Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Қамзин.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249 Кб
Скачать
☆

1.4.3 Жобаланатын кәсіпорын ғимаратының өлшемдері мен жабдықтардың орналасуы.

Жабдықтардың орналасу нұсқасы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына, ұн тарту түріне, технологиялық процесстің схемасы мен жабдықтардың санына байланысты анықталады. Макарондық ұн тарту зауыттарында қабаттардың жабдықтардың санына байланысты анықталады. Макарондық ұн тарту зауыттарында қабаттардың саны технологиялық жобалау нормалары мен өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерінің сақталуымен жүзеге асады.

Негізгі технологиялық жабдықтардың орналасуының бірнеше нұсқаларын салыстырып, ғимараттың өлшемдерін анықтайды да, техника- экономикалық көрсеткіштерінің мәліметтеріне сәйкес ең тиімді нұсқасын таңдайды.

Кәсіпорынның өлшемдерін төмендегі әдістермен анықтайды:

  1. Дайындау бөліміне қажетті жабдықтардың санын есептейді;

  2. Дайындау бөлімінің енін ұнтақтау бөлімінің еніне сәйкес қабылдайды.

Ал дайындау бөлімінің ұзындығын сыртқы өлшемдері үлкен жабдықтардың саны максималды болатын екі қабаттыңжоспары бойынша анықтайды.

Жабдықтардың қабаттарда үйлесімді орналасуы дайындау және тазалау схемасына байланысты, бірдей жабдықтардың бір қабатта орналасуына байланысты, сонымен қатар техника қауіпсіздігі ережелері мен еңбек қорғау талаптарына байланысты болады. Жабдықтарды орналастырып болғаннан кейін, өлшемдері неғұрлым үлкен жабдықтар орналасқан қабаттың ұзындығын анықтаймыз. Тәулігіне 140 тонна астық өңдейтін ұн тарту зауытының 2 қабатының ұзындығын L2 келесі әдіспен анықтаймыз:

L2=Пр1+Пр2+Lо.м.

мұндағы: Пр1- басты өту жолының өлшемі(Пр1=2,7м)

Пр2- өту жолының өлшемі (Пр2=2,3м)

Lо.м.- обойкалық машинаның ұзындығы, м

L2=2,7+2,3,+1=6м

Енді жалпы ұзындығын табу үшін екінші қабат ұзындығына тазаланбаған астыққа арналған бункерлер мен бөктіру бункерлерінің ұзындығын (Lб=6м), баспалдақ торының ұзындығын (Lл.к.=6м) және құрылыс ұзындығын (Lс=1,5м) қосуымыз керек. Осылай дайындау бөлімінің нақты ұзындығын табамыз:

Lф.д.=L2+Lб+Lл.к+Lс

Lф.д.=6+6+6+1,5=19,5м

Дайындау бөлімінің ені бункерлер санымен анықталады. Енi бойынша 4 бункер алынғандықтан 12м болады. Алынған өлшем бойынша колонна торы 6х6.

    1. Желдету бөлімі және пневмотасымалдау

1.5.1 Жобаланатын кәсіпорындағы желдету жүйесі мен пневмотасымалдау құрылғылары, олардың орналасуы

Дән тазалау бөлімінде технологиялық және транспорттық жабдықтардан шаңсыздандыру үшін арнайы аспирациялық қондырғылар қолданылады. Аспирациялық қондырғылар шаңсыздандырудан басқа кейбір дән тазалау машиналарының технологиялық процесінің дұрыс ағымын қамтамасыз етеді.

Цехтағы желдетілетін қондырғыларды желілерге бөліп және оның санын анықтап, одан кейін желдетілетін желілердің тұтастыруды жүргізеді.

Пневмотранспортпен қамтылған ұн зауытарда, цехтың жарты қондырғылары өздігінен ағатын құбырлар мен ауа құбырлармен желдетіледі.

Жобаланған қондырғылардың жоғары технико-экономикалық көрсеткіштер мен эксплаутациялық сенімділігіне ие болу үшін, келесі тұтастыру принциптері болу керек:

- технологиялық принцип, бір желідегі сапасы бірдей немесе ұқсас шаң түрі болатын қондырғыларды біріктіреді. Ол шаңды араластырғанда, тағамдық немесе жемдік шаңның сапасын төмендетпеуіне әкелмеуі керек;

- жұмыс біруақыттылық принципі, бір уақытта жұмыс істейтін қондырғыларды бір желіге біріктіреді;

- кеңістілік принципі, бір желіге жақын орналасқан қондырғыларды біріктіреді. Вертикальді ауа құбырламен қондырғыларды біріктіру жөн. Өйткені, экономикалық және эксплаутациялық жағынан желіні құрастыру тиімді болады;

- температуралық принцип, ауа темпиратурасы әр түрлі болатын қондырғыларды бір желіге қоюға болмайды. Өйткені, жылу мен салқын ауаның араласуынан булардың конденсациясы пайда болып, шаңның қабырға бетіне жабысып,қондырғылардың жұмыс істеуін қиындатады;

- эксплаутациялық сенімділік принцип, ауа ағынды реттейтін режимдері бар және өзінде желдеткіштері бар (мысалы, сепараторлар) машиналарды бір желіге орналастырады.

Дайындау бөлімінде, алғашқы тазартуға арналған қондырғыларды технологиялық принцип бойынша бір желіге біріктіріп, жарамсыз шаң құрастырылады. Ал екінші және соңғы астық тазарту кезінде бір желіге жемдік шаң болатын машиналарды біріктіреді.

Желіні бөлімшелерге бөліп, бас магистральге және желінің бүйірлі паралельді аумақтарға бөледі. Бас магистральдің бірінші бөлімшесі ретінде , қысым шығыны үлкен бөлімшені аламыз.

Аспирациялық жүйені технологиялық және транспорттың құралдардың өндірістік нысанның ішіне орналасуына қарай техникалық процесс сұлбасын есептеп, технологиялық процессті жүргізу мен ұйымдастыру ережесін, техника қауіпсіздігін және кәсіпорындағы өндірістік санитарияны есептей отырып қиыстырамыз (7). Ауаны тазалау үшін РЦИ түріндегі фильтр циклондар орнатамыз. Циклонды тазаланған ауа атмосфераға шығарылады.

Жоспарланған ұн зауытында соратын пневмотасымалдағыш құрылғыларды пайдаланамыз. Пневмотасымалдағыш құрылғылар құрамына өнімді жинап беріп өнімшығарушыдан түсіретін жерге дейін апаратын материалды бөлу және пайдаланылған ауаны шаңннан тазартатын құрылғылар кіреді. Пневмотасымамдағыштың құрамына ауа өткізетін және материал тасығыш кіреді. Ауа өткізгіш ретінде 1МПа қысымға есептелген жеңілдетілген темір трубалар пайдаланылады. Материалтасымалдағыш құрамалардың гермевикалық талабына жауап береді, ең төменгі материал ауа қоспасы қозғалысының үйкелісі ғана бар, арзан, сенімді және ұзаққа шыдайды .

Тасымалдаушы ауадан материал толықтай бөлінуі үшін сүзгіш-циклон қойылады. Сүзгіштен кейін желдеткіш орнатылады.