- •Технологиялық бөлім
- •Кәсіпорынды жобалауға арналған бастапқы берілгендер, шикізат пен дайын өнім сипаттамасы
- •Таңдалған технологиялық сұлбаны негіздеу, оның ерекшеліктері және сипаттамасы
- •1.2 Есептік бөлім
- •1.2.1 Ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиялық жабдықтарын есептеу және таңдау
- •1.2.2 Жобаланатын кәсіпорынның технологиялық жабдықтарының мінездемесі мен спецификациясы
- •Сапа менеджментіне негізделген технохимиялық бақылау
- •1.3.1 Жобаланатын кәсіпорындағы технохимиялық бақылауды ұйымдастыру
- •1.3.2 Жобаланып отырған кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінде сапаны басқару
- •1.3.3 Астықты тазарту және оны майдалауға дайындаудың технологиялық процесін бақылау
- •1.4 Құрылыс бөлімі
- •1.4.1 Кәсіпорынның бас жоспары, оның сипаттамасы және технико- экономикалық көрсеткіштері
- •1.4.2 Өндірістік ғимараттардың сипаттамасы және жобаланып отырған кәсіпорынның құрылыс конструкциялары, конструктивті элементтері
- •1.4.3 Жобаланатын кәсіпорын ғимаратының өлшемдері мен жабдықтардың орналасуы.
- •Желдету бөлімі және пневмотасымалдау
- •1.5.1 Жобаланатын кәсіпорындағы желдету жүйесі мен пневмотасымалдау құрылғылары, олардың орналасуы
- •1.5.2 Желдету қондырғыларын есептеу
- •1.5.3 Астық қозғалысының цехішілік коммуникациясы
- •Энергетикалық бөлім
- •1.6.1 Жобаланатын кәсіпорынды электрмен жабдықтау, электрқуатты құрылғылар және электрлі жарықтандыру
- •1.6.2 Электрқозғалтқыштардың қажетті және орнатылған қуатын есептеу.
- •1.6.3 Жобаланатын кәсіпорынның автоматтандырылуы және технологиялық процесті басқару
- •2 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
- •2 .1 Техника қауіпсіздігі бойынша ұн зауыттарына қойылатын талаптар
- •2.2 Электр қондырғылардың өрт қауіптілігі
- •2.3 Өнеркәсіптің өрт қауіпсіздігі бойынша іс – шаралар
- •2.4 Қауіпті аймақтар және оларды қауіпсіздендіру
- •3 Қоршаған ортаны қорғау
- •3.1 Кәсіпорындарда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен оларға қойылтын талаптар
- •3.2 Ұн тарту өндірісінің қоршаған орта және адам өмірі мен ағзасына тигізетін әсері
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Ұйымдық-экономикалық бөлім
- •4.1.1 Жобаланып отырған кәсіпорынның қажеттілігін және қуатын негіздеу
2.2 Электр қондырғылардың өрт қауіптілігі
Электр қауіпсіздігі – адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың және құралдырдың жүйесі.
Электр тогының тірі денеге әрекеті басқа материалдық факторлармен салыстырғанда (мысалы, химиялық заттар, сәулелер және т.б.) өзіндік және әр жақты сипатта келеді. Тірі ұлпа арқылы өткен ток қыздыру, электрлік және биологиялық әсер етеді. Бұл ағзада түрлі бұзылулар тудырады, ток соққан жер тері ұлпасын, мүшелерін, сондай-ақ жалпы ағзаны зақымдайды. Электр тогының көп түрлі әсері түрлі электр жарақаттарын тудырады, оларды жергілікті электр жарақаттар және жалпы электр жарақаттар деп шартты түрде бөлуге болады.
Электр қондырғаларының өрт қауіптілігі қолданылатын электр жабдығында жанғыш оқшаулағыш материалдарының болуына байланысты. Жанғыш болып электр машиналарының, трансформаторлардың, әр түрлі электр магниттердің, сымдардың және кабельдердің ораушы оқшаулауыштары саналады. Қағазды – майлы конденсатордың оқшаумалары да жанғыш болып саналады. Өртке қатысты сымдардың оқшаумалары да қауіпті болады.
Ең үлкен өрт қауіпін май толтырылған аппараттар, - трансформаторлар, жоғары кернеулі бак ажыратқыштары, майканифольді құраммен сіңірлген қағаз оқшауламасы бар кабельдер келтіреді.
Май салқындатқышы бар күштік трансформаторларда айналым аралық, қысқа тұйықталу болуы мүмкін, соның нәтижесінде орама бөлігінде үлкен ток пайда болады да жанғыш газдардың бөлінуіне байланысты оқшаулама тез ыдырайды. Бұзылған трансформаторды ажырататын сенімді қорғаныс болмаған жағдайда, қаптама қабырғалары бұзылып, бөлмеге жанған май шашатын, газ қоспасының жарылуы мүмкін.
Электр жабдығын дұрыс таңдау үшін ең алдымен ол пайдаланылатын зона класы анықталады. Бірнеше жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналар анықталады.
ЭОЕ – ге сәйкес жарылыс қауіпті зоналар бірнеше класқа бөлінеді: В – 1а класс зонасы, В – 1б класс зонасы, В – 1г класс зонасы, В – 2 класс зонасы.
Өртқауіпті зона деп бөлме ішіндегі немесе сыртындағы шектерде тұрақты немесе кезеңдермен қалыпты технологиялық процесстерде немесе бұзылуларда жанғыш заттар болатын кеңістік аталады.
Өртқауіпті зоналар бірнеше класқа бөлінеді:
П – I класс зонасы. Бұл зоналарға от алу температурасы 610С дан жоғары температурасы бар жанғыш заттар орналасқан бөлмелер зонасы жатады.
П – II класс зонасы мг/м ауа көлемінен астам төменгі оталу шоғырлану шегі бар ыстық шаң немесе талшықтар бөлінетін бөлмелерде орналасады.
П – IIа класс зонасы. Бұл зоналар қатты жанғыш заттары бар бөлмелерде орналасады.
П – III класс зоналары бөлмеден тыс оталу температурасы 610С – ден жоғары температурасы бар жанғыш заттар немесе қатты жанғыш заттар орналасқан зоналар.
ЭОЕ – де жаралыс қауіпті және өрт қауіпті зоналарға қатысты анықтаулар мен осындай зоналар үшін электр жабыдығын таңдау көрсеткіштері келтірілген.
Жарылыс қауіпті зоналарда жарылыстан қорғалған электр жабдығы қолданылады. Жарылыс қауіпті зоналарда электр жабдығының жаралыс қауіптілігі электр ұшқындарынан, доғаларынан, жалынынан және электр жабдығының қызған бөліктерінен қоршаған ортадағы жарылыс қауіпті қоспалардан қорғайтын арнаулы құрылымдық құралдармен қамтамасыз етіледі.
