Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.18 Кб
Скачать

Жалпы дидактикалық принциптер

Жалпы дидактикалық принциптер күллі пәңдерді оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы кағидалар болып табылады. Мұндай принциптерге мыналар жатады: 1) тәрбиелей отырып оқыту принципі, 2) оқытуды өмірмен ұштастыру принципі 3) оқушылардың оқудағы саналылық принципі 4) творчествалық белсенділік принципі, 5) көрнекілік принципі, 6) оқытудың ғылыми принципі 7) жүйелілік пен бірізділік принципі, 8) білімді берік меңгеру принципі 9) оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі, 10) оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру принципі.

Бұл дидактикалық принциптер барлық пәндерді оқытуда қолданылатын әмбебеп принциптер. Олар шетел тілін оқыту процесіне де қатысты. Сондықтан кейбір методистер “шетел тілі” пәнінің ерекшеліктерін ескермей, жоғарыда аталған дидактикалық принциптерді методиканың бірден – бір принциптері деп қарай келді. Алайда шетел тілін оқыту өзіндік ерекшеліктері бар процесс. Сондықтан шетел тілін оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға үлкен мән бере отырып, оларды толықтыратын, оқытуға лайықтайтын жаңа қағидалар мен түзетулер енгізу керек. Мысалы, саналылық принципі бір кезде шетел тілінің жүйесін ана тілінің сәйкес құбылыстарымен салыстыра отырып игеру деп түсіндірілген. Соның салдарынан сабақта теориялық ережелер, ана тілімен салыстыру басым болған. Ал тілді іс жүзінде меңгеруге жеке көңіл бөлінбеген. Қазіргі кезде бұл принцип шетел тілін оқытуда басқаша қаралады: оқушылар шетел тілінің жүйесін меңгеруге тиісті емес, олар сөз әрекетінің құрылымын, оның мазмұнын түсінуі керек. Сондай-ақ белсенділік принципі оқушылардың көзге түсетін белсенділігінен гөрі, олардың сөйлеу органдары мен ойының белсенділігін талап етеді т. б.

Сонымен, қазіргі кезде шетел тілін оқыту методикасында оқу-тәрбие процесін құруда басшылыққа алынатын принциптер иерархия кұрады. Бұл иерархия үш деңгейден тұрады: 1) дидактикалық принциптер жүйесі, 2) шетел тілін оқыту методикасының төл принциптері, 3) а) жалпы принциптер, ә) жекелеген принциптер:

Шетел тілін оқыту принциптері

Жалпы дидактикалық принциптер

|

Шетел тілін оқыту методикасының төл принциптері

| |

Жалпы

принциптер

Жекелеген принциптер

Бақылау сүрақтары:

1. Шетел тілінің өзге тілдерден ерекшелігі неде?

2. Шетел тілін оқытудың дидактикалық принциптер мен методиканың төл

принциптері қандай?

3. Шетел тілін оқытудың қандай әдістерін білесіздер?