәуір болғанмен, бұл әдіс тек тіл материалын меңгеру, кезеңінде қолданылады да, сөзді игеруде қолданылмайды. Сөйтіп, түсіндіру көмекші қызмет атқарады. Оны оқушыларға тіл құбылысының мәнін түсіну қиын болған жағдайда қолданады.
Ж а т т ы ғ у әдісі шетел тілін оқып-үйренуде басым роль атқарады. Мұғалімнің қолданатын барлық әдістері мен тәсілдері шетел тілін қатынас құралы ретінде қолдану практикасында жаттығуларда өз орындарын табуға тиіс. Сөз әрекетінін қандай түріне үйретсек те сабақтың негізгі бөлігі жаттығу болады. Жаттығу аз болған жерде сабақтан нәтиже шықпайды, оқушылардың пәнге қызығушылығы төмендейді. Керісінше, сабақта түрлі-түрлі белсенді жаттығулар мол болса, оқушылар сөз әрекетіне тез мaшықтанады. Сонымен мектепте шетел тілін оқытудың барлық сатыларында жаттығулар мықтап орын алуға тиіс.
Бақылау сүрақтары:
1. Орта мектепте шетел тілін оқытудың мақсаттары қандай?
2. Тіл материалына не жатады?
3. Шетел тілдерін окытуда фонетикалық дағдыларцың маңызы қан-
дай?